Азаматтық құқық субъектілері туралы қазақша реферат
Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.
Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.
1. Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.
2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар.
3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.
— аумағына қайтып оралуға;
— заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
— дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру;
— заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу;
— өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;
— материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.
Азаматтардың тұрғылықты жері.
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады [15].
Азаматтардың есімі.
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.
аңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.
Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.
Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды.
Азамат өзінің болышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді.
Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы.
Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді.
Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.
Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян осы Кодекстің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс
Тағы рефераттар
- Нарықтық экономика
- Азаматтық құқық объектілері
- Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
- Топ-5 университетов мира, в которых вы захотите учиться
- СЕЙТЕН КӨЛІ АРТЕМИЯСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІП-ӨСУ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ