Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау туралы қазақша реферат
Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау деп онда кездескен түсініспеушіліктерді жою арқылы оның мазмұнын түсінуді айтады. Қандай да бір азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнында түсініспеушіліктер түрлі себептерден туындауы мүмкін. Бұл жағдай мысалы нормативті актінің қысқаша жазылуынан немесе өзгеде себептерден пайда болады. Сол себепті азаматтық-құқықтық нормалардың түрлі талқылаулары қолданылады.
Талқылау субъектісіне байланысты: аутентикалық, легальды, соттық және ғылыми талқылаулар болып бөлінеді. Аутентикалық талқылау құқықтық акт мәнін оны шығарған органмен берген талқылауды қарастырамыз. Легальды талқылау құқықтық норманы шығарған органмен емес, осындай талқылаулар жүргізуге толық құқығы бар органмен береген талқылауды айтамыз.
Соттық талқылау құқықтық норма мәні соттық органмен қабылданған шешім ретінде немесе іс бойынша анықталған кезде қолданылады. Соттық талқылау шешім немесе анықтама қабылданған іске қатысы бар тұлғаларға ғана міндеттеуші күшке ие.
Ғылыми талқылау (доктринальды) құқықтық норма мәні ғалыммен қандай да бір әдебиетте, азаматтық заңдарға түсініктеме ретінде, ғылыми конференцияларда, т.б. талқыланған кезде қолданылады. Ғылыми талқылаудың міндеттеуші күші жоқ. Бірақ оның мәні өте зор, өйткені ғылыми талқылаулар талқылауларының міндеттеуші күші бар органдармен қолданылады.
Талқылау әдісіне қарай грамматикалық, логикалық, жүйелік және тарихи талқылаулар болып бөлінеді. Грамматикалық талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні грамматика ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады.
Логикалық талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні формальды логика ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады.
Жүйелік талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні осы норманың азаматтық заңдылықтағы орны мен құқықтың сабақтас нормаларымен қатынасын анықтау жолымен анықталатындығымен сипатталады.
Тарихи талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні оны өзі қабылданған кездегі шарттарды салыстыра отырып анықталатындығымен сипатталады [10].
Талқылау көлеміне байланысты тура, шектеулі және кеңейген талқылаулар болып бөлінеді.
Азаматтық заңды тура талқылау заңның мазмұны оның мәтініне тура сәйкес келген жағдайда қолданылады. Заң шығарушы азаматтық-құқықтық норманың нақты мәні оның тура мәтініне сәйкестендіруге тырысқандықтан, көп жағдайда осы тура талқылау қолданылады.
Құқықтық норманың мәні оның мәтінінен тарлау болған жағдайлар да кездеседі. Бұндай жағдайларда шектеулі талқылаулар қолданылады.
Азаматтық-құқықтық норманың мәні оның мәтінінен кең болған жағдайда кеңейген талқылаулар қолданылады.
Азаматтық заңдылықта заң ұқсастығын қолдану. Заң шығарушы өмірдің барлық жағдайлары үшін құқықтық нормаларды қарастыра алмайды. Азаматтық заң шығарылған кезде болмаған не осындай заң қабылданып, заң шығарушымен ескерілмеген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастар жиі кездеседі. Бұл жағдайда азаматтық заңдылықтағы ақауларды жою әдісінің бірі болып осы құқытағы аналогия қарастырылады. Азаматтық заң аналогиясын қолдану үшін келесі шарттар қажет:
сипаты жағынан азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынас болғанда, яғни кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастар; бұл қоғамдық қатынас азаматтық құқық нормасымен, екі жақтың келісімімен немесе іскер айналым дәстүрімен реттелмеген.
Бұл жағдайда қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу қандай да бір азаматтық заңның түр мәтінімен ғана емес, оның нақты мәніне де қарастырылмаған, яғни бұл қоғамдық қатынасты азаматтық құқықтың қандай да бір нормасын кеңейген талқылау жолымен реттеу мүмкін емес;
Құқық заңының аналогиясын қолдану мүмкін емес болған жағдайда, екі жақтың құқықтары мен міндеттері жалпы бастаулар мен азаматтық заңдылықтың (құқық аналогиясы) мәнімен анықталады.
Құқық аналогиясын қолдану үшін заң аналогиясы туралы айтылған шарттардың алғашқы екеуінен басқа сонымен қатар келесі үшінші шарт қажет: ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормасы жоқ
Тағы рефераттар
- «Жетісу» ЖШС-дегі қаржы- экономикалық сипаттамасы
- Болат өндірудің мартен әдісі
- Есеп саясатын аудиттеу курстық жұмыс
- Суицид әлеуметтік мәселе ретінде
- Қола дәуіріндегі Қазакстан жеріндегі Андронов мәдениеті