МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ….. 4
1 ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА…. 7
1.1 Тауар белгілерінің қызметіне сипаттам…….. 7
1.2 Тауар белгілерін тіркеу талаптары…………. 12
1.3 Тауар белгілерін тіркеуден бастарту және тоқтатылу жағдайлары… 19
2 ТАУАР БЕЛГІЛЕРІН РЕТТЕУДЕГІ КЕЙБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР…. 29
2.1 Құрамдастырылған белгілемелердің сәйкестілігін тексеру.. 29
2.2 Азаматтық айналымдағы айрықша құқықтың құрылымы…… 35
2.3 Тауар белгілерге қатысты құқықтарды қорғау………….. 45
ҚОРЫТЫНДЫ…. 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….. 58
КІРІСПЕ
Тауар белгілерінің тарихи бірнеше ғасырларға кететін және нақтылау үшін алғашқы тауар белгісінің шыққан уақытын белгілеу мүмкін емес. Алайда 2 немесе 3 мың жылдық бұрын адамзат жаппай түрде саздан ыдыстарды өндіружәне сатумен айналысты. Дәл сол ыдыстарда біздің дәуіріміздей тауар белгілері пайда болды. Табылғандардың ең ертесі Қытайдашығарылған ыдыс анық әріптермен белгіленген. Сол әріптер императордың және өндірушінің атын немесе өндірген жерді көрсетеді. Сонымен қатар 3 мың жыл бұрын Үнді кәсіпшілерінің заттарында қолтаңба табылған.
Рим империясындағы мыңдаған таңбалардың ішіндегі ең әйгілісі “FORTIS” сөзінен тұратын белгі. Осы белгі сол кездері қарақшылармен қолданылатын. Олар өз тауарларына әйгілі белгі салып ,сатқандары туралы тарихта айтылады. Қазақстанға келетін болсақ, мұндай реттелген қатынастарды ерте дәуір тарихынан қарастырамыз. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңында айтылған,орыс тарихшысы А.Левшинның қазақ билерінің аузынан жазып алған мынандай сөздері бар: “ Әр ұрпақтың, рудың, тектің жеке таңтасы болу керек. Таңбаны малына,мүліктеріне белгі ретінде салу арқылы кімдікі екенін ажыратқан” .
Әлемнің басқа жерлерінде де тауар белгілері болған,олар өндірілген орын және кәсіпшінің атын білдіретін. Ондай белгілер қаруларда, ас үйзаттарында, сәулет нәрселерінде және басқа да заттарда салынған.
Мүмкін ең алғаш тауар белгісің ұғымы ретінде қыздырылған темірді малдың терісіне қойылған ,ағылшын сөзі “Brand”(тавро) деген сөзден шыққан “Белгі” деген мағынаны білдіреді. Сонда тауар белгісі ұғымы бұдан да ертерек кезеңдерде де болған, бірақ экономикады маңызды роль атқармаған. Бұл белгілер Батыста гильдия деп аталатын цехтағы өндіруші топтардың мүдделерін қорғау үшін қолданылған. Бұл таңбалардың қорғау функциясы басқа бөтен белгілерді қолдануға тыйым салады. Жазаның ауырлығы сол кезеңге сай келетін, мысалға қызметінен босату, қолын шауып тастау және өлім жазасына дейін жеткен. Ал біздің елімізде, қазіргі уақытта тауар белгісін дұрыс қолданбағаны үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады және де қазір тауар белгісі өте актуалды.
Қазақстан Республикасы үшін жоғарыда көрсетілген зияткерлік тауар белгілері мәселелері тым өзекті болып келеді, өйткені қазіргі кезде біздің мемлекетімізде олардың бәрі де кең көлемде басы-қасында бар. Зияткерлік меншікті қорғау халықаралық өлшеуіштерін сақтап қалуы Қазақстанның БСҚ-на енуінің басты шарттарының бірі болғандықтан, атап көрсетілген жағдайларға мемлекеттік мүшелер жағынын да, ғалымдар жағынан да аса көп көңіл бөлінуде. Сондықтан әр мәселені біз жалпы теоретикалық пен халықаралық көлемде ғана емес, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншікпен байланысты белгілі бір жағдайдың тіркемесінде де қарастыруға тырыстық.
Берілген сұрақтарды қарастыру мақсатында Сергеев А.П., Близнец И.А., Леонтьев К.Б., Петровский И.С., Бороухин А.Е., Покровский И.А., Богуславский М.М., Каудыров Е.И., Сансызбаев А., Барлоу Д.П., Гальперин Д.В., т.б. шетел мен отандық авторлардың еңбектері зерттелген болатын. Сондай-ақ халықаралық сипаттамасымен қатар, Қазақстан Республикасының заң шығарушылыққа тікелей қатысы бар нормативті құжаттар да пайдаланылған.
Ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді.
Жаңа оңжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады.
Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз.Бүгінде, өкінішке қарай, біздің барлығымызға тиімсіз басқарудан,құқық қорғау органдары функцияларындағы жан-жалдан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, сондай-ақ ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалар аңық көрінеді.
Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған.Біздің жүйемізде жазалау айыптары 5%-дан аз болса, түзеу жұмыстары – 0,4%-ды, қоғамдық жұмыстар 0 %құрайды.
Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айрыу болып қалып отыр.Ешкім қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды. Осының салдарынан олар қылмыскерлер қатарын толықтыруда. Реформалардың бірнеше жалпы бағыттарын бөліп көрсетер едім. Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік орғанның нақты құзыретін түзу керек. Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, оардың сапасын арттыру қажет. Құқық қорғау жүйесінің қызметтерінде екпін ішкі ведомостволық мүддеден азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс.
Елбасымыз осы орайда келесі мәслелерге тоқталып өткен болатын: «Бізде парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету керек боладв, сондықтан әрбір құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру талап етіледі. Нәтижеліліктің өлшемі сандық көрсеткіштер емес, азаматтардың, заңды тұлғалар мен шетел инвесторларының сенімін арттырудың индикаторы болатын жұмыс сапасы болуы тиіс.
Басқаша айтқанда, жаңа оңжылдықта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі қажет. Менің тапсырмам бойынша, тиісті құжат жобасы дайындалды. Сондықтан Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, құқық қорғау органдарына құқықтық кеңістікті жетілдіру бойынша жүйелік жұмысқа шұғыл кірісуді тапсырамыз. Сондай-ақ осы жылдың өзінде құқық қорғау жүйелерін реформалау жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізуді тапсырамыз.
Елімізде азаматтық қоғам институттарын одан әрі қолдауға бағытталған саяси жаңғырту жалғаса береді. Бүгінде біздің ынтымақтастығымыз ортақ табысымыздың міндетті шарты бола түсуде. Осы онжылдықта алдымызда бірлесіп атқаратын ауқымды істер тұр.
Мен Үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге 1 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.Бұл мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Өткен жылы мен осы мінберден еліміздің барлық саяси күштеріне дағдарыстың қиын кезеңінде елімізге және қоғамға қолдау көрсету үшін партияаралық үнқатысуды орнықтыруды және бірігуді ұсынған едім. Менің бастамам қолдау тауып, 7 саяси партия Экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумды бірлесе әзірлеп, оған қол қойды. Бұған үлкен ризашылығымды білдіремін» [39].
Біз жұмысты 2 тарауын қарастырамыз, яғни зияткерлік меншік институтының теоретикалық мәселелері және оның бар екендігінің практикалық мәселелері. Бірінші тарауға тауар белгілерінің пайда болуының, дамуының жағдайларын, оның құқықтық табиғатын түсіндіретін теориялар туралы талқылауларын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заң шығарушылығына сәйкес оның құқықтық қалыптасу жағдайларын зердеделедік. Ал екінші тарауда тауар белгілеріне қатысты кейбір құқықтық мәселелерді анықтай отырып оларды шешу жолдарын анықтадық.
Дипломдық жұмыс / 60 бет
Тағы рефераттар
- Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы
- Негізгі технологиялық аппараттар мен машиналар
- Халықаралық аудит стандарттары курстық жұмыс
- «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы
- Сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат