Бағалы қағаздар нарығының орны, жұмыс істеуі және құрамдас бөліктері туралы қазақша реферат
Жалпы айтқанда бағалы қағаздар нарығы деп бағалы қағаздар шығарып, қатысушылары арасында айналымға жіберетін экономикалық қатынастар жиынтығын айтуға болады.
Бұл мағынада бағалы қағаздар нарығы басқа да тауарлар анықтамасынан, мысалға мұнай нарығынан айырмашылығы болуы мүмкін емес. Айырмашылығы жеке объект қылып салыстырса ғана көрінеді. Бағалы қағаздар номенклатурасы әлде бір жеке тауар нарығына сәйкес емес, толығымен жалпы тауар нарығын қамтиды.Одан ары, егер тауарлар заводтар мен фабрикаларда шығарылған болса, бағалы қағаздар айналымға кетеді. Тауар өз тұтынушысына жетуі үшін тауар қозғалысының өз жолы ұйымдастырылуы керек, ал бағалы қағаздар үшін өз жолы қажет. Тауар бір не бірнеше рет сатылуы мүмкін, ал бағалы қағаздар шектеусіз көп сатыла береді. Бағалы қағаздар нарығы — әр мемлекет нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының негізі болып тауар нарығы, ақша және ақша капиталы табылады. Тауар нарығы, ақшаға өндірістік байланыста көмекші болады.
Бағалы қағаздар нарығының классификациясы бағалы қағаздар классификациясымен көптеген ұқсастықтар біріктіреді. Айырмашылықтары:
1) Бағалы құжаттардың халықаралық және ұлттық нарығы
2) Ұлттық және аумақтық (территроиалды) нарығы
3) Бағалы қағаздардың жеке нақты түрлері нарығы (акциялар, облигациялар және тағы басқа)
4) Мемлекеттік (мемлекеттік емес) және корпоративтік бағалы қағаздар нарығы
5) Алғашқы және өндірістік бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздардың осы не басқа классификациясының мағынасы оның тәжірибелік маңыздылығымен анықталады [1, 15бет].
Тауар экономикасының ең негізігі мақсаты пайда табу болып саналатындықтан, әр нарық капитал салу нарығы болып табылады.
Ақша қаражаты өндірістік не сауда қызметіне, жылжымайтын мүлікке, антиквариаттарға, қымбат металлдарға және т.б. салынуы мүмкін. Уақыт өте келе осы салынған ақша мөлшері, егер дұрыс жол мен жағдайлар таңдалған болса, көптеген есе қайтарылуы мүмкін, әйткенмен қаралған жағдайда капиталдық іске салыну үшін алдын ала қаржы жинау керектігі есепке алынбай қалады. Дұрыс қарасақ, капиталға қаржы салу үшін алдымен оны жинап алу керек қой.
Капитал жинап, оны алу өрісі – қызметтің қаржыландыру саласы болып саналады. Қаржы қатынастары басым нарықтары болып негізінен:
1) Банктік капитал нарығы
2) Бағалы қағаздар нарығы
3) Валюталы нарық
4) Сақтандыру және зейнетақы нарықтары табылады.
Нарықтың тек капитал салатын нарық, не алғашқы нарық, және сол салынған капитал жинастырылып, көбейтіліп ақыры алғашқы нарыққа түсетін қаржы нарығы сияқтыларды айыра білуіміз керек. Қаржы нарықтары не басқаша айтқанда капитал нарқытары, бұлар қаржы салатын алғашқы тұлғалар мен олардың соңғы қолданушылары арасын жалғастырушы болып табылады.
Бағалы қағаздардың барлығы дерлік қаржы капиталынан бастама алмайтындықтан, бағалы қағаздар нарығы толығымен қаржы нарығына қосыла алмайды. Бағалы қағаздар нарығының ақшаны тек капитал ретінде қарайтын бөлімі, қор нарығы деп аталады және осы бөлімі қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының ең көп бөлігін құрайды. Бағал қағаздар нарығының қалған азғана бөлігі көлемінің аздығына байланысты арнайы аталмай жүр, сондықтан да бағалы қағаздар нарығы мен қаржы нарығының анықтамалары синоним сияқты болып келеді. Бұдан ары бағалы қағаздар нарығының осы бөлігін ақша нарығы және тауарлы бағалы қағаздар нарығы, не басқа бағалы қағаздар нарығы деп атайық. Қалай айтқанмен бағалы қағаздар нарығының орыны 1 суретте көрсетілген.
Бағалы қағаздар нарығының орынын екі бағытта қарауға болады: қаржы мөлшерін әр түрлі табыс көздерінен тарту тұрғысынын және бос қаржы мөлшерін әлде бір нарыққа жұмсау тұрғысынан.
Қаржы мөлшерін жұмылдыру ішкі не сыртқы табыс көздерінен жүргізілуі мүмкін. Ішкі табыс көзіне негізінен амортизациялық қатынастар мен табылған пайда көздері саналады. Сыртқы табыс көзінің негізі болып банктен алған несие және бағалы қағаздардан табылған қаражаттар саналады. Қоғамда негізінен ішкі табыс көздері басымдық танытады, себебі табылған сыртқы табыс көзі ішкісінің осыған бөлініп үлестірілуінен тұрады. Орташа есеппен алғанда дамыған елдерде ішкі табыс көздері 75 пайыз құрайды, ал банктік несиелер мен бағалы қағаздарға барлығы 5 және 20 пайыз құрайды.
Бос қаржы мөлшері көптеген пайдалы инветициялауға болатын істерге жұмсалуы мүмкін: өндірістік не шаруашылықтық қызметіне (өндіріс кәсіпорындары, құрылыс, сауда, байланыс т.б), жылжымайтын мүлікке, антиквариаттарға, бағалы заттар мен қымбат металлдарға, өнер туындыларына. Ақша қаржатын осымен қатар отандық құнсызданып бара жатса шетел валютасына, сақтану не зейнетақы қорларына, әртүрлі бағалы қағаздарға салынуы, несиеге берілуі не банк депозитіне процентке салынуы мүмкін және т.б. Жоғарыда көрсетілгендерге қарасақ, бағал қағаздар нарығы – көптеген қаржы салуға болатын өрістер қатарына жатады, сондықтан оларды өзіне тарту үшін бәсекеге түсуіне тура келеді.
Аталған нарықтар арасындағы қаржының кіріс шығысы негізінен төмендегі факторларға байланысты болып келеді:
1) Нарықтың пайда табу дәрежесі;
2) Нарықтың салық салыну жағдайлары;
3) Капиталын жоғалтып алу және күткен табысын ала алмауы қауіпі дәрежесіне;
4) Нарықтың ұйымдастырылуы мен инвесторға жасалған жеңілдіктер, нарыққа жылдам кіріп шығу мүмкіндігінің болуы, нарықтың ақпараттандыру дәрежесі және т.б.
Бағалы қағаздар нарығын екі топқа бөлуге болатын көптеген қызметтерден тұрады: жалпы нарықтық қызметтер, барлық нарыққа бірдей келе береді, және арнайы қызметтер, бұл оны нарықтардан ерекшелендіріп тұрады. Жалпы нарықтық қызметтерге:
1) Коммерциялық қызметі, осы нарықтағы істелінген опрециялардан пайда көзін табуға арналған қызметтер;
2) Бағалау қызметі, нарық бағаларының қойылу барысын қамтамасыз етіп, олардың үнемі қозғалыста болуын қадағалайды және т.б.;
3) Ақпараттандыру қызметі, нарық өз қатысушыларына сауда объектілері және оның қатысушылары жайында нарықтық ақпараттар жиып, хабарлап отырады;
4) Реттеу қызметі, нарық сауда және онда қатысу ережелерін, қатысушылар арасындағы дауларын шешіп, приоритеттер орнатып, бақылау және басқару органдарын және т.б. құрады;
Бағалы қағаздар нарығының арнайы қызметтеріне төмендегілерді қосуға болады:
1) Қайта бөлу қызметтері;
2) Бағалық және қаржыландыру істеріндегі қауіпті жағдайлардан сақтандыру қызметі;
Қайта бөлу қызметтері өз ішінде үшке бөлінуі мүмкін:
1) Нарық қызметімен айналысатын салалар мен өрістері арасында қаржы мөлшерін тарату:
2) халықтың жинақ ақшасын өндірілмейтін түрден өндіру түріне аудару;
3) қосымша қаржы мөлшерін айналымға жұмсамай, мемлекеттік бюджет дефициттарын инфляциялық негізде қаржыландыру;
Бағалық және қаржыландыру істеріндегі қауіпті жағдайлардан сақтандыру қызметі туынды бағалы құжаттар: фьючерсті, опционды контракттар негізінде пайда болды. Бұл қызмет пен хеджирования механизмі фьючерсті контрактқа негізделген бөлім бойынша қарастырылады.
Бағалы қағаздардың құрамдас бөліктері өзінің негізі ретінде әлдебір бағалы қағаз түрін көреді. Осыған орай бағалы қағаздар нарығында төмендегі түрлерін бөліп алу керек:
1) бірінші және екінші ретті (первичный и вторичный)
2) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған
3) биржалық және биржалық емес
4) дәстүрлі және компьютерленген
5) кассалық және жедел түрі
Бірінші нарық – бұл бағалы қағаздарды өздерінің алғашқы иелерінің алуы; бұл бағалы қағаздардың іске қосылуының алғашқы сатысы; бұл өзінің талаптары мен ержелері бар бағалы қағаздардың алғаш нарықта пайда болуы. Екінші ретті нарығы – бұл бұрын шығарылған бағалы қағаздардың айнлымға жіберілуі; бұл бағалы қағаздардың бір иесінен екіншісіне аударылу құжаттары мен актілері жиынтығы.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы – бұл нарықтың басқа қатысушыларының тапсырмасы бойынша нақты бекітілген ережелері негізінде лицензиатты мамандандырылған қатысушы –делдалдар арасында жүретін айналымы. Ұйымдастырылмаған нарық – бұл бағалы қағаздардың нарық қатысушыларының бірде ережесін сақталмай айналымға кетуі.
Биржалық нарық – бұл қорлы биржаларда бағалы қағаздармен сауда жасау ісі. Биржалық емес нарық – бұл қорлы биржалардан тыс бағалы қағаздар саудасы. Биржалық нарық – бұл бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы, оған себеп бұндағы сауда тек нарықтың барлық қатысушыларымен мұқият таңдалған биржа ережелері бойынша, тек биржа делдалдарының арасында ғана жүретін іс. Биржалық емес нарық ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған да бола алады. Ұйымдастырылған биржалық емес нарық бағалы қағаздар саудасы және сол салада қызмет көрсетуде, тек компьютерлік байланыс жүйелеріне негізделеді.
Бағалы қағаздар саудасы дәстүрлі және компьютерлік нарықтарда жүргізілуі мүмкін. Соңғысы бойынша бағалы қағаздар саудасы компьютерлік байланыс жүйесі арқылы жүргізіледі, бұл осымен айналысатын қорлық делдалдарды бір компьютерлік нарыққа жинайды [1, 14бет].
Оның негізгі ерекшеліктері болып төмендегілер саналады:
1) сатушы мен сатып алушының белгілі бір жерде кезігу жерінің болмауы, яғни нақты байланыстың да болмауы;
2) сауда жасау және оны жүргізудің толығымен автоматтандырылуы, нарық қатысушыларының ролі негізінен тек сауда жүйесінің бағалы қағаздар саудасына тапсырыс беруімен шектеледі.
Бағалы қағаздардың кассалық нарығы («кэш» шетел тілінен аударғанда нарық) – бұл келісімдерді жедел түрде 1-2 жұмыс күні ішінде орындау нарығы. Бағалы құжаттардың жедел нарығы – бұл ішіне әр түрлі нарықтар қосылған, орындалу мерзімі 2 күннен ары болатын нарық. Көбінесе орындалу уақыты 3 ай болып келеді.
Тағы рефераттар
- Президент сайлауы
- Инновациялық қызметті ақпараттық қамсыздандыру
- Қоштасу
- Шарт курстық жұмыс
- Янцзы өзені