Бағалы қағаздарды шығару механизімі туралы қазақша реферат
Бағалы қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Шығарылуы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік – нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының оюлигациялары, депозиттік облигациялар және т.с.с жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар орасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар АҚШ- та кең таралған. Зейнетақы қорларының облигацияларынамысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай- ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады.
Нарықтан тыс бағалы қағаздар әр түрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктерге және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздардың шығару шарты бойынша иемденуші – заңды немесе жеке тұлғалар – оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.
Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп, оларды сатып алу- сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға тусіруші эмитент деп атайды. Эмитенттер кімдер? Олар 6 суретте көрсетілген.
Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады:
1) қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;
2) қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;
3) заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.
Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды [2, 65бет].
Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын – ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарына жариялау міндетті [1, 89бет].
Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру – құқықтық формасы және эмиссия проспектіндегі деректкердің дұрыстығына жауапты адамның
аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтер арасында:
1) кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;
2) шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы;
3) акция сатуды бастау және аяқтау күндері;
4) бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны;
5) кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;
6) эмитенттің адресі мен телефоны бар.
Эмиссия проспектісінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің кұрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні, олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Ал қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын басқа да хабарлар орын алады.
Қорыта айтқанда, эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.
Эмитент пен инвестиция институттары, яғни акцияларды алғашқы иемденушілерге сатушылар акцияның бағасын барлық сатып алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған акциялардың бағасы бірдей болуы керек.
Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігі жанындағы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.
Тағы рефераттар
- Бюджет туралы түсінік
- Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- Мемлекеттік аппарат қағидалары
- Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиғалар және мемлекеттің фашистенуінің аяқталуы
- Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдение және әдеби мемориалдық қорық-музейі