2004 жылдың желтоқсанында қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік жағынан қоғау бөлімінде жұмыс іздеген 1220 адам тіркелген, оның 392 – на жұмыссыздыр мәртебесі берілді.138 адам жұмысқа орналастырылып, 34 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Байқоңыр қаласының Ресей еліне жалға берілуі экологиялық емес, сонымен қатар, Тіл проблемасын да тудырған болатын.
Өңір тұрғындарының көпшілігі дерлік қазақстандық азаматтар бола тұра, ана тілінде шығатын тұрақты басылымы жоғалып телерадиоұжымы таратылғаннан кейін аймақтағы жұртшылықтың мемлекеттік тілдегі ақпарат кеңістігін қалыптастыру мақсатындағы талап-тілегі күшейген болатың.
Әрине, барлық байқоңырлықтар үшін кез келген мемлекеттің болмасын, қайбір ұлттың тіліндегі мерзімді газет – журналдарды жаздырып алып оқуына кедергі жоқ. Орталық пен аймақтық басылымдар да еш шектеусіз еркін таратылады.
Телерадиохабарларын көріп тындау еріктілігі жөнінде де осыны айтуға болады. Тіпті Қазақстанның басқа өнірлерінде таратылмайтын Ресейдің телеарналарын біз шектеусіз түрде тамашалау мүмкіндігіне иеміз. Керісінше, жергілікті ресейліктер де «Хабар», «Қазақстан», «КТК», «Еларна» арқылы Қазқстанның ішкі-сыртқы саясаты туралы жеткілікті дәрежеде мағлұмат алып отыр.
Ресей Федерациясына жалға берілетін Байқоныр қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоныр» ғарыш айлағындағы арнаулы Өкілінің аппараттық қолдауымен «Бәйтерек-Байқоңыр» апталық бұқаралық ақпарат құралы дүниеге келіп, азаматтарымыздың сөз бостандығы мен еркін білдіру құқығы қамтамасыз етіледі.
Байқоныр қаласында 1996-2000 жылдар аралығында «Ақжол» апталық газеті шығып тұрған, 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясына қарасты қала әкімшілігінің құрылтайшылығымен орыс тіліндегі «Баконур» газеті шығады.
Қазіргі ғарыш игерумен атағы әлемге таралған, әрі өте экологиялық қауіптілік төндіріп жатқан «Байқоңыр» атауы әлем құлағына осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын таңыла бастаған-ды. «Байқоңырдан» ішінде басқарушысы бар, не автоматты түрде ұшатыны бар, әйтеуір қыруар ғарыш аппараттары көкке самғағанын білеміз. «Байқоңыр» баурайына кері айналып, жауынша себелеп жатқан зымырандарда да тірі жанның шаруасы болмаған. Мысалы, 1994 жылдың 5 шілдесі мен 27 қазан күндері ғарышқа ұшқан екі бірдей «Протон» зымырандарының Қарағанды жеріне қайта құлап түскені белгілі. Ал 1966 жылы мамырдың 14-де Байқоңыр аспанынан ұшырылған «Союз-5» зымыраны Жезқазған және Торғай облыстарының шекарасына құлады.
Бұлар жай қалдық емес, радияциямен уланған сирек кездесетін металлдар. Біздің түбімізге жететін де осы «құнды металлдар» болмақ. Себебі бүгінде осы жаһан даланың төсінде шашылып жатқан ракета сынықтарын әлдекімдер сыпыра теріп олжалап жатыр. Бүгін олжаға батып, келешекте мүгедек боларына көзі жете бермейді. Әлгі сынықтардың арасын мал мен аң кезіп жүр. Біз оның етін жейміз. Міне, бар сырқат осылай тарап жатқаны айдан анық. Ал бізде әлі күнге сол сынықтармен қора-қопсыны жөңдеп, жамап-жасқауға шыққандар баршылық. Мұның зардабын түсіндіріп айтуға әлі енжармыз.
«Байқоңыр» тек атмосфералық ауа мен жер үстіндегі кеңістіктегі бүлдіріп жатқан жоқ, сонымен бірге жер астынын суын да сарқуға айналды. Өңірде атмосфералық ауаның радиоактивтілігі көбеюде.Осының әсерінен озон қабатының бұзылуы адамның, жануарлардың,өсімдіктер мен микроорганизмдердің денсаулығы үшін ықтимал қатер болып табылады.Өйткені 1973 жылдан бастап байқаулар көрсеткендей республиканың үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7 пайызға азайған. Негізінен атмосфераның жоғары қабатында, яғни 20-25 шақырым биіктікте озон молекулаларын құрылатын жұқа газ тәрізді қабықша озон қабаты деп аталады. Бұл қабат жер бетіне тіршілік үшін қауіпті ультракүлгін сәулелердің түсуіне кедергі жасайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша озон құрамының бір пайызға кемуінен онкологиялық дертпен ауыратын адамдар саны 6 пайызға артады екенін. Сондықтан соңғы жылдары ғалымдар атмосферадағы озон қабатының таусылуына қатты алаңдауда.
Әлі бір шешімі табылмаған экологиялық проблемаларының бірі — өңірдегі қышқыл жауындар. Осы қышқыл жауынның әсерінен табиғи обьектілер – топырақ пен өсімдік уланып, бұзылады. Бұдан егіннің өнімдері азайып, судағы тірі организмдер қырылады. Мұның экономикалық және экологиялық зардабының да көп екені даусыз. «Байқоңырдан» арасын суытпай ұшырылған зымырандардың жерге түскен бөлшектерінің өзі өңірдегі өсімдік пен жануарлар әлеміне кері әсерін тигізіп жатқаны анық. Өйткені осы өсімдіктермен малдар қоректенсе, ал мал етін жеп, болмаса сүтін ішкен адамдардың ішкі органдарында радиоактивті қалдықтардың концентрациясы артып, олардың қызметін әлсіретіп, тіпті адам өміріне қауып тудырады. Ал дәрігер және биологтардың мәліметтеріне қарағанда, радиоактивті заттармен жарақаттанған адамдар басқа ауруларға да тез шалдығады екен. Онымен қоса олардан туған балалар дұрыс жетілмеген, кейбірі дене мүшелер қисайып, кемтар және кескінсіз болатын көрінеді. Қазір облыста жүйке аурулары диспансерінде ақыл-есі кем 1100 бала есепте тұрса, облыс бойынша 21 мыңнан астам мүгедектер бар. Өңірде адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауы көбеюде. Балалар арасында кеміс болып туу да азаймай тұр. Ал балалы әйелдердің 70-80 пайызға анемия ауруларына шалдыққан.
Байқоңыр өңірінің суын сарқып, ауасын улай отырып, 575 миллион доллардың ұзын санын қосқанда, бес жыл бойы 50 миллионын ғана өтегенін ақпарат құралдары қайта-қайта айтып жатыр. Байқоңырдың жылдық мерзімін ұзартумен қатар Ресей Қазақстанның ғарышты игеру жұмыстарына жан-жақты көмек көрсететіні айтылған. Осы келісім бойынша «Ангара» зымыран-ғарыш кешені базасында қоршаған ортаға, ауа мен жерге экологиялық зиян келтірмейтін « Бәйтерек » ғарыш-зымыран кешені салынатыны болды. Екі жақ бірлесіп ұлттық спутникалық байланыс жобасын жүзеге асыру туралы да келісілді.
Осы бағдарламадағы үлкен жұмыс – «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру. Осы ғарыш зымыран кешенін құруда, жалпы космосқа ұшуда Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздік жүйесін жасау міндеттелді. Онда байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына әсерін кең түрде бақылау, осы орайда әсердің физикалық-химиялық диагностикасы әдістерін дамыту жобалары бар.
Бір сөзбен айтқанда, Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешені маңызды халықаралық жоба болып саналады.
Тағы рефераттар
- Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
- Беташар
- 1970-80-ж.ж. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Кәсіпорынның қаржы жай-күйін талдау
- Банктің несиесінің жіктелінуі мен несие саясаты