Бақшадағы балалардың күн режімі және оны жасаудың қажеттілігі туралы қазақша реферат

Тәрбиеші ата  анаға баласның балабақшадағы режімін сақтауға шақыру үшін бала арнаған күн режімін беру керек.

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен кейін-ақ белгілі бір реттілік пен режім (тәртіп) арқылы дамып, өсіп жетілетіні белгілі. Оған дәлел: адам бір тәулік бойы тіршілік ету керек болса, сол тәулікте не істеу керектігі табиғи түрде (ешкімнің айтуынсыз, табиғи түрде реттеледі). Тамақ ішеді, жұмыс істейді, демалады, ұйықтайды (қосымша өзін-өзі күтетін жұмыстар атқарады).

Бұл реттілік адам өмірі, оның дұрыс өсіп жетілуі, ұзақ өмір сүруі, денсаулығын сақтау үшін аса қажет. Оны бұзуға, өзгертуге болмайды.

Сондықтанда балалар бақшасында мынадай схемадағы күн режімі жасалады

Орындауға тиісті өрекет-қимылдар 4 жас 5 жас
  Уақьптары Сағат, минут
Үйде (түру, жуыну, киіну, бақшаға жету) 6,30-7,30 6,30-7,30
Бала бақшаға (қабыддау, тексеру, таңертеңгі гимнастика) 7,30-8,30 7,30-8,30
Ертеңгі тамақ ішу 8,30-8,55 8,30-8,55
Сабаққа әзірдену, сабақ өткізу 9,00-9,45 9,00-9,45
Ойнау, далаға шығып серуендеу 9,45-11,50 9,45-11,50
Серуеннен оралу; (түскі тамақ ішу) 11,50-12,15 11,15-12,15
Ұйықтауға әзірлік, күндізгі ұйқы 12,15-12,50 12,15-12,50;
Ойын ойнау, серуендеу 12,50-15,00 15,00-15,25 15,25-15,50 13,10-15,00 15,00-15,25 15,25-15,50
Даладан оралу 15,50-17,50 15,45-18,00
Кешкі тамаққа әзірлену, кешкі тамақ ішу 17,50-18,15 17,50-18,20
Ойнау, үйге киіну қайту 18,15-18,45 18,20-18,45
Үйге келу 18,45-19,00 18,45-19,00

 

Апталық тәрбие кестесі

1.  Айналадағы табиғатпен таныстыру және сөздік корын молайту — 2 сағат.

2.  Санауды үйрету және санамақ ойындарын ұйымдастыру — 1 — сағат.

3.  Сурет салу және ою-өрнектердің мәнін әңгімелеу -.1 — сағат.

4.  Пластелиннен заттар жасау және мүсін сомдау — 1 — сағат.

5.  Құрастырмалы ойыншықтармен жұмыс — 1 — сағат.

6.  Ән-күй мен әртүрлі жанрдағы музыка тыңдау — 2 — сағат.

7. Дене шынықтыру — 2+сағат.
Тағы рефераттар