Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, әдіс-тәсілдері Қазақстан Республикасының «Білім беру» және «Тіл туралы» Заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.
Халыққа білім беру жүйесін қайта құру мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңартуды, балаларды мектепте оқуға дайындауды, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие сапасын арттыруды көздейді. Әрине, бұл талаптар тәрбиелеу жұмысындағы сабақтастық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай балабақшада тәрбиелеп, оқытудың басты құралы – бағдарлама жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Жаңа бағдарламада мектепке дейінгі кезеңде баланың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім-дағдыларды меңгерту, ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл-ойды жетілдірудің негізі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі нысана болуы керек.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады» деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы — бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту — бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бүгінгі дүниенің күн санап тез өсуі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгеніміздің белгісі. Міне, мұның бәріне қол жеткізуде әр тәрбиешінің шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болып саналады.
Қазақстан Республикасында қоғамдық тәрбие беретін тұңғыш балалар алаңы Верныйда (Алматы) 1917 жылы 1 мамыр күні ашылған. Жүзге тарта қабылданған, бұл балабақшаны ұйымдастырушылар О.Д. Мухия, Е.А.Минский, А.А. Хариналар аса күрделі қиындықтарды жеңе отырып, балаларды киім, тамақ, ойыншықтарымен қамтамасыз етіп, алғашқы кезде еңбек-ақысыз жұмыс істеп, нағыз педагогтік үлгілі істер атқарады. 1919 жылы Торғай губерниясында 37 балалар алаңы ашылып, онда мыңға жуық тұрғылықты халық балалары тәрбиеленді. Осы 1919 жылы Орынбор қаласында мектеп жасына дейінгі Сәрсенов атындағы балалар үйі ашылды, онда респуликаның бар аймағынан 47 бала жиналды. Кейін, бірақ, 1926 жылы бұл балалар үйі таратылды.
1920 жылы Ақмолада М.В. Покровскийдің басшылығымен 3 балалар алаңы және қазақ балаларына арналған бірінші балабақша ашылған, онда 35 бала тәрбиеленеді. 1921 жылы Семей қаласында 5 балалар алаңы ашылып, оның біреуі қазақ тілінде еді. Осындай игі істер республикада дами бастап, 1920-1923 жоғары қазақ балалар алаңы мен балабақша саны 90-ға жетсе, 1930-37 жылдар аралығында 7502 баланы қамтыған 239 маусымдық балабақша, оған қоса 1231 бала тәрбиелеген 37 тұрақты қазақ балабақшалар болған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында да 21 қазақ балабақшасы жұмыс жасаған. Соғыстан кейін 1945-1957 жылдар аралығында олардың саны 89-ға жетті, оның елуі Шымкент облысында еді. Сөйтіп мектепке дейінгі мекемлер саны біртіндеп өсіп отырды. Мысалы, 1978 жылы 535 ясли мен балабақшада 26/22 бала ана тілінде тәрбиеленсе, 1986 жылы 990 қазақ балабақшасында 65 мыңнан аса бала қамтылды.
Еліміз егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болуына байланысты республикада ана тілінде жұмыс істейтін балабақшалар саны қаулап өсе бастады.
Мысалы, 1990 ж.-1997 ж. қазақ балабақшасында 136949 бала тәрбиеленді. Нарық заманының қысымы, өкінішке орай, ең алдымен осы мектепке дейінгі тәрбие саласына түсіп 1998 жылы 395 қазақ балабақшасы қалып, мұнда 3000-дай бала тәрбиеленді. 1990-98 жылдар аралығында 1272 қазақ балабақшасы жабылып қалды. Оның тұрғын үйі мен құрал-жабдығы талан-таражға түсті.
Қазіргі таңда бұл мәселе қолға алынып, бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі тәрбиенің маңызды міндеттері шешімін табуда.
«Балабақшасындағы тәрбиелеу бағдарламасын» орындауды ең алдымен педагог (тәрбиеші) жүзеге асырады. Ол – мектепке дейінгі мекемеде басты тұлға.
Тәрбиеші өзінің күрделігімен әсемдігі жағынан қайталанбайтынын, ештеңемен салыстыруға болмайтын жеке адамның қалыптасу процесін басқарады. Тәрбиешінің балабақшадағы жұмысы – тәрбие, білім беру, яғни басты міндетті шешу жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу, сабақтарда балалардың ана тілі, математиканың бастауыш негізін дамытуы және тағы басқа үшін қажетті әр түрлі оның түсінуіне оңай білімділікті, іскерлік пен дағдыларды, қалыптастыру қамтиды.
Адамның жеке басын қалыптастырушы деген талаптарды қанағаттандыру үшін балалар бақшасының тәрбиешісі қандай болу керек:
– баланы сүюі тиіс;
– үлкен шыдамдылық пен жан сезімінің жомарттылығы қажет;
– өз отанының патриоты;
– шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс;
– ғылым озық тәжірибесінің жетістігін үнемі пайдалануы тиіс;
– балалар мен ата-ана алдында беделді;
– сегіз қырлы бір сырлы болуы керек.
Швецарияның аса көрнекті педагог-демократы Генрих Песталоции (1746-1827) басты да таңдаулы тәрбиеші және оның анасы деп білген.
Н.К. Крупская тәрбиеші еңбегінің қоғамдық маңызын үнемі атап көрсетіп, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін кеңестік мемлекеттің мүддесімен таныстыруға, өзінің еңбек үлесін қосуға шақырып отырды. Тәрбиешінің балаларды тәрбиесінің сапасы үшін Отан мен қоғам алдындағы өз жауапкершілігін сезінуіне, педагогтың міндеттерді шешуге творчествалық пен қарауына, өзінің шеберлігін ұдайы жетілдіріп, жұмыстас жолдастарның өсуіне шын ықыласымен көмектесуі қажет екенін атап көрсетті.
А.С.Макаренко былай деп жазды: «Тәрбиеші шеберлігі талантты керек ететін, ерекше бір өнер емес, ол дәрігерді шеберлікке қалай үйрету керек болса, музыкантты қалай үйрету керек болса, солай үйретуді керек ететін мамандық».
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин да балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», — дейді [3, 4].
Белгілі философтар Ж.Баласағұн, В.П.Рожин, М. Қашқари, Ә. Нысанбаев, Д.Кішібеков, Т.Әбжанова, тағы басқалары қоршаған орта, адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінін қарастырады. Философ В. Рожин: «Тіл дегеніміз – адам сапасының тікелей шындығы десек, тіл арқылы адам ойы материялық сезіммен қабылданатын формаға түседі, осының арқасында адамдардың ойлары хабарланып, бір адамнан екінші адамға жеткізе алады. Тіл адам баласының бүкіл материалдық және рухани мәдениетінің дамуымен бірге жетіліп отырады», – деп көрсетеді.
Тіл – адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Сондай-ақ тіл ұлт мәдинетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады.
Ал тілді, тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы жанұядан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жеткізілуі тиіс.
Баланың тілін дамытуда халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал-мәтел, ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан-ауызға таралып, жинақтала келе, бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналуы тиіс [12, 3].
Мектепке дейінгі педагогика мен психология ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарастырады. Өйткені ойлау процесі заттар мен құбылыстардың жалпы сипатын, заңды байланыстары мен кейбір ерекшеліктерін бейнелесе, сол заттардың шындық болмысы ойда сәулеленіп, яғни ұғым сөз арқылы танылып, ой сөйлеу арқылы білдіріледі [3, 5].
Баланы мектепке даярлау, мектептегі оқу ісінің сапасын арттыру жұмысы – педагогика ғылымында басты проблемалардың бірі. Сондықтан да көрнекті психолог-педагог ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму, қалыптасу ерекшеліктерін эксперимент арқылы зерттеп, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сөздік минимум жасау мәселесіне ерекше назар аударуда.
Өйткені мектепке дейінгі тәрбие ісінің ең жауапты кезеңі – баланың бес-алты жастағы шағы. Бұл жастағы балалардың дене құрлысы жетіліп, тез өсе бастайды. Түрлі іс-әрекеті дамып, ой-өрісі, дүние танымы кеңейеді. Күнделікті өмірді тануы, оларды салыстырып, бір-бірінен түрлі ерекшеліктеріне қарай топтай, жалпылай ажырата білулері, көрген-білгендері жөнінде өздігінен ой қорытындыларын жасау қабілеттілігі жетіле түседі.
Психикалық процестерде тіл шешуші роль атқарады. Сөздік қоры әжептәуір жетіледі. Осының нәтижесінде айналасындағы үлкен адамдармен, өз құрбыларымен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасайтын болады. 5-6 жастағы баланың сөйлеу тәсілі, тікелей көрнекілікке байланысты емес. Ол қазір көріп, қабылдап тұрғанын айтып қана қоймай, өткенде не болғанын және алда не болатынын да айта алады. Бұл жағдай баланың сөйлеуінің ойлаумен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Ұлы педагог Н.К.Крупская: «Ақыл-ой тәрбиесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – баланың тілін дамыту. Баланы басқаның сөзін тыңдап түсіне білуге, өз ойын сөзбен айтып беруге үйрету, өмір құбылыстарын бақылауда, сөйлесе отырып, оның сөздік қорын байыту. Ол үшін бала тәрбиелеуші адамдар балаларға сөйлеу мәдениеттілігін, сөз өнегесін, сөз үлгісін көрсете білуге тиісті. Бақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ана тілінде жүргізілуі керек», — деп көрсетті.
Н.К.Крупская ақыл-ой тәрбиесінің бірнеше әдістерін ұсынды. Бірінші орынға бақылау, экскурсия арқылы айналадағы өмірді білдіру және танытуды қойды. Олардың нақты қабылдап білуі үшін ойын процесін дұрыс ұйымдастырудың қажеттігін көрсетеді. Әсіресе балалардың творчестволық ойындарын өрістетуде дұрыс басшылық ету ісіне көп көңіл бөлді.
Атақты психолог Л.С.Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалардың өсу, жетілу, даму ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, оларды мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. 5-6 жастағы баланың ойлау, сөйлеу дәрежесі жөнінде ғылыми деректерге сүйене келіп, құнды пікірлер қалдырды.
Ол мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, ес, зейін ерекшеліктеріне тоқталады. Мектепке дейінгі балалардың өмірдегі нақты заттар мен құбылыстар жөнінде, ол заттардың өсу, даму ерекшелігі, өзара байланысы жөнінде өздерінше ой қорытындыларын жасап, басқаларға түсіндіруге әрекеттенушілігі басым болатынын айтты. Өйткені 5-6 жастағы баланың көрнекті, образды ойлау қабілеттілігі жетіледі. Балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын да көрсетті.
Сондықтан бақшада оқыту, білім беру жүйесіне арналған бағдарлама қандай жүйеде жасалу керектігін айқындау қажет. Себебі ол бағдарлама табиғатта болып жататын физикалық, биологиялық, қоғамдық құбылыстар жөнінде мағлұмат бере отырып, мектепте оқытудың басты шартын орындауға тиісті. Өйткені балаларға адам қоғамы, табиғат, өнер туралы мағлұмат мектепке дейін-ақ берілуі керек. Ондай мағлұматтар олардың дүние танымын, ойын кеңейтіп, тілін дамыта отырып, балаларды мектептегі оқу ісіне даярлайды. Бақшадағы оқыту жұмыстары баланың сәбилік шағынан басталуы тиіс. Себебі баланың тіл үйренуі, сөйлеу процесінің жедел дамуы үш жасқа дейінгі мерзімде өтеді. Оқу жұмысы дәл осы шақты қамтығанда ғана нәтижелі болады.
Сөйтіп, 6 жастағы баланың жан-жақты даму сатысының сан өзгерісінен сапа өзгерісіне өту шағы басталады [4, 3-5].
Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры – 1000 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен – 1800, төрт-бес жастағы балалардың сөздік қоры – 2000-3000, алты-жеті жастағы балалардың сөздік қоры – 3260-4000 сөз мөлшерінде болады екен.
Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі жанұяда, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата-аналар мен тәрбиеші-педагогтардың бұл аса маңызды мәселелерге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екендігін көрсетеді. Ал тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны бағдарламада нақты көрсетілген. Сондықтан жас ерекшелігіне қарай жұпталған әр топта өтілетін сабақтардың алдына қоятын мақсатын, бағдарламалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиісті. Бұл жөнінде бағдарламада тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, бағдарламаға сай болуын, сөздің бір-бірімен байланыстылығын, пікірдің дәйектілігін, бейнелігін қамтамасыз ету керек, — делінген.
Тәрбиеші балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажетті шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының» орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға міндетті [3, 6].
Баланың тілді меңгеруі жайлы белгілі психологтар Л.С.Выготский, А.Л.Имедадзе, А.Л.Леонтьев, Н.С.Рождественский, Ж.Аймауытов, Ә.Алдамұратов, М. Мухина, тағы басқалары жас кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін көрсетті.
Балалардың қай жастан бастап оқыту керек деген мәселе жөнінде ұлы педагог К.Д. Ушинский: «Мерзімінен бұрын оқыту оқуды кешіктіріп бастаудан зиянды. Өйткені өте ерте оқыту баланың ойын шаршатып, тез жалықтырады. Оқуға қызығушылығын жояды. Бала өз күшіне сенбейтін болады. Сондықтан методикалық оқыту жеті жастан басталған жөн. Мұндайда баланың мектептегі оқу ісіне даярлығын ескеру қажет. Баланы мектепке даярлау жұмысы жанұяда және балалар мекемелерінде жүргізіледі. Баланы мектепке даярлау дегеніміз — оның өзіне айтылған сөзге, оқылған шығармаға бақыланған затқа зейін қоя білуі, өз ойын толық сөйлем құрап айтуы. Айналадағы өмірді, табиғат құбылыстарын бағдарлап, түсінуі; бір-біріне жәрдемдесуі, ұжымдық еңбек түріне бейімделуі, жолдастық, достыққа әдеттенуі», — деп көрсетті.
Қазіргі кезеңде мектеп өмірінде болып отырған жаңалықтар: бастауыш мектептің үш кластық системаға өтуі, оқу жүйесінде жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың кең түрде қолданылуы, бірінші сынып оқушыларының арифметикалық алгебра, геометрия элементтерімен қоса үйрене бастауы бұған толық дәлел. Оқу жүйесіндегі осындай игі өзгерістер, кейбір нәтижелер баспасөз беттерінде жарияланып, педагогтар қауымының ортақ ісіне үлес қосуда.
Бұдан біз бөбектердің мектепке жетілген Ересекпен келе бастағанын көреміз. Бұл жағдайлар мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәлім-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, нәрестелерді яслиден бақшаға, сәбилерді бақшадан мектепке даярлау, оқу-тәрбие жұмыстарын бағдарламаға сай жүргізе білу міндеттерін қояды
Тағы рефераттар
- Капиталдың экономикалық табиғаты (түсінігі және классификациясы)
- Меншік құқығы туралы жалпы ережелер
- Арыс ауданының топырақтары, өсімдіктері мен жануарлары
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары
- Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру