Кішкентай балаға өмірдегі ең маңызды уақыт – бұл балабақшаға барудың басталуы. Ата-аналар бұл жаңа кезеңге байыпты түрде және жауапкершілікпен дайындалуы қажет. Егер сіз балаңыздың балабақшаға мерекеге барғандай ризашылықпен баруын қаласаңыз, онда балаңыз үшін ең дұрыс балабақшаны таңдауыңыз керек.
Ең дұрысы, балабақша туралы сәбиіңіз дүние есігін аша салысымен ойлану қажет.
Ол үшін Сізге білім беру орындарына немесе өзіңіз тіркеуде тұрған жердегі ХҚО-ға өтініш беруіңіз керек. Сіздің өтінішіңіз мектепке дейінгі білім беру бөліміне тіркеледі. Балаңыз балабақшаға кезекке тұрады. Кезек тәртібі бойынша, бос орын болған кезде, сіздің балаңыз топқа қабылданады.
Ең қарапайым жолы – таңдау жасамас бұрын балабақша туралы барлық мәліметтерді біліп алу керек. Оны сіз балабақшаға балалары барып жүрген ата-аналармен сөйлесіп біле аласыз. Олардан балаларға деген күтім, балабақшаның жабдықталуы, тәрбиешілері туралы және одан да басқа мағлұматтарды білуге болады. Балабақшаның аумағы, балалар ойнайтын жер, қоршалған алаңы қаншалықты таза екеніне назар аударыңыз.
Балабақшаның қызметкерлерімен, болашақ тәрбиешімен танысыңыз, дәрігерімен сөйлесіңіз. Балабақша меңгерушісінен сізге қызметкерлер жайлы, балалармен жүргізілетін жұмыс туралы айтып беруін сұраңыз.
Балабақшалар мемлекеттік, жеке (коммерциялық) және отбасылық деп үлкен үш топқа бөлінеді. Балаларды оқыту бағдарламасы, топтағы бала саны, тамақтандыру мен ойыншықтардың сапасы балабақшаның санатына байланысты.
- Мемлекеттік балабақшаның басты артықшылығы – бағасының арзандығы. Бағасы айына 6000-12000 теңге аралығында болады. Сонымен қатар бірнеше жеңілдіктер қарастырылады. Мысалы, жалғыз басты аналарға, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер бар. Мемлекеттік балабақшаның кемшілігі топтарда бала саны көп болады және әр балаға жеке көңіл бөлінбейді.
- Егер жанұяда жеке балабақшаның қызметтерін төлеуге қаражат жеткілікті болса, онда бұл кез келген сәби үшін ең дұрыс таңдау. Бұл балабақшада қызықты даму бағдарламасы бар, топтардағы бала саны 15 шамасында, балалар жақсы ойыншықтармен қамтамасыз етілген, тамақтары да дәмді әрі әртүрлі. Және одан да басқа артықшылықтары бар. Жеке балабақшаның бір ғана кемшілігі — бұл оның бағасы.
- Үй (отбасылық) балабақшасы – бұл жеке балабақшаның бір түрі. Әдетте бұл жеке пәтердегі немесе жалға алынған ғимараттағы жақсы жабдықталған жатын орын және ойнайтын бөлме. Онда тәрбиеші, бала бағушы және аспаз жұмыс істейді; ал ересек топтағы балалар үшін шет тілдерінің, ән-күйдің және сурет өнерінің оқытушылары шақыртылады. Үй балабақшасының жақсы жақтары: бала саны аз (3-5 бала), дербес тамақтану мәзірі, балаларға барынша назар аудару. Ал бірақ балабақшаның бұл түрінің бағасы өте қымбат, ал кей жағдайда ғимараты да тар болып келеді.
Ата-аналардың балабақшаның жақсы-жамандығын анықтау критерийі әртүрлі. Бірақ қандайда бір критерий бойынша балабақша таңдағанда, «мектепке дейінгі білім беру стандарты» барлық мектепке дейінгі балалар мекемелерінде бірдей жүзеге асырылатынына кәміл сеніңіз.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.predschool.kz – «Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі» сайты;
2) www.mamochka.kz – «Жүктіліктен мектепке дейін» сайты.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «балабақша таңдау», «балабақша түрлері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Азияның өзендерінің су мөлшері мен су айналымы
- Шетел психологиясының қазіргі жағдайы және дамуының негізгі тенденциялары
- Адам психикасының физиологиялық негіздері
- Публицистикалық стиль
- Екінші деңгейдегі банктер және оның операциялары курстық жұмыс