Топтағы тұлғалардың бірін-бірі өзара қабылдауы көптеген факторларға байланысты. Тұлғалардың өзара бірін-бірі қабылдауға оның негізгі факторы ретінде тұлғалар арасындағы қатынастар ғана емес, индивидтің топтағы қатынасы да әсер ете алады. Индивидтің топты қабылдауы, тұлғалардың өзара қабылдауы жүзеге асатын фон тәріздес. Осылайша, индивидтің топты қабылдау мәселесі, тұлғалардың бірін-бірі қабылдауда екі түрлі әлеуметтік – перцептивті процесті байланыстыратын негізгі мезет.
Ұсынылып отырған әдістеме индивидтің топты қабылдауының үш мүмкін “типін” анықтауға жағдай жасайды . Қабылдаушының дербес іс-әрекетіндегі топтың рөлі, қабылдау типінің көрсеткіші ретінде анықталады.
1 — тип. Индивид топты өз іс-әрекетінің кедергісі ретінде қабылдайды немесе оған бейтарап қатынаста болуы мүмкін.
Топтың индивид үшін дербес құндылығы жоқ. Мұның барлығы іс-әрекеттің біріккен формаларынан бас тарту, дербес жұмыс атқаруға ынталану, басқалармен қатынасына шек қою сияқты әрекеттерінде көрінеді. Бұл “дербес ”топ.
2 – тип Индивид топты қандайда бір мақсаттарға жетуге ықпал ететін құрал ретінде қабылдайды. Сонымен бірге, топты индивид “пайдасы” жағынан бағалайды. Көмек көрсете алатын, қиын мәселелерді шеше алатын немесе қажет ақпараттың көзі ретінде топтың беделділерімен араласуға тырысады. Бұл “прагматикалық”, яғни “пайдакүнем” тип.
3 -тип Индивид топты дербес құндылық ретінде қабылдайды. Бүтіндей топқа ортақ және оның жеке мүшелерінің мәселелері бірінші жоспарда. Топтың әрбір мүшесінің жетістігіне қызығушылық таныту және топтың біріккен іс-әрекетіне өз үлесін қосу әрекеттері көзге түседі. Жұмыстың ұжымдасқан түрлеріне қажеттілігі басым. Бұл “ұжымдық ” топ.
Жоғарыда анықталған үш типтің негізінде зерттелінуші индивидтің топты қабылдауының басым типін анықтауына жағдай жасайтын арнайы анкета құрастырылған (Қосымша Ә).
Топты зерттеу нәтижесінде алынған жауаптардың негізінде индивидтің топты қабылдаудың әрбір үш типі бойынша ұпайлары есептелінді.
Зерттеудің нәтижелері 3 — кестеде берілген.
3 — кесте Индивидтің топты қабылдау типі.
№ |
Сыналушының аты жөні |
Дербес | Прагматикалық
( пайдакүнем) |
ұжымдық | Тип |
1. | Байназарова Алина |
9 |
1 |
4 |
Д |
2. | Бакирова Жансая |
5 |
2 |
7 |
Ұ |
3. | Шарипов Шалхар |
7 |
4 |
3 |
Д |
4. | Жетпісбаев Рауан |
11 |
1 |
12 |
Д |
5. | Қайдарова Айнур |
3 |
3 |
8 |
Ұ |
6. | Есімжанова Жадыра |
5 |
5 |
4 |
Д+П |
7. | Баймурзаев Аслан |
8 |
4 |
2 |
Д |
8. | Баймурзаева Әйрегім |
6 |
3 |
5 |
Д |
9. | Зайсанбек Жамбыл |
5 |
2 |
7 |
Ұ |
10. | Шаменова Айжан |
2 |
8 |
4 |
П |
11. | Ермекбай Мөлдір |
6 |
6 |
2 |
Д+П |
12. | Талғатова Әйгерім |
4 |
2 |
7 |
Ұ |
13. | Дүйсенбаев Махамбет |
10 |
2 |
2 |
Д |
14. | Тоқтамысова Айнур |
7 |
3 |
4 |
Д |
15. | Қожахметов Арман |
2 |
5 |
7 |
Ұ |
16. | Жорабекова Сара |
5 |
2 |
7 |
Ұ |
17. | Ықыласов Жоламан |
0 |
4 |
10 |
Ұ |
18. | Барлыбаева Раушан |
1 |
8 |
5 |
П |
19. | Шатпықова Зере |
2 |
7 |
5 |
П |
20. | Керімқұлов Дидар |
2 |
5 |
7 |
Ұ |
Индивидтің топты қабылдауының ұжымдық типі 8 адамда байқалды (40 %), Дербес тип 7 адамда (35 %), прагматикалық (пайдакүнем) 3 адамда (15 %) байқалады. Сонымен қатар аралас типтер де кездесті: дербес прагматикалық(пайдакүнем). 2 ( 10 %) адамды қамтыды.
Топта өз құрылымы мен даму динамикасы бар іскер және жеке сияқты қатынастардың маңызды жүйелері бар. Жеке өзара қатынастар бала тұлғасының қалыптасуы мен ұжымның өміріне айтарлықтай әсер етеді. Топтың ішкі құрлымы жайлы және ондағы әрбір баланың орны туралы нақты ақпараттың болмауынан ұжым мен жеке тұлғаның дамуын басшылыққа ала алмас едік.
Топтың дамуын басшылыққа алу мақсатында ұжымның даралығы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеу хақында, тұлғалар арасындағы қатынас пен қарым-қатынасты зерттеудің тиімді әдістерін әлеуметтік психология ұсынады.
Қатынас — тікелей бақылауға болмайтын ішкі күй болса, ал қарым-қатынас — адамдардың бір-біріне деген нақты әсерлері түрінде жүзеге асатын, сырттай бақылауға болатын сыртқы процесс, сондықтан да бір жағынан қатынас, екінші жағынан карым-қатынас түрлі зерттеу әдістерін талап етеді. Қатынастар жайында ақпараттармен қамтамасыз ететін және тікелей қарым-қатынасты зерттеуге жағдай жасайтын әдістерді нақты талдай білген жөн.
Біріншісіне сұрақнамалардың барлық түрлері жатса, екіншісіне өздігінен пайда болатын және зерттеуші тарапынан туындайтын өзара шынайы әрекеттестіктің негізіне сүйенген эксперименталды әдістер жатады.
Педагогикалық психологиялық мазмұндағы зерттеу жұмыстарында нақтылығы мен сенімділігі арнайы құрастырылған бағдарламалардың арқасында ұлғая түсетін объективті бақылау қолданылады.
Кіші топтардағы өзарақатынастарды зерттеу үшін социометриялық әдіс кеңінен қолданылды.
Социометрия, яғни “әлеуметтік өлшеу ” — әдіс ретінде кіші топтардағы тұлғалар арасындағы өзара қатынастарды анықтауға арналған.
Социометрияны алғаш құрастырған американдық әлеуметтік психолог және психиатр Дж. Морено. Кеңес психологтары Е.С. Кузьмина, Я.Л. Коломинский, В.Н. Ядов, И.П. Волков өз уақытында социометриялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Социометрия адамдардың өзарақатынастарының психологиялық аспектілерін анықтауға жағдай жасайды (ұнату, ұнатпау, бей-жайлық, шеттету т.с.с.) Социометриялық сұрақнаманы жүргізу барысында балалардан басқа балалармен қарым-қатынасын қандай деңгейде екендігін сұрағаннан гөрі, белгілі бір нақты іс-әрекетті қай баламен орындауға деген тілекті сұраған әлдеқайда тиімді.
Адамның басқа бір адаммен нақты іс-әрекетті бірігіп орындау ниеттері, таңдау критерийлері деп аталады. Жиі өзарақатынастарды зерттеу жетістігі критерийлердің дұрыс таңдалуына байланысты. Таңдаудың күшті (жалпы) және әлсіз (арнайы) критерийлері болады. Күшті критерийлер адамдардың неғұрлым терең әрі тұрақты қатынастарын анықтайды. Екіжақты және біржақты таңдаулардың критерийлерін айыра білген жөн.Екі жақты критерий өзара таңдауды анықтауға жағдай жасайды. Біржақты критерий мұндай мүмкіншілікті бермейді. Жағымды критерийлермен қатар, жағымсыз критерийлер де пайдаланылады. Тәжірибені жүргізбес бұрын критерийлердің сапасымен қатар, әрбір бала таңдауларының саны жайлы мәселелердің басын ашып алған жөн. Эксперименттің топтық және даралық формаларын қолдануға болады.
Социометриялық әдістемелер түрлі жас шамаларын қамтыған тұлғалар арасындағы ішкі қатынастардың динамикасын зерттеу үшін, тұйық топшаларды, топтың ішкі ауызбірлігінің дәрежесін, топтық мотивациялық құрлымы мен оның дау — дамайлар шегін анықтау үшін қолданылады.
Әдістемені қолдану ережелері өте қарапайым. Социограмма-нысанада топтағы өзара қатынастар көрнекі түрде белгіленеді.
Нәтижелерді өңдеген соң диагностикалық көрсеткіш — қатынастардың өзара жайлы, жағымды деңгейін алуға болады.
Социометрияда өзара таңдаулардың көрсеткіші ретінде топтық ауызбірлік индексі КВ=R1 /Rx100% кездеседі. Мұндағы: R- жалпы таңдаулар саны, R1-өзара таңдаулар саны
және “референтті топ индексі” — өзара жағымды таңдаулар санының топтағы жағымды таңдаулардың жалпы санына қатынасы есептелінеді.
Оның формуласы КР=R1/Rx 100% топтың КВ мен КР көрсеткіштері неғұрлым жоғары болса, оның мүшелері үшін топ дамуының соғұрлым жағымды психологиялық ситуациясы қалыптасады.
Социограмма-нысана топтағы таңдаулардың ең көп санына тең шоғырланған айналымдардың жүйесі болып табылады.Топтың барлық мүшелері нысананың шеңберлеріне, алған таңдауларының санына сәйкес орналастырылады. Социометриялық эксперименттің нәтижесінде тұлғалар арасындағы өзара қатынастар жүйесіндегі топтың әрбір мүшесінің әлеуметтік ортадағы жеке, өзіндік орны жайлы мәліметтерді алуға болады.
Социометриялық зерттеудің негізінде балалар бірқатар сұрақтарға жауап берді:
- 1. Кіммен бірге бір бөлмеде тұрғың келеді ?
2. Санаторийдің келесі маусымында кіммен қайтадан кездескің келеді ?
3. Кіммен бірге киноға барғың келеді ?
Социометриялық сұрақнамалардың негізінде төмендегідей социометриялық категориялар алынды:
1 – Шеңбер 13(8), 10(6),1(5), 6(5), 3(5);
2 – Шеңбер 9(4), 16(4), 5(4), 8(4), 11(3),12(3);
3 – Шеңбер 4(2), 17(2), 7(1), 18(1), 14(1), 19(1);
Таңдауға түспегендер 2(0), 15(0), 20(0);
Тағы рефераттар
- Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұны
- Ата-аналарға психологиялық кеңес (балабақшадағы ереже)
- Кәсіпорындағы қоғамдық тамақтану есебінің ерекшеліктері курстық жұмыс
- Іс қағаздарын жүргізу тарихы және міндеттері
- Шартты рефлекстің тежелуі