Банк секторын талдау туралы қазақша реферат
Банктің жиынтық активтері 2007 жылы 4 359,5млрд теңгеге (96,6%) өсті және 2008 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8 874,6 млрд теңгені құрады.
Банк секторының жиынтық есеп беру жеке капиталы 1 176,8 млрд теңге құрады, бір жылда 592 млрд теңгеге немесе екі есеге өсті.
Ұлттық Банк инфляциялық әлеуметтік көбейуін және экономиканы «қыздыру» қатерін болдыртпау үшін ақша-несиелік саясатын қатайтты. 2007 жылдың басынан бастап қайта қаржыландырудың ресми мөлшері екі рет жоғарылады: 1 сәуірден бастап – 8,0% бастап 8,5% дейін ал шілдеден бастап – 9,0% дейін. Екінші деңгейдегі банктердің атынан тартымды депозиттер бойынша мөлшерлер 3,5% бастап 4,5% дейін кезең-кезеңімен жоғарылады, қысқа мерзімді ноталар бойынша кіріс 4,9% дейін өсті.
2008 жылдың минималды резервтердің талаптарына түсетін банктердің ішкі міндеттемелері екі есе өсті, сыртқы активтер бойынша міндеттемелер үш есе өсті.
Банктің қарыз портфелі (банкаралық займдарды есептеумен) 2007 жылы 2930,0 млрд теңгеден (95,7%) 5992,0 млрд теңгеге дейін өсті.
Банктің несиелік портфелінің құрылымында 2008 жылы 1 қантардағы жағдай бойынша стандартты несиелердің еншісі 52,6%, күмәндісі-45,8%, сенімсізі-1,6% құрады. 2007 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша несиелердің еншісі 58,2%, күмәндісі-39,6%, сенімсізі-2,2% құрады.
Банкпен жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы ( банктермен халықаралық қаржылық ұйымдарды қоспағанда ) 4714,9 млрд теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 76,9% өсті, оның ішінде заңды тұлғалардың салым сомасы – 3680,7 млрд тенгеге, 91,1% өсті, жеке тұлғалардың салым сомасы 1034,2 млрд тенгеге, 73,3% өсті. Арнайы бағыттағы еншілес ұйымдардың салымдары 1557,1млрд тенгеге құрады, 1жылда 80,6% өсті.
Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы 2008 жылғы 1 қантардағы жағдайы бойынша 891,2 млрд тенге құрады, былтырғы жылымен салыстырғанда 77,1% өсті. Шығындар сомасы – 786,6 млрд тенгеге, былтырғы жылмен салыстырғанда 82,8% өсті.
Бөлінбеген таза кіріс (жабылмаған iығын) 104.6 млрд тенгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 43,1% жоғары.
2009 жылдың 1 қантардағы жағдайы бойынша банк активтері 150 млрд тенге құрады, меншікті капитал – 23млрд тенгеден жоғары. Банктегі актив өсімі 2008 жылғы 74% өсті. АҚ «АТФБанк» қарыз портфелінің өсімі 40млрд тенгеге, 2008 жылдың басынан 66% өсті. Осы соманың жарты қарызын шағын және орта бизнесті несиелендіруге, 42,6% әртұрлі несиелік қарыздарға берілді. 2008 жылы халықтың салым салу көлемі 76,7% өсіп, 25,6млрд тенге құрады.
Тағы рефераттар
- Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық
- Әлеуметтік қызметкерлердің және мекемелердің қарттарға көрсететін әлеуметтік көмегі
- Қазақ мәдениетінің дүниетанымы
- “Қазақстан” газеті
- Қазақстандағы көппартиялылық пайда болуы және ерекшеліктері