ЖОСПАР:
Кіріспе……..3
1. Экономикадағы банктердің мәні мен ролі………..5
1.1 Банк- экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен рөлі.5
1.2 Банктердің атқаратын негізгі қызметтері……….9
2. Қазақстандағы банктердің ұлттық экономика дамуындағы орны мен атқаратын қызметтері……14
2.1 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі мен жүргізетін саясаттары….14
2.2 Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциялары…..20
3. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі мен банк секторын жетілдіру жолдары……30
3.1 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары…..30
3.2 Банк секторын тұрақтандыру……..35
Қорытынды…………..39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……41
Кіріспе
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және бюджет саясаты жатады.
Экономиканы ақша-несиелік реттеудi қаржы саласының басты секторы- банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы есеп айырысу шоты ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бiр сөзбен айтқанда экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етудi көздейдi.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне атсалысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Мiне, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикадағы банктер, рөлі, қызметтері» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі- әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өзін-өзi реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджет-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Бұл жұмыста банктердің экономикадағы атқарытын қызметтері мен ролі, еліміздегі банк жүйесінің бүгінгі таңдағы мәселелері және Қазақстандағы банк жүйесі мен банк секторын жетілдіру ұсыныстары келтіріледі. Бүгінгі күнде бұл өзекті проблемалардың бірі, себебі дамыған нарықтық экономикада банктер жүйесі мен банк секторы еркін мобилизацияланған ақша айналымында, жеке меншікте және мемлекетте үлкен роль атқарады. Қазiр Қазақстанда банк жүйесi егемендiк алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтамай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы білім деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты- экономикадағы банктердің мәні мен ролін ашып, атқаратын қызметтері мен Қазақстандағы банк жүйесін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:
— Банктердің экономиканың тиімді қызмет етуіндегі мәнін, маңызын және рөлін ашып көрсету;
— Банктердің негізгі қызметтерін және олардың қоғамдық дамудағы маңызын атап өту;
— ҚР Ұлттық банкінің Орталық банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен саясаттарын талдау;
— Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі атқаратын қызметтері мен негізгі операцияларына тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы: үш бөлімнен тұрады- кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Әр бөлімде жұмыстың тақырыбын барынша ашуға тырыстым.
Негізгі ақпарат көздері — ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық және шетелдік әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер.
курстық жұмыс / 41 бет
Тағы рефераттар
- Музыкалық – педагогикалық ізденістің эмпириякалық әдістері
- Тренинг заңдарының мақсаты мен міндеті
- Өнімнің бәсекелік қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
- Қылмысқа қатысу
- Эфир құрылысының мәселесі