Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу туралы қазақша реферат
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 1050 «Жинақ шоттардағы ақша каражаттары» және 1060 «Өзгеде ақша каражаттары» деген шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
— аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив — клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк-эмитент) жабдықтаушыларға телем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:
- жабылатын (депоненттелген);
- қайтарып алынатын немесе қайтпайтын;
- дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
Жобылатын (депоненттелген) аккредитив ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең акциа сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша телем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-шартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере аладьі. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттардьі телеугз міндетті.
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтыи аккредитив бенефициардың келісімінсіз езгертуге немесе жоюға жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта каралса.
Дәлелденген аккредитив — бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепліддгі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
Трансферабельдік (аударма) аккредитив — бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатынО бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитив тек бір ғана бенефицармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тертібі және оның мерзімі бенефициар мен толеушінің арасындағы келісім-шартта.белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредити&тің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толык тізімі және накты сипаттары, тауарларды тиегенне» кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетгі құжатгар мен шарттары болуы қажет.
Аккредитивтің кандай түрге жататандығы анық болуы керек, яғни кайтарып алынатын ба, жоқ әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивгің пайдалану тәсілі де анық болғаны жөн, ұсынған заматта төленетін немесе бөліп-бөліп төлеуге бопатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау үшін пайдаланатын болып бөлінеді.
Аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында көзделген кұжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы жөне аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.
Бенефициар банкісі аккредитив бойынша каржының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредит ив беруі оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде делдалдық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.
Бенефициар банкісі (атқарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде жабдыктаушының аккредитив бойынша барлық шарттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделгенін, ондағы бенефициардың қолы мен мерінің белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетті.
Егер аккредитивттің шарттарында уәкілетті сатып алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.
Сатып алушының уәкілі жабдыктаушыдан тауарды қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы-көлік кұжаттарының нөмірі, тауарды байланыс мекемелері арқылы женелткен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау-өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот-тізбесін төлеуге беруге болмайды.
Аккредитивті қолма-қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді.
Егер аккредитивтің шарттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: телқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда ез қолының үлгісін (қодцың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетгі.
Аккредитив есебінен төлеу үшін, акцептелінген шоттар тізбесінде (реестрінде) немесе тауарлы-көлік күжатгарында (накладнойында) өкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.
Аккредитивпң мерзімінің етуіне байланысты жабдыктаушыға кызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде аткдрушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотка қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен түтастай немесе бөлшектеп кері кайтарылган аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.
Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлык бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзак мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» және 4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар» шоттарында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттары» шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар 1030, 3010, 4010 кредиттеледі де, 1060 «Өзгеде ақша каражаттары» шоты дебеттеледі.
Жабдықтаушылар шотын төлеу 1060 шоттың кредиті бойынша және 3310 «Жабдыктаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаган аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері кайтару 1030, 1040, 1050, 3010, 4010 шотгарының дебеттерінде және 1060 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 7210 шоты дебеттеледі де, 1030 шоты кредиттеледі.
Чек — бұл өзінің шот есебінен қаражатты алуының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару женіндегі арнаулы кағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет керсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
Чек кітапшасы бойынша депоненттелген сомасы берілген кезде 1060 дебетгеліп, 1040,1060,1030, 3010,4010 шоттары кредиттеледі.
Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа тұлғаларға беру кезінде 1280 «Басқа да дебиторлық қарыздар» шотының, «Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар» деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 3390 «Басқа кредиторлық қарыздар» шотының ‘Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу» деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 3390 шоты дебеттеліп, 1060 шоты кредитгеледі.
Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол қаражат шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени – ағарту мвекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржылаңдыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар. Басқа да субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс-сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады
Тағы рефераттар
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (балабақшадағы жылдық жоспар)
- Қылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері
- Тармақталу электродтары
- Ре – мажорлық №104 симфония
- Тауарды топтастыру