Мазмұны

Кіріспе……..7-8

1.Банктің қаржылық қызмет көрсету нарығы және оны кеңейту жолдары…..9-31
1.1 Қазіргі нарықтық экономикадағы банктік қызметтер……9-14
1.2 Қазақстан Республикасының банктік операциялар мен қызметтер секторы…….14-26
1.3Банктік қызметтер нарығын қалыптастыру негіздері…….26-31

2.«Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау…….32-56
2.1 «Еуразиялық банк» АҚ-ның қызметіне сипаттама…..32-41
2.2 Банктің 2009-2010 жылдардағы баланстық шоттарына баға беру….41-46
2.3 Банктің несие операциясына талдау……….46-53
2.4 Банк табыстары мен шығыстарына талдау.……53-56

3.«Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының қаржылық қызмет көрсетулерін жетілдіру жолдары…57-59

Қорытынды………60-62
Қолданылған әдебиеттер………63
Тіркемелер

Кіріспе

         Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банктік істі дамытуда жаңа кезеңді ашты. Нарыққа өту жағдайында ерекше актуальділікке біздің елде банктердің және басқа да несиелік институттардың даму болашағы мәселесі мен оны іс жүзінде асыру ие. Қойылған міндетті шешу Қазақстандық және де шетелдік банктердің қызмет етуін зерттеу, тәжірибеде қолдану және тәжірибедегі жұмыс әдістері мен рационалды, прогрессивті формаларын өндірген жағдайда ғана мүмкін.

Капиталдар нарығының дамуы қаражаттарды жинақтау мен инвестициялаудың өзара байланысты процесін жетілдірмей мүмкін емес. Жинақтау өзімен бірге табыс пен тұтыну арасындағы айырманы білдіреді. Инвестициялар бұл табыс алу мақсатындағы қаражаттар салымы.

Қазақстанның алдағы комерциялық банктерін өздерінің табыстылық базасын кеңйту үшін рентабельділігі мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылату өз клиеттері үшін қызметтер мен операциялардың кең тобын орындауға талпынды. Сонымен бірге банктік қызметінің дамуы клиенттер үшін де, банктің өзі үшін де аз шығындармен банктік қызметтерді көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге икемді бағаларды қолдануды білдірді. Кең клиентуралы банктік операциялардың тиімді икемді жүйесі ішкі жинақтарды жинауға ықпал етеді. Аса мәнге өзгермей экономиканың қажеттілігіне тез ыңғайланатын икемді бантік қызмет көрсету.

Банктік қызмет-нарық қажеттілігін маркетингтік зерттеу негізінде құрылған кәсіби интеллектуалдық өнім оның негізгі мақсаты-пайда алу. Банктік қызметтер-қызметті көрсетуде күшті жеке персонификациялы қызметтер. Жалпы банктік қызметтер келесі қасиеттерден тұрады. қызмет сапасының тұрақтылығының кепілдемесінің және жинақталуының банктік қызметтер сферасын қызметтің жоғары тәуекелді сферасы деп саналады. Банкттік қызметтердің тәуекелді екендігін растайтын және аса бір ерекшелігі болып табылатын факторға халықаралық көлемде қалыптасқан олардың патенттік қорғалмағандығы жатады.

Жаңа банктік  қызметтерді көрсету ең жоғары тәуекелділікті қажет ететін шешім болып табылады. Әсіресе тәуекелді болып қызмет көрсетуге бейімделген индустрияға қызмет көрсету саналады, себебі бұл сферада бәсекелестермен мұндай қызметтер өнеркәсіптердің басқа өндірістік салаларына қарағанда тез ұдайы өндіріледі. Банктік істегі сәттілік және сәтсіздік жеке банктік фирмалардың бақылауынан тыс жалпы факторлармен анықталады. Оларға банктік қызметті реттеу, экономикалық жағдайлар, пайыздық ставкадағы ауытқулар.

Банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестік — банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына әсер етеді. Тұрғындарға дәстүрлі банктік қызметтерді орындаумен бірге, яғни депозиттерге қаражаттарды тартумен, ссудаларды ұсынумен, тұрғындарға есеп айырысу кассалық қызметтерді көрсетуді жүзеге асырумен бірге біздің елде қазіргі банктік институттар электрондық қызметтер, клиенттер тапсырма бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, қор операциялары, чекстік операциялары, карточкалар ашу, ссудаларды ұсыну, құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар, басқа да қызметтер, соның ішінде трасттық, ақпараттық анықтамалық кеңес беру, қор операцияларын да орындайды. Тұрғындарға қызмет көрсететін банктердің рөлін активизациялауының мәні аз шығындарды максималды әсерге, яғни банктік қызмет көрсетуде клиенттердің қажеттілігін толық қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектірін кеңейтуге өзіндік құнының төмендеуіне әсер етуден тұрады.

Менің тақырыбымның актуальділігі біздің елде банктердің және басқада несиелік институттардың даму болашағы мәселесі мен оны іс жүзінде асыру керектілігі.

Тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаттары болып мыналар саналады.

—  банк кірісін ұлғайту,

—         белсенді операцияларды жүргізуге тәуекелді төмендету,

—         банктің қоғамдық және іскерлік беделін нығайту,

—         банктік депозитінің барлық түрлеріне бос ақша қаражаттарын тарту,

—         банк табысын ұлғайту,

—         шығындарын қысқарту,

—         клиенттерді ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу.

Осы жұмысымның бірінші бөлімінде мен банктік қызмет көрсету нарығы, яғни операциялармен қызметтер секторы, оның қалыптастыру негіздері және өнімдерін қарастырамын.

Екінші бөлімде “Еуразиялық банк” АҚ қызметін талдау, яғни активтер мен пассивтерін, негізгі банктік операциялар бойынша кірістер мен шығыстарын талдау және банктің несие операциясына баға беру.

Үшінші бөлімде  «Еуразиялық банк» АҚ жетілдіру жолдарын қарастырылды.

 Диплом жұмысы / 66 бет
Тағы рефераттар