МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……….4
1 БАНК РЕСУРСТАРЫ, ОЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктердің ресурс базасының жалпы сипаттмасы және оның құрлымы…….6
1.2 Банктің өзіндік ресурстарының қалыптасуы және оның құрлымы……16
1.3 Банктердің сырттан тартылған ресурстары: мәні және мазмұны…..23
1.4 Банк ресурстарын басқару ерекшеліктері…..30
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ РЕСУРСТАРЫН БАСҚРУЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанның банк жүйесінің ресурстық құрлымын стратегиялық басқарудың қаржылық нәтижелерін талдау…..33
2.2 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарды қалыптастару және басқару бойынша операцияларын экономикалық талдау…..44
3 БАНК РЕСУРСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫ ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ресурстардың жеткілікті болуын одан әрі жетілдіру…..62
3.2 Банктің қаржылық тұрақтылығын және ресурс жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін одан әрі жетілдіру…..68
ҚОРЫТЫНДЫ….79
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…83
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Қарыз алушылар мен әріптес банктердегі қаржы қиыншылықтары, төлемеу дағдарыстары көптеген банктердің сенімділігіне қатер келтіреді, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырайды. Бірлескен шет елдік банктердің және олардың филиалдарының пайда болуы банктер арасындағы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жібереді. Нәтежиесінде, банктердің несиелік ресурстарының айналымдалығы төмендеп, мерзімі ұзартылған несиелердің көлемі өсті. Қаржы нарығындағы жағдай коммерциялық банктердің төлемді жүзеге асыруға, орта және ұзақ мерзімді несиелер беруге деген қабілеті төмендеп, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне әсерін тигізумен және өндірістің одан әрі құлдырауына алып келуімен сипатталады. Жалпы дағдарыс кезінде коммерциялық банктер жоғарғы тәуекел жағдайында жұмыс жасайды.
Экономикалық банк секторының қалыптасуы және даму кезеңінде қаржы-несие құралдарының кешенін орынды қолдануынан олардың өздерінің өміршеңдігі, ақша рыногындағы операцияды жүргізу нәтежиесінде табыс ала білу мүмкіндігі, немесе керісінше капиталын жоғалту және банкроттыққа ұшырау тәуекел деңгейіне тікелей байланысты. Егер банк менеджерлері банк тұрақтылығын бақылайтын болса: оларға банктің төлем жасауға қабілетсіздігін уайымдауға болады. Сондықтан олар үшін бірінші орында сенімділік, табыстылық және тәуекелді ең төменгі шегінде жеткізудің проблемасы тұр.
Банк тиімділігі мен оның сенімділігіне, табыстылығына, үлкен әсерін тигізетін болғандықтан біз әлемдік тәжірибедегі қазіргі кезде оларды бағалау әдістерін оқып білуіміз және осы алған, тәжірибені еліміздің банк тәжірибесіне енгізуіміз абзал. Тақырыптың тағы бір маңыздылығы қарастырылып отырған банк тұрақтылығының мәселелері, басқару әдістері Қазақстанның банк жүйесінің дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыттары болып табылатындығында.
Факторлық талдау негізінде банк тұрақтылығының банк қызметіне әсерін зерттеу үшін біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арқылы Қазақстанда қолдануға тиімді де пайдалы банк қызметіне жағдайларды анықтап, тәуекелден «қорғану» әдістерін саралап отырмыз. Осы кешегікүнге дейін отандық банктер үшін банк тұрақтылығына әсер ететін басты проблема болып алынған несиелерді қайтармау проблемасы қаралып келді. Бұл мәселені реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пруденциялдық нормативтері бағытталған.
Бүгінде өзінің маңыздылығын жоғалтпай, бұл проблеманың орнын басқа проблема алды- ол активтер көлемінің жеткіліктілігі.
Өзіміздің отандық банктер әлемдік Банк тәжірибесінде бар барлық проблемалармен кездесті деуге болмайды, бірақ олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема Қазақстандық банктер үшін жаңа болып есептелінеді, сондықтан бұл тұрғыда қандай да бір терең зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда банк тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы зерттеулер Қазақстанның банк жүйесін реформалаудағы ең түйінді мәселе болып отыр. Барлық аталған өзекті мәселелер және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға,оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға өз әсерін тигізді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар банктердің шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қажылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашті. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс — әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты боглады. Банктер бұрынғыдай жоғарғы жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне,қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін еркін орын алмастыра отырып қолданып.тиімді пайдалану жолымен өнімді өндірі мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресустары жағдайын көрсетеді.
Банктің қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты – банктердің қаржылық жағайын тереңірік зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып,оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Банктің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге,еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.
Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім және қортынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс / 92 бет
Тағы рефераттар
- Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары
- Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
- Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің даму ахуалы (1991-2001)
- Ұлттық бантің ақша несие саясаты
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін оңайлату