МАЗМҰНЫ
Кіріспе……3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері…..6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы…..-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы..9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты…28
2.1. Банктің меншікті капиталы…….28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері…..39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі……49
Қосымша……….54
Қорытынды……59
Қолданылған әдебиеттер……61
Кіріспе
Бүгінгі әлемде ел экономикасы дамып, нарықтық қатынастардың қалыптасу мақсатына байланысты банк саласындағы қазіргі заманға сай банк ресурстарын қалыптастыру, реттеу және ресурстар көздерінің құрылуын жоспарлау экономика, нарық қатынастары үшін банктің маңызды мәселесі болмақ.
Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Ал, «банктің ресурстары» терминіне ұғым беретін болсақ:
Банк ресурстары деп – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражаттары құрайды. Сондықтан да, «банк ресурстары» термині «банктің несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді.
Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланады, яғни табыс табу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Банктің пассивтік және активтік операциялары бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі
әсерін тигізеді.
Сондықтан да, бұл курстық жұмыстың өзектілігі осында жатыр. Яғни, қазіргі еліміздің нарықтық экономикасына сай екінші деңгейлі банктердің басты өзекті мәселесі осы банк ресурстарының құрылуының көздерін жоспарлауда дұрыс таңдау жасай білу. Мәселен, ең алғаш құрылған банктер үшін де және қазіргі жұмыс істеп жатқан банктер үшін де басты міндет болып, банк ресурстарын дұрыс орналастыру, яғни өзінің өзіндік және тартылған қаражаттарды жинап алу арқылы, оны тиімді жұмсауды жоспарлау банк үшін маңызы зор.
Сондықтан да, мен курстық жұмысымның тақырыбын «Банктің ресурстарының құрылуының көздері» деп алдым.
Бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым: қазіргі нарыққа сай құрылған банктердің ресурстарын, яғни меншікті және тартылған қаражаттар жиынтығын дұрыс орналастыру, негізгі бағыттары бойынша олардың құрылу көздерін жоспарлау, реттеу, қалыптастыру негізінде жинақталған мәселелерді аша білу.
Бұл курстық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары бойынша: банктің ресурстарының құрылуының қайнар көздері және банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты етіп 2 бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші бөлім бойынша, банктің ресурстарының ұғымы, мазмұны, құрылымы және банк ресурстарын жоспарлануы мен заңдылықтары туралы мәселелерді қозғадым. Ал, екінші бөлім бойынша, банктің өзіндік қаражаттары, яғни меншікті капиталы және оның жеткіліктілігі туралы толық мағлұматтары және банктің тартылған қаражаттары, оның ішінде депозиттік операциялар (депозит, аманат қабылдау) және депозиттік емес операциялары (банкаралық несие) бойынша басты мәселелер қарастырылды.
Жоғарыда айтылып өткен тақырыптар негізінде банк ресурстарының
толықтай мәселелері қарастырылды. Айтар болсақ, қазіргі уақыттағы
екінші деңгейлі банктердің меншікті қаражаттары мен тартылған қаражаттарының банк үшін экономикалық нарықта алар орны, қазіргі уақытта олардың дәрежелік көрсеткіштері жайында мәселелері.
Курстық жұмысты жазу барысында жан жақты ізденуім негізінде А.Ә. Ілияс, С.Б Мақыш, А.А. Абишева, С.А. Святова, Ғ.С. Сейітқасымов, Н.Н. Хамитов еңбектерін қорыта отырып қолдандым.
Курстық жұмыс / 61 бет
Тағы рефераттар
- Каспий банк қызметінің экономикалық негізі
- Топырақтың түзілуіндегі үгілу үрдісінің орны және топырақ түзуші факторлар. (1сағат)
- Ордабасы ауданы
- Жолдың саны мен ұзындығы. Жолдың үстіңгі құрылысы
- НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ