Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру туралы қазақша реферат
Инвестициялық портфельді қалыптастыру процесінде инвестициялауға керекті объектілер жиынтығы инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Қазіргі заман теориясына сәйкес инвестор бір ғана емес, бірнеше инвестициялық объектілерге өз салымын инвестициялай алады, сонымен қатар инвестициялық объектілердің жиынтығын қалыптастыра алады. Өзінің қызығушылығын қанағаттандыра алатын инвестициялық объектілерді таңдап алу мәселесі туындайды.Портфельді инвестицияның негізін, оның инвестициялық мүмкіндіктерін жақсарту үшін инвестициялық объектілерді жиынтықтау арқылы қол жеткізіледі. Инвестициялық потфельдің құрылымы инвестордың қызушылығын көрсетеді. Инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде оның берілген мазмұнына сәйкес жаңа инвестициялық қасиеті құрылады. Сонымен, инвестициялық портфель құралында төмен тәуекел дәрежелі, белгілі өтімділіктің болуы негізінде табыстың болжанған көлемі алынады.
Инвестициялық портфель – мақсатты бағытталған, белгіленген инвестициялық стратегия негізінде инвестициялық объектіге салынған салымдар жиынтығы. Осыған байланысты, инвестициялық портфельді құрудың негізгі мақсаты инвестициялық саясат негізінде тиімді және тұрақты инвестициялық салымдарды таңдау арқылы ойларды іске асыру болып табылады. Таңдалған инвестициялық саясатың бағыты мен инвестициялық қызметтің ерекшелігінің негізінде мынандай мақсаттар жүйесі құрылады:
- капиталдың өсуін жоғарылату;
- табыстың өсуін жоғарылату;
- инвестициялық тәуекелді төмендету;
- инвестициялық портфельдің қажетті өтімділік дәрежесін сақтау.
Бұл инвестициялық портфельді құру мақсаттары таңдамалы болып келеді. Капиталдың нарықтық бағасының өсуі инвестициялық портфельдің ағымдық табысының төмендеуімен байланысты. Капитал бағасының өсуі мен табыстың жоғарылауы тәуекел дәрежесінің де жоғары болуына әкеліп соқтырады. Керекті өтімділік дәрежесіне жету үшін, капиталдың бағасын арттыратын немесе жоғары табысты, бірақ төмен өтімділік дәрежесі бар инвестициялық объектілерді инвестициялық портфельге қосуға кедергі болады. Инвестор инвестициялық портфельді құру кезінде инвестициялық объектілердің қасиеттерін талдайды және жасалған инвестициялық саясаттың бағыты бойынша олардың жеке мақсаттарын саралайды. Инвестициялық портфельді құру барысында тиімді мақсаттарды таңдау инвестициялық портфельдің бағасына әсер етеді. Таңдалған бағытқа байланысты инвестор инвестициялық портфельдің капиталының өсуі, табыстылық, өтімділік және рұқсат етілген тәуекел дәрежесін негізгі қағидалар ретінде алуы мүмкін. Сонымен қатар, инвестициялық портфель құрамында әр түрлі қасиеттерге ие инвестициялық объектілер болуы мүмкін, осы арқылы тәуекелді әр объектілер бойынша бөлу нәтижесінде жиынтық табыстың үлкен көлеміне қол жеткізуге болады.Инвестициялық портфель құрамындағы объектілердің түрлері мен инвестициялық мақсат бағыттарының әр түрлі болуы – инвестициялық портфельдің алуан түрлі болуының негізі және табыс пен тәуекел арасындағы қатынасқа сай келеді. Бұл экономикалық әдебиеттерде әр түрлі топтау схемаларда көрініс табады.Инвестициялық объектілер түрлері бойынша инвестициялық портфельді топтау, алдымен, инвестициялық қызметтің көлемі мен бағытына байланысты. Өндірістік ұйымдар үшін инвестициялық жобалардың нақты портфелі тиімді, ал иститутционалдық инвестор үшін қаржы құралдарының портфелі тиімді болып келеді.Бұлар арқылы аралас инвестициялық портфельді құруға болады. Оларда әр түрлі жеке инвестициялық объект болып, әр түрлі стратегиямен басқарылуға тиіс инвестициялық объектілер біріктірілуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандандырылған инвестициялық портфельдер инвестициялық объектісі ретінде құрылуы және бөлшектері, салалар мен аймақтары, инвестициялық мерзімі, тәуекел түрі және тағы басқалары бойынша құрылады.Фирманың (компанияның) инвестициялық портфелі нарықтық экономика жағдайында тек нақты инвестициялық портфельден ғана емес, бағалы қағаздар портфелі және басқа да қаржылық құралдан (банктік депозиттер, депозиттік сертификаттар және тағы басқалары) құралған инвестициялық портфель болуы мүмкін.
Банктің инвестициялық портфелі келесі портфельдерден тұруы мүмкін: инвестициялық жобалар портфелі; инвестициялық несие портфелі; бағалы қағаздар портфелі; үлес пен пайлар портфелі; жылжымайтын мүліктер портфелі; бағалы металдар мен асыл тастар портфелі және басқа да инвестициялық объектілер портфелі.
Әлемдік тәжірибеде инвестициялық портфель біртұтас басқару объектісі ретінде заңды немесе жеке тұлғаның иелігіндегі бағалы қағаздар жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Бұл портфельді қалыптастыру мен болашақта оның құралы мен құрылымын өзгерту кезінде басқарушы менеджер тәуекел-пайда қатынасындағы жаңа инвестициялық сапаны қалыптастыруды білдіреді. Бірақ жаңа портфель корпоративтік акциялардан, әр түрлі дәрежедегі қамтамасыз ету мен тәуекелі бар облигациялардан және бекітілген пайдасы бар қағидалардан тұрады, яғни негізгі сомасы мен ағымдағы түсімдерді жоғалту тәуекелі минималды болады. Теориялық жағынан портфель бағалы қағаздардың бір түрінен қалыптасуы, бағалы қағаздардың бір түрін екінші түрге ауыстыру арқылы құрылымын өзгертуі мүмкін.Портфельді қалыптастырудың мәні — бағалы қағаздардың жекелеген бір түрі бойынша қол жеткізуге болмайтын және оларды біріктіру арқылы қол жеткізуге мүмкін болатын инвестициялық мінездеме қасиетін қалыптастыру арқылы инвестициялық жағынан жақсарту.
Бағалы қағаздардың портфелі – инвесторға минималды тәуекел деңгейі мен талап етілетін табыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрал. Портфельдік инвестиция бойынша табыс тәуекел деңгейі ескерілген портфельдің біреуіне қосылған бағалы қағаздар жиынтығы бойынша жиынтық пайданы білдіреді.
Бағалы қағаздардың инвестициялық сапаларына байланысты бағалы қағаздар портфелінің бірнеше түрін қалыптастыруға болады. Мұндай әр портфельде тәуекел мен бағалы қағаздар портфелінің иесі мен күтілетін табыс арасында өзіндік баланс болады. Бұл факторлардың арақатынасы бағалы қағаздар портфелінің типін анықтауға мүмкіндік береді.Портфельдің типі – оның табыс пен тәуекел қатынасына негізделген инвестициялық мінездемесі. Бұл кезде портфель типінің сыныптарында табыс қандай қайнар көзінің көмегімен қалыптасқаны маңызды болады, оның қайнар көздері болып курстық құндылықтың өсуі немесе ағымдық төлемдер – дивиденттер, пайыздар болады.
Қалыптасу көзіне байланысты портфель сыныптамасы:
- Өсу портфелі. Бұл портфель бағасы өсетін компания акцияларынан құралады. Бұл порфель типінің мақсаты дивиденттерді алумен бірге портфельдің капиталды бағасының өсуі, бірақ дивиденттік төлемдер кішкентай өлшемде алынады.
- Қарқынды өсу портфелі. Бұл портфель капиталының максималды өсуіне бағытталған. Бұл портфель типінің құрамына жаңа, тез өсіп келе жатқан компаниялардың акциялары кіреді. Портфельде инвесторлық тәуекелі өте жоғары, бірақ, соған қарамастан, ол жоғары табыс әкеледі.
- Консервативтік өсу портфелі – бұл портфелдің тәуекелдік деңгейі біршама төмен, оның құрамына ірі белгілі компанияның акциялары, курстық бағасы жоғары емес, бірақ тұрақты өсу қарқынымен ерекшеленеді. Ұзақ мерзім бойына бұл портфельдің құрамы тұрақты болады және капиталдың сақталуына бағытталады.
- Орташа өсу портфелі. Бұл агрессивті және консервативті өсу портфелінің жиынтығы, оның құрамына уақытша мерзімге алынған сенімді бағалы қағаздар мен құрамы үнемі жаңарып отыратын тәуекелі бар қор құралдары кіреді. Бұл жағдайда капиталдың орташа өсімі мен салымының төмен тәуекел деңгейі байқалады. Сенімділікті консервативтік өсу бағалы қағаздары, ал табысты агрессивті өсу бағалы қағаздары қамтамасыз етеді. Бұл портфель типі кең тараған портфель моделі болып саналады.
- Табыс портфелі. Бұл портфель жоғары ағымдық табысты – пайыздық және дивиденттік төлемдерге негізделген. Бұның құрамына жоғары дивидентті акциялар мен жоғары ағымдық төлемді облигациялар мен басқа бағалы қағаздардан тұрады. Бұл портфельдің ерекшелігі – оны қалыптастыру мақсатының консервативтік инвесторлар қолдайтын минималды тәуекел деңгейіне сәйкес табыстың белгілі деңгейін алуды көздейтіндігі. Сондықтан портфельдік инвестицияның объектілері тұрақты төленетін пайыз бен курстық бағаның арасындағы жоғары қатынасы бар қор нарығының сенімді құралдары болып табылады.
- Тұрақты табыс портфелі. Бұл портфель жоғары сенімді бағалы қағаздардан құралады және минималды тәуекел деңгейінде орташа табыс әкеледі.
- Табысты қағаздар портфелі. Бұл портфель корпорацияның жоғары табысты облигацияларынан және орташа тәуекел денгейінде жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздардан құралады.
- Өсу мен табыс портфелі. Бұл портфель төмен дивиденттік және пайыздық төлемдер мен курстық бағасының төмендеп кетуі сияқты қор нарығы мүмкін жоғалтуының алдын алу үшін құралады. Портфель құрамына кіретін қаржылық активтердің бір бөлігі иесіне курстық бағасының өсуін, ал екінші бөлігі табыс әкелді. Бір бөлігін жоғалту, екіншінің өсуімен жабылады. Бұлардың да бірнеше түрлері бар:
— Екі жақты портфель. Бұл портфель иесіне салынған капиталдың өсуі жағдайында жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздардан құралады. Бұл жағдайда екі жақты инвестициялық қордың бағалы қағаздары туралы айтамыз. Бұл қорлар екі түрлі акцияларды шығарады: біріншісі – жоғары табыстылықты, екіншісі – капиталдың өсуін қамтамасыз етеді.
— Балансталған портфельдер. Бұл портфель тек қана табыстардың балансталуын білдірмейді, сонымен бірге бағалы қағаздармен операциялар жасасу кезінде пайда болатын тәуекелдің балансталуын да қарастырады. Балансталған портфель белгілі пропорцияда курстық бағасы тез өсетін бағалы қағаздардан және жоғары табысты бағалы қағаздардан құралады. Нарық коньюктурасына байланысты портфельге кіретін қор құралының белгілі түріне қаражаттың үлкен немесе кіші бөлігі салынады.
Портфель типін тәуекел деңгейіне байланысты қарастырсақ, олардың 4 типі бар:
- консервативтік
- қалыпты-агрессивті
- агрессивті
- рационалды емес
Сондықтан инвестордың әр типіне бағалы қағаздар пайдасының өзіндік типі сәйкес келеді: жоғары сенімді бірақ төмен табысты, әртарапталған, жоғары тәуекелді, бірақ жоғары табысты, жүйеліліксіз.
Инвестиялық портфельдің өтімділігі дегеніміз – портфельдің құнын жоғалтусыз ақша қаражатына тез айналу мүмкіндігі. Бұл мақсатқа жетуді ақша нарығының портфельдері шешеді.
1. Ақша нарығының портфельдері – капиталдың толық сақталуына бағытталған портфельдердің түрлері. Бұл портфельдің құрамына ақша-қаражаттары мен жоғары өтімді активтер жатады.
Бағалы қағаздармен жұмыс істеудің “алтын” ережесін: барлық ақша құралдарын бағалы қағаздарға салуға болмайды, аяқасты туындайтын инвестициялық мәселелерді шешу үшін бос ақша-қаражаттар резервін құру қажеттігін, айтып кетуіміз жөн.
Инвестор құралдарының бір бөлігін ақшалай нысанда салуы портфельдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Жоғары өтімділікті қысқа мерзімді қордың портфельдері де қамтамасыз ете алады, себебі олар қысқа мерзімді бағалы қағаздардан құралады және ақша нарығында айналыста жүреді.
2. Салық салудан босатылған бағалы қағаздар портфелі құрамына мемлекеттік қарыздық міндеттемелер кіреді және жоғары өтімділік деңгейінде капиталдың сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Мемлекет органдарының бағалы қағаздарынан құралған портфелдер. Бұл портфель мемлекеттік және жергілікті бағалы қағаздар мен міндеттерден құралады. Бұл нарықтық құралдарға салымдар портфельді ұстаушыға сатып алу мен сату бағасының арасындағы дисконт түріндегі пайыздарды төлеу мөлшерлемесі түрінде табыс әкеледі.
4. Әр түрлі өндірістік салалардың бағалы қағаздарынан құралған портфельдер. Бұл портфельдер түрлі өндірістік саладағы кәсіпорындармен шығарылған бағалы қағаздардан құралады.
Инвестициялаудың мақсатына байланысты бағалы қағаздар портфелінің құрамына сол мақсатқа сәйкес келетін айырбасталатын бағалы қағаздар кіреді. Ол айырбасталатын және артықшылығы бар акциялар мен облигациялардан құралады және белгілі уақыт аралығында бекітілген бағамен, бекітілген жай акциялар санына айырбасталады. Активті нарық жағдайында, яғни “өгіздер нарығында” бұл қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Бұл портфель типіне, сонымен бірге, тұрақты табысты облигациялар және ұзақ мерзімді инвестициялар портфелін жатқызады. Элементерінің орналасу аймағына байланысты бағалы қағаздар портфелін ажыратады. Мұндай бағалы қағаздар портфелі типіне белгілі мемлекеттің бағалы қағаздары, аумақтық және шетелдік бағалы қағаздар портфельдерін жатқызуға болады.Инвестициялық портфель құрамындағы объектілер инвестордың қызығушылығының негізінде құралатын болғандықтан, портфель типі мен инвестор типінің арасында байланыс болады. Консервативті инвесторға жоғары сенімді, бірақ төмен табысты, байсалдыға — әртараптандырылған портфель, ал агресивтіге – жоғары табысты, бірақ жоғары тәуекелді портфель сәйкес келеді. Портфельді инвестицияның теорияларын зерттеу көрсеткендей, инвестициялық портфельді құру белгілі қағидалардың негізінде жасалуы қажет. Олардың негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
- инвестициялық саясатты іске асыру, инвестициялық портфельді құру мақсатында инвестициялық саясаттың негізінде құрылған және таңдап алынған мақсатқа сай келуі маңызды;
- инвестициялық портфельдің көлемі мен құрлымы ұйымның өтімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатына байланысты, оны құруға кеткен қайнар көздеріне байланысты болады;
- ұйымның ақша құралдарының сақталуы мен қаржылық жағдайының тұрақты болуына әсер ететін табыстылық, тәуекел және өтімділік араларындағы қатынастың тиімді дәрежесін сақтау;
- инвестициялық портфельді әртараптандыру, оның құрамында әр түрлі инвестициялық объектілердің болуы, сонымен қатар сенімділік пен табыстылығы жоғары және тәуекел дәрежесі төмен баламалы инвестициялар болуы мүмкін;
- инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыру, инвестордың инвестицияның негізгі мінездемелерін (табыстылық, тәуекел, өтімділік және тағы басқаларын) қадағалауы.
Инвестициялық саясаттың мақсаты анықталғаннан кейін, нарық конъюктурасы мен инвестициялық жағдайын ескергеннен кейін инвестициялық портфель құрылады.
Инвестициялық портфельді құрудың негізі инвестордың өз мүмкіншілігі мен сыртқы ортаның инвестициялық қызықтыруын баланстың табыстылық пен өтімділік арқылы жағымды тәуекел дәрежесі болуын талдау арқылы жүзеге асады. Осы талдау нәтижесінде инвестициялық портфельдің негізгі мінездемелері (тиімді тәуекел дәрежесі, болашақ табыстың көлемі, мүмкін болатын жоғалтулар және тағы басқалары) сараланады, инвестициялық ресурстардың көлемі мен құрлымын ескере отырып, көптеген инвестициялар түрлері бойынша инвестициялық портфельді оптимизациялау жүргізіледі.
Инвестициялық портфельді құру кезінде ең негізгі мәселе ретінде нақты инвестициялық объектілерді таңдау, оларды инвестициялық портфель құрамына инвестициялық қасиеттері бойынша саралап алып кіргізеді.
Инвестициялық портфель құрамына неше түрлі инвестициялық объектлерді кіргізу үшін, олардың табыстылық, тәуекел және өтімділік деңгейлерінің қатынастары сараланып алынады. Сонымен қатар, нақты инвестициялық портфельдерді құрудың өз ерекшеліктері бар. Басқа портфельдерге қарағанда, нақты инвестициялық жобаларға инвестициялау капиталды көп қажет етеді, тәуекел деңгейі жоғары болып және басқаруда қиындықтар туғызады. Бұл портфельді құруда, оның құрамына кіретін инвестициялық объектілерді таңдау мен оларды басқаруда үлкен жауапкершілік талап етіледі.Қазақстанның нарығының құрылуы жағдайында инвестициялық жобалардың отандық өндіріске бағытталуы кезінде, жобаның бөлшектік саралануына негізделіп жүргізілуі тиіс. Бұл жағдайда жұмысты іске асыру барысында тәуекелді қарыз алушы, кредитор және басқа да инвестициялық жобаға қатысушылар арасында бөлу керек.
Қызмет ететін инвестициялық жобалар бойынша ақпараттың қайнар көзі ретінде келесілерді қарастыруға болады:
- аймақтың әкімшілігі жинаған ақпараттар;
- бағдарламалар бойынша құрылған инвестициялық жобалар;
- өндіріс орындарын жекшелендіру жоспарлары бойынша инвестициялық жобалар;
- ғылыми-зерттеулік институттар мен ЖОО-ның жобалары арқылы құрылған инвестициялық жобалар;
- басқа да инвестициялық жобалар.
Тағы рефераттар
- Униполярлы өрістік транзисторлар
- Қазақстанның кіріс жүйесіндегі жергілікті алымдар мен салықтар маңызы курстық жұмыс
- Дифференция және интеграция
- Г. А. Тихов Қазақстанда және оның астроботаникасы
- Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы курстық жұмыс