Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтерімен басқарылатын бухгалтериямен жүзеге асырылады.Егер кәсіпорында бухгалтерлік қызмет болмаса, басшы есеп пен есеп беру жүргізуді арнайы мамандандырылған ұйымдарға келісімшарт ( көбінесе ол шағын кәсіпорындарға қатысты) негіздерінд тапсыруына құқығы бар.Кәсіпорынның бухгалтериясындағы жұмыс ереже бойынша бухгалтерлік жұмыстың мөлшері мен көлеміне байланысты мынадай негізгі топтарға бөлінеді :
ü Есеп айырысу;
ü Материалдық ;
ü Өндірістік калькуляциялық ;
ü Қаржылық ;
Бас бухгалтер қызметіне кәсіпорын басшысы тағайындайды немесе қызметінен босатады және оған бағынады.
Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекерттерді бейнелеуді және бақылауды, оралымды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құруды , кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы- шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді басқа қызметтермен бірге қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауарлы- материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын қабылдау және беру, сонымен қатар есеп айырысу , несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісімшарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды . Аталған құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады және орындауға қабылданбайды. Қолтаңба қою құқығы кәсіпорын басшысының жазбаша үкімімен осыған өкілетті тұлғаларға берілуі мүмкін.
Бас бухгалтерге келісімшарт және қаржылық тәртіпті бұзатын және заңдылыққа қайшы келетін әрекеттер бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге болмайды. Осындай құжаттар туралы бас бухгалтер кәсіпорын басшысына жазбаша хабарлайды , ол жазбаша үкіммен осы құжаттарды есепке алады. Осы сәттен бастап орындалған әрекеттердің заңсыздығына кәсіпорын басшысы жауапкершілік атқарады.
Бас бухгалтермен материалды жауапты тұлғаларлы ( кассир, қойма меңгерушісі және т.б. ) қызметке тағайындау босату және ауыстыру келісіледі. Алғашқы есеп құжаттарына қол қоюға құқығы бар тұлғалардың тізімі кәсіпорын басшысы бас бухгалтермен келісе отырып бекітіледі. Шаруашылық әрекеттерді құжатты ресімдеу және құжаттар мен мәліметтерді бухгалтерлік қызметке тапсыру бойынша бас бухгалтердің талаптары кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Бас бухгалтерге тікелей ақша қаражаты және материалдық құндылықтармен байланысты жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Оған чектер мен басқа құжаттар бойынша кәсіпорын үшін ақша қаражаттары мен тауарлы- материалдық құндылықтарды алуға рұқсат етілмейді.
Штатында кассирі жоқ шағын ғана кәсіпорындарда оның міндеті бас бухгалтермен немесе кәсіпорын басшысының жазбаша үкімі арқылы басқа қызметкерлермен орныдалуы мүмкін.
Бас бухгалтерді орнынан босатқан кезде қайтадан тағайындалған бас бухгалтерге істерді тапсыру жүргізіледі. Сонымен бір уақытта кәсіпорын басшсымен бекітілген актінің құрылуымен бухгалтерлік есептің жағдайы мен дұрыс ақпараттарды тексеру жүргізіледі.
Тағы рефераттар
- Сапалы конструкциялық болаттар
- Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері
- Концептуалды схема
- Азаматтық құқық объектілері
- ҚАЗАҚСТАН-АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ