Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту туралы қазақша реферат
2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2005 жылмен салыстырғанда 5,0 пайызға артты және 39975 бірлікті құрады, оларда жұмыс істеушілер саны 101,1 мың адамды құрады (немесе 2005 жылға 106,4 пайыз), аймақ кәсіпкерлері өндірген өнім көлемі (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 78,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жыл деңгейінен 116 пайызға жоғары.
2007 жылы шағын кәсіпкерліктер субъектілері өндірген жоспарланған өнімдер көлемі 85,1 млрд. теңгені құрауы керек, бұл 2006 жылдан 6,2 млрд. теңгеге көп (108,0 пайызға).
Шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2007 жылы 1125 бірлікке 39975 тен 41100 бірлікке дейін өседі (103,0 пайыз).
2007 жылы шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істегендер саны 5,0 пайызға артады және 106,1 мың адамды құрайды және 2006 жылмен салыстырғанда 5,0 мың адамға артады.
Кәсіпкерлікті дамытуда кәсіпкерлікті қаржылай қолдау маңызды рөл атқарады. Шағын кәсіпкерліктер субъектілеріне берілген кредиттер көлемі 2005 жылы 50,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде екінші деңгейлі банктер 49,6 млрд. теңгені, 2006 жылы – 78,3 млрд. теңгені, оның ішінде екінші деңгейлі банктер 77,8 млрд. теңгені, 2007 жылы – 95,0 млрд. теңге жоспарлануда, оның ішінде екінші деңгейлі банктермен 94,6 млрд. теңге.
Қызметтерін жүйелендіру және бәсекелестікті дамыту мақсатында қазіргі кезде Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылы субъектілерінің өзара тиімді әрекет Стратегиясы әзірленуде. Стратегияның мақсаты облыстың экономика жүйесін, жалпы мемлекетте шағын және орта бизнесті қолдауды әрі қарай дамыту кезеңін құру болып табылады.
Бәсекелестік кәсіпкерліктің құрылуына жетекші рөлді шағын бизнестің көптеген даму факторлары атқарады, олар конструктивті келісімнің нарықтық механизмін құрады және әр түрлі субъектілер арсында өзара әрекетті – аймақтық маңызды жобалар қызметтерін іске асыруда ықтимал серіктестіктер. Атап айтқанда, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-бірліктерді, мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, білім беру, консалтингтік және басқа құрылымдар өзара әрекет механизмін құру мен қамтамасыз ету.Қарағанды облысында әкімнің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 09/14 Қаулысымен бекітілген, бәсекелестік жөніндегі Кеңес құрылған. Кеңес қызметтерінің мақсаты Қарағанды облысы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар негізгі міндеттері бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан, жақын және шет ел нарығында тауарлар мен қызмет көрсетулерге жоғары қосымша құнмен жылжыту бағыты болып табылады. Кеңес мемлекеттік және жеке секторлар өкілдерінен тұрады. Кеңесті басқаруды Кеңес төрағасы – Қарағанды облысының әкімі іске асырады.
Бәсекелестікті дамыту үшін «Металлургия- метал өңдеу» және «Қарағанды қаласының фармацевтік кластері» кластерлер қызметтері іске асырады, солардың төңірегінде Үйлестіру Кеңестері құрылған және олардың жоспарларына техникалық және кәсіптік білімді кадрлар даярлау сапасын арттыру үшін оқу орталықтарын ашу дұрыстығының мәселелері, еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру.
Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамытуға білімді бәсекеге қабілетті басқару мен кәсіпкерлік талаптарын өздері талдауға, өздері нормалауға, өздері ұйымдастыруға, өздері басқаруға, өзара пайдалы қызмет схемасына келісуге және басқаларға бағытталған. Бәсекелестікті басқару және кәсіпкерлік қабілеттер соңында кәсіпорындардың, аймақтың жалпы мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетулерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламасын іске асыру кәсіпкерлік ортасының анық өскенін көрсетті. 2006 жылы 2005 жылдың шілдесімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6322 бірлікке өсті (51062 бірліктен 57384 бірлікке дейін). Өндірілген өнімдер көлемі (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 20,9 млрд. теңгеге, бюджетке төлем – 1,5 млрд. теңгеге өсті.
Жалпы Бағдарламаны іске асыру жоспары орындалған, оны іске асыруға қарастырылған бюджет қаражаты игерілді: бизнес субъектілері үшін сайт құрылды, кәсіпкерлерге маркетинг, менеджмент және бухгалтерлік есептер бойынша оқу жүргізілді және консультация беру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Осылайша, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін облыстық бюджеттен 2004 жылы – 7,1 млн. теңге, 2005 жылы – 5,0 млн. теңге, 2006 жылы -11,8 млн. теңге, 2007 жылы – 8,4 млн. теңге бөлінді.
«Кәсіпкерлік қызметтерін қолдау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру барысында:
— 2004 жылы мына қалаларда: Балқаш Жезқазған, Қарағанды, аудандар: Осакаров, Қарқаралы және Жәйрем кентінде 6 шағын бизнес орталығы құрылды. 919 консультация берілді, 199 бизнес-жоспар құрылды, 623 кәсіпкер оқытылды.
— 2005 жылы: Осакаров, Қарқаралы, Бұқра жырау, Жаңаарқа, Шет және Абай ауылдық аудандардарында 6 шағын бизнес орталығы құрылды. 1734 консультация көрсетілді, 462 бизнес-жоспар әзірленді, 1315 кәсіпкерлер оқытылды.
— 2006 жылы Қарағанды, Шахтинск қалаларында, Осакаров ауданында облыс кәсіпкерлеріне ақпараттық портал әзірлеуге, Оскаров ауанында шағын бизнес орталығын құруға трансферттер бөлінді (277 консультация көрсетілді), Шахтинск қаласының кәсіпкерлері оқытылды (123 кәсіпкерлер оқытылды).
Сонымен қатар, импорт алмастыру Бағдарламасына сәйкес импорт алмастыру өнімдерін жеткізуге шартқа отыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мысалы, 2006 жылдың басында 54 шағын және орта бизнес кәсіпорындары 5,5 млрд. теңге сомасында өнім жеткізу ұсынылды, олар ұсыныстың жалпы сомасынан 17,5 пайызды құрайды. 01.01.07 жылғы ахуал бойынша шағын және орта бизнес субъектілері жеткізген нақты өнімдер көлемі 9,0 млрд. теңгені құрады, бұл жағдайда бағдарлама қатысушыларының саны 142 бірлікті құрады.
2006 жылы 2007-2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жаңа Бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен нәтижелер шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет қаражатынан шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге 5,0 млн. теңге бөлінді.
Зерттеу төңірегінде 503 бизнес субъектісіне келесі қызмет түрлері бойынша: құрылысқа – 13 пайыз, ауыл шаруашылығы өндірісіне – 4 пайыз, көлікке – 13 пайыз, тауар өндірісі мен халық тұтынуларына – 7,5 пайыз, сауда, тұрмыстық қызмет көрсетулерге – 58 пайыз, оқыту, консалтингтік және басқа қызмет көрсетулерге – 4,5 пайыз сауалнама жүргізілді.
Қарағанды облысының имиджін отандық және әлемдік нарықта анықтау мақсатында 100 негізгі Инернет-сайттарда талдау жүргізілді, соның негізінде РR- стратегия бағыты анықталды, ол Қарағанды аумағына кәсіпкерлікті дамыту үшін артықшылық береді.
Қарағанды облысында өткізілген, шағын кәсіпкерлік қоғамына қатысты және жалпы экономикалық реформаларға қатысты анықтау бөлігінде облыс халқына социологиялық сұрау жүргізілді (3 мың адамға). Өткізілген зерттеулер Қарағанды облысының шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселелерінің картасын құруға ықпал етті.
Тағы рефераттар
- Әмір Темір
- Менеджмент құрылымы мен принциптері
- Салық жүйесінің негізгі бағыттары
- Экспортты реттеудегі мемлекеттің атқарып жатқан іс-әрекеттері
- Қазақ халқының музыка өнерінің теориялық негіздерінің бастаулары