Жан–жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, психология ғылымының аса мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі. Кеңес психологиясында балалардың қабылдау мен сезіну мәдениетінің қоғамдық–тарихи тәжірибесіне, “әлеуметтік меңгеру “ процесіндегі қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінеді (Л.С.Выготский /26/, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Сондықтан, қоғамның қазіргі заманға лайықты даму сатысында, қоғамнық практикалық негізгі міндеттерін шешу жолында, қарым – қатынас мәселелерін шешіп алған жөн. Қарым-қатынас қоғамдық өмір құбылыстарының бірі. Бұл құбылыс адам өмірінің, іс — әрекет жағдайларының материалдық әсерінен тарихи тұрғыда пайда болады. Біріккен іс — әрекет еңбек негізінде, адамдардың қарым – қатынас қажеттілігі пайда болады .
А.А.Бодалев, М.И.Лисина /27/, А.А.Леонтьевтердің нақты зерттеу жұмыстарының бір қатары қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін зерттеуге арналған. Алайда, осындай байланыстың сипатын әртүрлі зерттеушілер әрқилы түсінеді .
А.А.Леонтьев, қарым-қатынас іс- әрекеті бұл–ең алдымен сөздік іс — әрекет, өйткені онда іс-әрекетке тән элементтердің барлығы бар (әрекеттер, операциялар, мотивтер және т.б.) десе, Б.М.Ломов қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін мойындап, осы процестерді өзара байланыстырмай, адамның әлеуметтік болмысының екі жағы ретінде, оның өмір салты ретінде қарастырады .
Оқушылардың ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің мазмұны, балалардың жетекші іс-әрекетінің сипатымен детерменделеді (М.И.Лисина, А.Н.Леонтьев). Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен қарым–қатынасындағы жетекші мотивтері ретінде іскер және жеке мотивтері көрінеді. Қарым-қатынас пен жеке тұлғаның даму мәселелерін зерттеу жұмысы, “қатынас“, “ өзара қатынас “ ұғымдарын пайдалануды болжайды. В.М. Бехтерев /28/ пен А.Ф.Лазурский сияқты ғалымдардың қарым-қатынас мәнін ашудағы орны ерекше. Эксперименталды тұрғыда осы мәселені А.А.Бодалев, оқушылардың адам қасиеттерін тәрбиелеу аспектісінде, Л.И.Божович және Л.С.Славина оқушылардың оқуға қатынасының мінез-құлық мотивациялары мәселерімен тығыз байланыста зерттейді. В.Н.Мясищев адамның қатынастары нақты қажеттіліктерден туындап, тұрақтылыққа жалпылылыққа ие болады деген. Адамның қатынастары танымдық, еріктік, эмоционалды компонентердің қатысуымен сипатталады. В.Н.Мясишевтің пікірі бойынша, адамдардың қатынастары әр бір нақты жеке тұлғаның мәнін ашатын әрекет ретінде адамның мінез-құлқын өз бетінше ұйымдастыра алады. Жеке тұлға құрылымында қатынастардың осылайша абсолюттенуі С.Л.Рубинштейннің /29/ сынына ұшырайды . С.Л.Рубинштейіннің ойынша, психологиялықтың негізі қоршаған әлемге қатынасы арқылы анықталып, адамның басқа адамдармен қатынасын ашуға бағытталған адам өмірінің шынайы психологиясының өзегін құрайды. Адамдардың қоршаған ортаға қатынасы бұл – ең алдымен оның өмірінің жағдайларын құрайтын объективті ақиқатқа қатынасы. Бірақ, адамның тіршілік әрекетінің бірінші міндеті басқа адам. Бастауыш мектеп кезеңі бұл –“жеке“ тұлғаның мәнді алғышарттарының қалыптасу аралығы болып табылады. В.В. Давыдов бала мектепке келісімен оқу процесінде жеке тұлғаның теориялық санасының негіздері жасалынатындығын (ғылыми, көркемдік, адамгершілік) нұсқайды. Д.Б.Эльконин бойынша, бастауыш сыныптағы оқушы өзінің мектептегі жұмысын қоғамдық мәнді, қатаң түрде міндетті іс — әрекет ретінде қабылдай бастайды да, оның бойында оқудың жаңа қоғамдық сезімдегі мотивтері көріне бастайды. Б.Г. Ананьев, балалардың мектептегі оқу процесі олардың бүкіл өмірін жаңаша ұйымдастырып, баланың жанұядағы орнын өзгертетіндігіне ерекше көңіл қояды, өйткені онда жанұядан тыс міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады. /30/ Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, “оқушының ішкі позициясын қабыл алу“, (Л.И.Божович), “оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез – құлық мотивтерінің өзгерісі “ (В.В.Давыдов), баланың “мектепте оқу міндетін“ сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі (Н.Ф.Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады, ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әртүрін қамтиды (Л.И.Божович). Баланың қай мотивті өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев). Оқушының мотивациялық сферасы оның эмоционалды — еріктік сферасына, оның ақыл-ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін өте мәнді фактор ретінде көрінетін “ педагогикалық бағамен“ анықталады.
Осы жастағы оқушылардың қарым–қатнастарының ерекшеліктерін сипаттай келе, Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин балалардың құрдастармен жақындығына қарамастан ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып табылатындығын көрсетеді. Д.Б.Эльконин, “баланың ересектермен қатынастарының барлық жүйесі жеке қарым–қатынасқа дейін оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады “ деген қорытындыға келеді. Баланың оқу іс-әрекетіне енуі ересектің оқушылардың өзіндік сана сезіміне әсер ету мүмкіншілігін ұлғайтады. Осындай көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен өзара қатынастары бір–біріне қайшы екі тенденциямен сипатталады. Бір жағынан ересектердің талаптарына мойынсыну, бағыну міндеті айқын көрінсе, екінші жағынан өзінің жеке басының дербестілігін, ынтасын, хұқығын қорғау мақсатында дербестік пен тәуелсіздік сезімі пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, ересектерге қатысты тәртіп сезімі әлі қалыптаса қоймайды. Дамудың осы сатысындағы балалардың, сана сезімі жаңадан қалыптаса астайды. Жеке басының жеткілікті дәрежеде жетілмеу себебінен, балалардың ересектермен қатынас қажеттілігі пайда болады. Психологтардың ойынша бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде. Құрдастарының берген бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды. Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекеті болып табылады. Қарым-қатынас көбінде өз-өзін және басқа адамдарды тану қажетілігін қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады (М.И.Лисина). Баланың ересектермен қарым–қатынастарының жүйесі жеке қарым–қатынасының өзі оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады (Д.Б.Эльконин).
Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі пайда болады, құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда болады. (А.Н.Леоньтев, Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев). Бастауыш мектеп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен қарым–қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайынығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович). Балада мектепке келісімен оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді жүзеге асыра алмаумен байланысты қиыншылықтар мен қарама – қайшылықтары пайда болады. Ересек адам баланы жаңа іс-әрекеттерді орындауға неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген қызығушылығы соғұрлым нығая түседі, оқудың қандайда бір жағымды мотивациясы қалыптасады. /31/ Соңғысы аса мәнді, өйткені бастауыш сыныптағы оқушының жеке тұлғасының дамуы көбіне оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бағыттылығымен анықталады. Баланың жеке тұлғасы оның ересектермен қарым–қатынасында қалыптасатындығы белгілі. Ересек адам балаларға адамзат мәдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық дамуын қамтамасыз етеді (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, М.И.Лисина). Балада қарым–қатынас қажеттілігінің пайда болуы оның онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым-қатынасы, олардың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып табылады. Л.С.Славина мен Э.Л.Фрухтың пікірінше, балалардың ересектермен қарым–қатынасының жетіспеуі, олардың бір–бірімен қарым–қатынастарының мәнін ұлғайтады. 30–шы жылдардың өзінде кейбір балалардың теріс мінез–құлықтарының астарында “психикалық витаминдердің“ — әсіресе ересектер тарапынан қарым–қатынастың, мейірімнің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген болатын. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын, махаббаттан, мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да, тәні де қалжырайды. Осындай жағдайдағы баланың жеке тұлғасы толыққанды дами алмайды, өткені әлеуметтік дағды тәжірибесі бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын дұрыс бағалай алмайды. (М.И.Лисина, В.С.Мухина, С.Г.Якобсон).
Жас ерекшелік психологиясының пәні психологиялық құбылыстардың өзі емес, олардың дамуы немесе жас ерекшелігіне сай өзгеруі болып табылады. Психиканың түрлі формаларының адамдардың жас ерекшеліктеріне сай өзгеруі, адамзат өмірінің сатыларына байланысты әртүрлі қарқындылығымен ерекшелінеді, өмірдің жеке кезеңдерінде әртүрлі мәндеріне ие. Дипломдық жұмысындағы адамдардың жас ерекшелігіне сай өзгерістерінің астарында олардың психикалық өмірінің заңдылықтары жатыр.
Адам өмірі төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
1) пренатальды (құрсақтағы)
2) балалық шақ
3) ересек балалық шақтың
4) ересек шақ
5) егде шақ, қарттық
Балалық шақтың өзі 4 кезеңнен тұрады:
1 – нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)
2 – ерте балалық щақ кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) – функционалды тәуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму кезеңі.
3 – Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа дейін) – бала жеке тұлғасы мен таным процестерінің дамуымен сипатталады.
4 – бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) баланың әлеуметтік топқа енуіне және ақыл-ой іскерліктері мен білімдерінің дамуына сәйкес келеді.
Ересек балалық шақ екі кезеңге бөлінеді:
1) Жеткіншек кезеңі баланың жыныстық дамуына сәйкес келіп, 11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жас шамасында жеткіншектің дене бітімінің өзгеруіне байланысты, өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алады.
2) 16 жастан 23 жасқа дейінгі балғын шақ кезеңінде адам ересектікке бет алады.
Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланысты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі үшін және оның әлеуметтік ортасы үшін мәнді психологиялық қиыншылықтарымен сипатталады.
1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай дағдарыстар кездеседі.
Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі бөлігі – бастауыш мектеп жасы мен жеткіншек кезеңіндегі балалар болғандықтан, осы жас шамаларын тереңірек қарастырып көрелік.
Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттатғандықтан, бұл кезең оның қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.
Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бойала бастайды. Баланың белгілі бір ережелерге бағына бастауы оның бойында мінез-құлқын реттей алу іскерлігінің қалыптасуына ықпал етіп, осы жас шамасы үшін мәнді жаңа ұйымдардың бірі болып табылатын ырықты түрде басшылыққа алудың ең жоғарғы кейпіне қол жеткізуінің кепілі бола алады. Балалардың басқа да танымдық процестерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда болады.
Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-қатынастарының шеңберін кеңейтіп, “Мен-концепциясына” міндетті түрде әсер етеді.
Мектеп, баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан оқшаулануына ықпал етеді, оны қоршаған әлеуметтік және физикалық әлемді зерттеудің кең мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді./32/
Баланың әлеуметтік ортаға енуінің салдарынан міндетті түрде терең, әрі әр сапалы өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын әлеуметтік дамудың алғашқы кезеңі деп атауға болады. Адам өмірінің мектепте өткен кезеңі оның екінші сатысы болып табылады. Дамудың осы жас шамасында жеке тұлғаның және оқу-танымдық субьектісінің оқу процесін қамтамасыз ететін психологиялық құрылымдары қалыптаса бастайды. Осы жас шамасына дейін бала заттар әлемінде тіршілік етсе, ендігі жолда ол ғылыми тұрғыда қатаң тәртіпте ұйымдасқан қатынастар мен заңдылықтар әлемінде тіршілік ете бастайды. Мектеп кезеңінде іс-әрекет субьектісімен қатар жеке тұлға қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қоғамдық-бағдарланған әсердің қалпы күрделеніп, тікелей (баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасы) және әлеуметтік әсердің әрқилы каналдары арқылы, жанамаланған (кино, теледидар, шығармашылық әдебиет және т.б.) сипатқа ие бола бастайды. Мектеп кезеңінде жеке тұлға мен іс-әрекет субьектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі, жалпы және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты түрде болжай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кәсіби бағытқа мойын бұра бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-әрекетін өз еркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды.
Баланың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының адамгершілік үлгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Осы тұста қарым-қатынастың алар орны ерекше. Ең алдымен, баланың ересектермен жанамаланған және тікелей қатынасы арқылы оған ата-бабалардың көне мұралары жетіп отырады. Сонымен бірге тек қарым-қатынас арқылы ғана психиканың әлеуметтік нормалары (сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың, перцепцияның, ырықты түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері және т.б.) қалыптаса алады. Қарым-қатынас тәжірибесін біртіндеп жинақтау арқылы жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапаларының күрделі жүйесінің қалыптасуына негіз болатын жеке тұлғаның қарым-қатынас қабілеттері қалыптаса бастайды. Жеке тұлғаның басқа адамдарды тануының негізінде пайда болған қарым-қатынас процесінде, оның сана сезімі, өзіндік реттеу мен кері байланыс қасиеттері, жоғары дәрежедегі сапалары қалыптаса бастайды. Осылайша, “топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжым арасындағы қарым-қатынас дербес дамудың әлеуметтік детерминациясындағы негізгі каналдардың бірі болып табылады.”/33/
Оқу, іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде қарым-қатынас пен танымды өзара байланыстырады. Сондықтан да, балалардың мектепке келу мерзімінен бастап және олардың осы кезеңге дейінгі ойын іс-әрекетінде, оқушыларда жеке тұлғаның қарым-қатынасты қамтамасыз ететін қасиеттерінің қарқынды түрде қалыптасу процесі орын алады. Оның оқу процесіндегі күрделілігі ұлғая түседі. Осындай өзгерістердің барлығы, бала өміріндегі әлеуметтік жағдайлар мен топтардың әр түрлілігінің ұлғаюымен, қарым-қатынастың формалары мен түрлерінің сапалы өзгерістерімен байланысты. Балалардың жанұядағы және құрдастарымен қарым-қатынастарынан тыс, мұғалімге, құрдастарына қатысты қарым-қатынастың жаңа түрлері, және оқушылардың түрлі үйірмелер мен топтарға енуінің негізінде достық қатынастардың жүйесі де қалыптаса бастайды.
Қарым-қатынастың осындай түрлері мен формалары, баланың оқу-танымдық іс-әрекетін жүзеге асыру үшін, қарым-қатынас пен іс-әрекет субьектісін, жеке тұлғаның дамуына өте маңызды.
Б.Г.Ананьев бойынша, жеке тұлғаның түрлі әлеуметтік топтары бар бүтіндей қоғаммен байланысының көп түрлілігі, жеке тұлғаның интраиндивидуалды құрылымымен, оның жеке қасиеттерімен ішкі әлемінің ұйымдасуын анықтайды.
Жас ерекшелік жіктеуде қарым-қатынас дербес іс-әрекет ретінде анықталады: балалық шақтағы объекті бойынша Б – Е(бала-ересек) жеткіншек кезеңінде құрдастарымен Б –Б(бала-бала).
Адам әлеуметтің ажырамас бөлігі болып табылатындықтан, оның өмірін және дамуын адамдармен қарым-қатынасынсыз елестету мүмкін емес. /34/
Тағы рефераттар
- Міндеттемелердің есебі мен аудиті
- Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері
- Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау
- Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамытуға жол ашу
- Адам санасының шығу тегі мен дамуы