Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы туралы қазақша реферат
Қалыптастырушы экспериментте біз зерттелушілердің есте сақтау қабілетін дамыту бойынша жұмыс өткіздік. Ол үшін есте сақтау
қабілетін жақсартуға арналған арнайы таңдалған жаттырғуларды пайдаланумен тілдік теорияны үйрету бойынша сабақтар топтамасын өткіздік.
Есте сақтау қабілетін дамыту және есте сақтауды жеңілдетуге арналған тәсілдер мен жаттығуларды қарастырайық:
- Түсіндірілуі тиіс ақпаратты бастапқы әріптерінен маңыналы фраза жасау .
- Ырғақтау – ақпараттық өлеңге, әнге, белгілі бір ырғақ не рифмамен байланысты жолға аудару.
- Әуендес сөздер арқылы ұзын терминдерді жаттау (мысалы шетел терминдер үшін дыбысталуы бойынша өз тілінде баламасын іздеу – мысалы медицинадағы «супинация» және «пронация» терминдерді есте сақтау үшін әуендес және әзіл «тамақты әкеле жатып, төгіп алдым» сөзін қолданады).
- Есте сақтау қажет ақпаратпен «байланыс әдісі» бойынша байланыстыратын ашық, ерекше бейне, суреттер іздестіру қажет. Мысалы, қарындаш, көзілдірік, люстра, орындық, жұлдыз, қоңыз сөздер қатарын есте сақтау қажет – егер сіз оларды бір жарқын, фантастикалық мультфильм кейіпкері – қапталған матасында «жұлдызы» бар «орындық» мінген «люстра» ханымға «көзілдірікті» сал жігіт «қарындаш» келгенін елестетсеңіз оларды есте сақтау оңай болады. Осылай ойластырылған мультфильмді ұмыту немесе шатастыру қиын болады. «Байланыстыру әдісі» бойынша есте сақтау тиімділігін арттыру үшін пропорцияларды (үлкен «қоңыз») өзгерту; заттарды белсенді әрекет жасауда («қарындаш келеді) алмастыру; заттар санын көбейту (жүздеген «жұлдыздар»); заттар қызметтері орынын алмастыру («орындық «люстар» ханым үстінде).
- Цицерон әдісі. Елестетіңіз, сіз өзіңізге жақсы таныс бөлмеңізді аралап шықтыңыз. Есте сақтау керек ақпаратты бөлме бойынша аралау жолыңызға қойыңыз. Өз бөлмеңізді аралап, ақпаратты еске түсіре аласыз – бәрі өткен жолы қалай қойдыңыз сол орындарында болады.
- Сөздерді әңгімеге қосу арқылы есте сақтау.
Мысалы, қисыны жоқ сөздерді есте сақтау (ағаш, үстел, өзен, себет, тарақ, сабын, кірпі, резеңке, кітап, тарктор, жауын, күн, сағат, шам, скрепка, үй, ұшақ, дәптер, шұлық, ауа):
- Тақтадан сөздердің бірінші қатарын оқыңыз және ұққаныңыз бойынша жазыңыз.
Әр қатармен соны жасау қажет.
Сөздер тақтада бормен жазылған, яғни оқушылар «қарама-қайшылығы әлсіз» графикалық белгілерді қабылдайды.
өрмекші, сағат, қасқыр, түлкі
кітап, тиін, күшік, алхоры,
саңырауқұлақ, қарға, майшабақ, алпапқыш
- Көру диктанттары.
Тақтада алдан ала жазылып, жабылған екі немесе үш жолдан жазу жасау керек. Жазу ашылған соң сіз бірінші жолды екі рет оқыңыз: бірінші рет оқу – таныстыру, екінші рет – сөздердегі «қауіпті» жерлерін бөліп көрсету. Жазу қайта жабылған соң сіздер тез көздеріңізді жауып, сөйлем, сөздер,
ондағы әр әріптерді көз алдарыңызға елестетулеріңіз керек.
Бұл сәтте есте сақтау қабілеті сіздерге көмегін береді, өйткені қысқа мерзімді есте сақтаудың бір құпиясы – материалды бірінші секундында қайталау.
Келесі әрекет – дәптерге жазу.
Көру диктантының жоспары:
а) бірінші жолды екі рет оқимын;
ә) оны көз алдыма елестетемін;
б) дәптерге жазамын;
Осыны екінші жолмен жасау керек.
Жұмыс аяқталған соң материал өзін-өзі тексеру үшін толық ашылады.
Күн сайын өзіңіздің көру есте сақтау қабілетіңызға баға беріңіз: екі қате – әлде де «жаман», бір қате – жақсы, егер қате болмаса – сіз «Қырағы Ханзада» («Ханшайым») атағына ие боласыз.
Жаттығу. Көру диктанты.
Тәтті таңқұрай.
Алмастың ойыншығы.
- Есту диктанттары. Есту диктанттарында сендер, балалар, сөйлемдерді естіп қабылдайсыздар: мен оқимын – сендер мұқият тыңдайсыңдар. Сендер мұғалімнен көп нәрсені естулерің керек: сөйлемдегі сөздер орны, тыныс белгілері, бейтаныс сөздер жазылуы. Үтір, леп, сұрақ белгілерін «есту» мүмкін бе?
Келісіп алайық: егер сендерге білетін ережеге сөз болса, онда мен оны солай оқимын, мысалы: кілем (клем), ал егер сөздегі орфограмма белгісіз болса, онда мен сендер естіп, қате жібермеулеріңіз үшін сөзді анық, айқын дыбыстаймын.
Қалай ойлайсыңдар, сөйлем ортасындағы күтпеген кідіріс нені білдіреді? (ол осы жерде үтір қоюлары керектігін білдіреді).
Мен бірінші сөйлемді оқып шыққан соң, сендер сөйлемді іштеріңнен
(көру диктантындағыдай) естігенді қайталап тез қайталау тиіссіздер. Бірінші
секундттарда сендерге есту есте сақтау қабілеті көмектеседі. Жазу барысында сендер есту, есте сақтау қабілетінің дауысы ақпаратты қалай жазу керек екен «айтқанын» естисіздер: қай сөзден кейін қандай сөз келетінін, ол қалай дыбысталды және т.б. Есте сақтау құпиясын білу арқасында сендер осының бәрін енді істей аласыңдар.
Осы амалмен сендер 6, 7, 8, 9, 10 сөзден тұратын сөйлемдерді есте сақтай аласыңдар, яғни есте сақтай алатын материал көлемін арттыруға үйрендіңдер.
Есту диктантының жоспары:
а) мұқият тыңдаймын;
ә) сөйлемді ішімнен қайталаймын;
б) дәптерге жазамын.
Солай екінші және т.б. сөйлемдермен жасалады.
Диктант аяқталған соң есту есте сақтау қабілетін бағалауға ұмытпаңыз.
Жаттығу-жарыс: «Кім мәтіндегі ең ұзын сөйлемді ұғады?».
Мұғалім бірдіндеп сөздер санын көбейтіп сөйлемдер оқиды: бірінші сөйлем – 5 сөз, екінші 6 сөз, т.б., соңғысы – 10 сөз.
Жапалақ.
Жазда балалар саяжайда тұрды. Бірде балалар жалғыз тоғайға барды. Онда олар қуысы бар үлкен еменді тауып алды. Қуыс інінде ұя болды, онда жапалақ балалар бар екен. Арман мен Дидар жапалақ балапанын алып, үйлеріне кетті. Түнде жапалақ үйге ұшып келіп, терезе астында шулай бастады.
Есту диктанты өткізілген соң мұғалім дәптердерді жинайды, тексереді, келесі дамыту сабағында жеңімпазды – «Сақ құлақ Ханзада» (Ханшайым») атайды.
Орфографиялық қателер түзеледі, бірақ қорытынды жасауда олардың бәрі ескерілмейді. Сөйлемде сөз тәртібі сақталған, мұғалімнен «естілген» интонациялық белгілер мен білдіріп айту орфограммалары сақталған жұмыс қатесіз деп танылады.
- Мәтіндік ақпаратты тірек сөздер және олар арасында байланыс орнату арқылы есте сақтау.
- Екінші (қызыл және көк) қарындашты алыңдар. Мәтінді оқып, тірек сөздер, яғни сөйлемді жаңғырту мүмкін болатындар астын қызыл қарындашпен сызыңдар.
- Осы тірек сөздер өзара қисын бар ма екенін тексеріңдер. Мысалы: кран-үстел. Біз түсінеміз, ас үйі туралы әңгімеленеді. Айталық: ұшақ-құлпынай. Байланыс жоқ екені анық, сондықтан қосымша тірек сөздер астын көк қарындашпен сызыңдар.
- Сөздерді бөлек параққа жасыңызар, қызыл қарындашпен белгіленген тірек сөздердің астын сызыңдар (қызыл немесе көк қарындашпен астары сызылған сөздер тізбектеп жазылады).
- Олармен әңгіме құрастырыңдар, сөздерді баспа параққа келтіріп жазыңдар.
- Бақылау парақпен салыстырыңдар, қателерді түзеңдер (ойларыңызда).
- Енді ойларыңда сөздерді бір-бірдеп елестетіп, мәтінді жазыңыздар. Осы тәсіл арқылы мәтінің 30-60 бетін өңдеген соң үрдіс еріксіз орындалатын болады, яғни бұны жазбаша жасау қажет болмайды.
Тілдік теорияда бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің өнімді дамуына дыбысталған сөйлеуді талдау, сызба мен кестелермен жұмыс талдауын өткізуге көмектеседі, сондықтан біз бастауыш сынып оқушыларын үзінді оқу кезінде оқылып жатқан кітап, иллюстрацияларды қарауға, еске түсіру арқылы ынталандырдық. Осы жұмыс барысында балалар ынтамен тыңдайды, бірге күйінеді, естігендерін Естерінде сақтайды.
Солай, эксперименттің қалыптастыру кезеңінде біз тілдік теорияны үйрету үрдісінде есте сақтау қабілетін дамыту жұмысын өткіздік. 3-қосымшада эксперименттің осы кезеңі сабақтарының әзірлемелері берілген.
Жұмыс экспериментінің құрастыру кезеңінің тиімділін тексеру үшін зерттеушілерді бақылау тексеруінен өткізілді. Бақылау тексеру әдістемесі зерттеушілер есте сақтау қабілетін дамыту деңгейі констатациялық зерттеу әдісімен сәйкес келді. Өткізілген әдіс бойынша бақылау кезеңінің мәліметтері 2-кестеде келтірілген. Нәтижелер зерттеушілер есте сақтау қабілетін дамыту деңгейі констатациялық зерттеу деректерінің қатыстырылуымен талданды.
Тағы рефераттар
- Қазақ радиожурналистикасының қалыптасу кезеңдері
- Домбыра, дамуы, жанрлары
- Иван Назарович Кудин
- Іс құжаттарының жіктемесі
- Инновациялық менеджмент