Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жіктелуіне сипаттама туралы қазақша реферат
Ойын баласын оқытудың басты жолы – «ойын әдісі». Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағаты, төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан қилы жолдары қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан ойын жүйесін, таңдалынып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалану мұғалімдерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Сабақты ойын баласы тез шаршап жалықпайтындай, оның денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп ұйымдастыру да мұғалімнің білім деңгейіне, тәсіліне, шеберлігіне байланысты. Ойын әдісін сабақтың кез келген кезеңінде тиімді пайдалануға болады.
Ойын оқытудың әдісі, тәсілі, құралы әрі сабақты ұйымдастырудың формасына айналғанда ғана 6 жасар бала үшін мектеп «қуаныш мектебіне» айналмақ.
Ойын технологиясы – оқу–тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер [101,17-18].
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
«Ойын» технологиясының мақсаты – оқушыларға жаңа білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Ойын арқылы оқыту технологиясы – балама варианттарды таңдап алу негізінде қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі ойындарды қолданудың жүйесі.
Ойынның мазмұны логикалық ойға құрылып, адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал тигізеді.
В. В. Николина жүргізген зерттеу нәтижелері негізінде ойын технологиясының бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен:
— мотивациялық;
— бағдарлаушылық;
— мақсаттылық;
— мазмұндық-тәсілдік;
— құндылық-еріктік;
— бағалаушылық.
Мотивациялық компонент балалардың іс-әрекеттің мазмүнына, үрдіске деген қатынасымен байланысты олардың ойынға қатысу мотивін, қызығушылығы мен қажеттілігін көрсетеді.
Бағалаушылық компонент балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттің, адамгершіліктің, құндылықтың мақсатын түсініп, қабылдауымен байланысты болып келеді. Әрине, балалардың адамгершілік, құндылық түсініктерінің мән-мағынасын түсінуі күнделікті балабақшадағы ұйымдастырылатын барлық оқу-тәрбие жұмысының барысында жүзеге асырылады.
Мазмұндық-тәсілдік компонент балалардың күнделікті балабақшадағы оқытылатын оқу материалының мазмұнын меңгеруін, сонымен қатар, олардың өздерінде бұрыннан бар білімді және іс-әрекет тәсілдерін тірек ете білу қабілетін көрсетеді. Бұл ойын әрекетінің нақты мақсатқа бағыттылығын меңзейді. Сондай-ақ, әрекет тек мақсатпен ғана емес, ол тиісті шарттармен де, яғни бағдарлау жүйелерімен де анықталады (әрекеттің бағдарлаушылық негізі). П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің қалыптасу кезеңдері теориясы бойынша адам кез келген ой әрекетін орындау барысында белгілі бір бағдарлау жүйесін тірек етеді.
Әрекеттің бағдарлаушылық негізі дәлелді болу үшін мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы, ойын барысында балаларға ханның, патшаның және т. б. әрекет етудің жоспарын дұрыс берсе, оны олар жеңіл меңгереді және ойында тиімді пайдаланады.
Құндылық-еріктік компонент танымдық белсенділіктің нақты мақсатқа бағытталуын қамтамасыз ете отырып, зейінді шоғырландырады және ойынға эмоциялық өң береді. Демек, ойынның бұл компоненті әлеуметік-мәдени тәжірибенің ерекше түрі ретінде жеке бағдарлауды дамытуға бағытталады.
Бағалаушылық компонент ойын нәтижесінің ойынның мақсатымен үйлесіп келуін қамтамасыз етеді. Яғни, баланың танымдық іс-әрекет барысында тиісті ақпараттарды (білім, іскерлік, дағды) жүйелі меңгеруі жатады. Сонымен қатар, бүл компонент ойын үрдісін басқаруды және өз іс-әрекетін реттеуді қамтамасыз етпек.
Қарастырылып отырған ойын компоненттерінің барлығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөлуге болмайды, өйткені бұл компоненттер ойынның құрылымын анықтайды.
Көптеген зерттеушілер осы компоненттердің бірқатар құрылымдық элементтерін бөліп көрсеткен, мәселен: ойынның ережесі, міндеттері, ойын жағдаяты, сюжеті,ойын әрекеті, нәтижесі [қараңыз: кесте 1].
Кез келген ойынның басталуы педагог-тәрбиешінің жетекшілігімен ойынға эмоциялық өң беру арқылы жүзеге асырылады. Бұл балалардың ойынның міндеттерін түсініп, қабылдауын қамтамасыз етуші, танымдық мотивациясын қалыптастырушы, ойлау іс-әрекетін, қиялын белсендіруші — өзіндік ерекшелігі бар ойын алдындағы жағдаяттар, ойын алдындағы даярлық болып табылады. Балалардың ойынға белсенді кірісуін әр педагог әр түрлі қызықты тәсілдерді қолдана отырып қамтамасыз ете алады. Мүмкін, ол әр түрлі суреттер, тіпті педагогтың шағын әңгімесі арқылы басталуы мүмкін, мысалы: «Біздің жорығымыз ну орманда басталды деп ойлайық».
Кесте 1. Ойын технологиясы компоненттерінің ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы
Ойын технологиясының компоненттері |
|||||
Мотивациялық компонент | Бағдарлаушы мақсаттағы компонент | Мамұнды-тәсілдік компонент | Құндылық-еріктік компонент | Бағдарлаушылық компонент | |
Ойын жағдаяты | Ойынның міндеттері | Ойынның ережесі,
ойын әрекеттері |
Ойын жағдайлары | Ойынның нәтижесі | |
Жоғарыда аталған элементтердің барлығы балаларды ойын жағдаятына ендіруге, қызықтыруға мүмкіндік жасайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін әр компоненттің құрылымдық элементтеріне тоқтала кетейік. Ең әуелі мотивациялық компонент ойын жағдаятын қамтамасыз етеді дедік. Педагог-тәрбиеші балаларды ойынға тартуда «Көз алдыларына елестетіңдер…», «болып жатыр», «Біз … жүрміз» және т. б. тәрізді сөз тіркестерін пайдаланады.
Балаларды ойынға тартуда ойынды өткізу үшін алдын-ала ойластырылған орман, мұхит, көлдің жағасы және т. б. айтарлықтай маңызы бар екенін әсте ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, ойын мазмұны, ойын әрекеттеріне сәйкес қатысатын балалар саны да алдын-ала анықталады. Ойын нәтижелі болу үшін педагог-тәрбиеші балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының ережесі тәрбиелеуші рөлді атқарады, сонымен қатар оны дұрыс бағыттайды. Ойын ережесіне бірнеше мысал келтіруге болады, мәселен: өз жұмысыңды аяқтадың, бала досыңа көмектес: қайырымды бол, құрбы-достарыңның айтқанын мұқият тыңдай біл және т. б. Жарыс-ойындарында тәртіпті реттеу үшін айып төлеу енгізуге болады. Бұл балаларды жалпыға ортақ ережені орындаудың қажеттігін түсінуге үйретеді.
Ойынның негізгі ерекшелігі — ол балалардың қоршаған өмірді: адамдардың қимылын, іс–әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс – әрекетінің тағы бір ерекшелігі – оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай–ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс–әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық — ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн–түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Ойын үдерісінде сөйлесу қарым–қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс–әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды–көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:
— тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» болып ойнау);
— жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (үйлер, стадиондар тұрғызу, кеме салу);
— қоғамдық оқиғаларды салу, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелік демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым–қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді–сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс–әрекеттерге, қарым–қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда – ересектер) ойнаушылардың мінез–құлқы мен өзара қарым–қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым–қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
— ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
— оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
— оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
— оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
— ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:
— тәрбиелік мақсаты;
— қолданылатын көрнекіліктер;
— уақытты үнемдеу;
— ойын қызықты бола ма?;
— оқушылардың белсенділігін бақылау.
Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.
Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын – бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубинштейн, Д. Эльконин, шетелде З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп негізделген.
С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
— тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
— елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»);
— әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»);
— ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.
Үрдіс ретінде ойын құрылымына:
— ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;
— сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;
— нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;
— ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;
— сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше, ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады.
Сурет 2. Ойынның педагогикалық мәдениет феномені ретінде атқаратын қызметі
— Әлеуметтендіру қызметі
Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
— Ұлтаралық қатынас құралы қызметі
Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені, ойын — әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтық. Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
— Ойынның қатысымдық қызметін балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
— Ойынның диагностикалық қызметіпедагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын, өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
— Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.
— Ойынның түзеу қызметі деп баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
— Ойынның дамытушылық қызметі оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі.
Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы – дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
Педагогикалық ойындар:
— мақсатына қарай;
— ұйымдастырылу құрылымына қарай;
— олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай;
— мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай
жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен сыныпификациясын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.
Белгілі педагог ғалым Г. К. Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей топтарға жіктейді:
— әрекет саласына қарай;
— дене;
— интеллектуалдық;
— еңбек;
— әлеуметтік;
— психологиялық.
Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:
— білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;
— танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
— қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік-бағдарлық, психотехникалық.
Ойын әдістемесіне қарай:
— пәндік;
— сюжеттік;
— рөлдік;
— іскерлік;
— иммитациялық;
— драмалық.
Пәндік саласына қарай:
— математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық;
— музыкалық, театрлық, әдеби;
— еңбек, техникалық, өндірістік;
— дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық;
— қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық.
Ойнау ортасына қарай:
— нәрселік-нәрсесіз;
— үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті;
— компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ;
— техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар.
Ең бастысы, ойынның қарым-қатынас, оқыту және өмір тәжірибесін жинақтаудың құралы ретінде аса күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыс екендігін ұмытпаған жөн.
Ойынның күрделілігі оның формаларының көптүрлілігімен, өткізу ережесімен және оған қатысу жолдарымен анықталмақ. Ойынның әлеуметтік- мәдени табиғатының өзі-ақ оны білім берудің басқа ешнәрсе ауыстыра алмайтын элементі етіп көрсетеді. Ойын барысында:
— мінез-құлық ережелері және келешек өмірге қажет әлеуметтік топтардың (қоғамдық формация түрі) рөлдері меңгеріледі;
— олардың мүмкіндіктері қарастырылады;
— біріккен ұжымдық іс-әрекет дағдылары жинақталады, ойын мақсатына жетуге қажетті балалардың жеке ерекшеліктері қалыптасады;
— мәдени дәстүрлер жинақталады.
Я. А. Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балалардың нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде «ойынды» ойнатуға болады.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде — кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол — дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын еске ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап — оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
— балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
— баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
— білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
— ойын барысында баланың жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көздеріне жетуі;
— баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда, әсіресе, кейінгі үш бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі мен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, еркін сезім түрлерін де дамытады.
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі — спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, тағы басқа көптеген қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті — оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек — қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық, кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіндігіне қарай әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты — баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану — бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойындарды таңдауда оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйену қажет. Яғни олар:
— оқушының жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі, оқушының даму деңгейі мен психикалық жай күйі;
— оқып- үйренетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;
— нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктер.
Қандай да болсын ойын түрлері баланың пәнге деген қызығушылық қабілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс.
Ойын түрлерінің жіктелуі:
— грамматикалық;
— психологиялық;
— тірек-сызбалар;
— логикалық;
— техникалық;
— дене–еңбек.
Грамматикалық ойындар
Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына : 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру; 6) сөздіктер.
Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой–пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына : 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ – жауаптар; 5) сөздіктер (диалог, монолог).
Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, Қолыма тұңғыш қалам ап» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.
Тірек сызба ойындар – бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, әскездеу боп табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты. Олардың қатарына:
— ойықжазбалар;
— суретті жұмбақтар;
— сөзжұмбақтар, аннаграммалар;
— суретпен бейнелеулер жатады.
Логикалық ойындар – оқушылардың ой–өрісін, тіл, сөз байлығын кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, іздемпаздыққа, тапқыштыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ–тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1) жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ–тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар т. б. жатады.
Техникалық құралдармен ойналатын ойындар – қазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегін тигізетіндігі дәлелденген. Олар: 1) лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) «Сега», «Дэнди»; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке.
Дене–еңбек ойындары — бұл ойындардың көбісі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар жатады.
Компьютерлік ойындардың түрлері мен оларды тиімді қолдану ерекшелігі
Оқу үрдісінде дидактикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын ойындар көп орайда дидактикалық деп аталады.
Дидактикалық компьютерлік ойын дегеніміз – бұл оқу мақсатына жетуге бағытталған компьютерлік ойын. Мұндай ойынның қалыптасқан дәстүрлік ойыннан айырмашылығы: ойынды ұйымдастырушы (ойын жағдайын жасау және оның барысын қадағалау), тағы да біреудің, яғни компьютердің болуы. Осындай жайтпен компьютерлік ойында компьютер бірнеше қызметті: ойын жетекшісі үлкеннің, партнер – ойыншының, ойынның дидактикалық материалдарын іріктеу қызметтерін қатар атқара алады. Компьютердің осындай бесаспаптығы және осы қызметтерді атқарудағы шектеулі мүмкіндіктері дәстүрлік ойындармен салыстырғанда, өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар бірегей ойын деп саналады.
Компьютерлік ойынның негізін логикалық құрылым құрайды, онда үш деңгей айрықша көрсетілген: а) оперативтік; ә) тактикалық; б) стратегиялық.
Оперативтік деңгей термині аясында ойын ішінде атқарылатын әрекет- операциялар жиынтығының екеуара ойнағандағы үрдістің жалғасы деп түсіндіріледі. Оперативтік деңгей әрекетінің нәтижесі дисплей экранындағы барлық ауысымдар мен өзгерістердің бейнеленуі болып табылады. Егер компьютерлік ойынды іс–әрекет деп санасақ, онда бұл деңгей адамның тек тетік басатын операциялық төмен деңгейіне сәйкес келеді.
Тактикалық деңгей қандай да бір шектелген мақсатқа жеткізетін ойын әрекеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Жоспарлы тактикалық әрекет нәтижесінде жекелеме операциялардың қойылған мақсатпен сәйкестігі жүзеге асып, ойнаушы ойынды жақсы (немесе керісінше) жағдайға ие болады.
Стратегиялық деңгейдің артықшылығы мынада: мақсат пен ұтысқа қол жеткізу үшін барлық ойынның алдын-ала жоспарлануы. Бұл деңгей тактикалық жоспар әрекетін бір жүйеге келтіріп, адамның жоғарғы іс–әрекетінде ойнаушының әрекетін бір ғана мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ойнаушының барлық іс–әрекеті компьютердің тетіктерін басуға ғана келіп тіреледі. Ойнаушы ойынның ережелері мен шарттарын қатаң сақтауға міндетті. Дегенмен бұл шектеулер ойын материалының ішіне бойлап енуіне, назарын дамытуға, ұқыптылық пен дәлдікке үйренуіне мүмкіндік береді. Оның үстіне компьютердің сызбалық және дыбыстық мүмкіндіктері ойнаушының ойнау қиялын жетелеп, оған кең таралған ойындарды жетілдіруге, ұстанымды түрде жаңа ойындар жасауға мүмкіндік туғызады.
«Компьютерді емін–еркін меңгеру балалардың, тіпті үлкендердің өздерінің жаңа, ғалымдардың кабинеттерінде жасалып жатқан техниканың өзіне қызығуларын арттыра түседі» деп есептейді психологтар.
Осындай жайтпен ойынды жүргізудің қарапайымдылығы, жекелеме режимдердің болуы, шапшаң өтілетіндігі, түрлі сценарийлер мен кейіпкерлер жасау жолындағы кең техникалық мүмкіндіктері көп жағдайда компьютерлік ойынның дәстүрлі ойыннан артықшылығын аңдатады.
С. Пейперттің пайымдауынша, компьютерлік ойын баланың ойлау қабілеттерін дамытып, заттардың және т. б. бір–біріне әсерлерін өз бетімен түсінуге мүмкіндік береді деп түйіндеген.
Қазіргі таңда елімізде компьютерлік ойындар өз деңгейінде қолданылып келеді. Олардың ішінде әр түрлі тақырыпқа байланысты барлық компьютерлік ойындарды бір–бірінен мазмұнына, ойынның ойналу тәртібінің айырмашылығына байланысты 8 жанрға бөлуге болады:
- Аркадты ойындар.«Аркадты» сөзі ойын–сауық залдарындағы ойын автоматтарының атына байланысты аталған. Бұл жанрдың ойындары баланың жылдам әрекет жасауын, жақсы көз өлшемін, уақытты үнемдеуін қажет етеді және соған тәрбиелейді.
- Адвентюрлік ойындар. Бұл ағылшынша «adventure» — шытырман оқиға деген сөзінен алынып және ең бірінші жасалған ойынның «adventure» атауына байланысты аталған. Қай кезде шытырман ойындар деп те атайды. Бұл ойындардағы кейіпкер өзінің алдына қойған сынақтардан өтуі керек. Сынақ ойынның барысында анықталады – оның қандай болатындығы белгісіз. Осы сынақтан өту үшін тапқырлық және ойынның барысындағы құралдарды ұтымды пайдалану қажет. Адвентюрлік ойындар мультфильмдерге ұқсас, тек қана қарапайым мультфильмдерге емес, интерактивті мультфильмді тек көріп қана қоймай, мұндай мультфильмде ойынның маңызды рөл атқаратын әр түрлі кейіпкерлер тобымен ойнауға болады. Сондықтан бұл ойындар рөлдік ойындар деп аталады.
- Спорттық ойындар. Бұл ойындарда ойыншы спорттық жарыстардың қатысушысы болып табылады. Мұнда жеке атлеттің рөліне кіруге немесе бірнеше команданы басқаруға болады. Спорттық ойындардың кейбір түрлері тек қана спорттық жарыстарға арналған болып қана қоймай, сонымен қатар оған дайындауға да мүмкіндік береді. Мұндай ойындарды менеджерлік спорттық ойындар деп те атайды. Оларға: футбол, баскетбол, хоккей, бейсбол, гольф.
- Стратегиялық ойындар. Бұл ойын жанры қорлары (ақша, қажетті құндылықтар, электр энергиясы) басқаруға арналған. Стратегиялық ойындарда ойыншыдан кездескен қиындықтарды жеңуге деген оперативті реакциядан басқа, ұзақ уақыт стратегиялық жобалауды қажет етеді. Ойыншы бұл ойында өзін әскердің генералы ретінде сезіне алады. Мысалы: « Эйфория хандығы», «Дюна 2», «Имитатор города 2000», «Теміржол магнаты», «Тақырыптық саяхат», «Өркениет», «Сауда басшысы» т. б.
- Иммитаторлар ойыны. Имитатор ойынында ойыншы әрбір кезде өзін жүйткіген автомобильдің, ұшақтың штурвалының жүргізушісі ретінде сезіне алады. Бұл ойында техника басқару маңызды рөл атқарады. Мысалы, «Екі әскери робот», «Формула 1».
- Логикалық ойындар. Көптеген балалар басқатырғыш ойындарды жақсы көреді. Басқатырғыштың стандартты емес түрлерін шешуде ойлау, тапқырлық және өзінің іс–әрекетін алдын-ала есептейтін қабілеттілік қажет. Мұндай компьютерлік ойындар ұлы математиктер ойлап тапқан сыныпикалық басқатырғыштарды шешуге мүмкіндігін тексеруге көмектеседі. Мысалы: «Тетрис» ойынын айтуға болады.
- Дәстүрлі (традициялық) ойындар. Шахмат ойнайтын компьютерлік ойындар өте қажет. Бірақ та тағы да басқа бірнеше ойыншыға арналған үстелдік ойындар аз емес. Кейбіреуі көптеп таратылса, кейбіреуі өте аз. Егер бала логикалық ойлауды қажет ететін үстелдік ойындарды ұнатса, жаңа ойынды ойнауға дайын деген сөз. Балалар компьютерлік ойындарды басқа келеңсіз оқиғаларға соқтырмай таңдауы үшін:
— ойынның жанрын дұрыс таңдай білуі;
— ойынның мазмұнын;
— ойынның басқару жүйесін;
— ойынның күнделілік деңгейін баптауы;
— ойынның жүргізілу уақытын қадағалауы керек.
- Осы ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі – бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар. Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.
Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Сыныпикалық психодрама – топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында. Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі — қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.
— сергіту сәті (драмалық фазасы);
— психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы);
— кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлерімен және әсерлерімен алмасады.
Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде, топтың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» — жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдық қабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.
Психодрамаға қатысушылар әрекетке түсу барысында ішкі қайшылықтар мен маза бермейтін ойларынан арылып, емдік терапия жүреді. Сонымен қатар көрермендер де терең эмоционалдық қобалжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар өз тәжірибесін басынан қайта кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап көреді.
Психодрамаларда сезімге қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас деңгейіндегі мәселелер қарастырылады.
Белсенді оқыту әдістеріне жататын іскерлік ойындар: рөлдерді ойнап көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламаны белсенді оқыту, ойындарды жобалау, тағы басқалары.
Ғылыми-педагогикалық әдебиетте көптеген нақтылы ойындар «Ойындарды өндеу» деген жалпы терминмен белгіленеді. Осы мәселенің өзіндік үлкен маңызы бар, себебі тарихта логикалық дамыту іскерлік ойындарды қоғамдық ғылымдарда кең қолданудың артықшылығы мен кемшілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді томдап қарасам, алғаш рет іскерлік ойындар 20-ғасырдың ортасында кең қолданыс тапты. Бірақ, бұл шындыққа жанаспайды, себебі, алғашқы ойын 1932 жылы 23-шілдеде КСРО-да Ленинградта өткізілгені анықталып отыр. Қазіргі уақытта жеткілікті негізделген белгілі бір ойын теориясымен математикалық зерттеу әдісі сәйкестірілген жинақтар бар.
Америка мектептеріне өңделген оқытулар 1960-1970 жылдары еніп, содан кейін жоғары мектептерде қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта ТМД-да іскерлік ойындар, негізінен білім көтеру жүйесінде және Мәскеудің, Санкт- Петербургтің, Киевтің, Новосібірдің мектептерінде қолданылып жүр. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің пікірінше, оқу үрдісінде ойынды қолдану оқытуды мәселемен жақындату нәтижесін көрсететінін байқауға болады. Оқушылар ойын кезінде өз көзқарасын, өз пікірін қорғауға дайын болады. Б. Блуэт пен Д. Баквольттердің пікірі бойынша, ойын оқытушы мен оқушының кең ауқымда тең араласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге, ойындар адамдардың ойын белгілі бір жүйеге келтіреді. Оқушылар ойындарды өздері өндесе, онда олар оқу материалын әдеттегі оқу-таным әдістеріне қарай оқу материалын әдеттегі оқу-таным әдістеріне қарағанда ынтамен тереңірек үңіліп оқиды. Ең бастысы – ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Іскерлік ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:
— ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;
— ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;
— ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті мінез-құлықтың түрін таңдауға, шешім қабылдауға үйретеді;
— ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Сонымен, іскерлік ойындары ойынға қатысушыларға қиын мәселелерді басқаларға қарап тұрмай, өздерінің шешуіне кепілдік береді. Олай дейтінім, ойындар арқылы оқушылар өздерінің не істегендерін байқайды, жетістіктерін көздерімен көреді, уақытын дұрыс пайдаланады.
Ойындар, сондай-ақ, кейбір оқушылар ұнатпайтын пәндерін де қанағаттандырады.
Ойындар өздерінің аяқталу үрдісіне байланысты амбивалентті (егер бүгінгі ойынның саны 1:1 ойынға қатысушының біреуіне тиімді болса, келесі күні 0:0 болады, ойын өте ыңғайлы, кез келген жерде кез келген уақытта ойнауға болады. Бұл көптеген авторлардың пікірімен сәйкес. В. Ф. Коморовтың пікірінше, оқу үрдісінде ойынды қолдану оқушылардың даму қабілетін арттырады. Тіпті, кейде баламалы оқыту түрі сияқты ойындар ойынға қатысушыларға ұнамауы мүмкін, ойынға белгілі бір оқушылар саны ғана қатысып, қалғаны сыртта қалып қоюы да ғажап емес. Сондықтан да белгілі мақсатқа ғана сәйкестендірілген ойындар мен өндеулерді әркім өзінше құруы қажет.
Психолог Л. Славинаның зерттеуі мынаны көрсетті: ойын үрдісі үстінде зердесі енжар бала қарапайым оқу жағдайында ақыл білімімен орындай алмаған тапсырмалардың мөлшерін атқарған. М. Джапаридзенің жасаған тәжірибесі қарапайым түрде орындай алмаған тапсырманы ойын түрінде осы тапсырманы қатысушылардың 62 пайызы орындағанын көрсетті. Осы есепті шешкеннен кейін қайтадан қарапайым түрге ауыстарғаннан кейін, оны балалардың 18 пайызы ғана шеше алған.
Іскерлік ойындардың мазмұны оқушыларға этика ережелері мен нормаларын тәжірибелік тұрғыдан игеруден тұрады. Мәселен, іскерлік ойындар кезінде оқушылар әр түрлі рөлде ойнау арқылы өз ойларын ортаға салуға үйренеді. Ділгірлік мәселелерді әр түрлі қызметкерлер немесе кейіпкерлер кейпінде шешуге қатысады. Ойынға қатысқандар бірнеше топқа бөлінеді: бірі ортаға әр түрлі мәселелерді тартады, екінші топ оның шешу жолдарын қарастырады. Сонда ғана ойын қызықты өтеді.
Рөлдерді ойнау әдісі, көбінесе, теориялық және сарамандық міндеттерді шешкенде тиімді. Оның негізгі шарттары мына төмендегілер:
— мәселенің белгілі болуы;
— ойынға қатысушы әр түрлі қызмет мамандары көзқарастарының бірдей болмауы;
— пікірсайыс арқылы сабаққа қатысқандардың бір-бірімен сұхбаттасуы;
— талқылаудың (бағасын) нәтижесін бағалау және қорытындысын шығару.
Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс-әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, оларды шығармашылыққа баулиды.
Оқу үрдісіне ойын элементтерін енгізе отырып, әр түрлі рөлдегі ойындарды құрастыруға болады
Балалар үшін «Дүкен» ойынын ұйымдастыру да өте қызықты. Мұнда балалар сатып алынатын нәрсенің бағасына тең қосындыны (санның екі ғана емес, үш қосылғыштан тұруы мүмкін) табатын «сатып алушылар» және «сатып алушылармен» орындалатын тапсырманың дұрыстығын бақылаушы «сатушылар» рөлдерін ойнайды. Осы ойын кезіндегі басты мәселе санды есептеу ғана емес, сондай-ақ баланың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болатын мұғалімнің есте ұстағаны жөн.
Ойынның екі түрлі нұсқасын қарастырайық.
Бірінші нұсқа. Ауызша жаттығуларды өткізу үшін «Ойыншықтар дүкені» құрастырылады. Бәрі сатушының ұсынған ойыншығын сатып алады. Ол үшін дүкен витрина шынылар ретінде бейнеленеді. Балалар сатып алатын ойыншығының бағасын жинақтайды, ал сатушы оны қадағалайды. Кім де кім сатып алатын ойыншығының құнын дұрыс есептесе, сол сатып алынатын фишканы алады. Мұнда ойынды өткізуге жіберілетін уақыттың жинақы болуына басты назар аударылғаны абзал.
Екінші нұсқа. Әркім өз қалаған ойыншығын сатып алады. Бұл кезде дүкеннің сатылатын ойыншықтары көп, бірнеше бөлімшесі болады. Есептеу дағдысы жақсы қалыптасқан балалар сатушы рөлін атқарады. Балалар сол бөлімшелерге кіріп, қалаған ойыншықтарын сатып алады. Бұл жағдайда көп уақыт кетеді.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л. В. Зенковтың айтуынша, сабақтағы ойын элементтері оқу процесіндегі зерігушілікті жоюға көмектеседі, оқушылардың білімін кеңейтуге, шығармашылық іздемпаздығы мен зерделілігін арттыруға және оқуға деген ептілігін қалыптастыруға, ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Іскерлік ойындардың негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
— мамандардың іс-әрекеттерін моделдеу;
— оқушыларды рөлдерге бөлу;
— ойнаушы топтың жалпы мақсатының болуы;
— қатысушылардың әр түрлі көзқарастары;
— іскерлік ойынға қатысушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалаудың ақиқаттылығы.
Мектеп жағдайында ойын түрінде сабақтың жай түрін өткізуге болады. Ойын түріндегі сабақтың құрылымы бірнеше сатыдан тұрады:
— ойынды өткізуге қойылатын талаптар;
— өткізудің жоспарын құру;
— ойынның сценариін жазу;
— ойынға қажетті мәліметтерді жинақтау;
— дидактикалық материалдарды іріктеп, ойыншылармен жүргізуге нұсқау қағазын дайындау;
— ойынға қатысушы әрбір ойыншының іс-әрекеттің нәтижесін бағалаудың әдістерін ойластыру.
Алты жасар балалармен жұмысты ұйымдастыруда, олар шаршап қалмас үшін математика сабақтарындағы жаттығу есептерін жиі ойын ретінде өткізген дұрыс. Ойын оқу үрдісін ширата түседі, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мәліметтерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Сол себепті балалардың жасы қаншалықты кіші болса, сабаққа соншалықты ойын элементтерін көбірек енгізу керек. Сонымен бірге сабақта ұсынылатын әрбір ойынның тәрбиелік маңызының зор болуы, әр ойын оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға оң әсерін тигізетіндей болуы керек.
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы: «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және тағы басқа ойындарда ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өзі рөлін және ойын логикасын жасайды. Сонымен бірге бұл ойындар балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді.
Ойын жұмыс түрін түрлендіруге және оқушылардың назарын аударуға көмектеседі. Олар әр сабақта өтіледі, сондықтан өтілетін материал сабақ мақсатына сай болу керек.
Макаренконың «бала ойында қандай болса, өмірде де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың ойынымен тең» деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.
Ойындарды ойнау барысында математика сабағында есептеудің тәсілдері еске түсіріледі. Ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындайтын іс- әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндайда ойындарды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылады. Сонымен бірге ойын кезіндегі көрнекілік түрлерін де, сабақтың қай кезеңінде өткізілуіне орай өзгертіп тұруын ескеру жөн.
Іскерлік ойындар қатарына қазақтың ұлттық ойындары да жатады. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенім артады.
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Ойын дегеніміз — жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыру үшін ұлттық ойындарын тәрбие құралы деп қарауға болады. Ұлттық ойындарды әр сабақтың мақсатына қарай, сонымен бірге мазмұнына сай, сабақ кезеңдеріне орай пайдалануға болады. Мектеп оқушылары үшін ойналатын ұлттық ойын элементтерін іріктеп, оқушының жас ерекшелігіне байланысты ойнауды ұсынған дұрыс.
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір жайт, қазақтың ұлттық ойындары бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады.
Іскерлік ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді.
Рөлдерді ойнау әдісі, көбінесе, теориялық және сарамандық міндеттерді шешкенде тиімді. Оның негізгі шарттары мына төмендегілер:
— мәселенің белгілі болуы;
— ойынға қатысушы әр түрлі қызмет мамандары көзқарастарының бірдей болмауы;
— пікірсайыс арқылы сабаққа қатысқандардың бір-бірімен сұхбаттасуы;
— талқылаудың (бағасын) нәтижесін бағалау және қорытындысын шығару.
Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс-әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, оларды шығармашылыққа баулиды.
Іскерлік ойындар арқылы мектептегі оқу тәрбие үрдісін жетілдіру- мұғалімнің маңызды резервтерінің бірі. Олар оқыту мен тәрбиелеуге кешенді көзқарастың құралы есебінде көрініс береді. Олардың іс жүзінде (мазмұны мен құрамында) асырылуы оқушылар білімінің жиынтығын қамтамасыз етіп, оның ғылыми деңгейін арттырады, тұтас алғанда танымдық әрекетке тән болып табылатын дағдылардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда. Олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтары дамытады.
«Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойынмен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді», — деп Чуковский бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Мысалы, «Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырыпты пысықтағанда, сабақты қорытуға пайдалануға әбден болады.
Онда ең алдымен ойынның негізгі шарты түсіндіріліп, оған аз ғана өзгертулер енгізіледі. Одан әрі мұғалім «түн» деп бұйрық беру арқылы балаларды «ұйықтатып», сол кезде олардың алақандарының арасына алдын-ала сұрақтар жазылып, сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі түсті қағаз «сақиналарды» салып шығады. «Күн» дегенде оқушылар оянып, мұғалім сұрақтарына жауап береді және жауап әр түрлі сақиналармен белгіленіп, өздеріне үлестіреді: ақ, қызыл сақина бағасы – 5; сары, ашық көк, ашық жасыл – 4; қоңыр, қою жасыл, қою көк – 3; қара түсті – 2.
Бұдан басқа «Көкпар», «Бәйге», «Сиқырлы қоржын», «Асық» тәрізді түрлі ұлттық ойындарды сабақ барысында жаңа материалды түсіндіргенде, оны қайталап пысықтауға, бекітіп қорыту кезінде жарыс түрінде өткізуге болады. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың танымдық, тәрбиелік маңызын арттырып, баланы зеректікке, білгірлікке, батылдыққа, сөз әсемдігін сезінуге, шапшаңдыққа, ептілікке баулып, бабаларымыздан мирас болып қалған рухани асыл қазыналарды құрметтеуге үйретеді, эстетикалық мәдениетін қалыптастырады.
Ұлт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған жөн. Өйткені ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезеңінде тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын, адамдармен, жолдастарымен қарым-қатынасын елеп ескермей, өмір тәжірибелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге көшуге мәжбүр етсек, олардың психологиялық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бұл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа, жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қоғамға да қайшы келмейді.
Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған, сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын-сауықтарға бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді меңгеріп, игеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына жақындатады.
Ойын әрекеті өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып, оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстінде өзін -өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік қайратын шындайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен дербес белсенділігі, қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы оқушы белсенділігімен білімді игеруге деген саналылық ұстанымы оқушы дербестігін туғызып, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады.
Қазіргі кезде мұғалім ойынның сан жылғы тәжірибесі іскерлік ойынның білімдік құндылығын дәлелдейді. Оған балалық кезеңдегі ақыл- ойды дамыту ойындарынан бастап, яғни барлық мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына сол сияқты, математикада оқушылардың бағдарламаны толық меңгеруін қадағалау үшін іскерлік ойындар қолданылады. Жалпы адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу- жаттығу ойындары. Іскерлік ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге іскерлік ойын оқытушы мен оқушылар, мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Балалар ойыны да, үлкендер ойыны да мәнді тұлғаның, мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Оқушы өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылайды, талдайды, қорытындылай отырып , оны өзіндік жақсы да жаман да істеріне ұтымды қолдануға машықтанады. Математика сабағында іскерлік ойындардың көптеген элементтері қолданылады. Қазақ кездегі оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: иммитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр. Егер адамдарға қандай да бір ойындарды ойнау тапсырылса, онда олар көбіне «білмеймін», «ойнай алмаймын»- дейді. Бұл жағдай тіпті ең қарапайым ойындарды ойнаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді.
Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойын — балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп- өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшкліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді
Ұлттық ойын — балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шындап,ой-көрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейіне сай, әдейілеп ұйымдастырылған ұйымдар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік- жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, — дейді. Сондықтан ойын адамныңы өмір танымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялақ ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденпаздық тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі. Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың сабаққа деген ынта – ықыласын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.
Ойынның мақсаты оқушылардың дидактикалық ойындар арқылы қол жеткізетін білімділік, тәрбиелік, танымдылық қабілеттерінің нәтижелеріне тікелей байланысты.
Ойын ұзақтығы ойын мақсатына байланысты тікелей байланысты. Ойын ұзақтығын айқындау — мұғалімнің сабақты дұрыс ұйымдастыруына, уақытын нақты есептеуіне көмектеседі. Сонымен қатар мұғалім сабақ мақсатына сай дидактикалық ойындарды орынды қолдану жолдары мен әдіс–тәсілдерін анықтап, игерілетін білім, білік көлемін болжайды.
Ойын ережесі оқушылардың жас ерекшеліктері мен түсініктеріне сай дәл тұжырымдалған, қарапайым болуы тиіс.
Ойынға қатысушылар саны мұғалімнің алдына қойған мақсатына қарай іріктеледі. Егер мұғалім оқушыларды саралап, деңгейлеп оқытып, баланың жеке қабілеттерін нығайтқысы келсе, онда ойынға қатысушылар санын өзгертіп отыруға болады.
Ойын мазмұны оқу бағдарламасын қамтитын сабақтағы білім мен біліктерді бекітуге, жаңа сабақты сапалы меңгертуге арналуы керек.
Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мынаны есепке алу керек:
— ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
— білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы;
— ақыл–ой іс–әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары;
— дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс;
— сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
— тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл–ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;
— ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек;
— дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
— дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Дидактикалық ойын түрлері төрт түрге бөлініп қарастырылады: тапқырлық, ізденімдік, рөлдік, іскерлік.
Тапқырлық ойындар — оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыратын, әрбір тапсырмада жауаптардың варианттары берілген, соның арасынан дұрыс жауапты табуды қажет ететін ойын түрі. Тапқырлық ойындардың негізгі ерекшелігі: мұнда тапсырмалардың дайын жауаптары беріліп, оқушылар игерген білім деңгейлеріне қарай тапсырманы орындауы керек. Тапқырлық ойындар өтілген сабақты түсіндіруде, жаңа сабақты бекітуде пайдалануға болады.
Ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға, меңгерген білімін жүйелеп, жинақтауға, жаңа білімді меңгерту барысында белгісізді іздеуге дағдыландыратын ойын түрі. Ізденімдік ойындар барысында оқушылар проблемаларды өздері шешуге талпынып, тапсырманы әр түрлі амал– тәсілдерімен орындауға үйренеді. Ізденімдік ойындарға: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, метаграммалар жатады. Ізденімдік ойындарды жаңа материалдарды өту кезінде қолданған тиімді.
Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіруге арналған ойын түрі. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілеттерін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Бұл ойын барысында оқушылар өз пікірін айтып, дәлелдеуге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуге үйренеді. Рөлдік ойындар оқушылардың сөздік қоры мен тілін дамытады, оқушыларға айтар ойын жоспарлауға, автор ойын жалғастыруға, өзге адамның пікірін бағалауға үйренеді.
Іскерлік ойындар – оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын ойын түрі. Іскерлік ойындар барысында оқушылар шығармашылық жұмыс істеуге және дұрыс шешім қабылдауға үйренеді, басқа жолдастарының сөзіне дұрыс қарауға, олардың пікірін бағалауға төселеді.
Тағы рефераттар
- ҚР САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ курстық жұмыс
- Шикізаттармен және материалдармен жабдықтау жөніндегі шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру
- Неміс классикалық философиясы
- Оперативтік жадыны ұйымдастыру (RAM) курстық жұмыс
- Калькуляциялау