Батыр жырау — Қожаберген туралы қазақша реферат

Ел тарихын ұмыттырмаған ән 

“Қожаберген жыраудың шығармаларын сұрыптап, толықтырылған жинағын баспаға дайындап жатыр едiк, соған сiз алғы соз жазсаңыз”- деп, Қызылжардан телефон шалғанда уәдемдi берiп қалып едiм. Өзiң атқарар iстi бiреу жарқыратып атқарып жатса, құдайдың бергенi емес пе? Осыған орай, алдымен әдебиеттiң, өнердiң жанашыры, облыс әкiмiнiң орынбасары Қуат Есiмханұлы бастаған Қызылжардың бiр топ азаматтарының игiлiктi iсiне ризашылығымды бiлдiрем, сәттiлiк тiлеймiн.

Шындығын айтсақ, Қожаберген мұрасын, өмiр жолын ғылыми зерттеу жұмысының жүйелi түрде қолға алынуы елiмiздiң тәуел-сiздiгiне қол жеткен кезден басталды. Осы тұста әдебиетшi — ғалым Төлеш Сүлейменовтiң, атыраулық Нәбиден Әбутәлиевтiң “Сегiз серi”(1991), “Ордабасы Қожа-берген”(1995) жинақтарын айрықша еске алу керек. “Елiм-ай”жинағын шығарған Мәдина Дастанованың “Жырлары қазақ жұртын елжiреткен”деген еңбегi де құнды зерттеулердiң бiрi. Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетiнiң “Қазақ әдебиетiнiң тарихы мен сыны”кафедрасы жанындағы “Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы”деп аталатын ғылыми зерттеу тобы 1991 жылдан осы тақырыпта тұрақты жұмыс iстеп келедi.

“Қазақ әдебиетiнiң қысқаша тарихы”деп аталатын еңбектiң бiрiншi томында, “Қожаберген жырау (1663-1763 ж.ж.)”атты арнайы тарау берiлiп, Қазақ әдебиетi тарихында тұңғыш рет “Елiм-ай” әнiнiң авторы жөнiнде бiрқыдыру мәлiмет берiлген.

 

“Қаратаудың басынан көш келедi,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді…”

 

— деп басталатын әнінің алғашқы нұсқасы 16 жол көлемiнде 1875 ж. “Записки Оренбургского отдела Императорского русского географического обществаның 3 кiтабының 253 бе-тiнде жарияланған болатын. Екiншi рет, 1932 ж. “Билер дәуiрiнiң әдебиетi”деген атпен Сәкен Сейфуллин өзiнiң атақты оқулық-хрестоматиясында “Елiм-ай”ға орын берген, 20 жол. (“Қазақ әдебиетi”I-бөлiм, 1932 ж.).

Қожаберген жырау туралы Ыбырай Алтынсаринның, Мәшһүр Жүсiп Копеевтiң, Сұлтанмахмұттың мұраларында да айтылған болатын. Ыбырай 1879 жылы өзiнiң қазақ хрестоматиясында 1896 ж. “Махтубатында”керей Қожаберген жыраудың атын атап, өлеңнен үзiндi келтiрген. Мәшһүр Жүсiп:

 

“Елiм-ай”әнi менен жыры тағы,

Шығарған Қожаберген бабаңды сүй, — деп жазған.

 

Сұлтанмахмұттың:

 

Керейде Қожаберген, Сегiз өткен

Қазақтың шежiресiн жыр ғып шерткен,

 

— дегенiне ұзақ уақыт мән берiлмей, Қожабергеннiң кiм екенi анықталмай келген болатын. Осы халықтық ән болып кеткен керемет дүниенiң авторы 1981 жылы Г.Тұрсыновтың “Мәдениет және тұрмыс”журналының 6-санында жарияланып, 1983 ж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi”(ХУ-ХУIII ғ.ғ.) деген зерттеулер жинағында “бiр халық өлеңi хақында”деген атпен хабарлама берiлдi: “Қаратаудың басынан көш келедi” өлеңiн шығарушы, таратушы кiм деген сұраққа содан кейiн ғана жауап берiле бастады.

М.Әуезов “тарихи өлеңдердiң авторы, көбiнесе сол уақиғалар-ды көзiмен көрген тұстастары”деп ескертедi. Ғалымның бұл пiкiрiн растай түсетiн айқын, ашығырақ айтылған деректер де жоқ емес. Ол — Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы сақтаулы С.Шақшақов (1818-1854) қалдырған “Керей шежiресi”. Бұл қолжазбаны халық әдебиетi қазынасын жинаушы Қаратай Биғожин (1936 ж. туған) тапсырған.

Ал, “Елiм-ай”дастаны алғаш ауызша туып, кейiн оны Қожабергеннiң өзi хатқа түсiрген. Жазба күйде сақтаушы Толыбай сыншы ұрпағы — Шақшақ батыр Көшекұлы. Шақшақтан немересi Се-гiз жазып алған. Оның қолжазбасын сақтаушы Тәштит Тәбеиұлы Барлыбаев. Тәштитен Сегiздiң үлкен баласы Мұстафа көшiрiп алған. Мұстафадан 1879 жылы Дәрiбай Малыбайұлы деген жас шежiрешi жiгiт жаттап үйренедi. Дәрiбайдан оның баласы жазып алып жаттайды. Ол 1891 жылы туып, 1978 жылы 87 жасында қай-тыс болған Қожахмет деген кiсi. 1936 жылы Б.Майлин, I.Жансүгiров, Ғ.Мүсiрепов Қожаберген ұрпақтары туралы материал жи-науға жыраудың елiне келген. Бiрақ, 1937 ж. ойраны олардың еңбегiнiң нәтижесiн жойды.

1936 жылы Сәкен Сейфуллин Сегiз серi мен оның бабасы Қожаберген жәйлi жазбақ болған. Осы материалдардың бәрiне айрықша назар аударсақ Қ.Биғожиннiң берген деректерi аспаннан алынбағанын көрсетедi. Әр кезең, әр дәуiр өзiнiң қоспасын жасамай қоймайды. Ауыздан-ауызға көшiп жүргенде, әр айтушы әлеуметтiк жағдайға қарай, тiптi тыңдаушылардың әуселесiне қарай өз жанынан қосып, қиыстырып жiберетiнiн жоққа шығаруға болмайды. Неше ғасыр бойында ел есiнде сақталып, ауызша айтылып келген өлең-жырларға нақты құжат iздеп әлек болудың қажетi жоқ.

Қожаберген жыраудың мұраларының зерттелуi туралы сөз бол-ғанда, Сейтқали Қарамендин мен Қожаберген қорының төрағасы Шаймұрат Смағұловтың зерттеу еңбектерiн ерекше атаған жөн.

Жыраудың ән ұранына айналған дастанынан басқа айтқан жаз-ған дүниелерi ел есiнде толық сақталмаса да, халық арасында бiзге белгiсiз өлең-жырлары әлi де кездесетiн сияқты. 2001 жылы Айым-жан ауылында жас ақын Дәулеткерей Кәпұлы, доцент Күләш Ахмет — үшеумiз зиялы қауымның өкiлдерiмен кездесiп, Сегiз серiнiң шөпшегiнiң әнiн тыңдағанымыз бар. Сонда Қожаберген жыраудың сөздерi өзiнен-өзi әңгiмемiздi тұздықтап, ажарын кiргiзгенiн Дәулет-керей қағазға да, магнитафонға да жазып алған-ды.

Мен бұл деректердi Қожаберген жыраудың жаңа жинағы бұрынғыдан да гөрi толысып шығатынына қуанғандықтан, жазып отырмын. Ендi ешкiмге жалтақтамай, кiм не дер екен деп, елеңдемей жоғалғанымызды iздеуге, жоғымызды табуға, барымыздың қадiрiне жетуге тиiспiз. Сөйтiп, қазақ халқының рухани байлығын шашып-төкпей, жұлмаламай, өзiне қайтаруға мiндеттiмiз. Елдiң рухын аспандатып, тарихын дәрiптеудiң айқын жолын iздей берейiк, ағайын.

 

ТҰРСЫНБЕК КӘКIШҰЛЫ,

филиология ғылымының

докторы, профессор.

 

 

 

Батыр-жырау Қожаберген

 

Қазақ халқының ХVII ғасырдың екiншi жартысы мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген ақын-жырлауларының, әншi, күйшi — сазгерлерiнiң және халық батырларының бiрi — Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлы (1663-1763 жж.) екендiгi баршаға аян. Толыбайсыншыұлы ақын тек жай ғана батыр емес, кезiнде қазақ халқының әскерiн басқарған қолбасшы, әйгiлi ғұла-ма, шежiрешiсi. Оған оның өз шығармасы “Елiм-ай” жыр-даста-нының бiрiншi бөлiмiндегi мына шумақтар да айғақ бола алады:

 

Өнерге жас шағымнан құштар болғам,

Самарқанд, Бұхарадан бiлiм алғам.

Атанып үздiк шәкiрт қатарында,

Ең үлкен медересесiн тамамдағам.

 

Ерлiкпен мағылұм болдым алыс-жатқа,

Ән шырқап, қобыз тарттық көңiл шатта.

Бiтiрiп медересенi шыққаннан соң,

Имам боп он жетiмде мiндiм атқа.

 

Он сегiзде әйгiлi балуан болып,

Он тоғызда iлiндiм батыр атқа.

Жиырмада имам болмай, ақын болып,

Симайтын iс жасадым шариғатқа.

 

Тiлiне араб, парсы болдым жетiк,

Оны да қолданбадым өнер етiп.

Шамамша қол бастаған сардар болып,

Мен жүрдiм мұсылманға қызмет етiп.

 

Сонымен қатар, Қожабергеннiң ғұлама ордабасы, әскер басы-батыр екендiгiне оның шәкiртi Бұқар жыраудың “Ұстазым” атты дастанындағы мына шұмақтардың өзi-ақ дәлел бола алады:

 

Қожаберген ұстазым,

Бұхара барып оқыған.

Төрт-бес тiлдi үйренiп,

Көкейге берiк тоқыған.

 

Жалаулы найза, қобызды,

Домбырасын қолға алған.

Қамалға шабар алдында,

Шығарып өлең толғаған.

 

Жырын сүйген баршасы,

Болмаса кейбiр оңбаған.

Алла, аруақ жебеу боп,

Жорықта жолын оңдаған.

Қиын-қыстау кезеңде,

Намысын қозғап өлеңмен.

Батыр-ақын ұстазым,

Қолың қолға дем берген.

 

Қожаберген 1663 жылы наурыз айының басында қазiргi Сол-түстiк Қазақстан облысының (бұрынғыша Қызылжар аймағының) Жамбыл ауданындағы Благовещенка селосы орналасқан жерде бұрын болған Толыбайсыншы қарағайы деген орманның қой-науында дүниеге келiп, сол туған жерiнде 1763 жылы қазан айын-да жүз бiр жасқа қарағанда ауырып қайтыс болыпты, оның сүйегiн сол төңiректегi “Бүркiт қонған” деген орманның маңындағы әкесiнiң есiмiмен аталатын Толыбай сыншы бейiтiне елi жерлептi. Ақынның әкесi Толыбайсыншы Дәуленұлы (1603-1680 жж.) заманында Қазақ, Ноғай (Қараағаш, Маңғыт рулары), Қарақалпақ, Сiбiр татары (Ескер, Барабы, Құралаш рулары, Шалабай естектерiнiң (Челябинск башқұрт-тарының) бiрiккен әскерiнiң ордабасысы болыпты. Барабы, Ескер, Құралаш руларының, Шалабай башқұрттарының жасағының қазақ әскерiнiң құрамында болуына оларға қазақ хандығының ықпалы басым болуы себепкер болған екен. Қожабергеннiң өз әкесi — Толыбайсыншы да, атасы — Дәулен батыр да, бабасы — Таузар сардар да өз замандарында Үш жүздiң әскербасылары және Орта жүз қазақтарының ардақты ел билеушiлерi болыпты. Оларды өздерiмен тұстас ақын-жыраулар өлең-дерiне қосып, ерлiктерiн жырларына арқау етiптi (шежiре деректерi бойынша).

Жыраудың анасы — Ақбiлек Баянауыл өңiрiн мекендейтiн Орта жүз Сүйiндiк Арғын Айдабол бидiң қызы екен. Ол кiсi де өнерi асқан сынықшы, тоқымашы, тiгiншi болыпты. Ол жайында Қожаберген өзiнiң “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiнде былай дейдi:

 

Орта үз Арғындағы асыл тектен,

Анамның шыққан заты Сүйiндiктен.

Жиырма ұлдың көкжал туған ең кiшi ем,

Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбiлектен.

 

Толыбай сыншының өз анасы Жамал кезiнде Самарқанд шаһарын және оған қоса Самарқанд уәлаятын билеп-төстеген, сол шаһарда үлкен ғимараттар салуға үлес қосқан, медересе ашқан. Кiшi жүз iшiнде Әлiм ұлының Төрт қара руынан шыққан әйгiлi Жалаңтөс Баһадұр Сейтқұлұлының (1576-1656 жж.) туған апасы екен. Сол себептi Толыбайсыншы қолбасшы өзiнiң Майлы би, Өтежан, Өтегелдi, Өтеген, Өтепберген, Өтеулi, Өтемiс, Қарабас, Әмiр, Өмiр, Темiр, Батыр, Бабыр, Бадыр, Өтебай, Өтеғұл, Едiл, Жайық, Қожаберген есiмдi ұлдарын нағашылары:

Ақша би, Жалаңтөс баһадұрдың Самарқанд, Үргенiш, Бұхара шаһарларындағы жоғары дәрежелi дiни бiлiм беретiн медереселерде ұстаздық қызмет атқаратын өнерлi, бiлiмпаз ұлдарына ертiп апарып, солардың үйлерiне қойып, сол бiлiм ордаларында оқытады. Дәулен ұлы сыншының жиырма төрт баласының он тоғызы аталмыш қалалар-дағы медереседе оқып, хадимше сауаттарын жетiлдiрiп, дiни бiлiм-дерiн толықтырып, көне түрiк, араб, парсы, өзбек тiлдерiн жақсы үйренiп, сол оқу орындарын өте жақсы тамамдап шығыпты.

Қожабергеннiң әкесi Толыбайсыншы ел қорғаны — батыр болумен қатар, ұста-зергер, балташы, өрiмшi, етiкшi, дихан, аңшы, құсбегi, мерген, балуан, емшi, атбегi, сөзге шешен, ақындық қабiлетi бар әрi көреген кiсi болыпты. Ел iшiнде Толыбайсыншы-ұлы айтты деген нақыл қанатты сөздерде кездеседi.

Адамдыда, аттардыда, басқа жануарларды, гауһар, меруерт, маржан тастарды, қару-жарақты, құсты, иттi сынап бiлгенi үшiн Толыбайға сыншы деген атақты Қазақ, Башқұрт, Қарақпалпақ, Қырғыз, Татар, Ноғай халықтары берген екен. Оның Қарабас есiмдi баласы сыншылық өнерiнiң арқасында тұтқын болған кездерiнде үш рет құтылып, аман қалған екен. Ол турасында ел аузында сақталған аңыздар бар. Сол аңыздардың бiрi әрiде көп жыл бойы алтыншы класқа арналған Әдебиеттiк оқу кiтабының бетiнен орын алған едi.

Қожаберген өзiне дейнгi қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, медереселерде оқып жүргенде шығыстың жетi жұлды-зы атанған Жәми, Низами, Науаи, Фузули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқып-жаттап, солардан нәр алыпты. Сонымен бiрге ол ертеде өткен Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қа-дырғали Жалаири және өзiнен аз бұрын өткен Әбiлғазы баһадұр хан сияқты бiлiмпаздардың жазып қалдырған шежiре-лерiмен таныс болыпты. Сондай-ақ, ол тастағы ескi жазуларды да оқи алады екен әрi оған көп мән берiптi. Бұл айтылғандарына оның “Ата тек”, “Баба тiл” дастандары толық дәлел бола алады.

Өзiнiң “Ата тек” дастанында Толыбайсыншыұлы жырау қазақ халқын оғыз түрiктерiнен шығарады:

 

Түрiктен тараған ел тоғыз дейдi,

Тартатың күй аспабы-қобыз дейдi.

Башқұрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ —

Төртеуiн шежiрешiлер Өгiз дейдi.

 

Сондай-ақ, Қожаберген ақын сол “Ата тек” дастанында қазаққа жататын тайпаларды Алаштан шығарады:

 

Аннас тархан бабамыз,

Ер Алаштың бұтағы.

Бiздiң қазақ бабамыз,

Сол Аннастың ұрпағы.

Алаштан әрi Өгiз бар,

Өгiзден әрi Тұран бар.

Кiм десеңдер тегiмiз,

Арғы атамыз осылар.

……………………

Өгiз түрiк iшiнде,

Аннастан қазақ жаралған.

Бiздiң Үш жүз елiнiң,

Алаштан бәрi таралған.

 

Толыбайсыншыұлының шежiрешi-жырау екендiгiн ХХ ғасыр басында өмiр сүрген классик-ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өзiнiң “Құрбыма” деген өлеңiнде былайша жырлайды:

 

Толыбайсыншы баласы Қожаберген,

Тарихынан Оғыз түрiк хабар берген.

Үмбетей, Бұхар жырау, Тәтiқара,

Үшеуi Қожаекеңнен үлгi көрген.

…………………..

Керейде Қожаберген, Сегiз өткен,

Үш жүздiң шежiресiн жыр қып шерткен.

(С.Торайғыров ақынның бұрын жариаланбаған өлеңдерi “Орталық қазақстан” газетi 7 тамыз 1988 ж.).

Қожаберген жыраудың шежiрешi болғандығы тұралы және оның “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырын шығар-ғандығы жайында қазақ халқының ХIХ-ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ-ғасыр басында өмiр сүрген белгiлi философ-ақыны Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы (1858-1931 жж.) өзiнiң “Даналарға” атты өлеңiнде былай деп жырға қосады:

 

Өнерге құлаш ұрып бала жастан,

Тарихын бұл үш жүздiң етiп дастан.

Баласы Толыбайсыншы Қожаберген,

Бой ұрған ерлiк iске әуел бастан.

Ұрпағы оның батыр Сегiз өттi,

Нияздай асыл ердi қасына ерттi.

Қолына қобыз алып өр шабытпен,

Мұра ғып шежiре-жыр тастап кеттi.

Қолбасы ақын-жырау һәм елшi-би,

Шығарған “Елiм-айдай” тамаша күй.

“Елiм-ай” әнi менен жырын тағы,

Шығарған Қожаберген бабаңды сүй.

 

Қожабергенге ақындық аруақ оның жетi жасында қоныпты. Жырау ақындықта өзiнiң әкесiмен бiрге туған ақын Аулабайдан өз ағалары:

Майлы шешен мен Қарабас тарханнан үлгi-өнеге алыпты. Батырлыққа Қожабергендi ағалары Өтежан мен Өтегелi баулыпты.

Дiни медереселердi өте жақсы тәмәм етсе де, Қожаберген жырау мен оның ағалары дiнбасысы бола алмайды. Себебi, Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Шалабай Естектерi, Сiбiр Татары халықтарына ХУII-ғасырдың бiрiншi ширегiнен бастап Ноғай даласын мекен еткен Қалмақтар Едiл өзенiнiң батысынан шабуыл жасаса, шығыс-тан Жоңғар. Қалмақ басқыншылары ұздiксiз шабуылдап, екi жақтан қыспаққа түскен мұсылмандар-дың әдiлеттi, яғни азаттық жо-лындағы соғыстары ұзақ жылдарға созылуы салдарынан Толыбайсыншы қолбасшының балалары-ның имам, ишан, софы, молда болуларына еш мүмтiгi болмайды. Себебi Толыбайсыншының ержүрек жиырма төрт ұлы (жиырмасы Ақбiлектен, төртеуi әмең-герлiк-пен қосылған жары — Халимаштан туған екен) жоғарыда аталған мұсылман жұрттарының сыртқы басқыншы жаулардың екi жақты шабуылдарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық әрi қорғану соғыс-тарына белсендi түрде қатысып, олардың көбiсi әскер басқарыпты. Ел-жұртын шапқыншылардан қорғау жолында әдiлеттi со-ғыста Толыбайсыншы тарханның ұлдары мен немелерi асқан ерлiктiң үлгiсiн көрсетiп, олардың бiрталайы көппен бiрге майданда қаза тапқандығы шежiреден, сол кездегi ерлiк жырлардан елге мәлiм.

Қожаберген жырау 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның елшi-лiк қызметiнде бес жыл басшылық етiптi. Сонан кейiн немерелес туысы Бөгенбай Маянбайұлы Ордабасы ауыр жараланған соң, соның орнына Әз Тәукенiң ұсынысы бойынша құрылтайда Толыбай сыншыұлы батыр-ақынды (боз биенiң сүтiне шомылдырып, үстiне ақ киiм кигiзiп, ақ кигiзге отырғызып көтерiп) халық 1688 жылы ордабасы сайлайды. Сол күннен бастап, Қожаберген жырау өзiнiң немере ағасы Бөгенбай баһадұрдың қызметiн ақсатпай, әрi қарай жалғастырып, Үш жүздiң жасағына Бас қолбасшы болыпты. Ол қазақ әскерiне қоса Ноғайдың Маңғыт, Қараағаш руларының, Сiбiр татарына жататын Ескер, Барабы, Құралаш тайпаларының, Шалабай Естектерiнiң (Челябинск башқұрттарының), Қарақалпақ хал-қының жасақтарына да ордабасы болған екен.

Толыбайсыншыұлы ақын әндi домбыраға қосып, күйдi сыбызғыға қосып, жырды әнмен айтып, қобызға қосып орындаған екен (шежiре деректерi мен ерлiк жырлар бойынша). Толыбайсыншыұлы сардар 1688-1710 жылдар бойында Қазақ, Ноғай (Қараағаш, Маңғыт тайпаларының), Қарақалпақ халықтарының бiрiккен қолына әскербасы болып, екi жақты қалмақ шап-қыншылығына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда талай рет үлкен-үлкен жеңiстерге жетiп, ордабасы, тархан атағын алған үлкен баһадұр, әскери қайраткер. Оның жиырма үш жыл әскер басқарғанына өзiнiң “Үш би” атты өлеңiндегi мына шумақ та дәлел бола алады:

 

Басқарып Үш жүз қолын жиырма үш жыл,

Орнымды Бөгенбайға бердiм биыл.

Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды,

Кезiнде ұзақ соғыс күндер қиын.

 

Жырау 1710 жылы жаздың аяғында өз шәкiрттерiнiң бiрi жас батыр Қанжығалы Арғын Бөгенбай Ақшаұлына ерекше ықыласы түсiп, өзiнiң орта жасқа таяп қалғанын, ұзақ жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздiксiз қатысып, қалжырап-шаршағанын мойындап, Әз Тәуке ханға өзiн ордабасы қызметiнен босату туралы өтiнiшiн айтады. Әз Тәуке әуелi келiсiм бермесе де, өз орнына қоятын кiсi барын айтқан соң, хандықтың астанасы — Түркiстан шаһарына Үш жүздiң шораларын, бектерiн, билерiн, батырларын арнайы түрде хат жазып, кiсiлер жiберiп шақыртып алып, ордабасы сайлау үшiн Құрылтай өткiзедi. Онда уәзiрлер, шоралар, билер, бектер, батырлар Толыбай сыншыұлының ордабасылықтан кетуiн қаламайды. Ақыры олар Әз Тәукеге зорға дегенде, келiсiм бередi. Сонда Қожаберген баһадұр ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, өз орнына Бөгенбай батыр Ақшаұлын Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ жұрттарының бiрiккен әскерiн басқаратын Бас қолбасшы етiп сайлатады. Ол жайында өз ұстазы Толыбайсыншыұлы батыр-ақынға арнап шығарған “Ғадыл ер” деген өлеңiнде әйгiлi Бұқар жырау былай дейдi:

 

Қожаберген ғадыл ер,

Қадырын бiлген қалың ел.

Бөгенбайдай батырға,

Билiгiн берген ардагер.

Қожа-екеме Бөгенбай

Шәкiрт болған жан едi.

Сайлатқан он ұстазым,

Қарадан шыққан хан едi.

 

1710 жылдың жазының аяғында өз еркiмен ордабасылық қызметтен босаған Қожаберген батырды кезiнде өзiн тәрбиелеп-өсiр-ген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей-Уақ елдерiне шора сайлатады. Сөйтiп, Толыбайсыншы-ұлы жырау өз ағасының орнына шора болып, 1710-1723 жылдар аралығында өз жұрты — Керей-Уаққа басшы болыпты. Ол 1723 жылы көктемде Сыр бойында мекен еткен Кiшi жүздегi қайын жұртына қонаққа аттанарда, ел-жұртының игi жақсыларын жиып, мәжiлiс өткiзiп, өзi ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, өз орнына аға-сы Қарабас тарханның үлкен баласы Асқап сардарды Керей-Уақ елдерiне шора сайлатады.

Толыбайсыншыұлы жырау 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған iрi апатты өз басынан өткерiп, көзiмен көрген, қырғынның жуан ортасында болған қарт баһадұр. Сол аса қатерлi сапарда ол Науан, Әсет есiмдi екi батыр баласынан, өзiне әрi өкiл бала, әрi атқосшы саналған Айбек, Ермек атты екi батыр азаматтан айырылып, бәiбiшесi екеуi әрең дегенде көппен бiрге жау қоршауын бұзып өтiп, аман құтылады.

“Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiн Қожаберген ақын сол қоршауда тұрған кезiнде шығарып-ты. “Елiм-ай” атты өлең де, жыр да, ән де әр кезеңде дүниеге келген. Соның iшiнде 1723 жылғы “Елiм-ай” әнiн, дастанын шығарған Толыбайсыншыұлы жырау. Мысалы:

“Елiм-ай” атты өлең Мiржақып Дулатовта да бар. Ал, “Елiм- ай” деген дастанды халық ақыны, әдебиетшi-ғалым белгiлi әншi Тұрсынхан Әбдiрахманова да жазған. Әдебиетте бiр-бiрiмен аттас әндер, күйлер, жырлар жиi кездеседi. Бiрақ оларды бiр-бiрiмен шатастыруға әсте болмайды.

Ақындықта Қожаберген жырауға Дәстем сал, Бұқар, Ақтам-бердi, Үмбетей, Тәтiқара, Жанкiсi (Көшебе керей) жыраулар шә-кiрт болып,одан үлгi-өнеге алса, батырлықта Бақсары, Бөгенбай, Жәнiбек (Кiшi Арғын) үшеуiнен бастап, Бөкенбай Мергенұлына (1717-1758ж.ж.) дейiнгi батыр атаулы сол Толыбай сыншыұлы ордабасыға шәкiрт болып,одан тәлiм-тәрбие алыпты.

Қожабергеннiң бар айыбы сол, оның өмiрi мен қоғамдық қыз-метiнiң, шығармаларының дер кезiнде жиналмай-зерттелмей қал-ғандығы, iздеушiсi болмағандығы. Қожаберген шығарма-ларының кейбiреуi қазақ халқының ХIХ ғасырда өмiр сүрген педагог жазушысы, ағартушы-демократы Ыбырай Алтынсарин құрастырып, 1879 жылы Орынбор баспасында жарық көрген “Қазақ хрестоматиясынан” (жинақ) және оның 1896 жылы Қазанда жарық көрген “Мәктубат” деген кiтабынан орын алған, ол жинақтарда ақынның бiрнеше өлеңдерiнен үзiндiлер берiлген. Соңғы жиырма бес жылда Толыбайсыншыұлы ақынның өмiрi мен шығармашылығы бiр шама зерттелiп, ол 1983 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген. “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi” атты жинаққа ендi және онда Қожа-берген жыраудың “Елiм-ай” әнi мен күйiн, жыр-дастанын шығар-ғандығы айтылып,сол зерттеуде талданып жазылды.

Қожаберген ақынның өмiрi мен қоғамдық қызметi туралы деректер және оның “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” тарихи жырын шығарғандығы туралы республикалық газет-журнал-дарда, облыстық, аудандық газеттерде бiрталай зерттеу мақала-лары жарияланды. Атап айтқанда, филология ғылымынын канди-даты М.Жармұхаммедов “Қазақ әдебиетi” газетiнде 1981 жылы 15 мамырда ““Елiм-ай” жыр-дастаны” атты, ғылыми қызметкер Г.Тұрсынова “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1981 жылғы 6-санында “Қаратаудың басынан көш келедi” деген, белгiлi драматург-жазушы Н.Әбутәлиев “Жұлдыз” журналының 1984 жылғы 3-санында Қожаберген жырау атты, осы жолдардың авторларының бiрi “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1988 жылғы 6-санында “Елiм-ай” деген, 1988 жылы 27 қыркүйекте жазушы Н.Әбуталиев пен әдебиетшi-ғалым М.Жармұхамедов “Алматы ақшамы” газетiнде ““Елiм-айдың” аторы кiм?” атты, шежiрешi М.Болатов “Жезқазған туы” газетiнiң 1982 жылғы 22 қантардағы санында ““Елiм-ай” жыр-дастанының авторы Қожаберген жырау хақында” деген, белгiлi әдебиетшi-ғалым Т.Сүлейменов “Еңбек таңы” журналының 1989 жылғы 2-санында “Қазақ есiмi хақында” атты, шежiрешi, қарт мұғалiм Е.Қалданов “Қызыл ту” газетiнiң 1990 жылғы 23-24 қазандағы сандарында “Елiм-ай” атты деректi де көлемдi мақалаларын жариялатқан едi. Бұлардан басқа да Қожа-берген жырау туралы бiрнеше автордың 1982-2001 жылдар аралы-ғында газет-журналдарда отызға тарта зерттеу мақалалары жарық көрдi және сол Толыбайсыншыұлы ақынның есiмiн атап оның шығармаларынан үзiндiлер келтiрiлген бiрнеше автордың жиырма шақты мақалалары 1988-2001 жж. Аралығында республикалық газет-журналдарда, облыстық, аудандық газеттерде жарияланды. Олардан басқа Ш.Смағұлов, Қ.Омаров, Қ.Биғожин, Қ.Мұқанов, Ғ.Қадрәлi, С.Жұмабаев сияқты жергiлiктi зерттеушiлердiң ғылыми мақалалары және жергiлiктi жазушы Ожан Қалиевтiң Қожаберген-ге арнаған дастаны жарық көрдi. Сондай-ақ, Қожаберген жырау филология ғылымдарының кандидаты Т.Сүлейменовтiң 1991 жылы “Өнер” баспасынан жарық көрген “Сегiз серi” атты монографиялық еңбегiнен орын алды онда автор Қожаберген жырау — Сегiз серiнiң арғы бабаларының бiрi екендiгiн әрi оның iрi тарихи тұлға, үлкен ақын екендiгiн айтыпты.

Сонымен қатар, жазушы Н.Әбуталиев өзiнiң 1991 жылы “Жалын” баспасынан шыққан “Сегiз серi” атты зерттеу еңбегiнiң бүтiндей бiр бөлiгiн Қожаберген жырауға арнағанын айтуға мiн-деттiмiз. Осы аталған автор Толыбайсыншыұлы (1663-1763 жж.) ақынға арнап, “Ордабасы Қожаберген” атты монографиялық еңбек жазып, ол 1995 ж. “Жетi жарғы” баспасынан жарық көрдi. Сол Н.Әбуталиевтiң 1998 жылы баспа бетiн көрген “Шоқ жұлдыз” де-ген зерттеу еңбегiнен де Қожаберген жырау орын алды. Осы сөз зергерiнiң 1986 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген “Өттiң дүние” повесiнде Қожаберген жырау тұлғасының сомдала түскенi байқалды.

Қожаберген жырау да, оның жолын қуушы мұрагерлерiнiң бiрi — Сегiз серi Баһрамұлы да 1989 жылы жарық көрген Қазақ кеңес энциклопедиясының қысқаша төрт томдығының төртiншi томынан орын алды. Онда да “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырын 1723 жылғы қазақ халқына келген iрi апат кезiнде шығар-ғандығы айтылған. Сонымен қатар, “Елiм-ай” жыр-дастанының бiрiншi бөлiмi толығынан және екiншi бөлiмiнiң бас жағы “Дала дидары”, “Ауыл” газеттерiнiң беттерiнде 1991-1992-1993 жж. жарық көруi де ақтаңдақ орнын ретiмен жаба түскендей.

Солтүстiк Қазақстан облысының (Қызылжар аймағының) топырағында бұрынғы — соңды дүниеге келген ақын-жыраулардың (Кеңес дәуiрiне дейiнгi) өмiрлерi мен қоғамдық қызметтер туралы деректер мен шағармаларының дер кезiнде жиналмай — зерттелмей қалуына, бiрiншiден, облысымызға 1936 жылға дейiнде, одан кейiн де әдеби-тарихи экспедицияның сапарларға шықпауы себеп болды. 1936 жылы жазда жазушылар:

Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Ғабит Мүсiрепов — үшеуi бастаған бiр топ әдебиетшiлер мен тарихшылар экспедиция жасаған. Олар облысымыздан Қожа-берген жыраудан бастап, Бiржан Берденұлы ақынға дейнгi ақын-жыраулардың өмiрлерi мен қоғамдық қызметтерi туралы деректер мен олардың шығармаларын жинапты. Алайда аталмыш экспедициялық топтың жинаған мұралары 1937 жылғы зобалаңда құрып кетiптi. Екiншiден, облысымыздан не әдебиет зерттеушiсi, не тарих зерттеушiсi, не ән-күй зерттеушiсi шықпауы да ақын-жырау, шешен бабаларымыздың еңбектерiнiң зерттелмей қалуына тағы себепкер болды. Қожаберген жырау шығармалары, әсiресе, “Елiм-ай” тарихи жырының бiрiншi бөлiмi және екiншi, үшiншi бөлiмдерiнiң үзiндi-лерi, “Баба тiл” дастаны және басқа өлеңдерi туған республика-мыздың әр облысында тұратын жекелеген азаматтардың абдыра-сының түбiнде сақталып, бiздiң кезеңге жеткен. Ел iшiнде “Ата тек”, “Қойлыбай әулие”, “Қызылжар” дастандарының үзiндiлерi, “Үш би”, “Үш Тәуке”, “Үш құрдас”, “Күлдiрмамай”, “Едiге биге”, “Жетi жарғы” және басқа өлеңдерi ұшырасып қалып жүрдi.

Толыбайсыншыұлы ақын “Бағылан баба”, “Фархад баһадұр”, “Ғадыл Танаш”, “Едiге баба”, “Балға-Балта батырлар”, “Ер Аббас”, “Ер Көшебе”, “Ата тек”, “Баба тiл”, “Алтай батыр”, “Елiм-ай” және басқа көптеген дастан, “Қойлыбай әулие”, “Бiлерсiң”, “Күлдiрмамай”, “Жетi жарғы”, “Үш би”, “Қайран, жастық”, “Едi-ге биге”, “Жастық”, “Ақсауыт”, және басқа бiрталай өлеңдер, “Бүркiт қонған”, “Көк Есiл”, “Айша”, “Қызылжар”, “Қайран, Арқа”, “Елiм-ай”, “Қалмақ қырылған”, “Ел айырылған” және бiраз күйлер шығарса да, оның толып жатқан шығармаларының ба-сым көпшiлiгi бiздiң кезеңге келiп жетпедi. Қожабергеннiң әндерi мен күйлерiнiң соңғы орындаушысы Iргебай Қоржынкөлұлы (1891-1966 жж.) осыдан отыз жетi жыл бұрын Ресейге қарасты Қорған облысының Макушин ауданындағы Күмiскөл (Қожаберген жыраудың Күмiс көлi атанған көл ғой) деген селода ауырып қайтыс болды.

Бұл күнде “Елiм-ай” әнiн Алматы қаласының тұрғыны, сәулет өнерi ғылымының кандидаты Төлеубек Сейiтқалиұлы Қараменде-тегi Орындап жүр.

Сонымен қатар, 1723 жылғы аса iрi апаттың халық ұғымында қалған атауы “Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама” деген сөз тiркестерi де Қожабергеннiң “Елiм-ай” жыр-дастанының бiрiншi бөлiмiнiң аяқ жығында келетiн мына шұмақта әдемi зерленген:

 

Атсыз қап жұрт жүрiсi шабан болды,

Халқыма аштық, соғыс жаман болды.

Басталып ел сұлауы Алакөлден,

Ақтабан шұбырынды заман болды.

 

Алакөлдi кейiн бiреулер жаңылысып Алқакөл деп керi ұғынған сияқты. Өйткенi, Алқакөл деген атақты үлкен көл қазақ даласында арғы-бергiде болған емес. Баба жырау бәйбiшесi Айшаны ертiп, сол 1723 жылдың қараша айында (бас кезiнде) өз елiне келе жатып, орталық Сарыарқадағы Қорғалжын көлi аймағында ағайын-туғандарымен, ұлдарымен, қызымен аман табысады. Өйткенi, Қожабергеннiң елi Керей-Уақ та, оған көшiп келiп паналаған Барабы, Барын, Ескер атты Сiбiр татарының рулары да, Шалабай Башқұрттары да 1723 жылы ала жаздай жоңғар қалмақ басқыншыларымен соғысып, ақыры жеңiлген соң, көше қашып, сол жылы жаздың аяғында Қорғалжын аймағына келiп қоныстаныпты. Оны Толыбайсыншыұлы батыр-ақын “Елiм-ай” жырының екiншi бөлiмiнiң басында айқын суреттеп кеткен.

Қожабергеннiң бәйбiшесiнiң есiмi — Айша, ол Кiшi жүз iшiнде Он екi ата Байұлыға жататын Есентемiр елiнiң басшысы Қабылан бидiң қызы екен. Толыбай сыншыұлы жыраудың Айшадан туған Әди, Әли, Әсет, Есет, Әбет, Науан, Мәди, Нәби, Ақыл, Бағдат, Мамай, Ноғай, Сағади, Тоқтамыс, Бектемiс, Бекет, Балқан есiмдi он жетi ұлы, Зейнеп есiмдi жалғыз қызы болыпты. Ақынның аттары аталған он жетi баласының жетеуi және ер жеткен он бiр немересi ұзақ жылға созылған ұлт-азаттық соғыста жау қолынан мерт болған екен.

Қожаберген жырау өмiр сүрген заманда Керей-Уақ бытырамаған, қалың ауылды, адам саны көп ел болыпты. 1723-1759 жылдары аралығында болған қанды айқастарда көп жауынгерлерiнен айырылса да, Орта жүз Керей-Уақ 1795 жылдың наурыз айына дейiн ара жiгi ажырамаған, ауыз бiрлiктi жұрт болыпты.

Орталық Сарыарқадағы Қорғалжын аймағында (қазiргi Ақмола облысының Қорғалжын, Вишневский аудандары мен Қарағанды облысына қарасты Теңiз ауданы жерлерi) Орта жүздiң Керей-Уақ елi сол Орта жүзге жататын басқа жұрттармен, Башқұрт, Ноғай, Сiбiр татары халықтарының бiраз руларымен, Кiшi жүздiң кейбiр тайпаларымен бiрге тұрмыстың қиыншылықтарын бiрдей көрiп, өздерiне нандық, атқа жемдiк егiп салып, аң, құс, балық аулап, 1723-1745 жылдар арасында сол өлкеде тiршiлiк еткен. Құрамында Шалабай Естектерi, Сiбiр Татары елдерi сарбаздары, Орта жүздiң Атығай, Қарауыл деген екi жасаң руының жiгiттерi бар Керей-Уақ жасағы қарт сардар Қожаберген жырау мен оның iнiсi Асқап ордабасының басшылығымен Шортанды мен Түмен арасындағы, Аманқарағай мен Үшбұлақ (қазiргi Омбi облысы мен Новосибирский облысының шектесектiң жерiндегi қоныс, ХIХ ғасырда осы ата мекенiнiң атымен аталған Үшбұлақ дуаны құрылған) аралығындағы орманды, көлдi, өзендi, қыратты қоныстарды жауға үстi-үстiне бас көтерместей, күйрете соққылар бере отырып, басқыншылардан 1745 жылдың жазының бас кезiнде толық тазартады. Сөйтiп, Керей-Уақ жұрты өздерiнiң ата мекендерiне қайта-дан көшiп барын орналасады. Оларға бұрын Ұлытау өңiрiн мекен-деген, 1724 жылы жазда қоныстарынан айырылған Атығай-Қа-рауыл руларыда iлесе көшедi. 1723 жылы жазда жоңғар қалмақ басқыншыларымен соғыста қырылып, артында ұрпақ қалмаған Керейдiң бес руының босап қалған жерiне Асқап ордабасының рұқсатымен Атығай-Қарауыл және Шалабай Естектерiнiң бiр топ елi көшiп барып қоныстаныпты.

Қожаберген мен оның iнiсi Асқап шора қоныстарын жаудан тазартқан соң, Керей-Уақтың билерi мен бектерiне, батырларына бұрынғыша төрт ауылға ортақ бiр медересе, бiр мешiт ашу туралы бұйрық бередi. Содан сол жарлық бойынша әрбiр төрт ауыл бiр медересе, бiр шағын мешiт ашу үшiн үйлер салуға кiрiседi, молдалар дайындау үшiн жас өспiрiмдер мен жас жiгiттердi арнаулы кiсiлерге ертiп, Бұхар хандығы қалаларына аттандырыпты. “Елiм-ай” жыр-дастанын Толыбайсыншыұлы жырау қолжазба арқылы елден-елге таратуды өз мирасхорларына өсиет етiптi. Баба өсиетiн орындауда жыраудың өз балалары мен немерелерi, шөберелерi және ақынның туған ағасы Қарабас тарханның ұрпақтары ерекше еңбек етiп, Толыбайсыншыұлы ғұламаның осы қолжазбаның 12-13 — беттерiнде аталған хисса-дастандарын, өлеңдерiн елден-елге қолжазбалар арқылы, әншiлер арқылы таратыпты.

Қожаберген жыраудың “Елiм-ай” эпопеялық жыры қазақ халқының сыртқы жауларға қарсы бағытталған жарты ғасырлық әрi әдiлеттi, әрi азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызы кесек тарихи шығарма. Жырдың бiрiншi бөлiмi де, жыр мен аттас келетiн Толыбайсыншыұлы өнерпаздың “Елiм-ай” әнi мен “Елiм-ай” күйi де 1723 жылғы күзде болған орасан қырғынды ел басына келген ауыртпалықты көпке сол күйiнде жеткiзуге бағышталған. Сонымен қатар “Елiм-айдың” бiрiншi бөлiмiн жартылай өмiбаян-дық дастан десек, ешбiр қателеспеймiз. Өйткенi, осы жырда Қожа-берген сазгер өз өмiрiнен бiрталай мағылұмат берген.

Толыбайсыншыұлы жыраудың “Елiм-ай” дастаны — бiр нұсқа-лы жыр. Оның кейбiр сөздерi ауыздан-ауызға көше жүрiп, өзгерiс-ке ұшырағанына қарамай, әркiмдердiң қолында жүрген үзiндiлерiн сол дастанның өзге нұсқалары деп терiс түсiнуден аулақ болайық. Егер сол үзiндiлердi бөлек нұсқа деп керiсiнше ұғынып жүрген адамдар әркiмдердiң қолында жүрген үзiндiлердi жинап әкеп, “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiнiң толық нұсқасымен салыстырса, олардың “Елiм-ай” дастанының бiрiншi бөлiмiнiң ел iшiн-де шашырап жүрген үзiндiлерi екенiн анық аңғарар едi. “Елiм-ай” жырын оқуға жұртшылық неге антық? Себебi:

Қо-жаберген шығарған “Елiм-ай” дастанының тарихи жағынан құн-дылығы өте зор! Қожаберген бабаның өмiр жолы да, оның тарихи шығармасы “Елiм-ай” да жастарды, жас өспiрiмдердi, жас бал-дырған шәкiртердi-отаншылдыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа, турашылдыққа, әдiлдiкке, татулыққа, ұйымшылдыққа, көпшiлдiкке, жауынгерлiкке, достыққа тәрбиелеуге үндейдi.

Сонымен қатар, Толыбайсыншыұлы сардар “Елiм-ай” жырында 1723 жылғы үлкен апат тек өзiнiң туған халқы Қазаққа ғана емес, туысқан да көршi Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Шалабай Башқұрттары, Сiбiр Татары халықтарына да кенеттен келген зор iндет екенiн ашық та дәлелдi түрде баяндап өтедi. Әрине, бұл жағдайды екiнiң бiрi бiле бермеуi де мүмкiн.

Ақын “Елiм-ай” хиссасының бiрiншi бөлiмiнде тек қана соғыс-тарды баяндап қоймай, туған халқымыздың жер-суларының бұ-рынғы кездегi атауларын, тұрмыс-салтын, кәсiбiн, елдiң iшкi-сыртқы саяси жағдайларын, көршiлес мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанын, түрiк тектес елдердi, Сiбiр татарына жататын руларды, қалмақтың шыққан тегiн, оның түрiк халқына жатпайтынын, қалмаққа жататын тайпаларды дұрыс, айқын түрде көрсетiп берген. Мұның кейiнгi ұрпақтар үшiн маңызы аса зор екенiне ешбiр дау жоқ. Қожаберген ақынның “Елiм-ай” дастанын дұрыс та жоғары бағалаған көрнектi бiлгiр адамдардың бiрi — халқымызды әскери қайраткерi, бiлiмпаз да аса дарынды, қадырлы жазушысы, атақты батыры, есiмi әлемге әйгiлi Бауыржан Момышұлы атаң:

Керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды өмiр сүрген қазақ ақында-рының бiрде-бiреуi қазақ жұрты жерiнiң көлемiн, шекарасын айқындап берген емес. Ол кiсiнiң “Елiм-ай” жыры — әскери дастан! Жас бала кезiмде оны әншiлердiң аузынан талай рет естiп едiм. Шiркiн, сол әскери дастан қайда бар екен? — деген болатын бiрде. Ал, қазақ халқының аса көрнектi ғылым қайраткерлерiнiң бiрi, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов: атаң “Көшебе керей Қожаберген ақын Толыбайсыншыұлының “Елiм-ай” дастаны — тарихи эпопеялық жыр. Әрi сол “Елiм-ай” ерлiк хиссасының бiрiншi бөлiмi — 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған iрi апаттың суретiн ел көзiне елестеткен бiрден-бiр тарихи құжат!” — деп тұжырып едi. Осы мазмұндас ба-ғаны академик-жазушы Ғабит Мүсiрепов, академик Әлкей Мар-ғұлан, академик Ақай Нүсiпбеков, тарих ғылымының докторлары:

Бек Сүлейменов пен Төлтай Балақаев ағаларың да кезiнде шегелеп айтқан едi. Қожаберген жыраудың бiздiң кезеңге жеткен екi дастанының бiрi — “Елiм-ай” болса, екiншiсi — “Баба тiл”. Бұл дастанды қазақ ауыз әдебиетiндегi бiзге жазбаша түрде жеткен тұңғыш көне шы-ғармалардың бiрi емес, бiрегейi деу керек. Дастан мазмұнын екiге бөлуге болады. Бiрiншi бөлiмде жырау қазақ шежiресi туралы, қазақ халқының қалыптасуы, құрамы жайында өз пайымдауларын жазса, екiншi бөлiмде баба тiлi — қазақ тiлi туралы, қазақ тiлiнiң тарихы, жазба тiлiне және көне тiл, бай тiл екендiгiне, ғылыми талдау жасайды. “Баба тiлдi қастерлеу — Азамат ерге лайық”, — деп, туған тiлдi қадiрлеуге, құрметтеуге, жетiк бiлуге шақырады. “Елiм-ай” дастанынан және лирикалық өлеңдерiнен Қожабер-геннiң қол бастаған батыр, сардар, ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, топ жарған ақын-жырау екенiн бiлсек, “Баба тiл” даста-нынан оны басқа қырынан шежiрешi, тiл блiмiнiң маманы, ғалым екенiн аңғарамыз.

“Баба тiл” дастанының мазмұны Әбiлғазы баһадұр хан (1603-1663 жж.) мен оның “Түрiк шежiресi” деген атақты да көлемдi ең-бегiн сынаудан басталады. Бұл еңбектi кезiнде хандардың хронологиялық тiзбесi ғана”, — деп, “Қазақ шежiресi деген еңбегiнде Шоқан Уәлиханов та, “Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiрешi” деген еңбегiнде Шәкерiм Құдайбердiұлы да сынаған болатын. Ал, олардан бұрын Толыбайсыншыұлы жырау былайша сынайды:

 

Бiле тұра ол сұлтан,

Еске алмапты Үш жүздi.

Соның үшiн, жарандар,

Айтпақ болдым бұл сөздi.

Айналайын, Үш жүзiм,

Әбiлғазыға налыма.

Шежiресi бар елiмнiң,

Қоймаспыз жатқа жалына.

 

Қожаберген жырау “Қазақ” және Үш жүз жеген ұғымдар бiр жұрттың екi атауы болып, бiрдей шыққан сөздер деген пiкiр айтады:

 

Қазақ деген атауға,

Iлескен Үш жүз есiмi.

Бiр жұрттың екi аты боп,

Тағдыры ерте шешiлдi.

Шыңғыс ханнан көп бұрын,

Қазақ пен Үш жүз бар атау.

Сөзiме нан, жәмиғат,

Болмасын көңiл еш жадау.

 

Сөйтiп, батыр-жырау “Қазақ” пен “Үш жүз” атауларының Шыңғыс ханға дейiн пайда болғанын үзiлдi-кесiлдi айтады. Сонымен қатар, “Баба тiл” дастаны ауыздан-ауызға көше жүрiп, оның сөздерi өзгерiске ұшырағанын байқадық. Мысалы:

Оны Керей, Жәнiбек дегеннiң орнына Әз Жәнiбек деген сөздiң қолданылуынан аңғарамыз. Шыңғыс хан жорығының алдында ғана халық боп қалыптаса бастаған қазаққа Хорезм мемлекетiнiң құрамында хандық болуы мүмкiндiгi туса да, Шыңғыс ханның шабуылына тап боп халық болу дәрежесiнен айырылып, Хандық та бола алмай, тоқырау кезеңi басталып, екi жарым ғасырдан кейiн қайта қалып-тасып, Керей, Жәнiбек хандардың тұсында қайта хандық болып, қазақша жазба қайта қалыптасқан екен.

Көлемi 325 шумақ “Баба тiл” дастанының бiзге жартысынан көбi жеттi. Алайда Жейхұндария, Сейхұндария, Едiл-Жайық өзен-дерiнiң бойларын, Кердерi, Атырау теңiздерi жағалаларын, Орал тауы мен оның батыс, шығысын, Батыс және Шығыс Сiбiр аймақ-тарын, Алтай тауын, Тәншан тауын мекендеген түрiк жұрттарында Х-ХI ғасырда, яғни Хорезм шахы Мұхаммедтен әлдеқайда бұрын сонау Алаша ханның тұсында Есiләм дiнiнiң толық орнығып, салтанат құрғанын, араб әрпiнiң негiзiнде Түрiк ғарпы пайда бо-лып қалыптасқанын баяндаған “Баба тiл” дастаны шумақтарының түсiп қалғаны, яғни естен ұмытылғаны кiмдi де болса, қынжылтарлық жайт.

 

Керей ханның кезiнен,

Екiншi рет таңба iске асқан.

Арабтың ғарпын кегiзге ап,

Қазақша жазу құрасқан.

Таза қазақ тiлiнде,

“Жетi жарғы” жазылған.

Әз Тәукедей ханымыз,

Жоқ едi елдi аздырған.

 

Өткенде дейiн Әз Тәуке,

Қолданды ел қазақ таңбасын.

Осы күнде сұлтандар,

Қолға алды Татар жазбасын.

Үш жүз жылдан аса уақыт

Қазақша жазды ел жазуын.

Сөйте тұра көрдiң бе,

Бектердiң бүгiн азуын,

 

— дейдi де “Сұлтандарға ермеңдер, қазақша жазуларыңды тастамаңдар”, — дейдi.

Дастанның бiр топ шумақтары баба тiлдi — ана тiлдi қадiрлеуге, құрметтеуге, пайдалануға, тазалығын сақтау туралы насихатқа арналған. Жыраудың бұл насихат сөздерiн өзiнен артық сөзбен жеткiзу қиын, сондықтан үзiндi келтiрейiк:

 

Баба тiлдi сақта деп,

Айтып тұрмын жалрыға.

Ақындардың жырларын

Салып көр деп талқыға.

Кезiң жеттi Үш жүзiм,

Ашатын анық көзiңдi.

Түрiктiң басқа ұлынан,

Кем санама өзiңдi.

 

* * *

Осы тiлдi жек көрген,

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен,

Баба тiлiң асыл — дұр.

Пайдалан қазақ сөзiңдi,

Жазғанда өз қалпында.

Туған тiлдi құрметте,

Кiр жұқтырмай салтыңа.

 

Бұдан әрi жырау қазақ тiлiнiң қалыптасу тарихына тоқталады. Қазiргi қазақ тiлiнiң байлығы бiр ғасырдың ғана жемiсi емес, мың жылдан артық уақыттың жемiсi дей келе, түрiк тектес халықтар тiлдерiнiң iшiндегi ең сөзге бай, дамыған тiл дейдi. Ақынның бұған дәлелi: тiлiмiздiң оралымдылығын, бiрнеше мағына беретiн сөдерiң көптiгi және көптеген сөздердiң бiр мәнде келетiнi яғни қазіргіше айтқанда, синонимдiк қатардың көптiгi.

“Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi бар”, — дегендей, қорыта келгенде, Қожаберген жырау Толыбайсыншыұлының Қазақ тарихынан да, Қазақ әдебиетi тарихынан да өз орнын алатын уақыты жеттi.

“Иә, өлмейтiн жан жоқ. Абай баба айтқан “Өлдi деуге болама, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, — дегендей, қазақ халқының үш ғасырлық жүрек жарды жыры “Елiм-айдың” авторы Қожаберген жырау өз халқымен мәңгi бiрге жасайды. Қожаберген есiмi Әз Тәуке хан, Абылай хан, Әбiлхайыр хан, Бұқар жырау, Әйтеке би, Төле би, Қызыбек би сияқты ұлтымыз-дың ұлыларының қатарында Отан тарихында хатталады”. (М.Қ. Қозыбаев, ұлттық ғылым академиясының Академигi, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы тарих және этнология институтының директоры. Дауылпаз баба — Қожаберген (Қожа-бергентану проблемалары хақында)).

 

ШАЙМҰРАТ СМАҒҰЛОВ, экономика ғылыдарының  докторы, Солтүстiк Қазақстан  университетiнiң профессоры. Россия академиясының корреспондент мүшесi.

ҚАРАТАЙ БИҒОЖАҰЛЫ, Ауыз әдебиетiн зерттеушi.

 

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР — ЖЫРАУ ШЕЖIРЕСI

 

Қожаберген батыр — жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды. Бiздiң солтүстiк өңiрде Керей шежiресiн алғаш рет ұрпаққа мұра етiп қалдырушы Ашамайлы Керейдiң Көшебе руынан шыққан атақты қолбасшы батыр, Қожаберген жыраудың ұлы атасы Дәулен Таузарұлы болған. Бұл үлкен шежiре содан қолдан-қолға өтiп жүрiп, ақыры Сегiз Серi Баһрам ұлына (Дәуленнiң жетiншi ұрпағы) келiп жеткен.

Сегiз Серi өзге өнерiмен қоса үлкен шежiрешi — жылнамашы да болған. Қазақ халқының шежiре-тарихын да мол жинаған. Шежiре туралы былай деп жазып кеткен: “Шежiре — ата айтысу үшiн емес, тарих үшiн, туыс адамдар бiр-бiрiмен қыз алысып қоймау үшiн, кiмнiң кiмге жақын екенiн бiлу үшiн де керек”, — деп жазған. Ол жинаған қазақ халқының шежiре жылнамасы Қазақ Ғылым Академиясы-ның Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының қазақ тарихы бәлiмiнде және қазақтың көне мәдени, тарихи ескерткiштердi қорғау қоғамының Орталық кеңсесiнде сақтаулы тұр (папка N853, бiрiншi тiзiм). Керей шежiресiн Сегiзден кейiн жалғастырған, жинастырған, хаттаған, архивке тапсырған Тәшмұхамед (Тәштит) Тәбейұлы Барлыбаев болған. Осы Керей шежiресi кейiнгi ұрпаққа осы Тәштит арқылы жеткен. Тәштит терiскей арқадағы үлкен шежiрешi адам болған (Қолжазбадан 125-126 бет).

Сондықтан да болар осы шежiреде Керейдiң Көшебе атасының шежiресiн толық жазған. Осы шежiреге қосар тағы бiр ойымыз — бұл шежiре бiрден-бiр сауатты шежiре болуы керек, өйткенi түпкi авторы Дәулен тархан Таузарұлы жетi ұлттың тiлiн бiлген дана адам болған, шежiренi жалғастырушылар: Толыбай — Қожаберген — Сегiз Серi — Тәбей және Тәштит Барлыбаевтар сауатты және өз кезiнiң озық адамдары. Ендi осы Керей шежiресi бойынша Қожаберген әулетiнiң аталарын таратайық. Керей — тайпалық одақтың арғы атасы. Ұраны — Ошыбай. Таңбасы — ашамай ((). Керей руының ата қонысы жайлы Қожаберген жырау өзiнiң “Ата тек” деген дастанында былай дейдi:

 

Атанған бабам Ғали — “Ашамайлы”

Өсiрген мыңдап тайлақ, құлын-тайды

Сiбiрге ұрпақтары қоныстанып

Ел болып ерте кезден қанат жайды.

 

Шалқар көл, ну орманды Сiбiр жерi

Сiбiрдi мекен еткен Керей елi

Егiн сап, күн көрудiң қамын ойлап.

Бас қосып кеңес құрған би мен бегi.

 

Ғали (Ашамайлы) шежiре бойынша IХ ғасыр өмiр сүрген адам. Керей руының мекен жерiне арнайы тоқтап жатқанымыз, кейбiр тарихшылар Керейлердi Сiбiр жерiне кейiн, қалмақтардан ығысып келген деген пiкiр айтып жүр: Керей руының мекендеген жерi жайлы Қожаберген жырау “Елiм-ай!”атты дастанында да:

Мекендеп Тобыл, Ертiс екi арасын

Қ азақтың күйге бөлеп ен даласын

Сауықшыл Орта жүздiң Керейi едiк

Үш жүздiң жат көрмеген еш баласын, — деген.

 

Керейден бiр бала — Мәңлiқаған. Одан екi бала — Арыстанбек, Асланбек. Арыстанбектен бiр бала — Наурызхан. Одан екi бала — Ғали (Ашамайлы), Меркiт. Ғалидан — Бағдат батыр. Одан екi бала — Төбей, Көбей. Төбей биден екi бала — Бабай, Әзизбек. Әзизбектен бiр бала — Тұрсынхан сардар. Одан үш бала — Жарғақ, Балдақ, Қоянбай. Жарғақтан екi бала — Қажыхан, Қазихан. Қажыханнан бiр бала — Әлмұхамед. Одан үш бала — Уызбек, Уызхан, Уызбай. Уызбектен екi бала — Қанай, Жанай батырлар. Жанайдан бiр бала — Бағлан би. Бағлан би осы күнгi Солтүстiк өңiрдегi көп керейлердiң түп атасы болып есептеледi. Бағлан бидiң бейiтi Ресейдiң Қорған облысының Половинка (Ақсиыр) ауданына қарасты Звериноголовка (Бағлан) қалашығының түбiнде, Тобыл өзенiнiң жағасындағы Керей тоғайында жатыр. 1928 жылға дейiн ол жерде атақты Бағлан жәрменкесi болғаны тарихтан мәлiм. Бағлан би өз заманында қазақ халқының айтулы көсемдерiнiң бiрi болған.

Бағлан бидiң Бопай есiмдi әйелiнен Архад, Фархад, Сарымұрат туады. Фархад батырдың Гүләндам есiмдi әйелiнен үш бала — Танаш, Аббас, Манас туады. Танаш би Фархадұлы өзiнен жасы кiшi Өзбек ханға ақылшы болыпты. Сөйтiп ол өз заманында Алтын Орда хандығының көрнектi адамы — әдiлқазы би атаныпты. Танаш бидiң балалары: Балға, Балта, Едiге, батырлар әр кезеңде Мамай, Тоқтамыс хандардың әскер басы қолбасшысы болған. Кейiн олар Ақсақтемiрдiң әскерiн басқарыпты. Едiге батыр Әмiр-Темiр әскерiнiң тобын бастап жаумен соғысып жүргенде ауыр жараланды. Ол сарбаздарына өзiн Ұлытаудың ең биiк шыңына жерлеңдер деп өсиет етедi. Ақыры солай жерленедi.

Танаш бидiң Манас есiмдi iнiсi майданда қаза болады да оның келiншегi Сәлиман жесiр қалады. Ақылды бәйбiше Айша ұрпақ көбейту мақсатымен қайнысының әйелi Сәлиманды өз ақсақалы Танаш биге қосады. Танаш биден 15 бала туады, оның 18-сы — Балға, Балта, Едiге, Есен, Аман, Аспан, Ақпан, Сапу, Қаңтар, Орал, Одақ, Орман, Көшебе, Мамыр — Айша бәйбiшеден, бiреуi — Тарышы Сәлиманнан туады.

Танаш өзiнiң үлкен баласы Балғаға Сiбiр татарының бегi Ағайынбектiң қарындасы Ғалия сұлуды әпередi. Одан Әзiм есiмдi жалғыз ұл туады. Әзiм туғаннан кейiн көп ұзамай Танаш бидiң әйелi Айша ел жайлауға көшкенде көш үстiнде босанып ұл туады. Баланың атын көшiп келе жатқанда туды деп Көшебе қояды. Ел жайлауға көшiп барғанда Танаштың iнiсi Аббас батырдың әйелi Бәтиха да босанып ұл табады. Оның атын Жайлаубек қояды. Әзiм туғаннан кейiн екi шешесi де ұл тапты, арты құтты болды деп жеңгелерi Әзiмдi “сыйлы” бала деп, содан Әзiм “Сыйбала” атанып, келе-келе “Сыйбан” атанып кеткен. Керейдiң Сыйбан руы осыдан тараған. Танаш бидiң ортаншы баласы Балта батыр әртүрлi мұсылман халқынан 11 сұлу қызды атастырып алған екен. Солардан ол 47 ұл көрiптi. Осылардан тараған ел Балта Керей аталған.

Керей елiнiң қара шаңырағы Танаш бидiң бәйбiшесi Айшадан туған кейiнгi ұлдарының бiрi — Көшебе батырда қалған екен. Кейбiр шежiрешi — ғалымдар шежiре кiтаптарында XIV ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрген Көшебе батыр Танаш би ұлы мен сол Танаштың iнiсi Аббас батырдан тараған Кешубай батырды алмастырып алып жүр. Кешубай сардар жас кезiнде әскер бастап, Сiбiр татарларына көмектесiп, ел қорғап, жер-су үшiн орыстармен соғысып, Том өзенi мен Кемер арасында көшiп-қонып жүрiптi. XVII ғасырда өмiр сүрген Аббас керей Кешубай батырдың сүйегi туған ауылының маңындағы бейiтке, қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылы мен Суаткөл ауылдарының арасында бұрын болған қорымға жерленiптi. Кешубай қасиеттi зор кiсi болса керек: бұл жер болып кеткен Кешубай бейiтiнiң үстiнен жүргiзiлген грейдер жолда ылғи машина, мотоцикл аударылып, кiсi өлiмi болып тұрады. Бұны сол маңайдағы ауылдың адамдары жақсы бiледi. Кешубайды орыстармен қалмақтар “Кочубей” деп атаған екен. Оның ұрпақтарын 1723 жылы жазда жонғарқалмақ басқыншылары-ның қанды-қол әскерi зеңбiрекпен атқылап қырып тастапты. Көшебенiң он бiрiншi ұрпағы Қожаберген жырау былай дейдi:

 

Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе

Қай батыр тең келiптi Көшебеге,

Қазақтың кейiнгi жас батырлары

Жұрт ұстап, Көшебедей меңгере ме?

 

Шежiреге, тарихи деректерге, Қожаберген жыраудың “Ата тек”, “Баба тiл”, “Елiм-ай!” дастандарына сүйенсек, Көшебе атасынан тараған жұрттың ата мекенi Омбы, Ертiс өзендерiнiң бойында болған. Шежiре бойынша Көшебе батыр бiр соғыста ауыр жараланып, оны ауылға үлкен баласы Жауынгер мен сарбаздары найзаға салып алып келедi. Қазiргi Омбы қаласы орналасқан жерге жерленген. Қожаберген жырау “Елiм-ай!”дастанында:

 

Оқ атып дамыл бермей қалмақ елге

Сын болды қол бастаған бiздей ерге

Шегiне соғыс салып ақырында

Тiрелдiк Танаш көл мен Абақ көлге.

 

Бекiнiп екi көлдiң арасына

Шатырды тiгiп судың жағасына

Отырдық Көшебе орман қойнауында

Жауынгер дәрi жағып жарасына.

 

Тоқтаттық Есiлкөлде қалың жауды

Үздiксiз шабуылдап есе бермей…, — деген.

Осы өлең жолдарында аталған жер-сулар, орман — бәрi Омбы қаласының маңында.

Көшебеден 15 бала — Жауынгер, Жәдiгер, Жанқорыс, Жазы, Жомарт, Жарқынбек, Жанат, Жауғашты, Жалайыр, Жандарбек, Жантелi, Жұмат, Жаған, Жанәбiл, Жанкелдi туады. Жауынгерден тараған ел Үлкен Көшебе, немесе Жауынгер Көшебе деп аталады. Себебi, Жауынгер Көшебе батырдың бәйбiшесi — Балумәржаннан туған тұңғышы екен. Ол тұралы Қожаберген жырау “Баба тiл”атты тарихи дастанында:

 

Көшебе тұңғышы

Жауынгер баба ер болған

Темiрдiң қолын басқарып,

Мұсылманға бел болған.

Жауынгерден өрбiген

Үлкен Көшебе Керейде…, — деп жазған.

 

Жауынгерден — Асылболат, одан екi бала: Байбол, Бибол туады. Байболдан — Алдаспан, одан Шiлiкшi би туады. Шiлiкшiден — Жаңбыршы, Бораншы, Құланшы, Аққас, Қарақас, Жастабан, Жолжақсы есiмдi — 7 батыр ұл туған. Жаңбыршыдан 3 бала: Ораз, Шәмiл, Мәмiл туады. Ораз батырдан — Айболат, Байболат, Биболат, Ерболат, Есболат, Жанболат, Ақболат, Сойылгер, Найзагер, Қаншыгер, Сойырғаш, Еламан, Жоламан, Таузар, Баузар, Қанжарбек, Қылышбек — 17 ұл туады. Таузардан — 9 бала: Дәулен, Мәулен, Дәурен, Ақсары, Бексары, Жансары, Базар, Назар, Күжiгiр.

Таузардың үлкен баласы Дәулен баһадур XVI ғасырдың екiншi жартысы мен XVII ғасырдың бiрiншi ширегiнде өмiр сүрген, ол көп жыл бойы Қазақ — Қарақалпақ — Ноғай халықтарының бiрiккен әскерiн басқарып, ордабасы тархан деген әскери атақтар алған кiсi екен. Дәуленнен — 15 бала: Малыбай, Аулабай, Жақсыбай, Садақбай, Тұрсынбай, Наурызбай, Арғынбай, Қыпшақбай, Уақбай, Толыбай сыншы, Ертiсбай, Жарқынбай, Қарқынбай, Барқынбай, Арыстанбай.

Толыбай сыншы арқадағы Керей руының басшысы, атақты әскер басшысы болған. Сонымен бiрге ол алдағыны болжайтын көреген, адамды да, атты да, құсты да сынайтын сыншы, қара қылды қаң жарған әдiл би, айыр көмей, жез таңдай шешен, ат сүрiнгенше ақыл табатын дейтiн адам болған. Гүлтөбеде көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының бiрiккен әскерiн басқарып, ордабасы-баһадүр деп атанған. Шешендiгiн, әдiлдiгiн, сыншылдығын кезiнде бүкiл қазақ халқы қадiр тұтқан. Толыбай сыншыдан — 23 бала туған: Майлы би, Өтежан, Өтеген, Өтебай, Өтеулi, Өтебек, Өтегелдi, Қарабас, Өмiр, Әмiр, Темiр, Батыр, Бабыр, Бадыр, Едiл, Жайық, Оралбек, Тобыш, Барқыт, Өтеғұл, Өтепберген, Өтемiс, Қожаберген жырау. Қожаберген жырау ағасы Қарабастың тәрбиесiнде болған адам. Сегiз Серi осы Қарабастан тарайды. Қарабас тарханның шежiресiн таратпастан бұрын Қарабас Толыбай сыншыұлы тұралы ел аузында сақталып қалған аңыз-әңгiменi айта кетейiк.

1647 доңыз жылы бiр күнi ауылға кенеттен жау тиiп, қалмақ шапқыншылары бiр топ саяқ атты айдап, соған қоса он төрт жастағы Қарабасты тұтқындап әкетедi. Арада бiрнеше күн жол жүрiп, өздерiнiң мекенiне жеткен жаулар аяқ-қолы бұғауланған жас өспiрiм Қарабасты басқа да олжамен бiрге хонтайшыға әкеледi. Хонтайшы Қарабасты бiр қалмақ шонжарының қарамағына жiберiп, тұтқын баланы кiсендеп ұстауды тапсырды. Дұшпандар қолға түскен жас баланы келеке етiп, аяғына кiсен салып, бетiне күйе жағып, өздерi соған мәз болыпты. Бiр күнi тұтқын бала кiсеннiң шынжырын сүйрете жүрiп, тезек теруге барғанда, жылқының бас сүйегiн тауып алып, әрi-берi аударып қарап, оның тұлпардың басы екенiн таниды. Ол басты өзi жататын қамыс лашыққа алып келедi. Сол баспен Қарабас ылғи мұндасады екен. Сонда ол оған: “Сенi тұлпардың басы деп кiм айтар, менi Толыбай сыншының баласы деп кiм айтар?” деп мұңын шағады екен. Қазақ баласын күзететiн қартаңдау қалмақ жас жiгiт көзiнде қазаққа тұтқын болып, сонда қазақ тiлiн үйренген екен.

Күзетшi қалмақ бiр күнi жылқының қу басын қолына ұстап, өзiнен-өзi сөйлеп отырған Қарабастың сөздерiн сыртынан келiп тыңдап алады да, қалмақ шонжарына барып оның әкесiне тартқан сыншы екенiн айтады. Қарабастың түр-тұлғасына қарап жоңғар шонжары да оны тегiн бала емес деп ойлаған екен. Ендi оның сол ойын күзетшi шал расқа шығарып тұр.Жонғар тайшысы күзетшi шалға Қарабасты алдырады. Қалмақ тайшысы:

“ Сен қазақтың қай батырының баласысың?”- деп сұрапты. Қарабас:

“ Мен Толыбай сыншы ордабасының ұлымын”- деп тура жауап қайтарыпты. Қалмақтың шонжары оған тағы да: “Сен ат сынауды бiлесiң бе?”- деп сауал қояды. Қазақ баласы:

“ Ептеп ат сынауды бiлемiн!”- деп жауап бередi. Хонтайшы: “Менiң жылқыларымның iшiндегi тәуiр аттарды iрiктеп, соның iшiнде тұлпар бар ма екен, бiлiп бер!”- дейдi.

Қарабас қалмақ тайшысының үш мың бес жүз жылқысын аралап, тәуiр ат болуға жарайтын асауларды көрсетiп, жылқышыларға ұстатып үйретедi. Алайда бес жүздей жақсы аттың iшiнде тұлпар жоғын Қарабас қалмақ шонжарына ашық айтады. Табылса құнын артығымен төлеп, сатып алмақ болып келiсiп, қасына Қарабасты ертiп, бiрнеше қалмақ байларының жылқыларын аралап, аттарды сынап көргенде тұлпар таба алмайды.

Содан олар ауылына қайтып келе жатса, бiр өзеннiң жағасындағы лашықты көредi. Ол бiр қалмақ балықшы шалдың лашығы екен. Сол үйдiң маңында екi жылқы жүргенiн Қарабас алыстан көредi. Сыншы қазақ баласы “Ана екi жылқыны көре кетейiк”- деп, өтiнiш қылады. Екi жылқының бiрi — торы ала бие, бiрi — арық қара кер ат екен. Қарабас аттан түсе қап, биенi де, атты да айнала жүрiп қарап шығып: “Арықтығына қарамаңыз, қара кер бестi нағыз тұлпар болатын жылқы екен. Орнына жетектегi аттардан екi ат берiңiз де, осыны алыңыз. Ал, ана бие де жақсы екен. Бiрақ ол тұлпар болатын құлын таппайды”- дептi. Жоңғар тайшысы балықшы шал мен кемпiрдi шақырып алып, оларға екi күйлi ат берiп, арық қара кер бестiнi алып кетiптi.

Ауылына бiр күндiк жер қалғанда олар тағы да өзен бойында отырған екi балықшыға кез болады. Сыншы Қарабастың айтуымен жоңғар тайшысы екi балықшыға екi-екiден төрт ат берiп, екi арық бестi жетелеп жүре берiптi. Үйiне оралған соң, тайшыға Қарабас үш арық бестi атты күтудi өз мiндетiне алатынын айтқан екен. Тайшы ендi Қарабасты еркiндiкте ұстайтын болыпты. Қазақ баласы үш арық бестiге жем-шөптi мөлшерлеп берiп, оларды жақсы бағады. Аттарды баққанына бiр жыл толғанда тұлпар торы атты сойғызыпты. Сонда торы аттың бел омыртқасының сүйегiн сүйемдей жерi қызыл-қоңыр болып, арқа сүйегiнiң басқа жерi түгелдей ағарғанын көрiптi. Қарабас: “Тұлпардың сүйегi түгелдей ағаруға әлi бiраз уақыт бар екен!”- дептi қалмақ тайшысына. Арада тағы бiр жыл өткен соң, Қарабас жоңғар тайшысына айтып, тұлпар емес көк атты сойғызыпты. Бала оның сүйегiнiң екi елi жерi әлi ағармағанын байқаған екен.

Үшiншi жылы күздiң басында қазақ баласы қара кер тұлпарды мiнiп, әрi-берi жүрiп, атты ылғи суытып, таң асырып қояды. Ол тұлпарды өзi баптап күтү үшiн жоңғар шонжарынан рұқсат сұрапты. Қалмақ тайшысы оның тiлегiн қабыл алыпты. Қарабас әкесiнiң және басқа да атбегiлердiң сәйгүлiктердi қалай таңдап, қалай баптағанына көзi қанық болып өскен жас екен. Ол соны iс жүзiнде өзi де қолдану үшiн үш жыл бағып, сүйегiн ағартқан қара кер тұлпарды мiнiп, әуелi аса көп, қатты жүрмей, аз ғана шыға жүрiп, үнемi суытып, таң асырып қойып жүрген екен. Ол тұлпарға жем ретiнде тазаланған арпа, не сұлы және жалқыға жұғымды қара шөп берiп отырыпты. Жемдi қара керге шамалап, ретiмен берiптi. Себебi аяңдатып, кейде желiп, кейде шоқытып, кейде шауып жүрiп, келгеннен соң кермеге байлап, суытып, таң асырып, терiн алған атқа жемдi ел жата, түн ортасы ауа, таңға жақын беру керектiгiн Қарабас жақсы бiледi екен. Тұлпарды баптап жүрген ол ұйқыны азайтып, сергек жүрiптi. Талай таңды көзiмен атырған екен. Әдетте ол тұлпарды суытқан соң, отқа қоятын бопты.

Суытпаған, не таң асырылып терi алынбаған жылқы семiз кезiнде тез бұзылатынын, яғни қызыл май болатынын Қарабас бiлiптi. Тұтқын қара кер тұлпарды күз, қыс бойы баптап, бәйгеге қосуға жаратыпты. Тұлпармен елiне жетудi армандаған Қарабас қалмақ тайшысының: “Таңдаған қызыңды әперем” дегенiне амалсыз келiсiп, қыз көрудi кейiнге қалдырыпты. Құдай оның көктен тiлегенiн жерден берiп, жаздың басында хонтайшының iнiсiнiң баласы келiншек алатын болып, соның тойына зор дайындықпен баратын болыпты. Сонымен қатар сол тойда болатын ат жарысында Қарабас баптап, қыс бойы оқтаудай боп жараған қара кер тұлпарды қосатын сәт туды. Атқа Қарабастың өзi мiнiп шабатын болған екен. Сондықтан ол тұлпардың кекiлiн түйiп, үкiлеп, жалын тарап, құйрығына шоқ тағыпты. Ат айдаушы жүйрiктердi белгiлi жерден жiберер алдында астындағы ер-тоқымның үстiне екi басына орталап құм салынған қоржынды байлап, үстiне өзi отырып, аттардың артында кете барады. Бәйге аттарға мiнген балалар тиiстi жерге жетiп қонып, ат тынықтырып, өздерi де дем алыпты. Ертеңiне ат жарысы басталған кезде де Қарабас қара кер тұлпардың екi бүйiрiне құм салған қоржынның екi басын теңдеп алып, сәйгүлiктер қарасын үзгенше, артында келе жатыпты. Бәйге аттардың алды ортасынан ауды-ау деген кезде тұлпардың құлақ шекесi аздап терлей бастайды, көзi шырадай жанып, iлгерi қарай шаба бередi. Сол шақта ол тiзгiнiн тартып, ат басын тежеп, қоржынды ат үстiнен алып тастап, жұлдыздай аққан тұлпардың көздерiн жiбек орамалмен сыпай сүртiп, екi тiзгiндi iркiп ұстап отырып, барлық жүйрiктердi басып озыпты. “Қазақ! Қазақ!” деп ұран салып, қарақшыдан өте шығып, ат басын тежеп, жоңғар тайшысына қарап: “Бәйге сенiкi, тұлпар менiкi. Ер туған жерiне, ит тойған жерiне, қайыр қош, аман болындар!” дептi. Дереу ат басын бұрып алып, жолға түсiп, “Алаштап!” ұран салып, iлгерi қарай жөнеле берiптi. Былай шыға Қарабас астындағы қара кер тұлпарға: “Жануар, қалмақ байына бәйге әпердiң, ендi менi аман-есен елiме жеткiзерсiң!”- дедi де, бүйiрi қызған тұлпармен елiне аттанып кетiптi.

Салқам Жәнгiрдiң орнына хан болған Шығай хан iнiсi Әз Тәукенi әскери азамат етiп шығару үшiн жас кезiннен үлкен әскербасы, батыр Қарабас Толыбай сыншыұлының (1633-1723) тәрбиесiне бередi. Қарабас баһадүр жас Тәукенi қолына алып жауынгерлiкке тәрбиелейдi. Тәуке онбасыдан түменбасыға дейiнгi дәрежедегi әскери атақтарға ие болған уақыттарда қалмақ басқыншыларына қарсы соғыстарда әскер бастап жауларға талай рет соққы берiп, ерлiктер көрсеткен екен. Тәуке өмiрiнiң соңына дейiн Қарабас баһадүрдi ұстаз тұтып сыйлап өткен екен. Хан болғасын оны бас үәзiр етiп сайлапты.

Қарабас тарханнан — 7 бала: Асқап, Рүстем, Дәстем, Алдабек, Бұқпа, Қараша, Қаумен (Алтын әжеден). 1719 жылы шiлде айында Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әнет билер мен қолбасы — жырау Қожаберген, Бөгенбай, Жәнiбек, Хангелдi батырлардың ұйымдастырумен үш жүздiң игi жақсылары Әз Тәуке ханға арнап құран оқытып, үлкен ас берiптi. Асты қарт би Әнет бабаның ұсынысы бойынша Асқап баһадүр Қарабас Тарханұлы (1673-1769) басқарыпты. Асқап басқарған ас өте жақсы өтiптi. Қайып Әз Тәукеұлы қатты риза болғанмен, сол төре әулетiнен шыққан ағайынды Жолбарыс, Әбiлхайыр және басқа төрелер күншiлдiк жасапты. Қазақ билерi осы аста 1720 жылы жаздың басында ханның бiр баласын хан етiп сайлау үшiн құрылтай өткiзбек болып келiсiптi. Үш жүздi басқаратын болашақ ханға Қайып төре лайық екенi жұртқа сол аста-ақ мәлiм болыпты. Осы ас туралы Дәстем сал Қарабасұлының “Әз Тәуке хан” атты тарихи дастанынан үзiндi келтiрейiк:

 

Тағдырың жазуымен дәмi бiтiп.

Жетпiс үш мүшелiнде ажал жеттi,

Тұп-тұтас үш жүзiмнiң соңғы ханы.

Фәниден бахи жайға Тәуке кеттi.

Ханның қырқы болғанда Қазыбек, Төле,

Әйтеке, Қожаберген мәжiлiс құрып,

“ Келер жаз ханның асы болады”,- дедi,

Әлеумет мақұлдады құлақ түрiп.

Үш жүздiң бектерiне хат жолданып,

Осылай ас уақыты белгiлендi.

Қ азақтың уақытша ханы болып

Жиында Қайып сұлтан әйгiлендi.

 

* * *

Салтанатпен Тәукенiң асы өттi.

Ас басқарған Асқап та едi ептi.

Қ ожаберген, Әнет пен Ер Бөгенбай,

Үш би менен Асқапқа жәрдемдестi.

Осылайша Тәукенiң жабдығы өттi.

Хан болуды Қайып ер арман еттi.

Хан сайлауы боларын күткен ерге,

Аң аулап жүргенiнде қаза жеттi.

Тәукенiң басқа уәзiрi жiгерсiз боп.

Хандықтың бөлшектенер шағы жеттi.

Би мен бек, төре, шопжор келiсе алмай,

Дәуренi үш жүзiмнiң өтiп кеттi.

Осыны сыртқы жаулар пайдаланып,

Бақыт құс қазағымнан ұшып кеттi.

 

Қарабас тарханнаң үшiншi баласы Дәстем сал 1677 жылы туып, 1752 жылы қайтыс болған екен. Ол да Қожаберген жырау тұған Гүлтөбеде дүниеге келген, көп хисса-дастан, өлеңдер шығарған iрi ақын, әскербасы — батыр адам болыпты. Дәстем салдың бiзге жеткен iрi шығармасының бiрi “Дәстемнама”деген тарихи жыр.

 

Асқап батырдан — 2 бала: Көшек, Марқаш. Көшек сардардан — 12 бала: Сүгiрбай, Кәдiрбай, Сәдiрбай, Қалан, Қамбар, Жанкiсi, Байкiсi, Шақшақ, Әбдiқадыр, Әбдiкәрiм, Тiлеулi, Сартай (1750-1821). Шақшақ биден — 16 бала: Әйтемiр, Байтемiр, Ертемiр, Мiртемiр, Жантемiр, Өстемiр, Шынтемiр, Шыттемiр, Битемiр, Бектемiр (Сексен хажы атанып кеткен), Баһрам, Бауыржан, Есенжан, Қайыржан, Шағырай сал, Жанат серi. Баһрам батырдан — 7 бала: Көрпеш, Нәупiл, Сүйiр, Сүйiн, Сейiткерей, Мұхаммедханафия (Сегiз Серi), Қуаныш. Сегiз Серi Баһрамұлы шежiресiн осы арадан үзiп, Қожаберген жырау шежiресiн жалғастырайық.

Толыбай сыншының ең кенже баласы Қожаберген жыраудың өмiрi жайлы баспа беттерiнде аз жазылып жүрген жоқ деуге болады. Шаймұрат Смағұлов, Қосыл Омаров, Қаратай Биғожиндердiң “Солтүстiк Қазақстан” газетiнде Қожаберген жырау жайлы әр кезде жазылған мақалалары басылып шықты. Белгiлi жазушы Н.Әбуталиев 1995 жылы “Жетi жарғы” баспасынан “Ордабасы Қожаберген”атты монография жазды.

Бiр жақсысы, Қожаберген жыраудың өмiрдеректерi ешқандай дау туғызбайды. Өйткенi шежiрелерiнен бастап өз өмiрiн өзi жазып кеткен адам. Әсiресе, “Елiм-ай!” дастанының мазмұны өзiнiң өмiр жолы желiсiмен жазылған. Әкесi жайында:

 

“Толыбай сыншы кенжесi ем Қожаберген.

Бата алғам Әнет пенен Әз — Тәукеден”, — десе, анасы жайында:

“ Анамның шыққан заты Сүйiндiктен

Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбiлiктен”, — дейдi. Оқуы жайында:

“ Самарқанд, Бұхарадан бiлiм алғам.

Өнерге құштар болып жас шағымнан

Атанып зерек шәкiрт қатарында.

Үргенiш медресесiн тәмамдағам”,- дейдi.

 

Бұдан арғы өмiрбаянын өз сөзiмен айтсақ:

Адам деп өз бойына өнер жиған,

Ел-жұртым деп атайды менi имам.

Жорыққа он жетiмнен араласып,

Болғам жоқ молда, софы, қожа, ишан

 

* * *

Тiлiне араб-парсы болдым жетiк,

Оны да қолданбадым өнер етiп.

Көршi елге елшiлiкке ылғи барып

Мен жүрдiм қазағыма қызмет етiп. — дейдi.

Қожаберген жырау өмiрi жайлы одан әрi:

 

Жорықта 45 жыл ғұмырым өттi.

Орта жас ол да менi тастап кеттi.

Ит қалмақ соғысуға душар еттi,

Болмаса ақсақалдық кезiм жеттi.

 

* * *

Жасынан ер жүрегi шерге толған

Халқына қартайғанда қорған болған

Қиналып қысылғанда жыр шығарған,

Керейде Қожаберген бабаң болам.- дейдi.

 

Қожаберген бабамыздан қалған әдеби мұра көптеп саналады. “Елiм-ай!”, “Баба тiл”,“Ер Көкше”, “Еңсегей бойлы Ер Есiм”, “Ер Қойлыбай”, “Қорқыт баба”, “Асан ата” сияқты дастандары, “Ақсауыт”, “Ғасыржас”, “Дүние”, “Жiгiттiк” т.б. толғаулары, “Қарғыс атқан қалмақ-ай!”, “Шоңғал, шоңғал, шоңғал тас”, “Сылаң Сыр”, “Балқан, Балқан, Балқан тау”, “Қазақ пен ноғайдың қоштасуы”, сияқты өлеңдерi, “Дабыл”, “Аңырақай”, “Бозайғыр”, “Күлдiрмамай”, “Сұлама”, сияқты күйлерi бар. Бұл бiздерге белгiлi ғана. Қожаберген мұраларын iздестiру, зерттеу — болашақтың мiндетi.

Қожаберген жыраудан — 17 бала: Әли, Әди, Әсет, Есет, Әбет, Мәди, Нәби, Науан, Бекет, Ақыл, Ноғай, Мамай, Бағыда, Сағынбек, Бектемiс, Тоқтамыс, Балқан (бәрi де Айша бәйбiшеден туған). Осы 17 баласынан көпшiлiгi қазақ — қалмақ соғысында шәйiт болды. Бiзге мәлiмi ең кенже ұлы Балқаннан ғана ұрпақ бар. Балқан батырдың сегiзiншi ұрпағы — Қаражiгiт үш баласымен бiрге Ресейге қарасты Қорған облысының Макушин ауданында тұрады. Қаражiгiт 1929 жылы туған кiсi екен. Қожаберген жырау “Баба тiл” дастанында өзiнiң шежiресi жайлы былай дейдi:

 

Бiздiң жайды сұрасаң,

Қызылжар өңiрi мекенiм.

Мұсылманға белгiлi

Менiң де кiм екенiм.

Орта жүз Керей iшiнде,

Ашамайлы деген елiнде,

Ақылына сай боп күшi де.

Көсем болған кезiнде

Ер Фархадтың баласы

Танаш биден жаралдық

Мекендеп Батыс Сiбiрдi,

Қалың ел боп таралдық.

Танаштың ұғылы — Көшебе,

Бiздiң арғы бабамыз.

Өсiп-өндiк сол ерден,

Кемiмес бедел бағамыз.

Көшебенiң тұңғышы

Жауынгер бабам ер болған,

Темiрдiң қолын басқарып,

Мұсылманға бел болған.

Жауынгерден өрбiген,

Үлкен Көшебе Керейде

Қамалын бұзып кәпiрдiң,

Бөленген ерлiк мерейге.

Толыбай сыншы ұлымын,

Тұлпар мiнiп, ту алған

Тыныштық кезең болғанда,

Мағына айтқан құраннан.

 

Жыраудың шежіресі осындай.

 

Дереккөзі: http://asyl-mura.petr.kz/temp.htm сай  тынан алынды
Тағы рефераттар