Жоспар

1. Кіріспе……3

2. Көшпелілер және отырықшылар өркениеті…4

3.Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі…….7

4.Түркі дала өркениетінің пайда болу факторлары мен оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі…….11

5.Қорытынды ………….13

6.Пайдаланылған әдебиеттер …….14 

Кіріспе 

Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы  орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі – қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.

Сонымен түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Тағылық-варварлық-өркениет (дикость, варварство, цивилизация) сияқты сатылардан өте алды ма? Әлде А.Тойнби айтқандай, тұрпайы (примитивтік) қалпында қалды ма?

«Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі  мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді» деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.

Менің бүгінгі мақсатым ─ осы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айта отырып, дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін жеткізу.

Көшпелілер және отырықшылар өркениеті 

Б.з.д. VI ғ. дейінгі тайпалардан қазақ мемлекетінің белгілері

Б.з бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдаланып үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.

Адамдардың негізгі тұрмыс тіршілігі мен әл-ауқаты мал өнімдеріне байланысты болғандықтан жаңа өндірістік қатынастар қажет болды. Бұл жағдайдан шығудың сол кезде екі түрлі жолы бар еді. Біріншісі, егіс көлемін бірнеше есе көбейту және мал басын одан әрі көбейте отырып, малдың қыстық шөбін көбірек дайындау. Бірінші жолды таңдауға Қазақстан жерінің табиғаты мен климаты сәйкес келмеді, яғни суармалы егіншілікті дамытуға суландыру жүйелері жеткіліксіз болды және оны дамыту мүмкін болмады. Екіншісі, малды қысы-жазы далада жаятын интенсивті көшпелі мал шаруашылығы еді.

Қазақстанның кең-байтақ аумағы жері мен табиғат ерекшеліктері де көшпелі мал шаруашылығын өркендетуге ыңғайлы болатын. Еуразия далаларын мекендеген тұрғындардың тарихи тәжірибесі көрсеткендей, бұл ұлы далада тек көшпелі өмірмен ғана тіршілік етуге болатындығы дәлелденген еді.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде басталған көшпелі мал шаруашылығына ауысу ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланыстырылды. Осылайша шаруашылықтың үрдісі дамуы нәтижесінде б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың басында Қазақстан аумағында алғашқы көшпелі тайпалар пайда болды. Көшпелі мал шаруашылығына көшу далалар мен шөлді аймақтарды мекендеген тайпалар өмірінде сол кездегі жағдаймен салыстырғанда ірі экономикалық алға басушылық еді. Б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың алғашқы ғасырларында Қазақстанның кең байтақ далалары мен шөлейт жерлерінде жартылай көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың басым және негізгі түрі болып орнықты.

Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтардың ежелгі тарихын зерттеуде жазба деректердің елеулі рөлі бар. Осы мәліметтерге қарағанда, Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпалы одақтар құрған. Темірді игеру өндіргіш күштер дамуындағы ірі төңкерістердің бірі болып табылады.

Андрон мәдениетінің Нұра кезеңінен бастау алған мал шаруашылығы Алакөл-Атасу кезеңінде малды көшіп жаюға ауыса бастады. Яғни, Қазақстан жеріндегі көшпелі мал шаруашылығын б.з.д.1 мыңжылдықтың басында қалыптаса бастады деп айтуға толық негіз бар. Бұл кезде қолға үйретіліп өсірілген малдардың ішінде жылқы, түйе және қой түлігі көбейіп, жыл маусымына немесе жайылымға қарай жиі көшу дағдыға айналды. Жоғарыда аталған үш түліктің көшпелі шаруашылыққа төзімді екені белгілі. Ал сиыр малы ұзақ көшке ілесе алмайды және қыста тебіндеп жайыла алмайды. Сиыр малы отырықшы халықтарда ғана көптеп өсірілді. Аталған үш түліктің көшпенділер қоғамында, одан бертін келе көшпелі қазақ қоғамында, олардың тіршілігінде орасан зор маңызға ие болғандығы халық ауыз әдебитеінде, тұрмыс салт жырларында және т.б. көрініс тапқан. Қазақтар өз балаларын жақсы көріп еркелеткенде «ботақаным», «құлыным», «қошақаным» деп те атайды. Ал, «бұзауым», «лағым» деп айту дөрекілеу естіледі.

Еуразияның ұлы даласын мекендеп қана қоймай, осы даланың ұлан-байтақ кеңістігін еркін билеген, оның табиғи байлығын, географиялық орналасуын көшпелі шаруашылыққа икемді пайдалана білген тайпалар көшпенділердің ұлы өркениетін де жасай білді. Әсіресе жылқы малын көлікке де, тағамға да, тұрмысқа да тиімді пайдаланған көшпелі тайпалар осы түлікке қатысты ұлы жаңалықтар да ашты. Мысалы, ат әбзелдері мен жылқы малынан алынатын тағамдар кейіннен басқа өркениеттерге де таралды.

Көшпелілер өркениетінде жерге жеке меншік болған емес. Жер бүкіл тайпаның, қауымның меншігі болып саналды. Көшіп-қону мен жайылымдарды тайпа басшылары реттеп отырды. Байлық пен бедел мал санының, әсіресе жылқы санының көптігімен өлшенді.

Көшпелілер өркениетіне баға беруде көпке дейін моноцентристік, еуроцентристік және шовинистік көзқарастар басым болып келді. Бұл көзқарастар бойынша Еуразияның далаларын мекендеген көшпелілерге «жабайы», «тағылық» тұрмыста өмір кешті және мәдениет пен білімнен, өркениеттен мақұрым қалғандар ретінде баға берілді. Тіпті «көшпелілер өркениеті» деген термин қолданылмады да. Бұл көзқарастар көшпелілер мәдениетін шала білгендіктен және азиялық өркениетті менсінбеушіліктен туған еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жоғарыда аталған көзқарастарға батыл соққы берілуде. Көшпенділер мәдениетінің әлемдік өркениеттің құрамды бір бөлігі болғандығы көптеген тарихи, археологиялық ескерткіштермен, еліміздің танымал тарихшылары мен мәдениеттанушыларының еңбектерімен дәлелденуде.

Қолдарына көп мал жинаған бай-шонжарлар өз тайпаларымен бірге жайылым жерлерді үнемі ауыстырып отырған, олар қоғамдағы ықпалды күшке айнала отырып, далалық және шөлейт жерлерді интенсивті түрде игере бастаған. Осы заманда мал және жайылым жерлер үшін тайпалар арасында жиі-жиі соғыстар болды. Бұл соғыстардан әскер және тайпа басшылары байыды. Әскер басшыларының беделі артып, олар бейбіт уақытта да халықты билеп отырды. Маңызды мәселелерді шешу үшін ақсақалдар кеңесі құрылды. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі және шаруашылықтың дамуы бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Осылайша экономикалық және саяси себептерге байланысты тайпалық одақтар құрылды.

Б.з.д. VIII-V ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы көшпелілер өркениеті көршілес тайпалармен және мемлекеттермен экономикалық және саяси қарым қатынаста болды. Бұның өзі көшпелі шаруашылықтың экономикалық мүмкіндіктерін одан әрі тиімді пайдалануға, егіншіліктің, қолөнердің және сауда байланыстарының одан әрі дамуына алып келеді. Бұндай өзгерістер б.э.д. IV-III ғасырларда Қазақстанның жекелеген аудандары мен көршілес аумақтарда біршама тұрақты және ірі саяси бірлестіктердің құрылуына алып келді. Бұл бірлестіктер – сол кездегі Грек-Бактрия, Парфия, Қытай және Кушандар империяларын да мойындатқан Үйсін және Қаңлылар саяси бірлестігі болатын. Соңғы деректер мен мәліметтер бұл саяси бірлестіктің мемлекеттік деңгейге дейінгі жеткендігін дәлелдейді. Яғни, б.э.д. ІІІ ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан аумағында Үйсіндер және Қаңлылар мемлекеті өмір сүрген деп айтуға біршама негіз де бар.

Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі 

Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы  орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі – қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.

Сонымен түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Тағылық-варварлық-өркениет (дикость, варварство, цивилизация) сияқты сатылардан өте алды ма? Әлде А.Тойнби айтқандай, тұрпайы (примитивтік) қалпында қалды ма? Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.

«Древняя тюркская Сибирь — деп жазады академик Л.П.Окладников, — оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее. У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай»

Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі  мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді» деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.

Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлеміне тәнті болды. Ол әлемнің Еуропа мен Шығыстың өмір салтымен бәсеке болуға мүмкіндігі бар-ды. Барша мемлекетті «Ел» деп атаған, баспалдақты-бағынышты жүйе жасаған, шен-шекпенді билеуші топқа орынды кигізген, әскери тәртіппен, дипломатия арқылы Түрік Еліне баршаны игізген, өмірге деген көзқарас арқылы өмір салтын әлемге білгізген Ұлы империя Гумилевтің пассионарлық теориясына негіз бола алды. Бұл көзқарасты А.Сейдімбек те қолдайды /3,45 бет/.

«Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенділер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға қосты. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікір көбірек айтылуда /4,95 бет/.

А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Егер біз Еуразия сахарасындағы өркениетті осы тұрғыдан қарасақ, ол баяғы Ұлы Қыпшақ даласы – Дала өркениеті, «И как бы не называли эту культуру – половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на одном языке – на тюркском. Жили под одним культурным традициям – по тюркским. Исповедовали одни духовные ценности – тюркские» /5,84 бет/ — деп әділ көрсетеді Мұрад Аджи.

Жалпы, «Дала» деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?

Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді.

Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет – Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы — жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.

Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.

Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам – пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті…

Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді.

Алтыншы, Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды… Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді.

Жетінші, аң стильді өнер дамыды.

Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты.

Сонымен бірге Еуразия сахарасында мемлекеттік жүйенің небір түрлері шыңдалды. Ол түркі әлемі.

Түркі әлемінің алтын бесігі – Түркі елі (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатқан. Мұндай шексіз сахарада империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».

Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.

Дала өркениеті әлемдік дамуға қандай үлес қоса алды?

Бірінші, Тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш (Зороастр дінін таратты;

Екінші, металл қорытудың көне ордасы болды;

Үшінші, төл жазуын тапты;

Төртінші, жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;

Бесінші, әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;

Алтыншы, сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.

Жетінші, дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті.

Сегізінші, мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады.

Тоғызыншы, шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.

Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе, екінші түркі қағанатында руналық жазу тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір сүрген Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екенін айтсақ (7,47-49, 195, 38-беттер), түркілердің жазу өнері тым ерте екендігін танытады. Д.Клеменецтің көне түркілерде «тамаша халық» деуі осыдан.

VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп есептейді.

Қорыта айтсақ, Үйсін мемлекеті пайда болып, өркендеп, шығанға шыға бастаған кезде көне түркі өркениеті – Дала өркениеті бой көтерді. Түркі қағанаты – империя құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған сәтте өркениет өзін әлемге ттанытты. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет. Ендеше қазақ тарихы әлемдік тарихытың құрамды бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол – адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы біз тәуелсіз елдің перзенті Отан тарихын мақтан ете аламыз, ұлттық санамызға одан нәр ала аламыз. Сондықтан, оны оқытуға үйрету біздің міндетті борышымыз.

Түркі дала өркениетінің пайда болу факторлары мен оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі 

Жалпы, «Дала» деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?

Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді.

Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет – Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы — жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.

Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.

Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам – пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті…

Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді.

Алтыншы, Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды… Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді.

Жетінші, аң стильді өнер дамыды.

Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты.

Сонымен бірге Еуразия сахарасында мемлекеттік жүйенің небір түрлері шыңдалды. Ол түркі әлемі.

Түркі әлемінің алтын бесігі – Түркі елі (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатқан. Мұндай шексіз сахарада империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».

Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.

Дала өркениеті әлемдік дамуға қандай үлес қоса алды?

Бірінші, Тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш (Зороастр дінін таратты;

Екінші, металл қорытудың көне ордасы болды;

Үшінші, төл жазуын тапты;

Төртінші, жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;

Бесінші, әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;

Алтыншы, сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.

Жетінші, дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті.

Сегізінші, мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады.

Тоғызыншы, шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.

Қорытынды 

Түркі қағанаты империя құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған сәтте өркениет өзін әлемге танытты. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.

Отырықшы және көшпелілер өркениетінің әлемдік өркениетке маңызы зор болды:

1)тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш(Зороастр) дінін таратты;

2)металл қорытудың көне ордасы болды;

3)төл жазуын тапты;

4)жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;

5)әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;

6)сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.;

7)дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті;

8)мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады;

9)шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.

Артына терең тарихи мұра мен айтулы оқиғалар қаддырған, өзіндік мәдениеті қалыптасқан көшпелілер өркениеті түрік тілдес тайпалар мен халықгардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.

Ендеше қазақ тарихы әлемдік өркениеттің құрамды бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол – адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы біз тәуелсіз елдің перзенті Отан өркениетін мақтан ете аламыз, ұлттық санамызға одан нәр ала аламыз. Сондықтан, оны оқытуға үйрету біздің міндетті борышымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер  

1. Отан тарихы, 1999, №1, 19-бет.

2. Л.НГумилев «Этногенез и биосфера земли». 3-х томник. Л., 1979, том 2, стр 112.

3. А.Сейдімбеков «Қазақ әлем – эномәдени пайымдау». Алматы, 1997, 45-бет.

4. Қараңыз: Взаимодействие кочевых оседлых культур на Великом Шелковом пути. Алматы, 1991, 95-бет.

5. Мұрад Аджи «Полынь половецкого поля». Москва, 1994, стр 84.

6. А.Сейдімбеков «Қазақ әлем – эномәдени пайымдау». Алматы, 1997, 62-бет.

7. Ана тілі, 1993, 47-49, 195, 38-беттер.
Тағы рефераттар