Адамның жеке тұлғасы күрделі де көпқырлы құбылыс. Әрбір жеке адам жеке қайталанбас тұлға. Өнертанушы педагог  жеке тұлға. Сондықтан өнертанушы педагогтың қоршаған орта адамдарына, табиғат пен қоғам құбылыстарына, өнерге деген өзіндік көзқарасы болады.

Өнертанушы педагог  белгілі бір қоғамдық тарихи жағдайдың өнімі болып табылады және белгілі бір қоғамдық қатынастардың ортасынды қалыптасады. Өнертанушы педагогтың жан дүниесі оның ұстаған бағыттылығымен, мінезімен, қабілетімен, таным, сезімдерімен көзқарасы арқылы өнертанушы қоғамның әсерімен қалыптасады да, қоғамға өз әсерін тигізеді. Ол өзі өнерді зерттеу, насихаттау нәтижесінде халықтың әсемдік талғамын – көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізіп отырады.

Өнер зерттеуші педагогтың  қызметінің қозғаушы күші – қажеттілік. Қажеттілік дегеніміз –адам онсыз өмір сүре алмайтын, ағзаға қажетті зат немес құбылыс. Адамға қажетті құбылыс әр түрлі. Олар материалдық және рухани болып бөлінеді. Өнертанушының қажеттілігі  өнер шығармалары біріншіден материалдық сипат алса екіншіден олар рухани эстетикалық – танымдық сипатқа ие болады.

Қажеттіліктің негізінде қызығушылық пайда болып отырады. Қызығушылық дегеніміз өнертанушының өнер шығармаларын тануға арналған ерекше қатынасы.

Өнертанушы педагогтың қызығушылығы материалдың (картина, мүсін, сәндік өнер т.б) және  рухани (өнерді тану, өнерге деген көзқерес, талғам т.б.) болып бөлінеді. Өнертанушының қызығушылығы  “ұзақ мерзімді”, “қысқа мерзімді”, “тұрақты болып бөлінеді” және оның қалыптасуына ықпал етіп отырады.

Өнертанушы педагогтың қызығушылығы, өнерге деген көзқарасымен тығыз байланысты. Өнертанушының өнерге деген көзқарасы – оның қоршаған орта әсемдігіне, табиғатқа, қоғам мен санаға, оның дамуына деген көзқарастарының жүйесінен құралады. Өнерге деген көзқарас өнер зерттеушінің ғылыми  білімі  мен өз жеке тәжірибесі негізінде қалыптасады.

Өнертанушы педагогтың іс әрекетінің  бір түрі – көз жеткізу. Көз жеткізу дегеніміз — өнертану ғылыми немесе өмір тәжірибесі негізінде жинақталған ережелер мен анықтамалардың негізінде нақты іс нәтижесін көре білу.

Өнертанушы педагогтың ой — әрекетінің ерекше формасы – мұрат. Өнертанушының іс — әрекетінің, мінез – құлқының, ұмтылысының нәтижесінде болатын образ немесе оның өмірлік көзқарастарының жиынтығы – мұрат болып табылады.

Сонымен өнертанушы педагогтың  жеке тұлға ретінде қалыптасуында оның қажеттілігінің, қызығушылығының, көзқарасының, көз жеткізуінің өмірлік мұратының өзара қатынаста болуы және тұтастай қалыптасуы маңызды орын алады.

Өнертанушы педагог қызметінде тіл маңызды орын алады. Тіл еңбекпен бірге адам санасының дамуының негізгі факторы болып табылады. Тілдің қарым-қатынас құралы ретінде коммунативтік қызмет атқаруы тілдің негізгі функциясы. Тіл адам психологиясының көрсеткіші. Адам ойы тіл арқылы көрініс табады.Тіл адамды белгілі қимыл әрекетке де итермелейді.

Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін, жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінісуді реттестіру үшін, екінші біреуді танып білу оған әсер ету үшін қызмет етеді.

Өнертанушы педагог сөйлеу арқылы өз тәжірибесін байытып қоймай, ғасырлар бойғы жинақталған өнер тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндік алады.

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады.

Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болады. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – сөздің мәнерлігі. Сөйлейтін сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.  Сөздің мағыналығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізетін ойдың айқындылығы.

Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын таза болмайды. Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта білу. Халық нақты  сөйлейтін адамды, “сөзі мірдің оғындай” екен дейді.

Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс жұмыс істеуін қажет етеді. Сөйлеу әрекеті мидың жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесінде жүзеге асады.

Сөйлеу бірнеші түрлерге бөлінеді. Ол алдымен сыртқы сөйлеу және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызекі және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Ауызекі сөйлеу диалог және монолог болып бөлінеді.

Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі түрі болғандықтан сөйлеудің қалған түрлері де соның төңірегінде құралады. Диалог сөздердің мынадай ерекшіліктері бар:мұндай сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілемейді. Бұл ылғи сүйемелдеп айтылатын болғандықтан ықшам келеді, ол әңгімелесуші кісілердің өздеріне ғана түсінікті болады. Диалогтың қисындылығы (жоспарлығы, біртінділігі, дәлдігі т.б.) кемдеу болады. Диалог сөз ым-ишарамен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (көздің, қолдың, ауыздың, қабақтың қозғалысы) толықтырылады.

Монолог бір адамның сөзі. Монологқа тән ерекшеліктер мыналар: ол белгілі жоспарға құрылады, алдын ала дайындықты тілейді..Бұған логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады. Адамға әсер ететін мәнерлі сөзді көбірек қажет етеді. Монолог сөздердің құрылымы белгілі жүйеден ауытқымайды.

Жазба сөйлеудің кейбір ерекшеліктері болады, олар: жазған кезде адамның қасында сүйемелдеушісі болмағандықтан мұнда ешбір ым -–ишара қолданылмайды. Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатты талап қойылады. Жазуда грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі. Жазғанына адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті балмалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді.

Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Бұл тілдік материалдар негізгі дауыстамайақ сөйлей алудың көрінісі. Әрбір ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да алдымен өз тілінде ойлайды. Ішкі сөйлеудің адам өзінің  ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді.

Қорыта айтқанда тіл өнертанушы педагогтың басты құралы. Өнертану тілі, өнер мен көрерменнің қарым – қатынасын арттыратын өнерді тануға жағдай туғызатын мүмкіндіктің бірі.Бейнелеу өнерінің мұғалімі оқушыларға нер туындыларын таныстыру барысында ең бір қажеттілік оның өнертану білімдері мен өнертану тілі болып табылады.

Адамның ойы ақиқатты тануға болмыстың өзара байланысын, қарым – қатынастарын ашуға бағытталған.  Дүниедегі заттар мен құбылыстар еш уақытта жеке дара ұшырамайды, олар бір – бірімен байланыста болып отырады.  Бірақ осы байланыстар әр уақытта адам санасында сәулелене бермейді.

Егер адамның қабылдауы дүниедегі жеке – жеке нақты заттарды қабылдайтын болса, ойлаудың негізінде кісі олардың арасындағы қатынастарды танып біледі.

Ойлау біткеннің барлығы дұрыс бола бермейді, кейде адамның ойы айналасындағы дүниені сәулелендіруде қателесіп отырады. Ақиқат дүниені объективті түрде сәулеттендіретін ой ғана дұрыс болып шығады. Ондай ойды – диалектикалық ой деп атайды.  Диалектикалық ой дүниедегі заттарды, болмыстарды өзгермейді деп санамайды, дүниедегі құбылыстарды даму мен өздігінен болатын қимылдармен бірге алып қарайды. Диалектикалық ой өзгертуге, қайта жасауға әрекет етіп отырады.

Басқа психикалық функциялармен салыстырғанда, адамның ойы ерекше белсенді процес. Ойдың белсенділігі мына төмендегі жағдайларға байланысты:

  1. ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша өздігінен пайда болмайды, ойдың негізгі мақсаты сұраққа жауап беру, мәселені шешу;
  2. алға қойған мақсаты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру;
  3. мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның жорамалын белгілеу;
  4. ойдың дұрыс – бұрыстығын тәжірибеде сынап көру;

Ой адамның түсінік пен қабылдау арқылы алған нәрселерін жалпылай қорытып, жанама түрде сәулелендіріп отырады. Егер түйсік пен қабылдау арқылы адам заттар мен құбылыстарды бейнелесе ой арқылы бірнеше аталас заттарды, құбылыстарды бір – біріне қосып, топтастырып, жалпылап сәулелендіреді.

Егер түйсік пен қабылдау адамға дұрыс мағлұмат бермесе, адамның ойы дұрыс болып шықпауы мүмкін. Сол сияқты ес пен елестерден жеткілікті мағлұмат берілмесе де ойлауға керекті материалдар жеткіліксіз болар еді.

Ойдың барлығы білімнің байлығымен байланысты. Өнертанушы педагогтың ойы өнерді кеңірек, толығырақ, тереңірек тану үшін, өнерндің өсіп — өну заңдарын білуі үшін керек. Өнертанушы педагогтың  ойы көбінесе сөз арқылы әрекет етеді. Сөз арқылы оның ойы көрерменге жеткізіліп отырады. Өнертанушы педагогтың ойы мен сөзі екі басқа процес, екеуінің арасында айырмашылықтары бар, бірақ олар үнемі бірлікте болып келеді.

Өнертанушы педагогтың  ойы бір жолмен, бір ағыммен ғана жүрмей – бірнеше жолдармен, тәсілдермен әрекет етіп отырады. Өнертанушы педагогтың ой – тәсілдеріне анализ, синтез, абстракция, жалпылау, нақтылау, жүйелеу, топтастыру т.б. еніп отырады.

Анализ деп бүтін нәрсені бүтін нәрсені жеке бөлшектерге ажыратуды айтамыз. Мысалы: картинаның композициясы, картинаның орындалу техникасы, картинаның идеялық мазмұны деп жеке көркемдік сапаларға ажыратылады. Мұнымен қатар картинаның осы аталған көркемдік сапалары картинаның көркемдік ерекшеліктерінен біріктіріледі. Синтез деп картинаның түрлі көркемдік сапаларын біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады. Сол сияқты бірнеше картинаның көркемдік сапаларын біріктіріп белгілі бір өнер бағытына біріктіруді көрсетеді.

Анализ бен синтез тұтас нәрсенің қарама – қарсы екі жағы болып табылады. Өнерде шартты түрде тұтас нәрсе деп белгілі картинаны немесе сәндік қол өнер бұйымын, мүсінді бейнелеу өнерінің жеке саласын, өнер шеберінің тұтас шығармашылығын алуға болады. Анализсіз – синтез, синтезсіз – анализ болмайды, сондықтан ой тәсілінің осы екі түрін қатарынан қарастыру керек.

Өнертанушы педагогтың ойлау формасының ең қарапайым түрі – ұғым. Бұл заттар мен құбылыстардың елеулі мәнді белгілері туралы ой.  Өнертанушы педагог ұғым арқылы өнер шығармалары мен өнердегі құбылыстардың өзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын мида сәулелендіреді.  Ұғым арқылы өнертанушы педагог жеке шығармалардың айрықша белгілерін елестетумен тынбайды, ол сол шығарманың мазмұнын ашып, ішкі ерекшеліктерін байланыстарын танып, біліп атырады. Ұғым елестетуге қарағанда мағыналы терең және ықшам болап келеді. Ұғым әр уақытта жалпылау элементі, өйткені, әрбір ұғым өнер туындылары жалпылап отырады. Мысалы: “графика”, “кескіндеме”, “сәндік өнер”, “мүсін” деген ұғымдар өнер шығармаларының жалпы белгілерін сәулелендіреді.

Өнертанушы педагог ойлауының бір формасы – талқылау. Әрбір ұғымның маңызы талқылау арқылы белгіленіп отырады. Талқылау арқылы ғана өнертанушы шығармалардың бір – бірімен байланыстарын, қатынастарын, айырмашылықтарын ашады. Ол талқылау арқылы ғана бір ұғымға келеді.

Талқылау әр уақытта белсенді ой әрекет болып табылады. Талқылаудан мақұлдау, мақұлдамау, дұрыстау немесе бұрысқа шығару пайда болады. Ұғым біткеннің барлығы бірдей бола бермейді, объективті дүниені дұрыс  сәулелендіргенде ғана дұрыс талқылау шығады.

Өнертанушының ой қорытындылары индукция және дедукция  болып екіге бөлінеді. Индукция деп жалқыдан жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысын айтады.  Индукция өнертанушының нақты тәжірибесінен, практикаоық әрекуеттерімен байланысты. Ол өнердегі және факторларды талдап, қорытып, одан жалпы тұжырымдарға келеді.

Индукцияға қарам – қарсы ой процесін дедукция деп атайды. Дедукция деп өнертанушының жалпы пікірден жеке пікірлер туғызудан айтады. Индукция мен дедукция  да ойымызда қатарлысы жүріп отырады, бірінсіз – бірі болмайды.

Өнертанушы педагогқа  қажеттіліктің бірі – қабілет. Қабілет – іс әрекеттің белгілі бір түрін ойдағдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе – күнгі тәжірибеде  жиі кездеседі. Өнерт анушының қабілеті белгілі бір өнердегі көкейтесті мәселені уақытылы көтеріліп, оның нәтижелі орындауы, өнер туындысын халыққа дер кезінде таныстыру, оған көркемдік баға беру әрекетін айтуға болады.

Өнертанушы педагог  қабілеті дамып, қалыптасып әртүрлі деңгейде көрініп отырады. Оның алғашқы қабілетін репродуктивтік, яғни өнертанушы педагогтардың бәріне тен іс — әрекетте шеңберін меңгерумен өлшенсе, кейінгісін шығармашылық қабілет жаңа – жек дара бағыттар бойынша өнер зерттеулерін жүргізу мүмкіндігінен байқалады.

Өнертанушы педагог  қабілетінің дамуындағы ең басты фактор – еңбек. Ол неғұрлым көп ізденсе оның қабілеті соғұрлым дами түседі.

Өнертанушы педагог  іс — әрекетінің бір көрінісі – бейімділік болып табылады. Өнертанушының өнерді зерттеуге , тануға, бағалауға қызығып, оған көңіл аударумен және жүзеге асырудағы икемділігінен көрінеді.

Өнертанушы педагог  қабілетіне жақын тұрған қабілет бейімділік болып табылады. Қабілетті өнертанушы педагогтың  ерекшелігі сол іске бейімділігінен ертерек көзге түсуі, өзіне — өзі сенуі, өз қабілетін бағдарлай білуі.

Жеке тұлғаның өнертанушы педагогтың  іс -әрекетіне деген бейімділігі, оның өнерді тануға деген бетбұрысы, оған ерекше көңіл аударуы, оның оянып келе жатқан қабілетінің алғышқы белгісі болып табылады.

Қорытындылай айтқанда өнертанушы педагогтың тұлғасының қалыптасуында  өнертанымдық ой мен шығармашылық қабілет шешуші рөл атқарады.
Тағы рефераттар