Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негізі туралы қазақша реферат
Туризм техникасыдегеніміз – туристік маршрутта кездесетін кедергілерден өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу.
Әртүрлі табиғи кедергілерді өту кезіндегі туристер білу қажет: сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу; кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу; сол маршруттағы қажет болатын жабдықтарды толықтыру.
Туризм тактикасыдегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, уақытын, мүмкіндігінше аз мөлшерде жұмсап және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өту үшін қажетті құралдармен әрекеттер жиынтығы.
Жалпы туристік саяхаттың техникасы мен тактикасы, яғни әдісі мен тәсілі — туристік жорықтың қиындығы бойынша 6 дәрежеге бөлінуіне байланысты болады. Бұл жорықтың күрделілілігі дәрежесі 3 классификацикациялық көрсеткіштер жиынтығымен анықталады. Олар: маршрут ұзақтығы; маршрут қашықтығы; маршруттың техниалық күрделігі.
Белсенді туризмнің тактикалық зерттелуі – жорық кезіндегі мақсаттағы қолданылатын қаражат одан басқа туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар жазған құжат.
Бірінші бөлімінде Маршрутты таңдап алу себептері, маршрутқа қойылатын критериялар: қауіпсіздік; маршруттың танымдылығы; маршруттың қиындылығы; ұзақтылығы.
Екінші бөлімінде Маршруттың жібі (ниткасы) қарастырылады. Жүріс графигінің 2 түрі болады: жоспарланған жүріс графигі; түрі тындырымды жүріс графигінде маршруттың ара қашықтығы, уақыты, жолдың мінездемесі және қауіпті жерлердің сипаттамасы беріледі.
Үшінші бөлімінде Маршруттың ара қашықтығы мен уақытына толық сипаттама беріледі.
Төртінші бөлімінде Маршруттың қосымша нұсқасы. Қосымша нұсқа негізгі бөлімнен жеңіл болуы керек.
Бесінші бөлімінде Маршрутта бара жатқан туристердің саны.
Алтыншы бөлімінде Туристерге қызмет көрсететін топтың мінездемесі. Туристік топтың санды және сапалық құрамы келесі шарттарға байланысты болады: туризмнің түрі; маршрут қиындығы; аумақтың ерекшеліктері; туристердің саны.
Туристерге қызмет көрсететін топқа кіретін адамдар: гид, инструтор, сирдар, аспазшы, медбике.
Жетінші бөлімінде Азық-түлік.
Сегізінші бөлімінде Топтық құрал-жабдықтың сипаттамасы [6].
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлары
- Қазақстан Республикасында Шағын және Орта бизнесті мемлекеттік қолдау және оның дамуы
- БҚО фискалды саясат
- Бірімжанов Батырбек Ахметұлы — ғылыми химик
- Музыкалық білім беру педагогикасы және философия