Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды, және ерекше беделге ересек, тәжірибелі адамдар ие болды. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты.
Ертедегі алғашқы қауымдарда билік — шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды. Кейбір қоғамдарда (мысалы, Австралия аборигендерінде) ерекше емшілер мен сыйқыршылар болды. Әдетте, көсемдер өндіріске ғана араласып қоймай, онда ерекше жеңілдіктерге ие болды. Алайда осы ересек көсемдердің кейбір белгілі артықшылықтары да болды. Мысалы, көп әйел алу тұрақты қалыптасқан қауымдарда көсемдердің онға дейін әйелі болды.
Қауым мен туыстарды олардағы ересек мүшелері, көсемдер мен басшылардың кеңесі басқарды. Әлеуметтік нормалар, яғни мінез-құлықтың міндетті, қоғаммен қорғалатын ережелері болып, бұл нормалар — еңбекті бөлу, бірлесіп қызмет ету, өзара қорғаныш, экзогамия, т.б. ұжымның аса маңызды мүдделерін көздеп, әдетте қатаң сақталды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырып, олар бірте-бірте әдет-ғұрып, дәстүрге айналды. Ең соңында, бұл нормалар идеологиялық жағынан діни тұжырымдар не мифтер болып бекітілді. Дегенмен кейбір жағдайларда осы қабылданған жалпы нормаларды бұзушылар да табылды. Сондықтан бұндай жағдайда қоғамдық шаралар қолдану қажет болды. Қоғамдық шаралардың бірнеше түрлері, тіпті күш жұмсауға дейін қолданылды. Тәртіпті өте ауыр бұзушылырға қатал жазалар — ұрып-соғу, өлтіруге дейін немесе ұжымнан қуып жіберу қолданылды.
Мысалы, Австралия аборигендеріндегі веддтер мен сенойларда экзогамияның ережесін бұзған адам ұжымнан кетуі керек немесе өлім жазасын алатын еді. Инициацияның құпияларын таратқан жігітке де қатаң жаза қолданылды. Бұл жағдайларда жазалау түрін ұжымдағы көсемдер белгілеп, олардың өздері немесе жазаланушының жақындары жүзеге асыратын болды. Ал керісінше, аса маңызы жоқ тәртіп бұзушылықтар кезінде оның себептерін екі жақ өзара бірлесіп қарастыратын болған.
Тағы рефераттар
- Адам өміріне қарсы қылмыстар түсінігі, түрлері
- Ә.Бөкейханов – «Алашорда» автономиялық үкіметтiң қайраткерi
- Сүтті алғашқы өңдеу
- Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі
- Басқару ғылымының зерделеу заты