БИЛІК ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАТЕГОРИЯ туралы қазақша реферат

Мемлекеттік билік органдарын толыққанды талқылау үшін алдымен билікті жалпы әлеуметтік категория ретінде қарастырып, мазмұнын, мағынасын ашып алуымыз қажет.

Билік болып қоғамда белгілі бір субъектінің (жеке тұлғаның, ұжымның, ұйымның) екінші бір субъектіге (жеке тұлғаға, ұжымға, ұйымға) бағынып, яғни сол субъектінің мүддесіне, еркіне бағынып, мінез-құлық дәріптеуі танылады.

Адамзат баласы өмір сүріп отырған қоғамда биліктің көптеген түрлері тараған. Атап айтар болсақ: ру, тайпа билігі, экономикалық билік, қоғамдық ұйымдардың билігі, ата-аналық билік, діни ағымдағы билік, осылардың арасында ерекше орын алатын, қоғамға кең тараған, қазіргі біздің мемлекетіміздің қадасын қағып, керегесін кеңейтіп отырған, осы еңбегіміздің басты тақырыбының іргетасы болып отырған билік — саяси (мемлекеттік) билік.

Осы аталған саяси билік негізгі заңдық мағынада мемлекеттік билік болып түсіндіріледі және мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

К. Маркс «мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мемлекет пен оның әр-түрлі органдары азаматтық қоғамның саяси тірегі болып табылады» деп пікір айтқан.1 Бұдан шығатын қорытынды мынадай: мемлекеттік билік — тікелей мемлекетпен жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен қолдауы бойынша жүргізілетін, мемлекетпен белгілі бір әрекеттілік берілген немесе санкцияланған қоғамдық биліктің айрықша нысаны.

Сонымен қатар Ф.Энгельс «саяси (мемлекеттік) билік ерекше

Биліктің маңызды белгісінің бірі – күш. Себебі, әр мемлекетте билік әр-қилы жағынан көрініс табады, мысалы бір мемлекетте мемлекеттік билік мемлекет тарапынан тікелей зорлыққа бағытталса, екіншісінде – жасырын мәжбірлеуге ие, сондай-ақ үшіншісінде ұйымдастырушылық қызметке ие. 2

Билік күші физикалық күш, қару-жарық күші (дубина, қару, атом бомбасы) немесе бедел, ақыл-ой күші болуы мүмкін. Енді осы билік жайында ежелгі ойшыл – ақылмандардың пікірлерін, ұстанған қағидаларын, бағыт-бағдарларын толғап өтсек. Ежелгі ақылман Никколо Макиавелли өзінің «Тақсыр» атты кітабында: «Билік иесі елді әр-түрлі тәсілмен басқарады. Бірі — қабылдаған заң жолымен, екіншісі- күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі айуанға тән. Елде тәртіп орнатайын десе, билік иесі осы екі тәсілді де тең ұстағаны абзал, түсінігі молдарға заңды құрметтеуді үйрет, көнбегендерге амал жоқ, күш қолдан.

Өз бойыңа арыстан мен түлкінің мінезін қалыптастыр. Арыстан-айбатты, түлкі-айлакер. Мұның бірін сыртқы, екіншісін ішкі жауыңа пайдалан. Қорқыт та алдай біл, алда да қорқыта біл. Сонда ғана елдің тізгінін нық ұстайсьң» — деген.1

Иә, әр ғасырлардың, әр қоғамдық құрылыстардың өзіндік билік құпиялары болған. Ең бастысы билік иесі-жоғары лауазым иесі қарамағындағы, адалдық, адамгершілік, жан тазалығы және өз-өзіне сенімділік мен мұндалап, көзе ұрып тұруы шарт.

Жоғарыда атап өткен «Тақсыр» атты кітапшада, бұған керісінше, билеушіні орға жығатын бес бірдей сүйкімсіз мінез көрсетілген. Олар: тұрақсыздық. Жеңіл ойлылық, дөрекілік, сезімсіздік және дұрыс шешім қабылдай алмаушылық.3

Шығыс филасофтарының көне жазбаларында билік иелерін үш топқа

 

 

1Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т 4 С 313

2Барнашов А.М Теория разделения властей: становление, развитие, применение. Томск. 1988. С. 6

3Маккиавелли.Н. Государь М. 1967  Е 74

бөледі екен.

Біріншісі – кұдайдың өзі туа бітті  ақыл дарытқандар. Мұндай билік иелері ұзақ мерзім билік құрады және еліне көп жақсылық әкеледі.

Екіншісі — өзгенің істегенін көріп, әрекет жасайтындар. Бұлар көбінесе қу болып келеді. Қоғамға өзгеріс әкелетіндей жаңалық жасай алмайды. Тек ескіні ғана нығымдап ұстауға бейім тұрады.

Үшіншісі — өзі білмейтін және өзгеден тәлім алмайтындар. Бұлар билік басына кездейсоқ келеді, олар кез-келген істі айқаймен, дауды соғыспен шешуге құмар. Мұндай билік иелері бар ел түбінде қырғынға, байлығы тонауға ұшырайды.1

Наршахи деген ақылман: «Халқың, қара нан жесе, сен де қара нан же, әйтпесе сенімнен айырыласың. Биліктен ажырайсың» — деп жазыпты. Өнеге сөз. Қырғыз жазушысы, адамзаттың Айтматовы: «Мен білетін биліктің екі тармағы бар. Бірі — халқына қызмет ететін, екіншісі -өзіне және туған-туысқандарына, тұқым-жұрағатына ғана көлеңкесі түсетін билік. Алғашқысы – жауапкершілікті терең сезінуден, адалдықтан, кейінгісі эгоизм  парықсыздықтан туындайды» — деген.2 Десе де, қазіргі біздің билік иелеріміз кімнің, күйін күйттеп отыр, өзінің бе, жоқ әлде халқының ба? Халқының күйін күйттеп, жоғын жоқтар билік иелері көп болса, біздің қоғамымызда қолын созар қайыр-садақа сұраған қайыршылар саны азаяр еді. Осыны көріп еліміздегі билік иелері өзімшіл ме деп қаласың.

Біздің пікірімізше, қоғам рахаты тек мемлекет басшысына тәуелді. Себебі, мемлекет басшысы айналасына жинайтын билік иелерін дұрыс саралауы тиіс. Егер, мемлекеттік билік басына өңкей жағымпаздарды жинаса, өзінің де, елінің де күні қараң. Өйткені жағымпаздар басшыны мақтамай тұра алмайды. Ал, мақтау сөз у тәрізді, тұла бойыңды түгел билеп алады.

Алды-артыңды болжаудан қалдырады. Осының  салдарынан халқыңды ұмытасың. Қаптап жүрген мүсәпір — қайыршыларды көрмейсің. Сондықтан Президент Үкіметті құруда мүше болушылардың психологиясына терең үңілуі тиіс.

Афина патшасы Амасиске ғұлама Солон: «Менің пікірімше үкімет билгін халық билігіне айналдыра алған патша ғана даңқты болады»-деп кеңес берген.

Олай болса, билік тізгінін ұстаған ақылмандардың кемеңгерлігі — ел бақыты. Конфуций – біздің  дәуірімізге дейінгі 551- 479 жылдары өмір сүрген қытай халқының атақты философы, ойшылы. Оның ұлы қағидалары мен өсиеттерінен көне қытайдың көптеген билеушілері тәлім алған. Тіпті ең бір қаһарлы императордың өзі: «Ел басқару ісінде қателессек, ұлы ұстазымыз кешірмейді-ау» — деп қорыққан. Конфуцийдің билік туралы ұлағатты сөздері бұл күнде әлемнің барша тіліне аударылған.

«Әр адам өз ісін адалдықпен атқара білсін. Билеуші елді билесін, жұмысшы еңбек етсін, әке-әке, бала-бала орнында болсын. Тұрақтылықтың осы қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Үлкен өрт кішкене шақпақ тастан шыққан ұшқыннан басталады».

Конфуцийдің қағидаларын Қытай көсемдері әлі күнге басшылыққа алып отырады екен. Ал біздің билеушілеріміз, кешегі алты алашты аузына қаратқан үш жүздің үш тарланы Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің тағылымы мол сөздерін біле ме екен ?!

Жалпы, билік иесі болу бақытына алуан салалы қызметтің, саяси қақтығыстардың қойнауына түсіп ысылып, сыналған, ақылы мен парасаты, кемеңгерлігі мен кеңдігі келіскен өзге тұстастарынан оқ бойы озық тұлға ғана ие болуы тиіс қой.

Алайда бұл ереже біздің мемлекеттік органда отырған азаматтарымызға тән емес. Мысалы, елімізде бір жылдары өткен Парламент депутаттарын сайлау кезінде небір пәлелер болмады  десеңізші.  Бір  депутатқа  талапкер         сайлаушыларына аяқ киім үлестірген. Бірақ бәріне бір-бір сыңардан ғана. Әлгі өлермен:

— Маған дауыс беріңдер. Қарсыластарымды жеңіп шықсам, екінші сыңарын аласыңдар деп қоңторғай болып жүрген халықтың осал жерін басады. Қалған талапкер — бақталастары қалсын ба, ақшаны оңды-солды шашып, судай ағызған. Нәтижесінде аяқ киім үлестіргеннің бағы жанбады. Десе де, осындайлардьң талайы Парламентке өтіп кетті. Бір кезде рухани жағынан таяз, бір жолғы қызығы, мансабы, үшін халық мүддесін сатып жіберетін алаяқтардың талайы қазір көзін ашып-жұмып Парламент залында отыр. Қарапайым жұрттың тағдыры осындай азаматтарға қарап калды. Осы жайттарды зерделесек, бұл — біздің демократиядан тапқан бір ұтылысымыз — осындай депутат ағаларымыз бен апаларымызға қарап отырып кешегі грек саясаткері Солон еріксіз еске түседі. Ол «Саясаткерлік деген – алдампаздық» демеп пе еді.

Еліміздегі мемлекеттік билік органдарының алшың басуы-қоғамымыздағы демократияның бір көрінісі. Осыны пайдаланып, билік иелер әй дер әжеге, қой дер қожаға құлақ аспауда. Алайда, демократия дегеніміз — өзіне тән шектеуі мен шекарасы бар қатаң тәртіп.1 Қарапайым ғана мысал. Отбасы — мемлекеттің үлгісі. Оның да көсем басшысы, сенімді қосшысы, орнықты орындаушылары бар. Демократия, аузыма не келсе соны көкуге еркім бар деп, келін атаның сақалына жармасып, ұл шешесінің бетінен алып жатса не болмақ? Ырыс емес, үй-ішіне қып-қызыл төбелес алып келетін, рухани мәдениетке тамыр жібермеген демократиядан не қайыр?!

«Бақ пен сордың арасы — бір-ақ қадам» депті императорлық тақ пен тәжден айырылып, әулие Елена аралына жер аударылып бара жатқан Наполеон Бонапарт өкініштен бармағын шайнап. Сол сияқты — біздегі билік иелері аңдап баспаса, абайлап ұстамаса қолындағы

 

 

1Керимсв.Д.А. Философские проблемы права.  М. 1972     С 407

 

биліктен айырылып қалуы ғажап емес.

Жалпы тілмен айтсақ билік — айбалтаның басы да, демократия — сабы. Ал сабын ұстайтын әулетті қолдың иесі қашан да халық екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан бұл екеуін бөле жара караудың қажеті жоқ. Осы екі тірліктің бірі бұзылса, екіншісі қисаймай тұрмайды. Мысалы, Люксембургте, көшеде келе жатқан адам жолда жатқан әмиянды тауып алса, ол оны міндетті түрде полицияға апарып тапсырады екен. Байыппен қарасақ. Бұл — қалыптасқан мінез бен демократияның шынайылылығы.

Ал жоғалғанды тауыпбермек түгілі, қолыңдағыны жұлып алатын біздің қоғамда, демек билік те, демократия да, дұрыс орнықпай жатқаны-ау! Ендеше, біз демократияға қол жеткіздік, аспаннан алтын жауады екен деген ұғымнан арылуымыз қажет. Біз үшін — идеал қоғамның ауылы алыс. Осыны жан – тәніңмен, бүкіл болмысыңмен түсіну парыз. Қолдағы билік пен мүмкіндікті жалаң өз басына пайдаланбай, еліне жақсылық жасауға ұмтылса ғана демократияның бағы жанады.

Ежелгі заң реформаторы Солон өз билігі хақында былайша толғанған: «мен халыққа билікті олар қажет еткен мөлшерде бердім. Олардың абыройын шектемедім, бірақ артық құқық берген жоқпын»1 Солон болса бұдан ұтылмады, керісінше үнемі ұтыста болды.

Демек, біздегі билік иелері өз дәуірінде де, болашақ алдында да ұтылмау үшін халық мүддесін өз мүддесінен артық қоюы керек. Сонда ғана қоғамда демократия аясындағы билік салтанат құрары сөзсіз.
Тағы рефераттар