Білім беру туралы қазақша реферат
Облыста білім беру жүйесін тиімді дамыту үшін жағдай жасалған, жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарған, мектепке дейінгі ұйымдар жүйесі артқан және сақталған.
Облыста 143 барлық меншік түріндегі мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етеді, оларда 24,4 мың бала тәрбиеленуде.
Облыста жалпы орта білім беретін оқу орындарының жүйесі тұрақталған: жалпы типтегі 602 күндізгі жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар, 32 кәсіптік мектеп, 12 колледж, 11 балалар үйі, бес жасөспірімдер үйі, қиын балалар мен жасөспірімдерді психологиялық оңалтудың екі қызметі, 23 мектеп жанындағы интернат бар. Сонымен қатар, облыс аумағында республикалық әскери мектеп-интернат, спорт мектеп-интернаттары мен білім беретін 80 жеке ұйымдар бар.
2005 жылмен салыстырғанда мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар 3 бірлікк көбейген. Балқаш, Теміртау, қалаларында Абай ауданының Сарепта селосында балалар үйі қалпына келтірілген. Олардың барлығы күрделі жөндеу жасалған бұрынғы балалар үйінің ғимаратына орналасқан. Мектепке дейінгі балалар ұйымындағы балалар саны 2 мыңнан артыққа көбейген
2006 жылы мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер жанындағыц 16 шағын-орталықтардың жұмыстары ұйымдастырылған, оларда 415 бала тәрбиеленуде. Халықтың жалпы санынан мектепке дейінгі оқытумен балаларды қамту 1,85 % имектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету деңгейімен облыстағы 1000 балаға 1,4 бірлікті құрайды.
2007 жылы мемлекеттік бала бақша жүйесі 12 бірлікке көбейеді, оның ішінде 5 қолданысқа енгізілген, қалғандары жыл аяғына дейін ашылатын болады. Балқаш қаласы мен Бұқар жырау ауданындағы Самарканд селосында екі жеке меншік бала бақша қалпына келтірілетін болады. Жаңадан ашылған бала бақшаларда 1885 орын құрылатын болады. Қолданыстағы бақшаларда қосымша орындар ашу жоспарлануда. Осылайша, балалар саны 2068 адамға дейін көбейеді. Сонымен қатар, 2007 жылы 400 орынға 14 шағын-орталық ашу болжамдануда.
Жалпы білім беретін мектептер жүйесі 2005 жылмен салыстырғанда 7 бірлікке азайған. Облыста оқу жылы басталғанда жетерлік оқушылар болмаған селолық жерлердегі шағын бастауыш сыныптарды жабу жүріп жатыр.Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар санының жылдан-жылға азайып бара жатқанын атап өту қажет. Осылайша күндіз оқитын жалпы білім беретін мемлекеттік мектептердегі оқушылар саны 2005 жылдан бері 11,3 мың адамға азайған. Оқушылар санының азайғаны соңғы жылдарда да байқалуда, 2007 жылы оқушылар саны 201,6 мың адамды құрайтын болады, бұл өткен жылғы деңгейден 3,7 мың адамға төмен. Оқушылар санының қысқаруы 90 жылдардың аяғында 2000 жылдардың басындағы бала туу санының азаюына байланысты.
Облыста 34 кәсіптік мектеп пен лицейлер, оның ішінде 2 жеке меншік. 2006 жылы Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ селосында кәсіптік мектеп ашылған. Қазіргі кезде облыстың барлық аудандары мен қалаларында кәсіптік мектеп бар, Осакаров пен Нұра аудандарында филиалдары жұмыс істейді.
Кәсіптік мектептерде 48 мамандық бойынша дайындық жүріп жатыр. Бастапқы кәсіптік оқытумен 12,27 мың оқушы қамтылған (2005 жылы 12,07 мың адам).
Облыста 45 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 18 мемлекеттік және 27 мемлекетік емес, 8 колледж жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады, оның 3 мемлекеттік.
Колледждер жүйесі соңғы жылдары 3 бірлікке өскен, колледжде оқыту 94 мамандық бойынша жүргізіледі.
Жастарды орташа кәсіптік оқытумен қамту 40,5 мың адамды қамтиды, бұл 2005 жылға қарағанда 4,3 мың адамға көп. 2007 жылы 41,2 мың адам күтілуде. Мемлекеттік тапсырыс жағдайында 8,6 адам оқиды, оның ішінде 0,6 жеке меншік колледждерде.
Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен 2006 жылы Жезқазған қаласында орта мектеп салынған, Қарқаралы қаласында бала бақша, Шет ауданындағы Ақжал кентінде орта мектептің құрылысы басталды.
Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен: Осакаров ауданындағы Сенокосное селосында және Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде бейімделген мектеп орнына 2 мектеп салу басталды.
2007 жылға арналған білім беру объектілерін салу мен қайта жөндеуге 1217403 мың теңге оның ішіндде РБ 755874 мың теңге қарастырылған.
Құрылыс басталатын болады: жергілікті бюджет есебінен – Ақтоғай ауданындағы Үшарал ауданында ОМ, Жаңаарқа ауданындағы Ескене ауылында, Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ аулында мектеп жанындағы интернатқа бұрынғы ОМ ғимаратын қайта жөндеу, Нұра ауданындағы Ахмет ауылында ОМ, Қарқаралы ауданындағы Матақ ауылында ОМ, Саран қаласындағы «Спутник» бала бақшасын қайта жөндеу; республика бюджеті есебінен: Абай, Балқаш қалаларындағы ОМ, Қарқаралы қаласындлағы кәсіптік мектеп.
Облыстың ЖОО үш тілде жаңа оқу және ғылыми әдебиет алынды, қазіргі заманғы жабдықтармен ғылыми зертхана алынған, компьютер базасы кеңейтілген, жаңа Интернет кластары ашылған, білім берудің менеджмент сапасы жүйесі енгізілген.
Тағы рефераттар
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі
- «Қарашығанақ» кен орнына енгізілген ЫМЖ-ны талдау
- Тауар биржасы жайлы түсінік және оның функциялары
- Сергей Алексеевич Елистратов
- Лизинг