Рыноктық (нарықтық) реттеу жоғары білімнің дамуында мемлекеттік реттеудің кемшіліктерін толтыра алмады. Нақты оқу орындарының дипломдары жұмыс берушілер мен жұртшылықтың көз алдында нақты баға алулары үшін жоғары оқу орындары жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тым қысқа уақыт жұмыс істеді. Осы жағдайлар қиянатшыл бәсеке үшін кең мүмкіндіктер жасады. Жеке меншік, ал ішінара мемлекеттік жоғары оқу орындарының да ақылы оқитын студенттер санына кіріптарлығы, көптеген жоғары оқу орындарына қалағандардың барлығын тартуға, демпингтік бағалар мен жоғары оқу орындарының нақты мүмкіндіктеріне сай келмейтін жарнамаларды пайдалануға, көтеріңкі баға қоюлардың кеңінен қолданылатын практикасына, түпкі нәтиже білімді нақты дипломдар сатумен алмастыруға әкеп соқтырды. Оның үстіне ақыны болашақ диплом үшін емес, ал әскери қызметтің мерзімін кейінге қалдыру мақсатында төлейтін студенттердің едәуір саны пайда болды [4].
Уақыт белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді, ғылымда құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды, іргелі және қолданбалы зерттіулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемін арттыруды талап етеді.
Ғылымды бюджеттік қаржыландыруды ұлғайтуды жоспарлай отырып, біз бұл процеске жекеменшік бизнесті де қосуды ұмытпауға тиіспіз. Бұл жеңіл міндет емес, солай болса-дағы ғылыми нәтижелерді ойдағыдай коммерциялаудың қолайлы шарттарын жасау, оларды инновацияда жүзеге асыру, тұтынушыларға жақындату қажет.
Оқу орындарының қаржы базасын нығайтуға жағдай жасаған өзге де түзетулер болды. Енді жоғары оқу орындарына бағалы қағаздар сатып алуға, оқудың төлемі ретінде алынған қаражаттар мен өзге де қаражаттарды депозитте ұстауға құқық берілді, мұндай құқық тапқан ақшаны инфляциядан сақтауға көмектесуі тиіс.
2001 жылдың басында білім және ғылым Министрлігі перспективада олардың санын елеулі қысқарту арқылы жоғары оқу орындарының желісін «тазалау» қажеттілігі туралы жариялады. Осы мәселені шешудің басты құралы ретінде жоғары оқу орындарын тіркеу үшін қажет ең аз жарғылық қорды ұлғайту ұсынылды.
Одан әрі пайда болған қоғамдық пікірталастар қатарында өзге де мынадай шаралар аталды: жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингтерін (бедел көрсеткіштерін) жасау және оқу- материалдық, кадрлық базаларының көрсеткіштеріне, ғылыми қызметтің деңгейіне, талапкерлерді іріктеу қатаңдығының дәрежесіне сәйкес жоғары оқу орындары үшін санаттар (категориялар) енгізу; зерттеу және қолданбалы жобалардан, консалтингтік қызметтерден түсетін табыстардың өсуі кезінде жоғары оқу орындарын қаржыландыруда ақы төлеу үлесін азайту және т.б.
«Білім» Мемлекеттік бағдарламасында техникалық, педагогикалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту көзделді.
Жалпы, Қазақстандағы жоғары білім реформаларының негізгі қорытындысы ретінде жоғары мектептің әлемдік білім беру прогресі арнасында жаңғыру жолына түскендігін есептеуге болады және ол республиканың ортақ әлеуметтік-экономикалық стратегиясының либералды (ықтиярлы, ырықты) бағытын көрсетті.
Негізінен қалыптасқан ұлттық білім үлгісі кеңестік жүйенің шүбәсіз оң сапасы ретіндегі білімнің түбегейлі іргелілігі мен ғылыми сипатын сақтап қалды да, батыс үлгілерінің кескінін- білім беру гранттары мен несиелерін ендірді.
Қазақстандық білім үлгісінің негізгі компоненттерін әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен адам дамуы мақсаттарына сәйкестігін сынау мәселесі күтіп тұр [2].
Адам дамуы тұжырымдамасында білім ең өзекті және іргелі қоғамдық проблемаларды шешудің айқындаушы факторы, адам дамуы деңгейінің аса маңызды көрсеткіші ретінде қаралады. Адам дамуындағы білімнің ролін қамтамасыз етудегі халықаралық танылған бағдарлама «Баршаға бірдей білім» стратегиясы болып табылады. Сонымен бірге көпшілік елдердегі сияқты, республикамыз үшін де білім мүмкіндігі мен сапасын біріктіру өзекті проблема күйінде қалып отыр [3, 5-19б].
Алайда білім беруді инвестициялаудың кез-келген басқа инвестициялар сияқты тәуекелділігі жоғары. Индивидтің оқуға жұмсаған еңбек және қаржы шығындары іс-жүзінде толыққанды қайта ма, алдына қойған каръерасын ойдағыдай жасай ала ма, т.б. жақтарын алдын ала білу мүмкін емес. Көп жағдайда білім беруге жұмсалған шығындардан алатын ұтым индивидтің өзіне тәуелді. Бұл мәселеде тек еңбек рыногындағы мамандарға деген сұраныс ғана емес, сондай-ақ, индивидтің жеке сапалары да шешуші роль атқарады. Оның мүдделілігі, талпыныстары, оқу мақсаты туралы түсінігі, т.б. оның үстіне адамды мамандығын өзгертуге немесе кәсіптік еңбекке кеш қосылуына әкелетін жеке жағдайларды да ескеру қажет. Осылардың барлығы оқудың басында ескеруге мүмкін болмаған мәселелер кешенін құрайды және білім беруге салынған инвестицияның қарапайым жылдамдығына және көлеміне әсер етеді. Жалпы алғанда, белгілі бір деңгейін алуға байланысты шығындар адамның өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрғанда ғана толық қайтарылады. Сонымен білім беруге жеке табыс көлемін арттырушы маңызды фактор болып табылады. Индивид білім алу барысында ағымағы табыс алу мүмкіндігіне бас тартады, өйткені, білім оған осы шығындарын болашақта қайтару мүмкіндігін береді.
Сондықтан да адам капиталына инвестиция салу оның әлеументтендіру тәжірбиесіне терең өзгерістер енгізіп жалпы адам капиталының жиынтық қорының мазмұнына, құрамына, қалыптасуына оң әсер етеді.
Білім беруге бағытталған қоғамдық тікелей инвестициялар-мемлекеттің, жергілікті органдардың, қоғамдық ұйымдардың, өнеркәсіп салаларының осы сфераға бағытталған қаржылары. Білім беруді инвестициялау әртүрлі жолмен жүргізілуі мүмкін:
- оқушыларға мақсатты бағытталған ұзақ мерзімді несиелер беріледі; мұндай несиелер еңбек ету кезінде жалақы немесе табыс есебінен қайтарылады;
- мемлекет білім беру қызметі ақысын төлеуге және тұтынушыларды материалдық қолдауға байланысты барлық шығындарды өз қолына алады;
- білім беру қызметі ақысын және оны тұтынушыларды метериалдық қолдау әртүрлі көздерден қаржыландырады:
a) мемлекеттік (оқу орындарын республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, оқушыларға жәрдемақы және ұзақ мерзімді мақсатты несиелер беру) қаржыландыру;
б) оқушылардың өзіндік қаржылары есебінен (олардың ата-аналарының,
асыраушыларының қаржылары);
в) кәсіпорындар және ұйымдардың қаржылары (тапсырыс бойынша
маман дайындауды, жұмысшылардың біліктілігін көтеру және оларды қайта дайындауды қаржыландыру), қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қаржылары есебінен.
Сондай-ақ, адам капиталына жұмсалатын инвестициялар, салымдар бірнеше сатыдан тұрады:
Бірінші сатыда-адам капиталына жұмсалған салымдар неғұрлым жақсы нәтижеге жеткізеді, өйткені мұндағы жоғары тиімділік салымның қарымы қайтатын уақыт мерзіміне байланысты. Оқытудың бастапқы сатысынан, арнаулы даярлық сатысына өткен сайын шығындардың өтелу мерзімі ұдайы қысқарып, адамға жұмсалатын салымның ұтымдылығы арта береді. Сонымен бірге, ықтималды адам капиталына салым оның неғұрлым жас кезінде жұмсалса, салым өлшемімен болатын өзгерістер серпіні соғұрлым жоғары болмақшы. Адамға жұмсалған салымның ертерек болуы қоғам тіршілік әрекетінің алдағы кезеңдерінде көрінетін ықтималды адам капиталының, оның шығармашылық қабілетінің бір реттеуіші есепті болады.
Екінші сатыда-ықтималды адам капиталын нақты іске қосылған адам капиталына айналдыру кезеңі. Бұл-еңбек субъектісінің адам капиталын іске асыру мен қорландыру кезеңі. Тіршілік әрекетінің бұл кезеңі еңбек қызметін атқаруға бейімделуімен, адам капиталының жетілдіруімен, жұмыскердің нақты адам капиталына біліми ықпал етуінің көптігімен сипатталады.
Үшінші сатыда-еңбек қызметінің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде ықтималды адам капиталы ұдайы өндіріс жүйесіне неғұрлым көптеп тартылады, жалақының ұдайы өсуі мен оның ең жоғары деңгейіне жақындау байқалады. Мұнда жұмыскерлерді қайта даярлау жүйесі аса маңызды рол атқарады. Ол ғылыми-техникалық дамудың шарттарын бейнелейді. Өнімді еңбектен қол үзіп және қол үзбей білім алу жүйесі, парасатты адам капиталын, жұмыскердің қабілет қарымын, қоғам тіршілік әрекетінің осы кезеңіндегі ғылыми-техникалық талаптарына дейін көтеруге мүмкіндік беретіндей дәрежеде толықтырылуы керек [3, 5-19б].
Білім беру саласын инвестициялау үлгілері жайлы 1 қосымша кестеден көрулеріңізге болады.
Қазіргі кезеңде, яғни экономикалық дамуымыз тұрақталынып, әлеуметтік мәселелерге бет бұрған уақытта, Қазақстанда адам капиталын қалыптастырып, оны ұдайы өндіру үрдісіне байланысты біршама қызметтер атқарылып жатыр. Бұған халқамызға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп, осы мәселедегі қалдық принциптерін жойып, әлеуметтік саланы қаржыландыруды басымдылық ретінде қарастыру саясатының қалыптаса бастауын мысалға келтіруімізге болады.
2005 жылға арналған бюджетте денсаулық сақтауға, білім беруге және басқа да әлеуметтік секторларға жұмсалатын шығындар үштің бірінен асады деп көрсетілген, ал бұл мемлекеттің мүмкіндіктері артқанын көрсетеді. Әр бюджеттің өз міндеті бар, оның ең басты ерекшелігі-әлеуметтік бағыттылығында.
2005 жылға арналған бюджет қаражаты да едәуір даму мәселесін шешуге бағытталған болатын. Осы салаға жұмсайтын шығыстары 2004 жылмен салыстырғанда 20,2%-ға, соның ішінде білім беру-51%-ға, денсаулық сақтау-22,9%-ға, әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек-15,2-ға% ұлғайды.
Мұндай бюджетті орындауда инвестициялардың орны бөлекше, өйткені ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны инвестициялардың көлеміне байланысты.
Сонымен, біздің қоғамымыздың алдында тұрған мақсаттарының бастысы адамның жетістіктерін, құндылығын, әлеуетін ашатын, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын кезеңге жету үшін мемлекеттік жіне жеке мүдделерді жұмылдырып, ұйымдастыру болып табылады.
Батыс елдерінде адам капиталын есептеу көбіне білім компонентін есептеуге негізделеді; мұның өзі оны кеңістік экономикалық әдебиетте кең тараған білім қорын есептеу әдіснамасына жақындатады. Білім қоры-индивидтердің жинақталған білімі, дағдысы, тәжірбиесінің құндық тұрғыда бағалануы. Екі аталған қорларды есептеуде әртүрлі әдіснама қолданылады. Олардың ең басты айырмашылығы-кеңестік экономистердің есептеулерінде батыс зерттеушілеріне тән жоғалған табыстардың қамтылмауы.
Білімнің құндық қорын, тұтас алғанда, индивидтің білім потенциалын қалыптастыру мақсатындағы қаржы салымдарының нәтижесі ретінде қарастыруға болады.
Білім қорын есептеуде екі әдіс белгілі:
— белгілі бір ұзақ мерзімде білім беруге бағытталған нақты кумулятивті шығындарды есептеу;
— белгілі бір уақыт аралығына экономикалық белсенді халықтың жинақталған білім, дағды, тәжірибе қорының нақты өндірістік құндылығын бағалау.
Адамның білім алу құқын мемлекет сәйкес әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді:
- ақысыз және міндетті бастауыш білім беруді ұйымдастыру;
- орта және кәсіптік білімді берудің әртүрлі формаларының дамуын ынталандыру және оларға қол жетуді тегін білім беру және қаржылық көмек көрсету арқылы қамтамасыз ету;
- жоғары білімге қол жеткізу негізінде, тегін білім беру арқылы қамтамасыз ету;
- барлық сатылардағы мектептерді дамыту, стипендия жүйесін қалыптастыру және оқытушы персонал жағдайын жақсарту [6, 5-7б].
Отандық білім беру қызметі рыногының қалыптасу және қызмет ету ерекшеліктерін талдай келе, келесідей тенденцияларды айтуға болады:
- объективті нақтылық ретінде жеке сектор үлесінің артуы, жеке сектордың даму динамикасы және масштабы оның өмірлік цикл теориясына сәйкес өсу сатысында екендігін көрсетеді және қазірдің өзінде жеке сектордың осы рынокта алатын орны елеулі;
- техникалық, аграрлық, құрылыс мамандықтарына сұраныстың төмендеуі, бұл жағдайды аталған салалардағы экономикалық іс-әрекеттің жеткіліксіз ұйымдастырылуымен және кәсіби бағдар саясатының өнеркәсіпті елдердегі кәсіптік бағдар жүйесін дамыту арқылы мамандық таңдауды реттеу саясаты қызығушылықты тудырады;
- заңгер, экономикалық, қаржы мамандықтарына сұраныстың артуы;
- қысқа мерзімді, интенсивті, бірақ толық теориялық-практикалық дайындық деңгейіндегі білім беру қызметіне сұраныстың артуы;
- екінші кәсіптік білімге, жоғары білімнен кейінгі білімге сұраныстың артуы; ұсыныс құрылымының сұраныс құрылымына бейімделуі;
- әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылу, жақын және алыс шетел рыноктарына тәуелділігі;
- орта арнайы және жоғары кәсіптік білім арасындағы диспропоцияның орын алуы.
Жоғары тенденциялар отандық білім беру қызметі рыногының оптималдану бағыттарын іздестіруді анықтайды.
Отандық білім беру қызметі рыногының әлемдік білім беру кеңістігіне енуін қамтамасыз ету, білім деңгейлерін халықаралық стандарттарға жақындату, объективті қажеттілік және жаһандану процесінің тереңдеуімен байланысты.
Қазіргі уақытта біртұтас білім беру кеңістігіне ұмтылу әлемдік тенденция сипатында 33 европалық мемлекеттер Европа алдерінің білім беру жүйелерін біртұтас стандартқа келтіру туралы Болондық декларацияға қол қойғаны белгілі. Оның бірқатар элементтері отандық білім беру жүйесіне бірте-бірте енуде (екі деңгейлі жоғары білім жүйесі, рейтинг бақылау т.с.с.).
Либералды үлгіде білім беру-осы қызметті өндіру саласы ретінде қарастырылып, білімді таңдау, кәсіптік дайындық, мамандану сапасы, т.с.с. мәселелерде индивидтің жауапкершілігі жоғары. Континенталды-еуропалық үлгінің басты белгілерінің бірі-білім деңгейіне, білімге қол жеткізуге тек индивид ғана емес, мемлекет әрі қоғам да тікелей жауапты және мемлекеттік басқару жоғары.
Білім беруді инвестициялауға аса өзекті мәселе осы инвестициялардың тиімділігі, қайтарымдылығы төңірегінде. Батыс экономика ғылымында білім берудің экономикалық тиімділігі негізінен ішкі қайтарым нормасы әдіснамасында төмендегі формулада есептеледі:
r =Db-Dc/Co;
r-жоғары білімге пайда нормасы;
Db-жоғары білімді адамдардың өмірлік жалақысы;
Dc-орта білімді адамдардың өмірлік жалақысы;
Co-жоғары және орта білімді шығындардағы айырма.
Отандық жағдайларда өмірлік жалақыны есептеу әдіснамасының болмауы себебінен білім берудің қайтарым нормасы тікелей есептелмейді. Дегенмен табыс және білім деңгейлері арасындағы тәуелділік, соңғы заңды-нормативті актілерде жалақы өсімінің білім, біліктілік, кәсіптік мобильділік, т.с.с. тәуелділікте қарастырылуы, біздің ойымызша, болашақта білім берудің экономикалық тиімділігінің жоғарыдағы әдіснамада есептелуіне жағдай жасауы ықтимал.
Алайда инвестиция салу, оның тиімділігін экономикалық тұрғыда есептеу көбіне қолданбалы ғылымда ғана басымдығын ескеру қажет. Білім беру экономикасының мәселелерін белгілі бір формулаларға келтіру, сыйдыру қиын. Сондықтан әртүрлі есептеу әдістерінің, математикалық формулалардың қолданылуы олардың адекваттылығы, яғни нақтылыққа сәйкестігі, осы саладағы экономикалық қатынастар ерекшеліктерін барынша ескеруі сияқты мәселелер тудырады. Осы себептен білім беру инвестицияларының тиімділігін анықтауда «шығындар-ұтымдар» қағидасымен қатар, оның индивид, фирма, тұтас алғанда қоғам өміріне тигізетін әсерін ескеру қажет.
Индивидтердің (үй шаруашылықтары) білім беруге бағытталған инвестицияларды қазіргі уақытта мемлекеттік инвестициялармен пара-пар және өспелі тенденцияда. Алайда фирмалардың (бизнес) қатысуы төмен. Сондықтан фирмалардың оқу бағдарламалары, курстардың мазмұны және студент санына қатысты шешім қабылдауға етене қатысуына қолайлы жағдайларды жасау қажет. Сонымен қатар мемлекет микродеңгейдегі жанама әдістер арқылы ынталандыру саясатын жүргізіп, мәжбүрлеу әдісін де қолдана алады.
Бюджеттен тыс қаржы көздерінің бірі ретінде білім беру бағалы қағаздар механизмінің мүмкіндіктері жоғары. Бұл механизм оқу орындарының негізгі қорларын екінші экономикалық айналымға тартып, болашақта білім беру қызметін тұтынуға мүлік құқығын негіздейді және білімге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Отандық білім беру қызметі рыногында осы механизмді енгізу бірқатар құқықтық-ұйымдастырылу деңгейіндегі мәселелердің шешілуін талап етеді.
Біріншіден, заң бойынша оқу орындарына негізгі қорға билік ету құқы берілмеген. Әрине, осы мәселенің оқу орындарын жекешелендіру нәтижесінде шешілу ықтималдығын жоққа шығармаймыз. Екіншіден, кез келген инновация өмірге ену үшін оған сұраныс болуы қажет, яғни осы саладағы бағалы қағаздар не ерте, не кеш емес, дер мезгілінде енгізілуі қажет. Үшіншіден, кез келген реформа, өзгерістің өміршеңдігі. Сондықтан осы қаржы көзінің орындалуы отандық бағалы қағаздар рыногының даму нәтижелеріне тікелей тәуелді. Білім беру құрылымын стандарттау, біріншіден, қоғамдық идеалды білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталса.
Екіншіден, жоғары оқу орындарының компоненті арқылы тұтынушының таңдау құқында ескереді. Сондықтан білім беруді стандарттау аталған қызмет рыногының бір оптималдану бағыты ретінде белгіленеді.
Білім беру қызметі рыногы «жетілмеген» рынок сипатында қызмет етеді.
Біріншіден, ақпарат асимметриясына байланысты осы рынокқа ақпарат «шарасыздығы» тән. Бұл ретте аккредитациялау рыноктық «ишара» беруші институт бола алады.
Екіншіден, тұтынушылар мен өндірушілердің еркіндік құқықтары шартты.
Үшіншіден, басқа рыноктардағы еңбек өнімділігін арттыру арқылы бағаны төмендету критерийі бұл рынокқа тән емес. Керісінше, оған тұтынушылар «қабылдайтын сапа» артуына сәйкес бағаның жоғарылауы тән, бәсеке басым түрде бағалық емес әдістерге негізделген.
Төртіншіден, мемлекеттік реттеу салыстырмалы түрде жоғары. Бірақ кез келген рыноктың, соның ішінде білім беру қызмет етуінің шарты-өзін өзі реттеу қабілеті. Ақылға қонымды мемлекеттік реттеу рыноктың нақты «шарасыздықтарына» адекватты минималды қатысумен шектелуге тиісті.
Қазақстан білім беру жүйесін одан әрі ұлғайту үшін жаңа экономикалық базада жүргізілетін 2010 жылға дейінгі бағдарламаның үлгісін құрды.
2010 жылға дейінгі бағдарланған жоспар бойынша жұмсалатын қаржы көздері // 1 кесте//
2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | Барлы-ғы | |
Республикалық бюд-жет | 23379,8 | 34036,9 | 32150,8 | 26216,8 | 29484,4 | 30501,1 | 175769,8 |
Жергілікті бюд
жет |
18022,4 | 19477,3 | 21705,1 | 31552,5 | 32115,6 | 32169,3 | 155042,2 |
Мем
лекет-тік бюд жет |
41402,2 | 53514,2 | 53855,9 | 57769,3 | 61600,0 | 62670,4 | 330812,0 |
Қазақстан егемендігін алғалы бері нарықтық экономикаға көшу жөнінде маңызды әрі түбегейлі реформалар атқаруда. Сәтті атқарылған рефоралар нәтижесінде мемлекеттік сектордың экономикадағы жетекші рөлі айтарлықтай азайып, жеке сектордың маңызы арта түсті. Оған қоса Республиканың экономикасы жер жаһандық нарықтық экономикаға жылдам кірігіп, айтарлықтай сыртқы инвестиция тартуда.
Ойымызды тұжырымдай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің және экономикалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз.
Тағы рефераттар
- Шаттық шеңбер балабақшадағы ашық сабақ
- 1с. Б.з.д. VI ғ. дейінгі тайпалардан қазақ мемлекетінің белгілері
- Әбу Насыр Әл-Фараби
- Мәліметтердің үш негізгі модельдері
- Кенесары хан (1841-1847ж.ж. билік құрған)