Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. [11; 27]

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі.

Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды.

Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі  бағыт  алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың  өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі.

Қазақстандық білім беру жүйесі оның  әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда.

Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған.

Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін енгізуді көздейді.

Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингентінің азаюымен сипатталады (1-кесте).

Кесте 1 — Мектептердің өсу және көбею демографиялық процессі

Оқу жылы

Мектептер саны

Оқитындар контингенті

2007/2008

8109

3043,3

2008/2009

8171

3019,5

2009/2010

8164

3095,6

2010/2011

8260

3026,2

Республикада 4272 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп жұмыс істейді (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың  бала  (жалпы оқитындар  контигентінің 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нің бір оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңірлерге байланысты) 30 – 100 %-ға жоғары. [12; 1]

Мектептердің тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда 3687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың контингенті ұлғайып келеді. Егер 2007 жылы оқушылардың 52,1%-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, ал бүгінгі таңда 54,8%-ы оқиды. Өзбек, ұйғыр, неміс, тәжік, украин және басқа  да ана тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істейді.

Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі бар. 36,5 мың педагог жоғары санатты, 67 мыңы бірінші санатты. Шағын жинақталған  мектептерде 64 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етілетін 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары енгізілген. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде), колледждерде  арнайы пәндер бойынша отандық оқулықтар енгізілуде.

«Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны 27 бірлікке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Республикада 614 интернат мекемелері жұмыс істейді, оларда мемлекет есебінен 75 мыңға жуық жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мінез-құлықты балалар тұрады; 18 балалар интернат-үйлері жұмыс істейді, оның ішінде біреуі дене бітімінде кемшілігі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.

5 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және 17 жасөспірімдер үйлері ашылды, онда өмір сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудің патронаттық нысаны даму үстінде.

2007 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бірлікке, оқушыларды қамту 1,6 %-ға артты  (2-кесте).

Кесте 2 — Мектептердегі тыс ұйымдардың саны

Оқу жылы

Мектептен тыс ұйымдардың саны

Контингент

2007/2008

568

219126

2008/2009

598

251684

2009/2010

617

266547

2010/2011

629

291545

Сонымен қатар жалпы орта білім беруде өз шешімін күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжірибесінің, авторлар мектептерінің, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудің қаржылық тетігін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр.

Ескіргендерді пайдалану және қазіргі заманғы оқу жиһаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсіресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отыр және балалар мен жасөспірімдер денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Республиканың әрбір үшінші мектебінде пән кабинеттері: химия, физика, биология, математика және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.

256 мектеп авариялық жағдайда тұр.  2 мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуге мұқтаж. Еліміз бойынша оқушы орнына тапшылық 500 мыңға жуық орынды құрайды.

Пәндік көзқарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүдделері мен перспективаларын  нақты  белгілеуіне оң негіз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ  мектеп түлектерінің 70%-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз бетінше өмір сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейінді оқытудың жетіспеушілігінен еңбек нарығында мектеп бітірушілерге деген сұраныс жоқ.

Кешенді тестілеудің нәтижелері талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары еместігін көрсетеді

Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр және олар  28-30%-ды құрайды. 2011 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындылары мектеп бітірушілердің  24,2%-ы жинауға болатын 120 балдың 40 балдық өту деңгейін жинай алмағанын, оқушылардың тек 0,7%-ы 101-120 балл жинап, үздік бағаларын дәлелдегенін көрсетеді.

120 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалардың үштен бір бөлігі ғана түзеу ұйымдарында арнайы білім берумен қамтылған. Арнайы білім берудің нормативтік құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік базасы, түзеу мекемелері үшін педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жетілдіруді және жаңартуды қажет етеді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды орталықтандырылған есепке алу жүйесі жоқ. Инклюзивтік білім беру нашар дамуда.

Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам  мұғалім шығаратын 34 жоғары оқу орны 19  педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді.

Педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2008 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2011 жылы 6075-ке дейін  өсті.

Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді: 2009 жылы — 42784 мұғалім, 2010 жылы – 48157. Алайда бұл әрбір мұғалімнің біліктілік арттыру курстарынан  кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.

Бейіндік сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерін, информатиканы оқытуды көздеу, кәсіптік мектептердің желісін кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізуді талап етеді.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептерді 100 пайызға компьютерлендіру аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратының торабы және облыстық білім департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулық басылымдары  мектеп пәндерінің 25%-ын  қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған (8,7 %).

Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі — АКТ) дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіктен  әлдеқайда артта қалуда.

Қазақстанда бір компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі 54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (Ресейде — 59). Сонымен қатар 2011 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша бұл көрсеткіш 13-ке теңелді, Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиісінше 5, 9 және 15-ті құрады.

Сонымен қазіргі таңда Интернет желісіне қосылуға Қазақстан мектептерінің  44%-ы ғана қол жеткізген. Финляндияда 2010 жылы 90%-дан астам мектеп, 2011 жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия мектептерінің  80 %-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша мектептердің орташа есеппен 52%-ы Интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген.

12 жылдық білім беру туралы қазақша рефераттар

12 жылдық білім беру мақсаты

12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.

12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері

12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

12 жылдық білім берудің тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижесі

Эксперименттердің барлық категорияларын қамтитын, педагогикалық тиімділігі мен әлеуметтік әсерін айқындау мақсатында мониторингтер жүргізіледі. Республикалық және орталықтың негізінде әзірленген диагностикалық жинақ құрастырылды
Тағы рефераттар