Бiлiм беруге арналған бюджет шығыстары туралы қазақша реферат
Азаматтардың бiлiм алу құқы ҚР Конситутциясында кепiлденген және 1999жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған “Бiлiм беру туралы”Заңмен реттеледi. Осы құқықты ммлекет тиiстiәлеуметтiк-экономикалық шарттар жасапбiлiм беру жүйеiн дамыту арқылы қамтамасыз етедi .ҚР азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы ортамен алғашқы кәсiби бiлiм және мемлекеттiк тапсырысқа сәйке конкурстық негiзде ақысызорта кәсiби, жоғары кәсiби және жоғарғы оқу орнынан кейiн бiлiм алуды кепiлейдi,егерде азамат осы әрбiр деңгей бойы бiлiмдi алғашқы рет алып отырса.
Оқитындарға бiлiм алудың ақысыздығы мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн ұстауды бюджеттiк қаржыландыру немесе бiлiм беру мекемелерiне бiлiм беру қызметтерiн сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттiк гранттар беру арқылы iске асырылады.
Бiлiм беру аумағындғы заңнамалар мемлекеттiк саясаттың принцптерiн анықтайды ,азаматтардың бiлiм алу құқын қамтамасыз етедi, орталық және жергiлiктi атқарушы оргндардыңөтемақыларын шектейдi, бiлiм беру процесiнiң субъектiлерi арасындағықаттынастарды реттейдi, олардың құқықтарын, мiндеттерiн,уәкiлеттерiн және жауапкершiлiктерiн белгiлейдi
Бiлiм беру аумағындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi болып келесiлер табылады:
- барлық азаматтардың бiлiм алу құқықтарының теңдiгi;
- әрбiр азаматқа бiлiм алудың барлық деңгейлерiнiң мүмкiндiлiгi;
- бiлiм берудiң дiннен тыс сипаты;
- тұлғаның бiлiмдiлiгiн ынталандыру және дарындылықты дамыту;
- бiлiм беру процесiнен үздiксiздiлiгi, оқыту мен тәрбиелеудiң бiрлестiлiгi;
- бiлiм беру мекемелерiнiң меншiк формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және бiлiм беру бағыттары бойынша әртүрлiлiгi;
- бiлiм беру, ғылым және өндiрiстiң шоғырлануы;
- оқитындарды кәсiптiк бағдарлау;
- бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру.
ҚР бiлiм беру жүйесi маңына бiр-бiрiмен ара қатынаста болатын меншiк форма, тип және түрлерiнен тәуелсiз бiлiм беру мекемелерi, әр түрлi бiлiм беру деңгейлерiне арналған бiлiм беру бағдарламалары мен мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру жалпы стандарттары және бiлiм беру бағдарламаларды iске асыру мен бiлiм беру жүйесiнiң дамуын қамтамасыз ететiн бiлiм берудi басқаратын органдар көрсетiледi.
Бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi мiндетi-ол ұлттық жалпы азаматтық құндылықтар мен ғылым және тәжiрибе жетiстiктерiне негiзделедi, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсiби жаралуына бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi шарттар жасау. Оның басымды мақсаттары болып келесiлер табылады:
- бiлiм беру бағдарламаларды игеру үшiн шарттар жасау;
- тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкiндiктерiн дамыту, өнегелiлiк пен аман тұрмыс нұсқасының мығым негiзiн қалыптастыру;
- азаматтық пен отаншылдықты, мемлекеттiк рәмiздер құрметтеудi, халық дәстүрлерiн қадiрлеудi, конститутция мен қоғамға қай-қайсы қарсылықтарға төзiмсiздiктi тәрбиелеу;
- тұлғаның өз мiндеттерi мен құқықтарын сезiмдi қатынасын және республиканың қоғамдық саяси, экономикалық және мәдениеттiк өмiрiне қатынасуының қажеттiлiгiн қаыптастыру;
- әлем және отан мәдениетiнiң жетiстiктерiне қатыстыру, қазақ және республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрiн оқу, мемлекеттiк, орыс және шетел тiлдерiн игеру;
- бiлiм беру мекемелерiнiң дербестiгн ұлғайту мен басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
- оқытудың жаңа технологияларын енгiзу мен бiлiм берудi ақпараттандыру;
- еңбек нарығындағы бәсекелестiкке қабiлетi бар бiрлiктi жұмысшылар мен мамандарды дайындау, олардың бiлiктiлiгiн жоғарылату және қайта дайындау;
- әр түрлi және көпфункционалды бiлiм беру мекемелердiң тиiмдi дамуына жәрдем беру.
Бiлiм беру бағдарламалар бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерi мен олардың сатыларының мазмұнын анықтайды. Республикада тiкелей бiлiм беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екi түрi-жалпы бiлiм беру(негiзгi және қосымша) және кәсiби (негiзгi және қосымша) бағдарламалар iске асырылып жатыр.
Жалпы бiлiм беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениетi және оның өмiрмен қоғамға икемделуi жөнiндегi меқсаттарды шешуге, кәсiп пен мамандықты сезiмдi таңдау мен игерудiң негiзiн жасауға бағытталған. Кәсiби бағдарламалар кәсiп пен бiлiктiлiктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы бiлiмдерi мен кәсiби деңгейлерiн тiзбектi жоғарылатуға бағытталған. . [24,165-бет]
Жалпы бiлiм берудiң мазмұны оның әрбiр сатысы бойынша тиiстi жалпы бiлiм беру бағдарламамен анықталады және мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мен орта бiлiм беруден қалыптасады. Бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы бойынша жалпы орта бiлiм беру-үш сатыны көздейтiн 12 жылдық оқытудан құрасады:1-саты-жалпы бастауыш бiлiм беру; 2-саты-негiзгi жалпы бiлiм беру.
Бұл бағдарламада кәсiптiк бастауыш бiлiм беру мен техникалық және ауыл шарушылығы мамандықтары бойынша кәсiптiк орта бiлiмнiң бөлiгi орта бiлiм беру жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және техналогиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейдегi тиiмдi кәсiптiк қызметке даярлауды қамтамасыз ететiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру өзгертiлетiнi туралы да мәлiмденген. Сонымен қатар, бұл арада кәсiптiк орта бiлiм берудiң жекелеген бағдарламаларын iске асырудың өзi орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру арқылы жаңа деңгейге көтерiледi.
Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бастауыш бiлiм беру тек қана жалпы орта бiлiм беру базасында қамтамасыз етiледi және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн кәсiптiк бiлiм беру мен кадрларды даярлаудың бөлiгi ретiнде экономика , құқық, экология, медицина , ақпараттық технолгиялар, инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегiн атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды. . [24,170-бет]
Жоғары кәсiптiк бiлiм беру республикада тиiстi жоғары бiлiм беру бағдарламалар негiзiнде университет , академия, институт және осыларға теңестiрiлген оқу орындары бойынша iске асырылады. Сонымен қоса , жоғары оқу орындары тиiстi лицензиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруға мүмкiндiктерi бар.
Жоғары кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнде Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес оқу процесiн ұйымдастыру технологиясының дәстүрлi жүйесiнiң орнына оқытудың кредиттiк жүйесi енгiзiледi. Бұл жүйе, дамыған елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, оқитындардың өз бетiнше белсендi жұмыс iстеуiн ынталандырады, жеке бiлiм бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етедi, бiлiм туралы құжаттардың әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне танылуына әсер етедi.
Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес жоғары кәсiптiк бiлiм беру негiзiнде екi деңгейден қалыптасады- жоғары бiлiм беру және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру. Жоғары бiлiм беру –ол жоғары базалық бiлiм беретiн баклавриат болады. Бакалавриаттың бірінші екінші курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмұны бірізділігінен болды,ал келесі еурстарына оқыту базалық пәндер бойынша жүзеге асырылады . Барлық мамандықтар бойынша(медицина және ветеринар мамандықтарынан басқа) бакалавриатта оқытуың мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті беру бағдарламасын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежиесі берілетін қорытынды мемлекеттік атестаттаумен аяқталады. Бакалавриатты бітірген азаматтардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратурада өз білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар .
Магистратурада дайындық 1-2 жылдық мерзімде және 2 бағытта жүргізіледі – ол тереңдетілген және ғылыми – педагогикалық даярлық. Магистратурада білім беру бағдарламалардың негізгі мақсаты болып оқитындарға іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылыми бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту табылады. Магистратураны бітіргендерге магистыр атты академиялық дәрежиесі беріліп , олар доктарантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми- педагогикалық және өзгеде еңбек қвзметімен айналасуға құқығы бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білікті ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игеруге және докторлық диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы академиялық дәрежесін, ал бейіндік доктарантураны игерген кезде бейіні бойынша дәрежесі беріледі. Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техникалық және кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негізі болып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауы бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың-мемлекеттік білім беру гранттары табылады .
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасты. Республика бюджет бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгеиі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына жетуі ұйғарылуда. Бұл функционалды топ құрамында мектепке дейінгі тәрбиемен, оқыту бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру , кәсіптік білім беру , жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырмасы және білім беру аумағындағы басқада қызметтер көрсетіледі. Осы көтерілген білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген . Осы көрсетілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылды.
Қаржыландыру көздері болып республикалық және жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелерінің іс- әрекетін қаржыландыратын бір немесе құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс ережелеріне сәйкес коммерциялық ұйым деп есептейді. Ал мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынан орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық және жергілікті қаржыландыру мемлекеттік кепіл берушісі болады. . [24,174-бет]
Білім беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттілігі ең алдымен білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы олардың ролімен серттеседі. Ал бюджеттен бөлінетін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәйкес анықтауы мүмкін емес . Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды немесе ақшалай түрдегі әлеуметтік нормативтер тағайындауды талап етеді . Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандартты, бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық Республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдар мен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни орталық республикалық бағыныштағы мекемелерге ұстауға, рнспубликалық білім беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субенцияларға. Аймақтық және жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті, бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстаумен тиісті білім беру бағарламаларды іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар құрастырылады.
Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірінші мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресустарды тиімді пайдаланудың ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату , бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттіктi дәйекті үлестіру. Республикалық деңгей бойы қаржы ресустармен қамтамасыз ету білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға байланысты.
Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі кезде дамыған елдерде міндетті мектептік білім беру арналған шығындар басымды шығындар болып табылады. Дамыған елдерде мұндай шығындардың үлесi барлық шығындардың ішінде 67 пайыздан (АҚШ) 89 пайызға дейін (Жапония) құрайды. Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8 пайыздан (Жапония) 27 пайыз(АҚШ) пен 34 пайызға дейін (Канада), ал мектепке дейін білім беруге-0,3 пайыздан (Канада) 11 пайызға дейін толықсыды. Қазақстанда шығындар құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мемлекетті қаржыландыру ерекшелік белгісінің бірі- ол мектепке дейін білім беруге арналған шығындардың салыстырғанда жоғары үлес салмағы-27% және мiндеттi бiлiм беруге арналған шығындардың төмен үлесi — барлығысы 50 %, оның iшінде жалпы академиялық білім беруге-38 % жатады, кәсіптік білім беруге қалған 12 % жатады.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процес ең алдымен кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан қаржыландыру болған жағдайда аймақтық және жергілікті еңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауды есептеуі өте қиын.Тағы бір себеп- ол білім беру мекемелерді кәсіпорындармен ұйымдардың құралдары арқылы қаржыландырудың жоқтығы. Мысалы, өткен ғасырдың 90-шы жылдардың басында бюджеттердің барлық денгейлердің құралдары арқылы білім беруге арналған шығындардың 84 % құраған, ал қалған 16 % кәсіпорындармен ұйымдардың құралдары арқылы қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік дамудың жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінің нарығы мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен бірге халықпен кәсіпорындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарына қанағаттандыруын талап етеді. Білім беру процесіне қалыптасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр түрлі қоғамдық қозғалыс пен ұйымдардың Ұлттық бірлестіктердің діндар қауымдардың өкілдері қосылуда. Олардың білім беру жүйені өз мүделеріне сай көркейту жөніндегі талпыныстары мемлекеттік емес оқу орындарын ашуға және мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдем жасауға ниеттендіреді. Бұл арада мемлекеттік мекемелерде өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметінің айдынды спектрін көрсетуге құқы бар. Демек, білім беруді қаржыландыру қосымша көздер тартылу арқылы іске асыруы мүмкін, яғни білім беру мекеменің өзінің кәсіпкерлік іс әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру. Осыған қоса, кәсіптік білім беру мекемелерінде бюджеттік құралдардан тыс қосымша арқылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер болуы мүмкін:
- ғылыми- зерттеулік, өнеркәсіптік, консалтингтік, сертификаттық іс әрекет, сараптамалық, ақпараттық және басқа да қызмет көрсету;
- мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарымен, меншіктің барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйымдармен , басқа да заңды және жеке тұлғалармен келісімшарт арқылы мемлекеттік тапсырыстан тыс кадрларды даярлау, қайта даярлаумен персоналдың біліктілігін көтеру ;
- шет ел студенттері, аспиранттармен стажерларды оқытудың тиімді және табысты жүйесін қалыптастыру.
- оқу орындардың әлеуметті инфрақұрылымдарын келе-келе ақылы пайдалануға өту;
Сонымен қатар тағы бір қаржыландыру көзі жөнінде айта кетсек- ол халықаралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларды іске асыруға білім беру мекемелерге берілетін құралдар. Қайырымдылықтық құралдар көлемін жоспарлау мүмкін емес. Ол білім беру үдерісінің барлық қатынасушылардың — білім беру орнының ұжымы, оқитындардың ата-аналары, қоғам, шаруашылық субьектілер — жігеріне байланысты. Бұл қаржыландырудың ерекшелігі- ол ақша құралдарының пайдалану тәртібін жәрдем алушы емес қолдаушы өзі анықтайды, ал, бұған кері, мекеме дербес коммерциялық іс- әрекетінен түскен табысты өз еркі пайдаланады. . [24,174-бет]
Қазақстан Республикасының дамуы қазіргі кезеңде білім беру саласына әсері бар өте маңызды өзгерістермен сипатталады. Олардың қатарында өсіп келе жатқан түлектерді тәрбиелеу мен оқытуға қажетті шарттар жасау мемлекеттік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты және бұл жүйенің жас түлектерінің ойдағыдай дамуына әсер ететін факторлар ішіндегі рөлі өте зор. Сондықтан білім беру- ол білім берудің осыған дейін жеткен деңгейін, сапасын және базалық білім алудың мүмкіндігін келешекте сақтап қалу және әрі қарай дамыту. Бұл мақсатты шешу білім беру аумағының басымдылықтары мен олардың іс — әрекеттерін қамтамасыз ету жолдарын анықтауға байланысты. Білім беру дамуының мемлекеттік қаржылық көмекпен қамтамасыз ету қажетті басымдылық бағыттарын таңдау ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындар арасалмағын анықтауды талап етеді. Бұл арасалмақ қазіргі уақытта білім беру деңгейлері бойынша шығындардың 4%-ға жуығы мектепке деиін тәрбие мен оқытуға, 70%-ға жуығы орта білім беруге, 3%- дан аса кәсіптік білім беруге, 4-% жуығы колледждерге, 10-%дан аса жоғары білім беруге жұмсалады. Қазіргі кезеңде білім беру деңгейлері бойы шығындар құрылымы елдегі экономикалық ахуалды көрсетеді. Ал болашақта Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты өзгерістер болуы мүмкін, ең алдымен оқытудың сапасы мен тұрақтылығын сақтау үшін шығындардың бірталай өсуі.
1999 жылдан бастап республикада студенттік контингентік қалыптастыру жаңа үлгіге қалыптастыру жаңа үлгіге және жоғары білім беруде қаржыландыруда жаңа әдіс пайдалауға көшу іске асырылды. Осы үлгіге сәйкес азаматтардың ақысыз жоғары білім алу мүмкіншіліктерді мемлекеттік білім беру тапсырысқа енген мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру гранттар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысқа арналған республикалық бюджет шығындарын жоспарлау жыл бойы бір студентті оқыту бағасының есебі арқылы іске асырылады. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы оқып жүрген бір студентке шаққандағы көлемін барлық шығындар көлемін барлық студенттердің орташа жылдық шартты контигенттіне бөлумен анықталады.
Жоғары кәсіптік білімді кадрларды даярлауға арналған шығындар құрамына келесі баптар кіреді :
- оқытушылар, қызметкерлермен басқа да персоналды еңбек ақысы
- қосымша ақшалай төлемдермен еңбек ақының сағаттық қоры
- студенттердің кәсіптік практикасына арналған шығындар.
- коммуналдық шығындар
- оқу әдістемелік әдебиеттер алуға арналған шығындар
- басқа да шығындар
Студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлесімен жоғаы білім беруді қаржыландырудың жаңа әдісінің оң болғанымен, мемлекеттік білім беру тапсырысқа арналған шығындарды жоспарлау әдістері көбінесе түрлі бағыттар мен әр түрлі мамандықтар бойынша кадр даярлау процесінің ерекшеліктерін есепке алмайды. Сонымен қоса, гранттар арқылы бөлінетін құралдар негізінде оқу орындардың ағымдағы шығындарын өтейді, ал олардың материалдық техникалық базаларын бекітумен дамуын қамтамасыз етпейді.
Білім беру саласының қаржылық қамтамасыз етудің тиімділігін бюджет құралдарының нақты қажеттілігін есептемелерімен оларды дәйекті жоспарлау тәртібіне негізделеді. “Білім беру туралы”Заңға сәкес мемлекет жыл сайын білім беру шығындарын қаржыландыруға бюджет құралдарын бөлуді кепіл етеді. Бұл құралдардың мөлшері бюджет жүйесінің денгейлері бойынша кірістер көлемімен реттеледі. Сондықтан, білім беруге арналған шығындарды бюджетке енгізу олардың қажеттілігімен қоса сол шығындарды іске асыру қаржылық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Білім беру саласына арналған бюджет құралдары бюджеттiк жіктелуге сәйкес бөлінеді. Бұл саланы ұстауға арналған бюджеттік ақшаны жоспарлау тәртібі әр түрлі мекеме үшін іс-әрекетінiң белгіленген өндірістік көрсеткіштерін есепке алуға мүмкіншілік жасайды. Мысалы, осындай көрсеткіштер болып мектепке дейінгі тәрбие оқыту үшін балалар мен топтар саны , мектеп үшін оқушылармен сыныптар саны табылады. Шығындарды есептеу, белгіленген формаларды пайдалана отырып шығыстардың экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша анықталады.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметкер емес жұмыскерлердің негізгілік еңбекақысына арналған шығындар есптемелерін құру үшін 02-111 және 03-101 формалары толтырылады. Бұл формаларда мамандық пен қызмет атаулары, жұмыскерлердің категориясы мен стаждары бойынша мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің айлық еңбек ақы сомалары анықталады . Білім беру мекемелерінде тамаққа арналған шығындар есебі үшін 01-131 форма отырылады. Бұл форма бір оқушы немесе бір балаға шаққандағы тамақ нормасы мен олардың орташа жылдық саны негізінде тамақ азықтарын алушылардың атаулары көрсетіледі. Үкімет тағайындаған нормативтер негізінде комуналдық және электроқуатқа арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-041 және 01-044 формалар толтырылады. Сонымен қатар , ғимараттар құрал жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ұстау, күту және жөндеуге арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-146 форма толтырылады. Нәтижеде, осындай есептемелер негізінде қажетті бюджеттік құралдар көлемі анықталып, білім беру мекемелерінің қаржыландыру жоспары қалыптастырылады. Бұл құжатта мекеменің аты мен мекен жайы және бюджеттік шамаланған кірістер түсінуіне сәйкестік тоқсан сайын қаржыландыру көлемін бөлумен экономикалық жіктелудің әрбір ерекшіліктері бойы бекітілген құралдар сомасы көрсетіледі.
Экономикалық әдебиет беттерінде білім беру мекемелерінің шығындарын есептейтін әр түрлі әдістер ұсынылады. Солардың бірі, ақпараттық жалпы қаржылық көрсеткіш болып есептелетін, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерін пайдалануға негізделеді. Бұл көрсеткіш мағынасын анықтағанда басқа да функционалдық көрсеткіштердің деңгейі есепке алу қажет, мысалы, мұғалімдер кадрлары мен олардың саны, оқушылардың сабақ үлгілерін, орта мектепте білім алудың мүмкіндігін, негізгі құралдардың көлемімен жағдайын және тағы басқалары. Мысалы ретінде экономикалық әдебиет бетінде жарияланған әдістердің бірін пайдалану мүмкіндігін қарайық. Бұл әдістің негізінде оқушылардың біріне шаққандағы орта білім беруге арналған шығындар мөлшері арналған. Республика бойынша осы көрсеткіштің деңгейі орташа есеппен алғанда 156 АҚШ долларын құрайды. Бұл мөлшерді бастапқы ретінде пайдаланғанда, оның жеткілікті денгейін анықтау үшін қор коэффицентін (Қк)енгізу қажет. Осы коэффиценттің мөлшері, макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерістерінің негізінде білім беруге арналған шығындар сомасы обьективті түрде өсу мүмкіндігін есептегенде , мысалы, 30%-ке тең болады. Демек, орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар мөлшерін (Сж) келесі формула арқылы анықтауға болады;
Сж=Кқ Сб=1,3156=202,8 АҚШ долл/адамға
Бұл нәтиже республика бойынша көрсеткіштің орта мөлшерін көрсетеді, ал ауыл мен қала мектептері бойынша орта білім беруге арналған шығындар мәнін анықтау үшін осы есептелген көрсеткішті саралау қажет. Ауылдық мектептердің ахуалын, ауыл тұрғындарының мекендеу ерекшеліктерін және барлық оқушылардың жартысына жуығы осы ауылды жерде тұратындарын есептей отырып, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерінің есебін әр түрлі дұрыстау коэффиецентерді пайдалану арқылы анықтауға болады, яғни, мысалы, ауылдық жердегі мектептері үшін Кд=0,9. Демек, аймақтар бойынша орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар көлемі айтылған ерекшеліктерді есептей отырып келесі формула арқылы анықталады:
СЖР=Саж*Оса+ Сққ*Осқ , мұнда
Саж –ауылдық жердегі мектептер үшін оқушылардың біріне есептелген шығындар мөлшері .
Сққ-қалалық қоныстану мектептер үшін оқушылардың біріне есептелген шығындар мөлшері.
Оса- аймақ бойынша ауылдық жердегі мектетердегі оқушылар саны .
Тағы рефераттар
- Андрей Николаевич Елгин
- Абылайдың Қалдан Сереңде тұтқында болуы
- Қазақ азаматтық құқығы әдебиеттерінің қысқаша очеркі
- ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ МӘНІ
- ҰЛПАНЫҢ ІN VITRO МӘДЕНИЕТІН БҰРШАҚТЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ