Биоиндикаторлар және олардың сипаттамасы Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер- өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттардың, ионды радиацияның жоғарғы деңгейінің, ортаның химиялық құрамының өзгеруінің, шу мен жылумен ластанудың тірі организмге әсердің сезімтал индикаторы болып табылады.
Көптеген организмдер антропогенді әсердің бөлек типтеріне әр түрлі сезімталдық қасиет көрсетіп, адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде болатын әр түрлі өзгерістердің индикаторы болады.
Қазіргі көзқарас бойынша, биоиндикатор- табиғи процесстер жағдайлары немесе тіршілік ортасының антропогенді өзгеруінің көрсеткіші болатын организмдер, олардың ортада кездесуі, саны мен даму ерекшеліктері. Биоиндикация- биоиндикатор организмдерінің даму ерекшеліктері, кездесу немесе мүлде болмау факторына қарап қоршаған орта жағдайларына баға беру әдісі. Биоиндикаторлар көмегімен анықталынатын жағдайлар- биоиндикация объектісі деп аталынады. Мұндай объект ретінде табиғи объктілердің белгілі типтері (топырақ, су, ауа) мен осы объектілердің әр түрлі қасиеттері (механикалық, химиялық құрамы), қоршаған ортада жүріп жатқан белгілі бір процестер (эрозия, дефляция, батпақтану т.б.) мен адам әрекетінің әсер нәтижелері де алынуы мүмкін.
Биоиндикатор таңдауда атақты американ ғалымы Ю.Одум келесі жағдайларды ескеруді ұсынды:
- Қауымдастықта сирек таралған стенотипті түрлер (белгілі бір жағдайларда ғана тіршілік етуге бейімделген организмдер) эвритиптерге (кең таралған, экологиялық төзімділік диапазоны кең организмдер) қарағанда көбінесе жақсы индикатор болып саналады.
- Майдаларға қарақанда ірілеу түрлерін биоиндикатор ретінде таңдаған жөн, себебі майда организмдерінің биоценоздағы айналым жылдамдығы жоғары болып келеді және де зерттеу кезінде сынауға алынған объектіге түсіп кету қауіптілігі бар (ұзақ периодты бақылаулар жүргізу кезінде).
- Индикатор ретінде алынатын түрді (немесе түр тобын) таңдауда эксперименталды немесе далалы жағдайларда алынған түрдің толеранттылығы, түрге әсер етуші факторлар, бұл факторлардың шектеуші (лимиттеуші) мәні, организнің компенсациялау реакциялары сияқты мәліметтер болуы тиіс.
- Әр түрлі түрлердің (популяция, қауымдастық) сандық қатынасы- бір түрдің санына қарағанда көрнекті және сенімді индикатор болады (бір бөлігіне қарағанда бүтіні- жағдайдың жалпы көлемін көрсетеді)
Жинақтаушы индикаторлар- ластаушы заттарды өздерінің ұлпаларында, белгілі бір дене мүшелерінде концентрациялайды. Кейін олар химиялық анализ көмегімен қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда қолданылады. Қоршаған ортадағы қоспалардың зияндылығын анықтау мен ластануды бақылауда қолданылатын аппараттар қазіргі заманға сай дамыған болса да, күрделі «тірі аспаптармен» тең бола алмайды. Бірақ, «тірі аспаптарда» бір маңызды кемшілігі бар. Олар күрделі көп құрамды қоспалардың барлық жиынтық комплексіне жауап беріп, сол қоспадағы белгілі бір затың концентрациясын анықтай алмайды. Сонымен қатар физикалық, химиялық әдістер әсер етүші фактордың сандық, сапалық мінездемесін береді. Ал биологиялық әсер жайында жанама түрде ғана мағлұмат алынады. Биоиндикаторлар көмегімен биологиялық салдары жөніндегі информацияны алып, әсер етуші фактордың өзінің ерекшеліктері туралы тек жанама қорытынды жасауға болады. Биоиндикатор ретінде қолданылатын организм тобының ,биоиндикация мәселесін шешуде қолданылатын шекарасын анықтаушы өзіне тән артықшылығы мен кемшіліктері болады.
Қазіргі замандағы ғылымға тән бір қасиет- ғылымның әр түрлі салаларының бірлесуі нәтижесінде жаңа әдістерді шығарып, практикада қолдану. Микробиология, зоология, ботаника сияқты билогия салалары мен аналитикалық химияның жетістіктеріне сүйенетін биологиялық анализ әдістерінің дамуы бұған мысал бола алады.
Биологиялық әдістер тіршілік әрекеті, өсу, даму, көбею мен тірі заттың қызмет етуі үшін белгілі бір химиялық құрамы бар ортаның қажеттігіне негізделген. Бұл химиялық құрамының өзгеруі, мысалы, қоректік ортадан белгілі бір компаненттің алынуы немесе қосымша (анықталынатын) қосындының енгізілуі нәтижесінде организм біраз уақыт өткен сайын, кейде бірден (тура сол уақытта) соған сәйкес келетін жауапты сигнал береді. Организмнің жауап сигналының қарқындылығы мен ортаға енгізілген немесе одан шығарылған компаненттің мөлшері арасындағы байланыс түрін белгілеу- сол компанентті табу мен анықтау үшін қолданылады. Биологиялық әдістерде аналитикалық индикаторлар- әр түрлі организмдер , олардың дене мүшелері мен ұлпалары, физиологиялық фукциялары, биохимиялық реациялары және т.б. болып табылады. Билогиялық әдістер үшін өзіне тән экспериметті жүргізу әдістемесі, құрал- жабдықтары мен индикаторлы организмнің жауап реакциясын тіркеу тәсілдері болады.
Тағы рефераттар
- Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
- Стратегиялық жоспарлауды заң жүзінде әзірлеу
- Аренда шартының мерзімі
- НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨМІРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ
- Желілік технологиялар