Биржалық зал — тауар биржасының жүрегі болып табылады. Осы залда сатып алушылар мен сатушылар (өздері немесе брокерлер көмегімен) саудалауды екіжақты аукцион — бағаны сатып алушыларда көтеру және сатушыларда төмендету принципы бойынша жүзеге асырады. Биржалық саудалау — бір жерде бірыңғай және бір уақытта өтетін көп аукциондардың жиынтығы.
Биржалық келісімдер арнайы істеліп, бір жерде жасалынады. Сауда бірнеше тауарларға бірақ жүргізілетіндіктен, әр тауар түріне белгілі бір жеке бөлме (зал) немесе сол саудаласу залының бір секциясы бөлінеді. Осы секциялардың едені зал еденінен томен болады, сондықтан, бұл секциялар «үңгір» (яма) деп аталады. Әр үңгірде тауардың бір түрімен сауда жүргізеді.
Баға айқай салу жолымен тағайындалады. Егер екі адам бағаны бірдей айтатын болса, тауарды бағасын даусын қатты көтеріп айтқан сатып алушы алады. Сақтандыру үшін. айқай тағыда арнайы іс-қимыл жүйесімен алмастырылады. Іс-қимыл брокер тілі болып келеді. Брокерлер қанша типтік контрактілерді сату немесе сатып алу керектігін, ақпарат алмасып саусақтарының іс-қимылымен біледі.
Тауарды сату немесе сатып алу туралы үкім, телефон арқылы саудаласу залына тікелей биржа мүшелеріне жетеді. Тапсырыс берушілер өз үкімін инструкция, мысалы минималды немесе максималды баға, белгілі бір көлем арқылы белгілейді. Тапсырыста келу уақыты белгіленгеннен кейін, брокер-сатушыға үңгірге жеткізіледі. Үңгірдің өзі, белгілі бір айға байланысты келісімге қол крйылатын, бірнеше секцияға бөлінген. Келісімге қол қойылғанда. маклер арнайы бланкіге өз контрагентінің кодын, келісімге қол қою кезіндегі уақыты, келу айын, тауар бағасын және көлемін белгілеп жазады. Осы ақпарат эр үңгірдегі брокер-сатушылар мен брокер-сатып алушыларға және компьютердегі есеп жүйесіне беріледі. Баға туралы ақпарат биржадағы саудалау залының таблосына және басқа биржалар мен биржалық ақпарат компанияларына жеткізіледі.
Тағы рефераттар
- Цифрлық картографиялық ақпараттарды өңдеу
- АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАСЫ курстық жұмыс
- Моноклоналды антиденелердің препаративті мөлшерін алу (in vivo жән in vitro)
- База материалов университета АУЭС
- Бухгалтерлік есептің пайда болуы курстық жұмыс