Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата ңонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан Түрлыбай, Нүралы, Ералы туады. Біржан Түрлыбайдың баласьь Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағүлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан түрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге қүмар жас тар аяда ңалмай, ошақ басы, от ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік ңүра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салтдәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.
Баласы Қожағүлдың Біржан салмын
Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сүңңар, өзім сал, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дүшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дүшпан сезі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас үрмаймын, —
деп ақындық қуатынық зорлығын, шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік пафоспен жогары әуенменен айтады. Осыданақ Біржанның ақындық қуатын танимыз. Ақын сөзін өдемі өрнектеп, соған сай қуатты әнменен қосады. Яғни, ол ңазақ даласындағы біріккен, тоғыспалы, синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын қосқан айрықша талант. Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім.
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,
секілді сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді.
Аты жоқ қүс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш үйықтасам бар ма менің,
Айырылып сені сәулем кетет деген.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Әй, көкек, үшып барып білші жайын.
Шекеңе селдіретіп айдар тағып
Көкектеп бос жүргенше секең ңағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел үшып барып.
Бүл жырында аңын сағынған сүлуын көкекке барып білші деп соншалық нәзіктікпен үшңан қүсңа мүңын шағып айтады. Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты мол.
Өзіміз айтқандай Біржан Қожағүлдың бауырында, соның қарауында өседі.
Үсынсам қолым жетпес туған айға,
Айтсам да арыз жетпес бір қүдайға.
Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,
Жақпадым өзім әкем Түрлыбайға, —
деп өзінің бір өлеңінде айткандай атасы Қожагұл киелі болғандығын байқаймыз. Біржан жас кезіненақ әнші әнге құмар, жырға құмар, әр кезде де соны аңсайтын жүрекпен, музыканы, әнді, домбыраны ұнатқан жүрекпен ер жетеді. Егер ауылға келген әлдебір әнші, я болмаса күйші болатын болса соның жанынан шықпай, мүмкіндігінше барын тыңдауға, түгел тауысып үғынуға тырысады. Ал егер көрші маңайындағы бір ауылда ән мен жырдың думаны болып жатса сол маңға тартып кеткенді жақсы көреді. Ол тек қана әнге емес, салсерілікті де үнатады. Сүлу киім, жүйрік ат, алғыр тазы, ңиырдағыны шалар ңыран ңүс осының бәрі Біржанның бала шаңтагы үнатқан ңүмарлығы болады. Жас кезінде «әнші бала» атанып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәрежеге де жетеді. Ол ел аралап жүріп, жүрт аралап жүріп ңазақтың осы бір ешкімге үқсамайтын өнерінен өзегі қанып ішеді. Әдемі ер-тоқым, әдемі киім, Сарыарңаны тербеткен ғажап дауыс, сүлу бейне, көркем келбет осының бәрі қай жерде жүрсе де Біржанның бойын өзгеден биік көрсетіп, ңандай жағдайда кім болмасын басын бүрып қарайтындай, мынау Біржанау дейтіндей дәрежеге өкеледі. Аздаған уақыттың ішінде Біржан жүртқа танылып, яғни Біржан әнші, Біржан сазгер, Біржан өнерпаз, Біржан сал атымен біліне бастайды. Бізге Біржанның қалай әнші болгандығы жөнінде, ңала берді кімдердің жолымен жүргендігі, кімдерден дөріс алғандығы беймағүлым. Демек, біз Біржанның әрбір әні қалай туғандығына қарап қана оның шығармашылық жолын байқай аламыз. Біржаннын, оқыған мектебі, әншілік мектебі, қала берді өскен ортасы, алғашңы ән салыстары мен домбыра қағыстары бәрі Алаштың ішінде, қазақтың ішінде болғандығы мағлүм. Демек, Біржан сал Қожағұлүлының алғашқы мектебі қазақ елі, Сарыарқада сайрандап күн кеш-кен, аққуға үн ңосқан сол кездегі Алаштың басындағы бір тәтті кездер, Біржанның өнінен естіледі. Соның ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән:
Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес салтанатың.
Кез келіп ұшырастық сәті түсіл,
Аман бола, жолықңанша перизатым, —
деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай дауысын жоғары көтеріп әкететін әдемі өн Біржанның алғашқы туьшдыларының бірі деуге болады. Біржанның тағы бір кесек әндерінің бірі «Жаймашуақ».
Көл жағалай бітеді көкше қүрақ,
Шырқаушы еді осылай Ләйлім шырақ.
Қозыбақтың үйінде мәжіліс боп,
Ән еді Біржан салған жаймашуақ —
деп басталатын әнде Қозыбақтың үйіндегі жиында отырған шағында, әншінің шабыттанған кезіндегі, тольщсып, творчестволык, түрғыда биікке шапқан кезіндегі шығарған әніндей болып көрінеді. Бүған қарағанда Біржан әнді көңілкүйдің қалауымен шығарған секілді. Көңіл хошы түскен кезінде, жан рахатын кешкен сәтінде осындай «Жаймашуақ» секілді қай кезде де алып қарасаңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып кете береді. Осы секілді өндердің тағы бірі «Айтбай» деп аталады. Айтбай бүл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала үл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.
Мамекем Айтбай десем күлімдейді,
Сүр жорга астындағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз қүбылып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді, —
дейтүғын түстарында Айтбайдың әдемілігі, Айтбайдың сүлулығы айтылады.
Атымның қақ түрады сауырына,
Қос тепкі салып екі бауырына,
Қолынан бір шай ішіп кетейін деп,
Келемін Айтбай сүлу ауылына.
Бүл да сол кездегі Біржанның халінен, Біржанның жағдайынан ауыл аралап, ел аралап ән салып жүрген салсерінің сайран күндерінен, сол кездегі қазақтың еркін көңілінен, сол шаңтағы қазаң халқының бостандықта жүрген кезі ән салып, әнге елтіп жүрген кезінен бізге дерек беретіндей.
Осындай әндердің бірі, жақсы әндерінің бірі — «Ләйлім шырақ» әні. Жалпы бүл әннің тууы да ерекше болады: Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен түстас, замандас Көлбай, Жанбай деген азаматтары бар үлкен елге келеді. Біржанның әнші екенін, жүртңа ңадірлі екенін біліп түрып, Көлбай мен Жанбай салға өзі қалағандай ңүрмет көрсетпейді. Жүрт алаңанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байңап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді туғызады. Бүл бір ңарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтңан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жанбайға да тиетіні байқалады.
Ләйлім шыраң,
Мен де өзіңдей жас едім, жана талап,
Біреу Ташкент барғанда алдырып ем,
Қызыл жібек ңырмызы төрт-бес ңадақ, —
деп келеді де:
Өзіме бер шідерді тауып алсаң,
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.
Жерде шіріп қалса да көзім көріп,
Қыршын жасым қиылсын бітім алсам, —
дейді. Яғни шідерді сен алдың, шідерді Ләйлім алды, үрлап алды және жай алмады үлкен бір ғашықтық жүрекпен үрлап алғандай астары бар деп көрсету үшін өзгеше бір әдетке, өзгеше бір әдіске басады.
Ләйлім шыраң — асыл тасым,
Көлбай, Жанбай бірге өскен замандасым.
Келген жоқ көктен пері, жерден шайтан,
Шідерімді үрлаған ңарындасым, —
дейді. Осы арада Ләйлім де қатты сасып, не істерлерін білмей Көлбай мен Жанбай да сасып қалады.
Ләйлім шырақ,
Таудан аңңан сылдырап мен бір бүлаң.
Қаныс болсын, жіп болсын неге керек,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ. –
деп алдындағы бір қайыс үшін осылай істеуге бола ма деген сөзге қарсы шығып, Біржан шідерінің өзі үшін бағасының тым қымбат екендігін қайта-қайта айтады. Содан кейін ғана барып Көлбай, Жанбай ауылы салды басқаша ңүрметпен күтіп, өзгеше бір ілтипатпен қарсы алып, сал-серіге тән дәрежеде шығарып салады. Бүл Біржан салдың аса бір ерекше жазылған шығармасы.
Біржан тағы бір әнінде өз жайынан былай хабар береді:
Баласы Қожағүлдық Біржан салмын,
Ешкімге зияным жоң жүрген жанмын.
Кісіге өзім деген бас имеймін,
Өзім әнші, өзім сал кімнен қормын? — деген сөзі сол кездегі Біржанның жайын, әншінің бір жүрты сүйетін, еліне сенетін жайын байқатады.
Кейін келе Біржан жасы үлғайған шағында ауылдан, елден көп шыға бермейді. Бүл түстары алдындағы қалыптасңан әдеттен, мінезден өзінің ағалары Ержан, Нүржан мүмкіндігінше тежеп, әншіні көбінесе шығармай, өз ауылында шідерлеп үстауға тырысады. Бірақ Біржан бүған көне бермейді.
Жасым бар елу бесте жасырмаймын,
Басымнан жаман сөзін асырмаймын.
Қысқа жіп келмесе де күрмеуіме,
Саған да туысым бас үрмаймын, —
деп айтады. Бүл түстарда Біржанның шын мінезін, оның кімнен болса да ңайтпайтындығын, күрескерлігін, ержүректігін анық тануға болады. Әншінің Жанботаға айтңан сөзінен, сол кездегі туған ғажап бір әннен де көрінеді. Бүл — баягыдан ңастас екі бай Жанбота мен Азнабайдың арасындағы аса біриык; тіресіп, бірімен бірі Ңатар тіркесіп түсіп, мен баймын, я болмаса мен ас-Қанмын деп түрған асқақ мінездің ортасында туған, ызамен туған ән.
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің.
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьядан көрген жері?
Өзін сабаған, өзіне кол көтеріп ңарсы шықңан жанға көнбейтүғын кесек мінез иесі екенін Біржан расында өлеңдерінен анық байңатады.
Жанбота өзің болыс, әкең Қарпық,
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Демек, бүл арада сол поштабайдың дегеніне көнбейтұғын, қолындағы домбырасын бермеуінің астарындағы ер мінез, жігіт мінез, ңала берді өнер үшін түра білетіндігі, ән көгінде өзіндік аспаны бар екендігі, сол өнер аспанына ешкімге де аяқ бастырмайтын аса қайсар ерекше мінез аньщ көрінеді.
Тартса да домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде үрыл еді,
Намыстан, о дариға, өлгенім жоқ.
Бүл сөздер де сол кездегі Біржан халі, әнші жайынан, оның қандай мінез иесі болғандығынан хабар берген-дей. Ешкімнен ңорқа бермейтіндігін, ңайтпайтындығын айтңандай. Сонда өзі сенген Жанботаға қарап, бай араша түспеген кезінде ашына атйңан екен:
Созады Біржан дауысын қоңыр ңаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Бас ңосқан мәжілісіміз болады деп,
Жанбота, мазамды алдың ала жаздай.
Айтады Біржан өлең ентелетіп,
Біржанды халық қойған еркелетіп.
Есерге поштабайға көз алдыңда,
Біржанды қоймақ па едің желкелетіп?
Осылайша өнерді қадірлемейтін, сыйламайтын жандарға тиісті жазасын уытты сөзбен береді. Мәселе ел арасындағы шенді-шекпенділердің Біржанды ңаншалықты қадірлегенінде емес, мәселе ңазақ әнін қанщалықты қадірлегендігінде, өнерді қаншалық сүйгендігінде. Қазақ әндері өзінің тиісті бағасын әлі алып болмаған біздің халқымыздың үлы мүраларының бірі. Ол — тек кешегі Біржан дәуіріндегі дерт қана емес, бүгінгі күннің де үлкен дерті. Сол кездегі әнді ңабылдамаған шенді-шекпендіге Біржан ренжиді. Өзі үшін емес, әнші хақымен емес, ңазақ әнінің атынан сонау замандардан домбырамен бірге жеткен музыкалық мүра үшін, жетпес биік үшін, өнердің тазалыры үшін, өнердің бүлақ басы үшін ренжиді. Сол үшін ңапа-ланады.
Бүрынғының биіндей би ңалмады,
Бүгінгінің биінде не ңалмады?
Хатым, қүран болмаса молдалардан,
Өлікке тамнан басңа сый ңалмады.
Бүрынгының жаңсысы тамам болды,
Ендігінің жақсысы жаман болды.
Арғымақтың аяғын арңан шалып,
Есек озып бөйге алған зашан болды.
Бүл Біржанның кезіндегі ғана ңазақ дерті емес. Оны айтпай қалу, мүны мойындамау мүмкін емес. Біржан сол бір ешкімге бас имейтін шағын қайта-қайта айта береді.
Жігітке кедейшілік ол сергелдең,
Болмаса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе қүрбың келіп қүр аттанса,
Не пайда ол өмірден босқа сүрген, —
дейді. Ягни адамдықтың, арлылықтың белгісі тек қана әншілікте емес, сал-серілікте де емес, жігіттікте түрғанын Қайталап айта береді.
Шетіне орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көгалалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән екен Біржан салған жамбас сипар.
Берген соң ңүдай өмір ақбас болдық, Келін менен балаға да жақпас болдық. Көрген соң көзі ңұрғыр шыдай алмай, Саспайтын адам едім таппас болдың, — дейді. Жұрт қадірлеген, елі сыйлап алаңанына салган Біржанның кейінгі шақтағы қиын халі осында тағы бір айтылып кетеді. Біржанды тек қана елжұрты емес, сол кездегі ңазаңтың аса ірі азаматтары да қадірлеп, сыйлайды. Соның бірі — Абай. Өзімізге белгілі «Абай жолында» айтылғанындай, расында да, Біржан Абай ауылына барып қайтады. Абай әндері Біржанга ұқсай бермесе де, Абай әуеыі Біржаннан басңаша болса да, Абай әуені Біржан-мен қабыса бермесе де Абай Біржанды соншалық ыстык, қүрметпенен, жақыншылықпенен қарсы алады. Оны хан көтеріп кутеді. Өйткені бұл — екі улының, бірі әнші, бірі аңынның ундестігі. Бірі әнге, өлеңге қуат берген дарын, талант болса, бірі қазақ философиясына, қазак ойы-на, ңазаңтың асыл танымына қазық ңаңңан жандардың жолығуы еді. Бұл ән мен сөздің, жыр мен әуеннің, қазақ даласындағы соншалык, биікке шырқап кеткен ңос ңыранның табысуындай еді. Біржанның Абайды іздеп ба-руы да жай емес. Ол өзінен сонша биік жатңан, біраң өзі тануға, білуге тиіс үлылықпен табысуы, сол үлыльщпен танысуы еді. Біржан үшін ізсіз кетпейді. Біржан Абай ауылына барып, соншалың үлкен кісілікпен, соншалық үлкен адамдың дәрежеде өсіп ңайтады. Демек, ңазақтың екі дарыны бір-бірімен қанаттасып, бірін-бірі демеп, біріне бірі соншалық рухани көмек көрсетеді.
Осы Абайдың өзі бағалаған, Алаш ардақтаған Бір-жан кейінгі кезде өмірін көп қиындықпен, көп зармен өткізеді.
Арқаның түгел көрдім кәрі-жасын,
Үмытпас ңүрбы-ңүрдас асыл тасын.
Ойланам, ауруымның түрі жаман,
Біржанның кім үстар деп домбырасын.
Бүл әншінің денсаулығы наіпарлап, күйі кері кетіп бара жатңан шағы.
Аурудан ақыл кетіп адасам ба,
Жақсымен бүрынғыдай жанасам ба.
Білмейтін бүл ауруды неғылар дейді,
Егер де алам десе таласам ба?
Қанша өнер иесі болса да, қанша қазақтың әніне көп олжа салса да өмірінің соңгы кезеңінде Біржан сол заманның шетке ңағылған, көзіне қамшы тигендей шыр айналып қалған, шыға алмай қалған бөлекше бір жаны больш күн кешеді.
Дүние өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бүл күнде арық қойдан бағам төмен,
Үш жүздің ортасында Біржан едім.
Ел кездім кер төбелмен шарықтатып,
Жаксыға сөз сөйледім шабыттанып.
Үш жүздің ортасында Біржан едім,
Қойдың ғой енді, міне, арықтатып.
Мүнда Біржанның ,өз жайы, оның аса бір төменге кетіп бара жатқан жағдайы, кешегі ел сүйген серінің, салдың бүгінгі мүшкіл жайы сонша қайғымен, қара бояумен баяндалады.
Салғаным ағаш үйге болмапты пеш,
Жаратқан мен пендеңнің күнәсін кеш!
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндірген қарақтарым,
Шешсеңші білегіме арқан батты.
Бірақ қолы байлаулы бүлбүлды ешкім босатып алмайды. Тордың ішінде қамаулы түрған бүлбүлдай көзі жасты Біржан жылай зарлап әндетеді.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмак;, жарлы ңылмақ қүдайдан-ды.
Камзолдай ңысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды, —
дейді. Бүрынғы өткен дәуреннің, кешкен күндердің енді қайта оралмасын, сол күндердегідей қайта бола алмасын сезген сал дүниенің оп-оңай өтіп бара жатқандыгын, қайта келмейтіндігін айтады.
Біржан деп атым шықты алты Алашңа,
Қүдайым берсін өмір Теміртасқа.
Жасымыз алпыс бірге келгенінде,
Қүдайым берді науқас ғазиз баска.
Алдымда шам шырағым — Теміртасым,
Тілегім болсын үзақ сенің жасың.
Хош болыңдар, бауырым, балапаным,
Байңаймын ажал шіркін қүтқармасын.
Аяғында көп қиналумен 64 жасында байлаулы жатып, аспандагы аңңуға үн қосатын, бүкіл ңазақ даласын әнге бөлеген асыл өнердің иесі — Біржан бүл дүниемен ңоштасады. Біржанның өмірі, Біржанның әндері — ңазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек.

Қали Байжанов

Қали Байжанов (1877, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 27.9.1966, Қарағанды) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1945). Байжановтың әншілік дарыны ерте оянып, ауыл арасында “әнші бала” атанған.[1] Ата-анасынан ерте айрылып, жоқшылық көріп өскен. Он бесінде кірешілермен ілесіп Қоянды жәрмеңкесіне барған жас әнші талай әншілер мен күйшілердің өнерін тамашалайды. Біржан салдың ән салғанын көріп, Жаяу Мұсаның өз аузынан “Хау-лау”, “Гауһар қыз”, “Сапар” және “Ақ сиса” әнін үйренеді. Байжанов ұлы Абайдың алдында да ән салған. Кемеңгер ақын жас әншінің өнеріне риза болған. Байжановтың әншілік жолына бағыт-бағдар беріп баулыған, өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған Арқа еліне атағы жайылған Жарылғапберді Жұмабайұлы болды. Байжанов Қозыкенің “Топайкөк”, Шама Нұрұлының “Шама”, Ақан серінің “Сырымбет”, “Құлагер”, Біржан салдың “Жанбота”, Бүркітбайдың “Ақбет” әндерімен қоса “Ардақ”, т.б. халық әндерін де асқан шеберлікпен орындаған. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1936). 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды радиокомитетінде хор артисі және әнші болып қызмет атқарды. Әншілер З. Жұбатова, Ж. Қартабаева, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Қ. Лекеров, М. Толыбаев, Р. Ыбыраев, т.б. Байжановтың ән айту өнерінен көп тағылым алған. [2]

Біржан — Сара (опера)

“Біржан — Сара” — М.Төлебаевтың операсы. Либреттосын Қ. Жұмалиев жазған. Премьерасы 1946 жылы 7 қазанда Қазақ опера және балет театрында (Алматы) өтті. 1949 ж. 2-, 3-рет өңделіп, 1957 ж. қайта қойылды. Алғашқы қойылымындағы басты партияларды Ә. Үмбетбаев (Біржанды), К. Байсейітова (Сараны) орындады. Реж. Қ.Жандарбеков, дирижері Г.Столяров, суретшісі А. Ненашев болды. “Біржан — Сара” көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне 19 ғ-да өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан салдың өмірі мен оның Сара ақынмен айтысы алынған. Либреттоға ақын өмірі жайлы деректер және Біржан мен Сара айтысындағы сюжеттік оқиғалар арқау болған. Операның драматургиялық желісінде Біржан мен Сараның махаббатын көрсететін лирикалық бағыт пен Біржан мен Жанбота болыстың арасындағы күресті көрсететін (бұл Біржанның әйгілі “Жанбота” әнінен алынған) әлеум. бағыт қатар жүріп отырады. Біржан салдың шығармаларындағы еркіндік, намыс, адамгершілік мәселелері бас кейіпкердің прототипіне де, операның бүкіл тақырыптық бағытына да негіз болған. Біржан бейнесі әншінің өз әндері (“Айтбай”, “Жанбота”, “Біржан сал”, “Адасқақ”, т.б.) және М. Төлебаевтың музыкасы арқылы ашылған. Опера ұлттық бояуы қанық, әсерлі лирикалық көріністерге, айшықты мелодияға толы. Операда ұлттық музыкалық формалар (әдет-ғұрыптық фольклор “жар-жар”, сыңсу, жоқтау, әсіресе, ақындар айтысы) өте әдемі әрі орынды қолданылған. 4 актілі опера қақтығысқа толы қарама-қайшы көріністерге (1-актідегі бас кейіпкердің нәзік ғашықтық дуэтіне айналатын әдемі айтыс кенеттен Біржан мен Жанботаның қақтығысы көрінісіне ауысып кетеді. 3-актідегі салтанатты той қарама-қарсы екі жақтың жаңа дауымен үзіліп қалады) құрылған. Опера 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде көрсетілген. “Біржан — Сара” — рухы жағынан қазақтың халықтық эпостарына жақын, шын мәніндегі романтикалық шығарма” деп жазды белгілі музыка зерттеуші В. Виноградов. 1949 жылы операға КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді. Айшықты ұлттық бояуы қанық шығарма қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болып табылады. 1959 жылы бұл туынды Башқұрт опера және балет театрында (Уфа қаласы) қойылды.[1]

Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев (20.3.1914, қазіргі Алматы қаласы — 11.12.1973, сонда) — әнші (лирикалық-драммалық тенор).

Қазақстанның халық артисі (1947)

КСРО Мемлекеттік сыйлау лауреаты (1949)

1949-51 жылдары Қазақ консерваториясында (Курганов класы бойынша) оқыды.

Еңбек жолы

Үмбетбаев әншілік өнер жолын 20 ғасырдың 30-жылдары жаңадан ұйымдасқан Қазақ радиосынан бастады. 1935 жылы Қазақтың атты әскер полкінің ансамблінде әнші болды. Сол жылы Ташкента өткен әскери округтың фестиваліне қатысып, 1-жүлде алды. 1937 жылы Қазақтың опера және балет театры жанындағы 2 жылдық студияны бітіргеннен кейін, сол театрда қызмет етті. Үмбетбаев өз өнерімен қазақтың ұлттық опера жанрының өсіп дамуына белсене ат салысты. Қазақ театрының ірге тасын қалаушы мәдениет қайраткерлері Ж.Шанин, К.Байсейітова, Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейітов, М.Ержанов, Ү.Тұрдықұлова, тағы басқалармен бірте еңбек етіп, өзінің әншілік-актерлік шеберлігін шыңдады. Ол 40-қа жуық музыкалық образдар жасады. Мысалы, Біржан (Төлебаевтың «Біржан — Сарасында», Айдар, Төлеген (Жұбанов пен Хамидидің «Абай» мен «Төлеген Тоқтаровында»), Тарғын (Брусиловскийдің «Ер Тарғынында»), Бақи (Қожамияровтың «Назугумында»), Хозе (Бизенің «Карменінде»), Пинкертон (Пуччинидің «Чио-чиосанында»), Каварадосси (Вердидің «Тоскасында»), Жек (Жигановтың «Алтыншашында»), тағы басқа. Сондай-ақ Үмбетбаев қазақтың халық әндерін («Ағашаяқ», «Ақ-қүм», «Қаракөз», «Бурылтай»), қазақ композиторның шығармаларын бабына келтіре орыңдады. Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.[1] [2]

Бәйсейітова Күләш (1912-1957)

Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы – қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1936), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Шет ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.

Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, ондағы көркем-өнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі. 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Күләш сахна өнерінің қыр-сырына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ театрдың белді артистерінің қатарынан көріне бастайды.

Образдардың табиғатын тап басып тану, ол танығанын өмірлік шынайы шеберлікпен жеткізе білу, әсіресе туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күләштің сахна өнері үшін жаралған жан екенін әйгілей түседі.

Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыка студиясына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы Қазақ қыздарының ар-намыстан жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды. 1934 жылы 22 жасында «СССР-ға Еңбегі сіңген артист» атағына ие болады. Ал халық оны «қазақтың бұлбұлы» деп атаған. Күләштің ғажайып қабілеті мен дарыны Б.Майлин мен И.В.Коцыхтың «Шұғасындағы» — Шұға, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы – Жібек образдарын сомдау барысында одан әрі жарқырап ашыла түседі. Бұл рольдер арқылы оның бойындағы әншілік-артистік қабілеттің ғажайып мүмкіндіктері барша болмысымен көрініс тауып, қазақ сахна өнерінің соны табысы ретінде жұртшылықтың ықылас-ілтифатына бөленді. Ол жаңа қаз басқан қазақ сахна өнерінің шын мәнінде тірек тұлғасына, 1ұйтқысына айналды. Аз уақыт аясында Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Алтын астық», А.А.Зильбердің «Бекет», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», Д.Ж.Пучинидің «Чио-Чио-Сан», «Евгений Онегин» сияқты операларында басты рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды. Бір-біріне ұқсамайтын кереғар образдар, иірім-қайырымы әр алуан вокальдық партиялар Күләштің көп қырлы, алуан сырлы дарынының арқасында алмастай жарқырап ашылып, эстетикалық-эмоциялық қуаты мейлінше тегеурінді образдар галереясы жасалды.

Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді.

БІРЖАН ЖӨНІНДЕ ЕСТІГЕНДЕРІМ
Мен, 1925—1930 жылдары қызмет бабымен Керей елінде тұрып, Біржанды көрген, жақсы
білген адамдардың талайымен кездесіп, соның ішінде ақынның баласы Теміртаспен,
атақты ақын, әнші Хамитпен жақын араласып жүріп, солардың айтқан талай қызық
әңгімелері мен салған әндерін тыңдап едім. Бірақ ол кезде Біржан өлеңдер керек болады-
ау деп, ескеріп жинаған жоқ едім, солай бола тұрса да жақсы адамның өнері, кімді де
болса қызықтырмай қоймайды ғой. Сол естіген әңгімелердің кейбірінен есімде
қалғандары.
1928 жылы «Ақкөл» бойында отырған Теміртас үйінде басымыз қосылды. Арамыздағы
халық әндерін ете әсем орындайтын белгілі әнші Бәкеннің Хамиты, тағы бір топ
жастардың әңгімесі Біржан төңірегінде болды. Біздің ниетімізге орай Теміртастың айтқан
әңгімесі де көңіл бөлерлік еді.— Әкем өлгенде, шешемнің қолында үш бала қалдық. Олар:
екі қыз — Асыл, Ақық, ұлдан Қалкен екеуміз. Інім Қалкен енді ер жетіп биыл отызға
шығып отыр, Асыл, Ақық ерге шығып, балалы-шағалы болып кезінде егде тартып қайтыс
болған. Мен 1916 жылы 27 жасымда солдаттыққа алынып 1917 жылы қайтып келдім,
мынау отырған Гүлжамилаға сол қайтып келген жылы қосылдым, кішкене інілерін,
Мұхаметқали биыл жетіге келді деп ұлының басын сипады.
Осыдан бірер жыл бұрын қайтыс болған шешеміздің әңгімелері мол еді. Оның үстіне бала
болсам да ауырып жатқан әкемді ұмытқам жоқ. Әкем шақырып алып маңдайымнан сипап
жыласа біз шырылдап қоса жылаушы едік. Ал байлаулы жатқанына ыза болып дауысын
қатты шығаратын. Өлер алдында жұрт оны жындандыға санаған. Біржан науқастанып
жүрсе де, кейде домбырасын қолынан тастамай, өзінің әншілік өмірі есіне түсіп, орынсыз уақытта айғайлап шу көтеріп, ән салып жұрттың мазасын ала берген соң, оны ағалары
домбырасын тартып алып өлең айтқызбайды екен, әкеміздің әншілігін үлкен-кішінің бәрі
айтып келеді. Осы үйге де сіздерді сол кісінің атағы әкеліп отыр ғой. Бір өкініші біздің
Атығай — Керейдің ішінде Біржанның жолына түсіп, сондай ән салатын әншілер қайда
деп ренжігендей болды. Біз Біржанның жолын ұстап, оның әндерін айтып жүрген
шөбересі мына отырған Хамит бар емес пе дедік.— Я ендігі үміт ететін осы Хамитіміз ғой
деді.
— Шешеміздің айтуынша,— деп, тағы бастады Теміртас әңгімесін:—әкеміз орта бойлы,
қызыл шырайлы келбетті кісі екен, оның үстіне киімді де өте сұлу киген. Әкеміздің
араламаған, бармаған жері шамалы, кейде ол ел аралап ұзақ жолға шыққанда екі-үш айда
әрең қайтып келетін деп шешеміз айтып отырушы еді.
Манадан бері домбырасын шертіп, жүйрік аттай құлшынып отырған Хамитке бір қарап
қалған әңгімені тағы айта жатармын, алдымен Біржанның бір-екі әнін салып жібер деп
тілек етуі-ақ мұң екен Хамит іркілместен Біржанның «Айтбай», «Ләйлім шырақ»,
«Жанбота», «Жанбас сипар», «Көкек», «Екі жирен», «Жиырма бес» әндерін бірінің
артынан бірін шырқап айта берді. Хамиттің салған әндеріне разы болған жастармен бірге
Теміртас та — па шіркін, деп бір көтеріп қойып сөзін қайта бастады. Хамиттің салған
әнінен шешеміздің тағы бір айтқан сөзі есіме түсті.— Көршілес ауылда бір жиын той
болып, сонда әкеміз жұрттың сұрауымен осы «Айтбай» әнін айтады, өлеңді айтып болған
соң, көпшіліктің арасынан орта жасқа келген бір ажарлы әйел Біржанмен қалжыңдасып:—
Біржан-ай, өл-өлгенше атымды елге жайып кеттің-ау депті. Артынан сұрастырып білсем,
Біржанның жас кезінде өлең шығарған Айтбай деген қызы осы екен. Ал енді «Жанбота»
әні, би-болыстардың Біржанға істеген қиянатынан шыққан ән дейді. Біржан мен Қарауыл
Азнабай және Жанбота араларында болған араздық осы әннің шығуына себеп болды деп
айтушы еді шешеміз. Әкеміз шаруаға салақ екен, атамыздың бар дәулетін судай шашып,
төгіпті.— Кейін шешем құдай әкелеріңнің серілігін бермесін, марқұм үнемі үйде отырмай,
шаруасына көзін салмай маған сеніп, ұдайы ел кезіп кете беруші еді.— Бір жылы
Тобықты, Қаракесек аталық, Қаптағай елдерін аралап отырып Найман ішіне барыпты,
сонда жүріп Сара деген қызбен айтысып жеңіп қайтқанын шешем де, ауылдағы қариялар
да есіне түсіріп айтып берген еді. Шешеміздің басқа айтқан әңгімелерінің көбі есімізден
шығып қалыпты. Біржанды көрген, жасы келген қариялардан осы Керей ішінде,
Тоқсанбайдың Сыздығы бір кезде домбыра тартып, ән айтқан Елебайдың Ержаны.
Қисықтың Қарасы, Есімнің Ақаны тағы басқалар жақсы біледі деп естимін. Әкем жөнінде
осылардан сұрасаңдар айтып берер деп сөзін бітіріп. Хамитке тағы да ән салдырды. Мен
кейін Теміртас атаған адамдардың бірталайымен әңгімелестім. Сыздық Жанботаның,
Азнабайдың, Қожағұл әулетінің тарихын түгел таратып айтып берді. Ал Ержан, Біржан
әндерінің қалай шыққанынан, әсіресе жастық, серілік дәурен құрғанынан бір талай
әңгімелер де қозғады, өзі домбыра тартып ән салуға бейім адам еді, шырқап салмаса да ән
мен күйдің бабын білетін. Ал оның баласы Рамазан гармон тартатын еді. Рамазанның
қандайлық композитор болып ер жеткені жұртшылыққа аян. Біржан жөнінде аңыз
әңгіменің ұшы-қиыры жоқ, мол Көкшетау елі түгіл,—Қарқаралыдағы Қаракесек руынан
шыққан 76 жасқа келген Тәнекенов Ысқақ, 80 жасқа келген Мәлібеков Тоқан да қызық
деректер келтіреді.— Жас кезім дейді —- Ысқақ Біржанды Қоянды жәрмеңкесінде ән
салып сайрандап жүргенде бір көргенім бар еді. Біржан орта бойлы, сұлу келбетті кісі еді,
дауысы өте зор, тынысы кең, әнді екпіндете түрлендіріп шырқап салғанда, базарға
келгендердің бәрі қасына жиналды, оның салған әнін естігенде құлағыңның құрышы
қанып, іштегі қайғы-шерің тарап, кен, дүниені еркін аралағандай болатын едік, онан кейін
де талай жерлерде ән салған әншілерді көрдім, бірақ Біржандай әнді бабына келтіріп
салған әншілерді көрмедім деді. Біржан жөнінде білетіндерімді жас кезімде өлең қылып
жинамасам да, кейін біліп әр кімдердің айтқан әңгімелерінен есіме түсіріп жазып алған деректерім көп еді. Осыны ескеріп 1956 жылы «Лениншіл жас» газетіне (№ 5) «Біржан
мұрасы жете зерттелсін» және 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Біржан ел аузында»
деген мақалалар жаздым. Бұл менің газетке жариялаған деректерімді Ахмет Жұбанов та
«Замана бұлбұлдары» атты кітабында, Ғ.Әбетов те (Қазақ әдебиетінің тарихы II том)
ғылыми еңбектерінің керегіне жаратыпты. Сол сияқты осы кітапты құрастырушылар да
мен жинаған деректерді пайдаланғандығын жасырмайды. Біржан жөнінде жинаған азды-
көпті деректеріміз үлкен кітаптардың бір керегіне жараса еңбегімнің еш болмағаны ғой.

Есім Байболов.

ӨЛЕҢДЕРІ 2
Баласы Қожағұлдың, Біржан салмын 2
Айтбай 2
Қаламқас 2
Алтын балдақ 2
Ақсеркеш 3
Соқпа-ай соқ 3
Керкекіл 3
Бірлән 3
Ғашығым 4
Ғашық жар 4
Жайма-шуақ 4
Жонып алды 4
Сырғақты 5
Ақ қошқар 5
Ақтентек 5
Мақпал 5
Біржан сал ақын 6
Бурылтай 6
Көкек 7
Телқоңыр 7
Ләйлім шырақ 8
Көлбай-Жанбай 8
Шідер 9
Айжан қызға 9
Сіз бұрын 9
Біржанның Омбыда бір қызға айтқаны 9
Атым Біржан 9
Орынтай 9
Қалқама 10
Пар жектім 10
Қараша 10
Он екі звод 10
Ахау, әриайдай 11
Орынбор 11
Талай заман 11
Жетісу 12
Ақжорғажан 12
Жастарға 12
Қосдәулетке 13
Қасенге 13
Байпаққа 13
Күлен-Маймаққа 13
Шорманның Мұсасына 14
Балғожаға айтқаны 14
Тұрлыбекке 14
Алтын қызға 15
Жанбота 15
Адасқақ 15
Жанботаға 16
Жанботаға тағы бір айтқаны 16
Әйелі Әпішке айтқаны 16
Атығайдың елінің адамдарына айтқаны 16
Жамбас сипар 17
Көкейтесті 17
Жақсы мен жаман 17
Бүркітші 17
Мәті — Дәулен 18
Теміртас 18
Біржанның қартайған және сырқаттанған кезінде шығарған өлеңдері 18
Біржанға хат 20
АЙТЫСТАРЫ 20
Біржан мен Сара 20
Біржанның Нұрғайша қызбен қағысуы 39
Біржанның бір қызбен қағысуы 39
Біржанның Шөже ақынмен қағысуы 39
Біржанның Тезекбаймен қағысуы 40
Біржан, Орынбай, Шөже ақындардың айтқырлықтары 41
Бабай мен қасқырдың айтысы 41
Тағы рефераттар