Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы қазақша реферат

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында мәселе соңғы уақыттарда жиі көтеріле бастады. Осыдан біраз жыл бұрын бұл жайында айту ертерек олатын, көптеген ұйымдар ол уақытта өндірістерін жаңадан дамытып жатқан, және мемлекет бизнесмендерге аяқтарына тұрып, Қазақстан экономикасынан өз орындарын алуына уақыт берген.

Бүгінде сол ұйымдардың көпшілігі өндірістік алыптарға айналып үлгерді. Басшылар әлеуметтік сұрақтарға көп көңіл бөле бастады. Мемлекет және бизнес арасындағы әлеуметтік серіктестік жайындағы алғашқы бірлескен әрекет шамамен 10 жыл бұрын жасалынған. Дәл 1998 жылы Қазақстанда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы құрылды. Зейнетақы жарналарының толыққанды және уақтында берілуі—бизнестің қоғам алдындағы жауапкер шілігін түсінуі. Бүгінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында мәліметтерді электронды өңдеуді қолданатын әлеуметтік төлемдерді тіркеуді ұйымдастыратын және іске асыратын жаңа технология енгізілген, жердемақы мен зейнетақы алушыларының орталықтанған базасы құрылған. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметінің негізгі бағыттары: Мына тағайындаулар мен төлемдер бойынша құжаттарды қабылдау:

—Зейнетақы,

—Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (мүгедектігі

бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша,

жасына байланысты)

—№ 1 және № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы

жәрдемақылар

—Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар (17 түрі)

—Баланың туылуына байланысты біржолғы берілетін

жәрдемақы

—Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байла-

нысты әлеуметтік төлем

—Жерлеуге арналған жəрдемақы: зейнеткерлерді,

ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге

жәрдемақылар

—«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-нан (еңбекке жарамсыздығы жағдайында, асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік пен бала тууға байланысты, Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байла- нысты әлеуметтік төлемдер)  006 жылдың 1 шілдесінен бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы базасында біріңғай тіркеу орталығы құрылды. Нәтижесінде Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған салымшылардың саны жөнінде объективті ақпарат алуға, қосарлы және одан да көп зейнетақы шоттары мәселесін ашуға мүмкіндік туды. Сол арқылы «Бір салымшы—бір қор» принципін сақтауға жол ашылды.

Сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі де өзгерді. Бұрын егерде, жұмыс беруші әр Қорға жеке рәсімдесе, енді қорды көрсетпей-ақ барлық жұмысшыға бір ғана тапсырып құрастырылады және жарналар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударылады. Салымшы қорын өзгерткен жағдай да, жұмыс беруші аударым процедурасын өзгертпейді, яғни төлем құжаттарын құрастыру бойынша есептік бағдарламаларды өзгерту шығыны болмайды.

Бұрын қателік болған жағдайда, жұмыс берушіге Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан барлық жұмысшы бойынша барлық сумма түгелдей қайтарылатын. Енді тек қате толтырылған реквизиттардың ғана суммасы қайтарылады. Жасалынған жұмыстар зейнетақылық жарналарды аудару процедурасын белсендендіріп қана қоймай, жеңілдете түсті, сол арқылы мүмкіндігінше жұмыс уақытын және бюджет пен жұмыс берушінің қаражатын үнемдеуді қамтамассыз етті. Әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әлеуметтік бөлулердің мерзімділігі мен жүйелілігі маңызды әсер етеді. Яғни, нақты адамға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыс беруші қаншалықты жауапты болғанына байланысты. Бізде мемлекеттік жауапкершілігі қатал бекітілген, себебі біз бірінші деңгейдеміз. Мүгедектігі бойынша, асыра-ушысынан айырылғанына байланысты, жүктілікке және бала тууына байланысты біз ескі жүйені қалыптастырдық, бізде бұл рөлді мемлекет атқарып келген. Ал жұмыс беруші мен азаматтың өзі бұл үрдіске қатыспайтын. Және біз бәріміз белгілі бір деңгейде өзімізге жауаптымыз және өкінішке орай ешкім кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу сиякты қатерлерден сақтандырылмаған.Бір уақытта, халықаралық тәжірибені зерттей отырып, бірінші деңгей бойынша мемлекет өзінің әлеуметтік бағытталғандығын көрсетіп, өз міндеттерін атқара білді, ал бұдан кейін екінші деңгей—әлеуметтік сақтандыру болып табылады, сақтандыру дегеніміз—бұл жұмыс берушінің барлық қауіптерден жұмысшысын сақтандыруы. Ана мен баланы әлеуметтік қорғау мәселесіне үлкен мән бере отырып, елбасымыз өзінің кезекті Қазақстан халқына жолдауында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік және бала туу, аналығына байланысты міндетті сақтандыру түрін енгізді. Осыған байланысты 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді беру іске асырып жатыр. Атап өту керек, егер бұрын жүктілік пен бала тууына байланысты әлеуметтік жәрдемақыны және еңбек демалысын жұмысшыға жұмыс беруші өз қаржысынан төлеп тұруға міндетті болған. Ал қазір бұл төлемдер әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін болды.

Ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты 2009 жылдан бастап әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын жұмысшылардың төлемі кезең бойынша көбейді. Сақтандыру қызметін көрсету арқылы әлеуметтік кепілдемелермен қамтамассыз ету. Мемлекеттік ануитетті компания Қазақстанда ануиеттік сақтандырудың дамыту мақсатында құрылған алғашқы және жалғыз мемлекеттік мамандандырылған ұйым. МАК негізгі міндеттерінің бірі—жұмысшының еңбек міндеттерін атқару кезіндегі өміріне және денсаулығына төнген залалдарға жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және зейнетақымен қамтамассыз ету жөніндегі заңдарының орындалуына көмек беру. Жұмыс берушіге компания ануитетті сақтандару қызметін ұсынады, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жұмысшы тосын оқиғаға тап болған жағдайда, яғни жұмысшы мүгедек немесе қаза тапқан жағдайда МАК зардап шеккен жұмысшыға немесе оның қарауындағы жандарға әлеуметтік төлемді іске асырады. Айта кету керек, жұмысшы өз қызметкерлерінің өмірін сақтандырған жағдайда, салық кодексінде кіріс салығы және әлеуметтік салықтарды төлеуде салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінгі күні Қазақстанның 700-ден астам ірі мекемелерімен ануитетті келімшарттар жасалған. Мемлекеттік ануитетті компанияның серіктестерінің арасында Қазақстанның ірі өндірістік мекемелері—«Миттал Стил Темиртау» АҚ, АО «Алюминий Казахстана» АҚ, «Қазақмыс» корпорацирясы, «Қазақтелеком» АҚ және тағы басқалар. Еңбек қорғау стандарттарын сақтау—жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамассыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Жыл сайын еңбек қызметіне байланысты әлемде 2 миллионнан астам адам қаза тауып, 200 миллионға жуығы аурусырқат алады. 2003 жылы Халықаралық еңбек қорғау ұйымы қаза тапқандары еске алудың халықаралық күні концепциясын өзгертуді ұсынды, және негізгі упор өндірісте орын алуы мүмкін тосын жағдайларды және кәсіби сипаттағы ауруларды алдын алуға берілу қажеттігі жайында айтылды. Сонымен қатар, 3 ереже шығарылған:

1. Өндірістегі өлімдер алдын алуға мүмкіндігі жоқ фотальды жағдай емес;

2. Тосын жағдайлар—өздігінен орын алмайды;

3. Ауру—жоқ жерден пайда болмайды.

Барлық тосын жағдайлардың себебі бар—көпшілік қайғылы жағдайларды алдын алуға болады. Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғалыми зерттеу орталығының маңызды міндеттерінің бірі—республиканың өндіріс орындарындағы жарақат алу деңгейін төмендету. Ғылыми орталық қызметкерлері үш жыл ішінде отызға жуық ғылыми зерттеулер жүргізген, олар «Миттал Стил Темиртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорацирясы, «Тау  машиналары» зауыты, Энергия зауыты сынды мекемелер тәжірибесінде сәтті қолданып келеді. Зерттеулердің тәжірибеге ендірілуі тосын оқиғалардың және жұмысшылардың кәсіби ауруға ұшырауларының санын төмендетуге көмектеседі. Осылайша Қазақмыс корпорациясында үш жыл ішінде тосын оқиғалардың саны біржарым есеге қысқарған. Бүгінде, біздің бизнес толығымен аяғына тұрып үлгерді, және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге көптеп көмектесе алады. Бұл үшін біз әлеуметтік индикаторлар қай бағытта жасалуын, бұл мәселелерді шешу үшін бизнес қандай мөлшерде көмектесуі керектігін анықтап алуымыз керек. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің ішкі және сыртқы түрі бар екендігі белгілі. Бизнес құрылымдармен бизнестің ішкі жауапкершілігі бойынша келісімшартқа отырғымыз келеді, мұнда біз жауапкершіліктің қандай да бір шегін, мысалы компанияның жылдық табысының қандай  минималды бөлігі жалақыны төлеуге, техника қауіпсіздігі үшін, еңбек жағдайын жасауға, қызметкерлердің квалификациясын арттыруға жұмсалатындығын анықтап алуымыз керек. Және сыртқы жауапкершілік—бизнес өзі орналасқан аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуі. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі—бұл бизнестің қоғамға әсері. Шешім қабылдаушылардың, сол шешім әсер етушілердің алдындағы жауапкершілігі. Әлеуметтік жауапкершіліктің бұл анықтамасы тіптен тамаша. Және толығымен шындыққа айнала алмайды, себебі бір ғана шешімнің салдарын есептеу мүмкін емес. Бірақ әлеуметтік жауапкершілік бұл ереже емес, ол этикалық принцип, және шешім қабылдау ісіне міндетті түрде әсер етуі керек

 

Сонымен қазіргі уақытта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің

бірнеше үлгілері жасалған.

—Ағылшын-американадық моделі

—Европалық модель

—Аралас модель

Ағылшын-американдық модель:

Бұл модель XIX ғасырдың басынан бастау алған болатын. Бұл жағдайда жауапкершілік—жұмыс табумен және оларға жалақы төлеу арқылы еңбек жағдайын жасау болды. Сондай-ақ салық төлеуді уақытылы жүзеге асырып тұру міндеті кірді. Көптеген қоғамдық қатынастар әлі күнге дейін өзін-өзі реттеумен қалып отыр. Соның ішінде еңбек қатынас сферасында жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы екіжақты келісім кезінде медициналық сақтандыру ерікті түрде болып қалған. Екінші жағынан АҚШ-та мысалғы бизнесті әлеуметтік қолдауына қатысу миханизмін қалыптастырған, яғни корпорациялық қор арқылы әр түрлі әлеуметтік проблемеларды бизнес есебінен шешеді. Сондай-ақ қызметтегі әлеуметтік жауапкершілік және қайырымдылық жасайтын корпорацияларға заңдық негізде көрсетілген белгілі бір салықтық жеңілдіктер мен льготалар қолдануға заң жүзінде мүмкіншіліктер туады.

Европалық модель: Бұл модельде егер белгілі бір бизнес салықты көп төлесе, сол құрлым мемлекет сол қаржыға әлеуметтік бағдарламалар ұйымдастырады. Бизнес өз жұмысын табысты жүргізу керек және дұрыс жоғары көлемде салықтар төлеуі тиіс, ал мемлекет бұл қомақты қаржыны тиімді бөліп, әлеуметтік қажеттіліктерге тиесінше жұмсайды. Және де «мемлекеттік» мамандар ойынша, мемлекеттің басты жұмысы—оптималды салықпен қамтамасыз ету жағдайын сәйкесінше заң жүзінде жасап, содан түскен қаражатты экономиканы дамытуға қажетті маңызды секторларды қаржыландыруға бөлу, ал олар «локоматив» сияқты, өндірістің басқа салаларын өсіруге себепші болумен қатар, жаңа жұмыс орындарын тауып, жалақыны мүмкіндігінше жоғарлатып, жалпы аймақтағы тұрғындар мен жалпы халықтың жағдайын жасап, мемлекеттің әлеуметтік базасын нығайтады.

Жалпы Европалық модельде бизнес—мемлекетті дұрыс шешімдер қабылдап, оны жүзеге асырып орындалуына себепші болатын институт деп санаса, АҚШ жалпы бизнеске мемлекеттің араласуы бизнестің еркінділігі мен бостандығына тосқауыл болып, оның өркендеуіне кедергі болады деп есептейді.

Аралас модель Бұл модель соңғы жылдары ірі бизнестің дамуына байланысты Европада кеңінен таралған жаңа үлгі десек болады. Басқалай  айтқанда бұл модельді корпорациялық әлеуметтік жауапкершілік деген атпен танымал бола бастады.
Тағы рефераттар