Өсімдіктерде басқа тірі организімдер сияқты оның тіршілігін қамтамасыз ететін, тұрақты зат алмасу құбылсы болады. Осының нәтижесінде өсімдіктер организімінде әр түрлі қосылстар түзіледі, ыдрайды, қабылданады және бөлініп Шығып отырады. Өсімдікгер сыртқы ортаға кейбір Косылыстарды ғана бөліп шығарып, кейбіреулерін клетка шырынында негізгі паренхима клеткаларында немесе арнаулы орындарда жинайды. Осы тұрғыдан бөліп шығарушы ұлпаларды: сыртқы және ішкі бөліп шығарушы ұлпа деп екі топқа ажыратады.Сыртқа боліп шығарушы ұлпаларға: вегетативті, сол сияқты генеративті мүшелердің бет жағында орналасқан әр түрлі бездеуіт түктер, өсінділер, шырындықтар және гидатодтар жатады бұлар шырын, су және эфир майларын боліп шығарады. Ішкі бөліп шығарушы жеке клеткалар (идиобластар), шайыр жән сүт жолдары, схизогеңді, лизигенді арнаулы орындар болып табылады.
Сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар. Бұл ұлпалар эпидерма клеткаларынан немесе эпиаерма астында (субэпидерма) және одан терең орналасқан клеткалар қабатынан пайда болады.
Бездеуіт түктер (трихомалар) эпидерма клеткаларынан өсіп шығады. Бұлар эфир майларын, шайырды және т. б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ, сұйық және катты күйінде сыртқа шығарып отырады құрылысының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың өсімдіктердің жүйелілік топтарына тән морфологиялық тұрақтылығы болады.
Бездеуіт түктерді орналасуына қарай — сыртқы және ішкі бездеуіт түктер, кұрылысына карай — жай және күрделі бездеуіт түктер, болінетін заттарына қарай — тұзды, майлы, шайырлы, шырыппы бездеуіт түктерге жіктейді.
Шырындық — тәтті сұйық зат (нектар) бөледі, ол тозандандырушы насекомдарды еліктіреді, шырын негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі
Гидатодтар — (грекше — «гидор», «гидатос» — су, «одос» — жт) сыртқа су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығаратын ұлпа.
Гидатодтың негізгі бөлігі — эпитемасы ол пішіні жапырақ мезофилдың ұлпасына ұқсас, борпылдақ жұқа қабықшалы ұсақ тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Эпитема жоғарғы жағында эптдерма, төменгі жағында тамырша-талшық шоғының ксилема элементтерімен жанасып орналасады.
Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуттация деп аталады. Бұл құбылыс өсімдіктерде транспирация баяулап, артық су жиналған кезде, (жаздың салқын, ылғалды түңдерінің ертеңінде) байқалады. Гуттация арқылы өсімдіқ өзінің бойындағы артық судан және тұздан арылады. Өсімдік бойыңдағы су балансының реттелуіңде мұның мәні зор.
Ішкі бөліп шыгарушы үлпалар. Мұндағы жиналған заттар сьфтқа шыгарылмай, өсімдіктердің ірі паренхималық клетка-ларында (идиобластар), клеткааралық қуыстарында, ішкі бездеріңде қалады.
— эфир майлары, таниндер, шырыш, қымыздық қышкылының жеке кристадцары друздар және рафидтер жиналады. Бөліп шығарыліан іапар жиналатын орындар піиіііппе, көлеміне, пайда болуына карай лизигеңдік және схизогендік деп екіге бөлінеді.
Лизигендік орын (грекше «лизис» — еру) бөлінген заттар жиналған жерде орналасқан клеткалар қабықшаларының еріп кетуінен пайда болады.
Шайыр (смола)жолдары схизогеңді беліп шығарушы орын ретіңде пайда болады. Шайыр — күрделі органикалык қосылыс. Оны лак, баспахана бояуларын жөне т. б. алу үшін пайдаланады. Шайыр жолдары өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде және ұлпаларында қалыптасқан.
Сүт жолдарының физиологиялык мәні де әр түрлі, ол өсімдік денесіндегі су мен оттектің тепе-теңдігін реттейді.
Құрамыида улы алколоидтар және ащы сүтті шырыны бар өсімдіктерді мал жемейді Сүтті шырын жаракатганған жерді тез жазады.
Шығу тегі жоне құрлымына карай сүт жоддарын: бунақты және бунақсыз деп бөледі. Бунақты немесе күрделі сүт жалы клеткаларының түйісіп жатқан көлденең қабырғаларының бұзылуы кезіңде бірнеше клетканың жиынтығынан пайда болады
Бунақсыз немесе қарапайым сут жалдары ұзарып және бұтактанып өсетін ірі бір клеткадан тұрады. Мұндай сүт жолы сүттігендер және тұттар тұқымдастарына тән.;
Сүт жолдары бірнеше қызмет атқарады. Олардың негізгілері үшеу: өткізу, қор жинау жөне бөліп шығару
Тағы рефераттар
- Жоғары білімді қалай алуға болады?
- Өнер шығармаларын талдаудың өнертанымдық негіздері
- Балаға байланысты қолданылатын салт-дәстүрлердің тұрақты тіркестермен берілуі
- Туризм дамуына әсер етуші факторлар
- Аудиттің түсінігі