Болжаудың сараптық әдістері туралы қазақша реферат

Сарапшы – болжау объектісіне қатысты бағалауды қалыптастыру үшін тартылатын білікті маман. Сарапшы топ – белгілі бір ереже бойынша қалыптасқан сарапшылар ұжымы. Болжамның міндетіне қатысты айтылатын сарапшының немесе сарапшы топтың пайымы, пікірі сараптық бағалау деп аталады; бірінші жағдайда «жеке сараптық (болжамдық) бағалау», ал екіншіде «ұжымдық сараптық (болжамдық) бағалау» термині қолданылады. Сарапшы кәсіптік білім, интиуция және тәжірибе негізінде болжау объектісіне қатысты сенімді, нақты бағалаулар жасау қабілеті оның құзырлылығын сипаттайды. Соңғысы құзырлылық көрсеткіші деп аталатын сандық өлшемі бар. Сарапшы тобына қатысты да әділ: сараптау тобының құзырлылығы – бұл сарапшының тұтас пікіріне пара-пар болжау объектісіне қатысты сенімді, нақты бағалаулар жасау қабілеті; сараптау тобының құзырлылығының сандық өлшемі топқа енетін жеке сарапшылардың құзырлылық көрсеткіштерін жалпылау негізінде анықталады.

Болжаудың сараптық әдісі – сараптау ақпаратына негізделген болжау әдісі. «Сараптау әдісін теоретикалық аспектіде қолданудың құқыққа сай екендігі әдістемелік дұрыс алынған сараптық пайымдаулар ғылымда қабылданған екі критерийлер кез-келген жаңа білімнің сенімділігін қанағаттандыру арқылы дәлелденеді»[1]. 3-кестеде әлеуметтік-экономикалық болжамдарды жасау кезінде қолданылатын негізгі сараптау әдістерінің атаулары және қысқаша сипаттамалары берілген.

 

3-кесте

Болжаудың сараптау әдістері.

 

Әдіс Әдістің қысқаша сипаттамасы
1 2 3
1 Дельфилық Бірнеше турда сарапшыларға тәуелсіз, жасырын сұрақ қою арқылы сараптау тобының келісілген бағалауын анықтау, ол сарапшыларға алдыңғы турдың нәтижелерін хабарлау қарастырылады.
2 Жеке сараптау бағалауы Ақпарат көзі ретінде бір сарапшының бағалауын қолдану.
3 Интервью «сұрақ-жауап» сызбасы бойынша сарапшымен болжам жасаушының әңгімесі негізделген сараптық бағалаудың әдісі.
4 Идеялардың ұжымдық бірлесуі Белгілі бір ережелермен бекітілген нақты проблеманы бірлесіп шешу жолымен сарапшылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандыруға негізделген:

1)Идеяларды бағалауға тыйым салу;

2)Бір баяндаудың уақытын шектеу;

3)Алдыңғы идеяны дамытушы сарапшының баяндауының басымдығы;

4)Одан кейінгі кезеңдегі идеяларды бағалау;

5)Барлық идеяларды жүйелеу. Идеяларды ұжымдық бірлесу әдісі негізінде идеялардың басқарылатын бірлесу деструктивті салыстырылған бағалау, ынталандырылған бақылау және  т.б. әдістер.

5 Ұжымдық сараптау бағасы Топқа енетін сарапшылар шығарған тәуелсіз жеке бағалауларды өңдеу арқылы сарапшы тобының жалпыланған  бағалауын айқындау.
6 Матрицалық Жеке аспектілердің байланыстарының сараптау бағаларының матрицалық түсіндіру.
7 Морфологиялық матрица Морфологиялық әдісті қолданатын болжаудың матрицалық әдісі.
8 Морфологиялық Болжау объектісінің құрылымын айқындау және оның элементтерінің түрлі мәндерін, осы мәндердің кейінгі үйлесімді нұсқаларын таңдау мен бағалау.
9 Болжамды сценарий құру Фонның түрлі болжамдарында болжау объектілерінің жағдайының жүйелілігін орнату.
10 Эфристикалық болжам Болжам үлгісінің эвристикалық амалдарымен логикалық талдауды қолдану арқылы сараптау бағалауларын іздеу ағашын құру және кесу.
11 Сараптау комиссиялары Объекттің жеке аспектілері бойынша болжамдарды сарапшы тобының бағалауына сай жасалған бүтін құжатқа біріктіру.

 

Верификация әдістері.

Верификация, верифицируемдік принципінен шығатынындай – бұл болжамдардың сенімдікті, дәлдікті және негіздеуді тексеру.

 

4-кесте.

Болжамдар верификациясының әдістері.

 

Верификация Оның қысқаша сипаттамасы
1 2 3
1 Инверсті Бұл мына жол арқылы болжамды верификациялау:

-болжамдық ретроспекция кезеңіндегі болжамдық үлгінің адекваттылығын тексеру.

2 Консеквентті -алдын ала болжамдардан болжамды аналитикалық немесе логикалық шығару.
3 Жанама -басқа жасаушылар алған болжамдармен салыстыру.
4 Қарсыласпен -болжам бойынша қарсыластың сыни ескертулерін жоққа шығару.
5 Қайта сұрау — сарапшыларды сұрастыруды қолдану.
6 Тіке, тура — оны басқа әдіспен қайта жасау.
7 Қателіктерлі есепке ала отырып — болжамның ұдайы қателерінің көздерін табу және шығару.
8 Сарапшымен -Біліктілігі жоғары сарапшының бағалауларымен салыстыру.

 

 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық сценариін жасау.

 

Макроэкономикалық сценарий жасаудың блок-сызбасы.

 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамын жасау объектісінің дамуының макроэкономикалық сценариін құруды қарастырады. Сценарий болжаудың барлық кезеңдерінде жасалады және жалпы түрде 5-кестеде көрсетілген прцедуралар блогын қосқанда.

5-кесте

Макроэкономикалық сценарийді жасаудың блок-сызбасы.

 

Болжау кезеңдері Макроэкономикалық сценарий жасаумен байланысты процедуралар.
1 2 3
1 Болжам алдындағы бағдар Теоретикалық және әдістемелік алғышарттарды таңдау (пікірталассыз), сонымен бірге жұмысшы гипотезасын таңдау.
2 Болжамға деген тапсырманы жасау
3 Болжамдық ретроспекция Жүйеленген суреттеуді құрастыру.
4 Болжамдық диагноз Математикалық аппаратты таңдау,  даму заңдылықтарын шығару.
5 Болжамдық проспекция Сценарийдің сандық сипаттамаларын алу, қорытындыларды қиыстыру.
6 Болжам верификациясы Қорытындылардың дәлдігін тексеру.
7 Болжамды түзеу  

Сценариді жасау, қиыстыру

Верификациялық синтез негізінде

8 Болжамдар синтезі

 

Болжамдарды жасауда қолданатын бастапқы көрсеткіштер.

Әлеуметтік көрсеткіштер.

Адам дамуының көрсеткіші.

Негізгі әлеуметтік индикатор – адам  дамуының көрсеткіші (АДК) болып табылады – білім деңгейінің, кірістердің және өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштерінің орташа арифметикалығын білдіретін өмір деңгейінің жалпылаушы көрсеткіші. АДК-ның жоғарғы көрсеткіштері бар (Ресей, Қытай және Үндістаннан басқа) әлемнің бірнеше елдері берілген, максималды мыналар болып табылады: а) АДК=0,960 (Канада); б) Өмір ұзақтығының күтілетін индексі =0,91 (Жапония); в) Халықтың білім деңгейінің көрсеткіші = 0,99 (Канада); г) Шын ВВП-ның адам санына деген индексі = 0,99 (Австрия, Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Канада, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Жапония)[1].

Адам дамуының көрсеткішін қалыптастырушы көрсеткіштер.

Өмір ұзақтығының көрсеткіші. Негізгі көрсеткіштері;

1) Халықтың үй жағдайлары: а) халықтың үймен орташа қамтылуы (жалпы алаңның м тұрғынға); б) Үй сапасы (Мысалы, елдімекендерді су құбырымен қамту деңгейі); в) Үй алуға есепте тұрған отбасы санының таза салмағы оның ішінде жыл аяғындағы отбасы саны (пайызбен алғанда);

2) денсаулық қорғау: а) дәрігерлер және орташа медициналық персонал саны; б) халыққа амбулаториялық жәрдем беруші дәрігерлік мекемелер саны және осы мекемелердің қуаты; в) әйелдерге ақыл-кеңес беру орталықтарының және балалар емханаларының саны; г) аурухана мекемелерінің  саны; д) аурухана орындарының, төсектерінің саны; е) төсек — орнының қорын мамандандыру (терапевттік, онкологиялық және т.с.с. аурулар); ж) өндірістегі зақым деңгейі; з) еңбекті қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты іс-шараларға деген шығындар; и) кезеңдік медициналық бақылаудағы тұлғалар саны; к) диспансерлік бақылауда тұрған адамдар саны; л) уақытша жұмысқа қабілетсіз (жеке себептерге байланысты); м) халықтың ауру деңгейі: ішімдікке әуестік, нашақорлық, қатерлі ісіктер; н) туризм мен демалысты дамыту (санаторийлер, демалыс пен туризм мекемелерінің, жазғы сауықтыру лагерлерінің, адамдарға арналған қонақүйлер саны; жолаушыларды туристік және саяхаттық таныстыру сызығында тасымалдау; спорттық құрылыстар саны және сұлбасы);

3) халықтың азық-түлікті қолдану және тамақтың құндылығы;

4) қоғамдағы қылмыс жағдайы.

Халықтың білім деңгейінің көрсеткіші. Негізгі көрсеткіштер:

1) мектепке дейінгі мекемелер саны;

2) балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту;

3) мектепке дейінгі балалар саны;

4)мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды орынмен қамтамасыз ету;

5) білім беру мекемелерінің саны: а)кешкі орта білім беретін мектептер; в)кәсіби – техникалық оқу орындары; г)мемлекеттік орташа арнайы оқу орындары; д)мемлекеттік жоғарғы оқу орындары; е)басқа білім беру мекемелері;

6) білім бері мекемелерінде оқитындар саны;

7) білім беру мекемелеріне абсолютті мәнмен; 10000 халық қабылдау;

8) мамандар шығару (абсолютті мән; 10000 халық).

Шын ВВП деңгейінің халық санына деген көрсеткіші. Негізгі көрсеткіш – шын ВВП-ның көлемі.
Тағы рефераттар