Бразилияның көлік жүйесі туралы қазақша реферат
Көлік жүйесінің дамуының нашарлығы аймақтың экономикалық дамуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі.
Латын Америкасының қиыр оңтүстігі мен ішкі қоныстанбаған үлкен ауқымды жерлерде жолдар тіпті жоқ деуге болады. Елдердің арасындағы құрлық жолының әлсіз байланыстары осының нәтижесі. Ішкі сауданың тек 5% ғана құрлық арқылы жүзеге асады. Адамдар жиі қоныстанған жерлерде жолдардың жиі жүйесі болғанымен де ұлттық бір кешенге біріктілімеген. Бұл көлік жүйесінің тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты. Бұл 19 ғ. алғаш теміржол желілері құрыла бастағанда минералды шикізаттарды кемежайларға тасымалдау бағытында шетелдік кәсіпкерлердің қол астында болды. Бұл жолдарды І д.ж.с. бері қайта жөнделмеген және жаңа құрылыстары салынбаған. Темір жолдың ұзындығы — 120 мың. км. Оның көп бөлігі Бразилия мен Аргентинаның үлесінде Венесуэла, Гайана мен Орталық Америка елдерінде ( Панамадан басқа мұнда каналмен паралельді түрде электрлендірілген теміржол желісі бір мұхиттан екіншісіне жүк тасымалдауда қарқынды жұмыс істеуде ) тым аз.
Автокөлік жолдары аймақтың барлық елдеріндегі көліктің басты түріне айналды. Автомобиль жолының ұзындығы — 2,5 млн. км, оның 550 мың. км қатты төселген жолдар. Бірқатар елдерде жолдарды жетілдіру жұмыстары жетілдіру жұмыстары жүргізілуде, дегенмен оларды құрғақ маусымда пайдаланады. АҚШ – тың шекарасынан Буэнос – Айреске дейінгі барлық елдің астаналарынан өтетін ( гайана, Француз Гвианасы мен Суринамнан басқа ) панамерикандық жолдың маңызы зор.
Құбыр жолының Венесуэлада маңызы зор, оның ішкі жүк айналымының ¾ — ін құрайды. Ол Мексика мен Аргентинада да айтарлықтай рөл ойнайды. Бұл елдерде құбыр жолдары аймақтағының 85% — ын құрайды. Ірі мұнай құбыр жолдары Колумбия, Эквадор, Перу мен Боливияда салынған.
Өзен жолы Латын Америкасы басқа елдердің жолымен қоса алғанда қанша артық болғанымен дамыған. Ла – Плата , Амазонка, Ориноко, Рио — Браво – дель – Норте өзен бассейндерінің халықаралық маңызы бар. Көліктің маңызы жағынан бірінші орында Ла – Плата бассейні.
Теңіз жолы Латын Америкасы елдерінің ( Мексикадан басқасы ) сыртқы экономикалық байланыстары үшін маңызды. 1992 жылғы теңіз флотының тоннажы 23 млн. т – ға жетті ( Панама мен Багамнан басқа ). Оның жартысынан астамы Бразилияның үлесінде . Дүние жүзілік кеме қатынасында « ашық регистр елі » — Панама ерекше орын алады. 1996 жылы «Панама флоты» АҚШ флотынан 6 есеге асып түсті.
Латын Америкасында тармақты портты шаруашылықпен қамтамасыз етілген: жүзден аса порттар 0,5 млн.т жүк айналымын, соның ішінде 15 порт — 10 млн. т- дан аса жасайды. Әмбебап порттардың ішінде — Рио- де- Жанейро және Буэнос — Айрес ерекшеленсе , мамандандырылған Бразилия порты, мұнай тасымалы жөнінен Сан – Себастьян, кен тасымалынан — Виктория – Тубаран және Сан – Луис, сонымен бірге Кариб теңізінің елдері көзге түседі.
Әуе жолы — жолсыз жағдайларда жолаушыларды тасымалдау бойынша маңызды. Колумбия, Аргентина мен Бразилияда коммерциялық рейстер АҚШ- тан бұрын басталған болатын. Бразилия мен Мексика дүние жүзінің жолаушылар тасымалы жөнінен дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді.
Тағы рефераттар
- 12 жылдық білім беру туралы слайд, презентация
- Фирма қызметінің пайдалылығы
- Несколько простых техник для быстрого запоминания
- АҚШ-та территориалды басқару қызметі мен жағдайы
- Абайдың шығармашылығы