Бұрғы қондырғысының құрылысы туралы қазақша реферат

Алдында біз скважинаны бұрғылау – жер бетінде скважинаны құру мақсатында берілген кеңістік интервалында жынысты бұзу процесі екенін белгіледік.

Бірақ бұл нәтижеге процеске бір тапсырмамен функционалды байланысқан және бір комплекс – бұрғы қондырғысын технологиялық құрайтын арнайы жабдықты енгізу арқылы жету мүмкін.

Қазіргі заманғы бұрғы қондырғысының құрамына келесі жабдықтар кіреді.

Мұнара жүккөтергіш құрылғы болып табылады, сол үщін арнайы тальдік жүйемен жабдықталады. Оның ішіне кранблок, тальдік блок, ілмек және металл қанат кіреді. Кранблок және тальдік блок – орын ауыстырмайтын және орын ауыстыратын шкивтер жүйесі, олар арқылы канат жүргізілген. Бірінші соңы канаттың қозғалмастай бекітілген, екіншісі лебедка барабанына бекітілген. Тальдік жүйенің жұмысы белгілі механика ережесіне негізделген: блок көмегімен жүкті көтергенде күштегі ұтыс ұзындық(қашықтық) ұтылысына тең. Берілген жағдайда бізді күштегі ұтыс қызықтырады, өйткені көп мөлшерлі массалы жүкті көтеру көп қуат шығынын талап етеді. Тальдік блокқа скважинаға түсірілетін немесе одан көтерілетін жүк ілінетін ілмек бекітіледі. Көп жағдайларда бұл – бұрғы құбырлары колоннасы, ең төменгі жағына қашау бекітіледі. Лебедка – тальдік қанаттың бос (жүрісті) соңын орап байлауға арналған және сол есебінен түсіріп-көтеру операцияларын (ТКО) орындауға арналған механизм. Лебедка басты түйіні – барабан, оған айналмалы қозғалысты арнайы жетек береді. Барабан айналуының жылдамдығы пневматикалық немесе қол тежеуішімен реттеледі.

Ротор – скважинаны бұрғылау кезінде құбырлар айналуын, сонымен қатар олардың бұрап бекітілуі мен босатылуын қамтамасыз ететін механизм. Подшипниктерінде айналмалы үстел орналасқан корпустан тұрады. Үстелдің бұрғы колоннасының бірінші құбыры салынатын және квадраттық тілуі бар квадрат формалы тесігі бар. Құбырдың осындай конструкциясы үстелмен сенімді байланысын қамтамасыз етеді. Үстелдің айналуы шестерняның конустық жұбы арқылы іске асады, жұптардың біреуі – жетектің кардандық валымен, екіншісі үстелмен байланысқан.

Сорап – бұрғылау процесінде скважинаға жуу сұйығын беруін іске асырытын гидравликалық машина. Бұл кезде келесі мақсаттарға қол жеткізіледі: сұйықтың тамшы күші қашау облысында жынысқа әсер етеді, бұл жыныстың бұзылуын іске асырады; бұрғыланған жыныс сұйық тамшысымен ұсталып жер бетіне шығарылады. Жуу сұйығы ретінде әр түрлі шарбақшалары бар су және глина ерітіндісі пайдаланылады.

Сорап екі түйіннен тұрады: гидравликалық және механикалық. Гидравликалық тұйінге поршеннің ілгері-кейінді қозғалысы орындалатын екі цилиндр кіреді. Цилиндрлерде орналасқан клапандар сұйықтың кезекті түсуі мен шығарылуын қамтамасыз етеді, ал ауа қақпағы сұйықты берудің пульсациялық мінездемесін тегістейді.

Поршеньнің орын ауыстыруын кривошип-шатунды механизмімен редуктор болып табылатын механикалық түйін қамтамасыз етеді. Соңғы поршеньнің айналмалы қозғалысын ілгері-кейінді қозғалысына түрлендіреді. Механикалық түйіннің ішіне шкив, кривошип (коленвал), шатун, крейцкопф кіреді.

Крейцкопф шатуннан поршень штогына қатал поршень осі бойымен күшеюді беруді қамтамасыз етеді.

Сорап қауіпсіздік мақсатында міндетті түрде айдаушыы құбырда бекітілген және сорап пен құбырда қиын қыстаудан  жоғары қысымның пайда болуын алдын алатын қорғаныш клапанымен жинақталуы керек.

Вертлюг – бұрғы құбырларының айналу процесінде клонна арқылы қашауға жуу сұйығының берілісін қамтамасыз ететін түйін. Осы мақсат үшін вертлюг екі бөлікпен орындалған: қозғалмалы және қозғалмайтын. Қозғалмайтын бөлігі бұрғы шлангасы көмегімен стоякқа қосылған, оның бойымен жуу сұйығы беріледі, ал қозғалмалысы – квадрат арқылы айналмалы бұрғы колоннасымен.

Жуу сұйығын тазарту жүйесі скважинадан шығатын бұрғыланған жыныстар бөліктері мен басқада қоспаларды таситын жуу сұйығын тазалау үшін және сұйықты қайтадан пайдалануға дайындау үшін арналған.

Жүйе сұйықты бұрғыланған жыныстардан тазарту үшін арнайы штолармен, газды бөлу үшін дегазаторлармен, тазаланған сұйықты жинау үшін сыйымдылықпен жинақталады.

Механикалық кілт бұрғы колоннасын құрайтын құбырлардың бұрап бекітілуі мен босатылуын қамтамасыз етеді.
Тағы рефераттар