Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау туралы қазақша реферат
Осы заманғы бухгалтерлік есептің ғылымы және тәжірибелік мәнін толық және кең ауқымда түсінуі үшін, мұның халықаралық деңгейде стандарттандырылуын және қандай бағыттағы аспектілерден туындайтындығын білу керек.
«Халықаралық бухгалтерлік стандарттар немесе қаржылық қорытынды есеп стандарттары» ұғымы мына төмендегі ресми түрдегі құжаттар жиынтығынан: ХҚЕС ережелеріне жазылған алғы сөзден, қаржылық қорытынды есепті дайындау мен тапсырудағы принциптерден, жекелеген есеп объектілеріне тән стандарттардан, бұларды түсіндірудің әдіснамалық жолдарынан тұрады.
Айтылған құжаттардың барлығы да бір-бірімен бірегей сабақтастық жүйеге байланысқан. Есеп стандарттарына тән әрбір жекелеген құжат өз бетімен қолданылмайды. Алайда стандарттау жүйесіндегі әрбір жекелеген құжат осы жүйенің арнайы сараптаудан өткен элементі ретінде өз міндетін атқарады. Жоғарыда айтылған құжаттар мазмұны барынша қысқа және түсінікті қолдануға икемді жолдармен жасалған.
ХҚЕС-те қаржылық қортынды есептің мақсаты, есеп ақпараттарының пайдалылығының сапалық сипаты, қаржылық қорытынды есеп элементтерін тану мен өлшеу әдістерін анықтау және капитал ұғымы мен мұны ұлғайту жөніндегі мәселелер қаралған.
Сонымен, ХКЕС деп – бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүргізудің жалпы принциптерін анықтайтын ресми құжатты айтамыз.
Қазіргі кезеңдегі ЗҚЕС мыналардан құралады:
1) Тұжырымдамалық концепциядан;
2) 40-тан аса қалданбалы стандарттардан;
3) 25-тен аса қосымша түсіндірулерден (интерпретация).
Тұжырымдама (концепция) жөніндегі ұғым стандарт құжатына жатпайды. Мұнда қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсырудың жалпы принциптері ашылады. Барлық елдерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен
стандарттар негізі арнайы ережелерден тұратын принциптерден қаланған. Қаржылық есеп қорытындысының принциптерінде стандарттаудың пәндік қасиеті анықталған. Арнайы зерделеніп, халықаралық деңгейде қабылданған принциптер қаржылық есеп қалыптастырудың мәселелерін, сондай-ақ есеп жүргізудің әдіснамалық жолдарын белгілейді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есепке тән барлық маңызды мәселелер. Компаниялардың есеп саясаты, тауарлы-материалды босалқыларды бағалау, жинақталған қаржылық қорытынды есеп, салық салу т.б. қаралған. Әрбір елде сабақтастық жолдармен қолданылатын есеп стандарттардың барлығында да есеп принциптері байырғы жолдармен сипатталған.
ХҚЕС талаптарына сай қандай жерлерде болмасын орындалған ұқсас операциялар мен оқиғаларды үйлестік тұрғыда көрсету керек. Алайда айрықшаланған операциялар мен оқиғалар мазмұны бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдермен іске асырылып, орындалуы мүмкін.
Әрбір жекеленген стандарт терминалогиялық тәртіпті, тәсілдер мен әдістерді, бухгалтерлік операцияларды анықтай отырып, мына төмендегі сипаттағы ақпараттардан тұрады:
— (есеп объектісі) – Есепке алынатын есеп объектісі анықталып, осы объектіге байланысты негізгі түсініктемеден;
— (есеп объектісін тану) – Есеп объектілерін қаржылық қорытынды есеп элементтерінің әр түріне жатқызудың тәсілдерінен;
— (есеп объектісін бағалау) – Бағалау әдістерін қолдану және қорытынды есеп элементтерінің әр түрін бағалауға қойылатын талаптарды көрсету жөніндегі ұсыныстардын.
Мысалға, қорытынды есепке тән есеп принципі, бағалау варианттары, есеп әдісі т.с.с. көрсетіледі.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартары әрбір елдерде қолданылып келе жатқан және дайындалатын қорытынды есеп өрісіндегі ұлттық және өндірістік талаптар мен тұжырымдамаларды жоққа шығармауы керек. Сондықтан есеп стандарттары: халықаралық және ұлттық болып бөлінген. Халықаралық деңгейде жарияланған бухгалтперлік есеп стандарттары, мұның нормативтік және жалпы әдіснамалық ұсыныстары, т.б. толық мазмұны әр елдің ішкі есебін жүргізуге арналған.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының жалпы саны 29 стандарттан тұрады. Қазақстандық есеп стандарттарын жүргізу жөніндегі әдіснамалық ұсыныстар жеке шығарылған кітапшаларға жазылып, жарияланған.
Тағы рефераттар
- Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары
- Экологиялық құқық негіздері
- Баланың ойлауының дамуы
- Қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері
- Жобалар және қайта қалыптастыруды жобалау