Бухгалтерлік есептің әдістері мен принциптері туралы қазақша реферат

Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғанда принцип сөзі мағынасы жағынан- бастамасы негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп берутұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үрдістерібарысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:

— есептеу;

-үздіксіз (ұдайы);

— түсініктілік;

— мәнділік;

— маңыздылық;

— сенімділік;

— әділетгі әрі тура көрсету;

— бейтараптық;

— сақтық;

-толықтылық;

— салыстырмалық;

— дәйектілік.

Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалықдеп аталатын төрт принцип- бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.

Есептеу принципі.

Қаржылық есептеу саясатының негізінде құрылады.

Үздіксіздік принципі.

Шаруашылық субъектісі өз қызметін белгіленбеген уақыт аралығында жалғастыра береді және жақын арада оның таратылуы күтілмейді.

Түсініктілік принципі.

Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабыддауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мөліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.

Маңыздылық принципі.

Бухгалтерлік ақпараттық мәліметгердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:

— алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;

— бұрын жасалынған болжамдардың барысында  алынған нәтиженің дұрыстыган анықтау үшін.

Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.

Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.

Болжамның   құндылығы.   Өткен   немесе   қазіргі кездегі жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік   ақпараттық   мәліметтер   пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.

Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар  немесе  оларға  енгізілген  өзгерістер  пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

Сенімділік принципі.

Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.

Салыстырмалық принципі.

Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мөліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметгермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұүндылығы арта түседі.

Сақтық принципі.

Бухгалтерлік есептің ақпаратгық мәліметгерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын (бейнелейді) жөне пайдаланушылар осы мәлімет түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір  жаңа цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.

Есептеу принцип.і.

Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, ) есептеліп отырылуы қажет.

Үздіксіз принципі.

Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп    болжам жасалынады.

Мәнділік принципі.

Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) бағаберуіне көмектесуі керек.

Бейтараптық принципі.

Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса онда ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметгер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.

Әділетті әрі тура көрсету принципі.

Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы жөне ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.

Толықтылық принципі.

Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі акпараттық мәліметтер сенімді болу үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.

Дәйектілік принципі.

Кәсіпорын өзінің қызметі барысында тандап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қодданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.

Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден түрады:

— қүжаттау;

— түгендеу;

— шоттар;

— екі жақты жазу;

— бағалау;

— калькуляциялау;

— бухгалтерлік баланс;

— есеп беру.

Құжаттау.Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталынуы, мазмұны орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты жөні, тағы басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептелінеді. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.

Түгендеу. Шаруашылық құрамдары мен қаржылық міндеттемелерін нақты барын белгілі бір мерзімге  бухгалтерліе есеп мәліметтерімен салыстыру жолымен анықтау.

Шоттар. Шаруашылық құралдарын, олардың құру көздерін және шаруашылық әрекеттерін екі жақты жазу әдісімен шартталған саналы біртекті белгілері бойынша топтастыру және ағымдағы есепке алу.

Екі жақты жазу. Шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде, бірдей соммада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруашылық әрекетін екі рет тең соммамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазу әдісі.

Бағалау Жалпы кәсіпорын бойынша ағымдағы немесе есепті кезеңге жалпылама мәліметтерді алу үшін шаруашылық құралдарын, міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін ақшалай түрде көрсету әдісі.

Калькуляциялау. Шығындарды топтастыру, өнімдердің жеке бір түрлерін және өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтарын, өзіндік құнын анықтау.

Бухгалтерлік баланс. Белгілі бір мерзімде және ақшалай бағалау мен көрсетілген кәсіпорынның шаруашылық құралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі болып табылады.

Есеп беру. Есепті кезеңге кәсіпорынның шаруашылық құралдарын, міндеттемелердің қозғалысын және қаржылық жағдайын сипаттайтын әрбір белгілі бір кесте нысанында көрсетілген бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің жиынтығы.
Тағы рефераттар