МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…..3
1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ…..5
1.1 Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері.. . . . .5
1.2 Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар . .7
2. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ……..14
2.1 Бухгалтерлік есептің түсінігі, оның атқаратын қызметі…14
2.2 Бухгалтерлік есеп пәні…….17
2.3 Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері…..19
2.4 Бухгалтерлік есеп әдістері мен принциптері……21
3. Есеп саясаты және оның аспектілері……….27
3.1 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар……27
3.2 Есеп саясатының мазмұны………30
3.3 Есеп саясатын дайындау…….32
4.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫ……34
5. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨЛШЕМ ТҮРЛЕРІ..41
6. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ 1С БУХГАЛТЕРИЯ ТҮРІНДЕ ЖҮРГІЗУ…..43
ҚОРЫТЫНДЫ…..45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……47
КІРІСПЕ
Жалпы бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп атайтыны экономистер қауымына белгілі , сондықтан да, біз бұл тілде неғұрлым білімдірек сөйлесек, онда қоғам үшін бұл соғұрлым жақсы болар еді. Бүгінгі күні бухгалтер өзінің қарапайым есепші ретіндегі имиджін, бизнес – процестерін ұйымдастыратын шеңберге өзгерткен.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, бухгалтер кәсібінің дамуы КСРО кезінде қалыптасқан жоспарлық – административтік экономика тәріптемесіне (режимінде) іске асты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі алынып, ерікті мемлекет құрылғаннан кейін бухгалтерлік мамандыққа нарықтық экономиканың сұранысын және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа талаптар қойыла бастады.
Қазақстан Республикасы дамуына, оның әлемдік экономикаға өтіуіне байланысты бухгалтерлік есепке оның әлемдік экономикалық қоғамдастыққа түсінікті болуы және тағы басқадай үлкен талаптар қойылып отыр, бұл қаржылық есептің халықаралық стандарттарына толық көшуге негіз болды.
Экономика секторы ҚЕҰС – на өту барысында мамандардың, әдістемелік негіздердің жетіспеушілігінен көптеген қиындықтарға тап болды. Бұл сұрақтар «бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заң жобасында қарастырылып, бүгінгі күні ҚР Парламент Мәжілісінде тыңдалып, ҚР Парламент Сенатының отырысында қаралуда.
Берілген стандарттар дүние жүзінде шаруашылық қызмет жүргізуші субъектілер туралы айқын және түсінікті ақпарат алудың тиімді көздерінің бірі. Жаңа стандарттар және ережелер ұйымға бақылау мақсатында, сондай — ақ басқару мақсатында да сенімді ақпараттарды ұсыну үрдісін жеңілдеттеді. Бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттарға көшу жұмысқа дайындыққа және бухгалтерлік есеп мамандарының квалификациясының жоғарлауына сәйкесінше өзгеріс тудырады.Бухгалтерлік кадрларға кәсіпкерлік дайындық жүйесі мемлекеттік білім стандарттарына сай келуі қажет.
Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарға көшуі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың сәйкесінше ұлттық ұйымдардың белсенді ынтымақтастығансыз мүмкін емес.
Жоспарланған экономика негізінде дамыған – бухгалтерлік есеп жүйесі қоғамдық тәуелділік сипатына және энономиканы мемлекеттік басқару қажеттілігіне негізделіп келеді.Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттың негізгі тұтынушысы – статистикалық органдар негізінде мемлекет болып табылады.Мемлекетік қаржылық бақылау жүйесі ұйымдардың шаруашылық әрекетенің ауытқушылық мәселелерін шешумен айналысты.
Нарықтық экономика жағдайында өндірістерде бухгелтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің бір бағыты оның ҚЕҰС – на негізделуі болып табылады.
ҚЕҰС енгізу есеп пен бақылау жүргізудің сапасын жоғарлатады, өнеркәсіптердің техникасы, өндіріс ұйымның технологиясы, еңбегі, ерекшеліктері жөнінде нақты, толық көрініс беретін есеп жүйесін пайдалануына мүмкіндік береді.
Курстық жұмысты жазудағы басты мақсат – бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңдерін, дамуын және бухгалтерлік есептің мәнін толығымен ашып көрсету.
Курстық жұмысты жазудағы басты міндеттер:
- Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдерін қарастыру;
- Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар жайлы жазу.
- Бухгалтерлік есептің түсінігі мен оның атқаратын қызметіне тоқталу.
- Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттеріне тоқталу;
- Бухгалтерлік есеп әдістері мен принциптерін қарастыру;
- Есеп саясаты және оның аспектілерін қарастыру
- Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлеріне тоқталу
- Бухгалтерлік есепті 1С бухгалтерия түрінде жүргізуді қарастыру
Курстық жұмыс / 47 бет
Тағы рефераттар
- Моноклоналды антиденелерді тесттілеу
- Өлкелік, облыстық және аудандық газеттерде бесжылдық мәселелерінің жазылуы
- Аспазшылық сабақтары кезінде сақталатын қауіпсіздік және тазалық ережелері
- Құжаттарды жасақтауда қолданылатын топтау белгілері
- Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері