Бюджет кірісінің жіктемесі туралы қазақша реферат
Жергілікті қаржылық билік пен басқарудың жергіілкті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рол беріледі.
Жергілікті бюджет- бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда : кәсіпорындармен мемлекет арасындағы, меншікті барлық нысандарындағы макроэкономикалық өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері бюджет буындары арасында , мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай айналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру.
Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып , олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомостваға қарасты аумақтарды оларға инфрақұрылымды дамытуға , аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге , қаржы ресурстары резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп , жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рол атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.
Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылығы дамыған , әкімшілік- аймақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартуға , сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті қаржының маңызын дәлелдеп отыр.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30 пайыздан 60 пайызға дейін қайта бөледі және аймақтық өндіргіш күштерін , бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда , нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рол атқарады.
Олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді(жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы , көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);
Жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп қоғамдық өндіріске жанама ықпалы жасалады:
Тұтынудың қоғамдық қорларын бөле отырып жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың және аудандардың бюджетін қамтиды. Қазіргі кезде қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістер мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттар көлемінің 50 пайыз аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджеттің жиынтығын құрайды.
Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар өмір сүреді:
- дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;
- қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.
Екінші тенденция жергілікті орындардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді.
Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикаыс жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды.
Бюджеттің дербестігі деп аймақтың басқару органы бекітіліп берілген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер меншығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуыбасқарудың аймақтың органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.
Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттілігін орынды , өндірістің нақтылы жай күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кіші болса , бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады. Оның үстіне аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының қазіргі деңгейі , бюджеттің өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты , нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттердің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы аз айтуға
мүмкіндік бермейді.Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымдық халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткілікті қағидаттары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік- шаруашылық белгілі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы аймақтың экономикалық мүдделерінің ең жоғарғы мүмкіндікте іске асыруда болып келеді.
Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңарту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қажыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.
Оперативтік- шаруашылық дербестігі жергілікті буынды шығыстардың 50 пайыздан кем емесін жабатын кірістердің оқшаланылған, бекітіліп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет етеді.
Республикалық бюджеттің кірістері олар мыналардын тұрады:
А) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен;
ә) салыққа жатпайтын түсімдерден;
б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден.
N |
Кіріс аттары. |
2005 жылғы 12- айлығы |
2006 жылғы 12- айлығы |
Жоспар (+)(-) |
Нақты
(+)(-) |
|||||||
|
Жоспар |
нақты |
% |
(+)
(-) |
Жоспар |
Нақыт |
% |
(+) (-) |
||||
1 |
Салық түсімдері |
633440 |
638350 |
100,8 |
4910 |
695173 |
691673 |
99,5 |
-3500 |
61733 |
53324 | |
2 |
Салықтық емес түсімдер |
14823 |
7866 |
53,1 |
-6957 |
5554 |
6209 |
111,8 |
655 |
-9269 |
-1657 | |
3 |
Негізгі капиталды сатудантүскен түсім |
21573 |
27069 |
125,5 |
5496 |
53083 |
63293 |
119,2 |
10210 |
31510 |
384 | |
4 |
Ресми трансферттерден түсетін түсім |
2527796 |
2515404 |
99,5 |
-12392 |
3340783 |
3308238 |
99,0 |
-32545 |
812987 |
792834 | |
5 |
Қарыздар түсімі |
88463 |
88463 |
100,0 |
0 |
5352 |
5352 |
0,0 |
0 |
-83111 |
-83111
|
|
|
Жалпы барлығы |
3300854 |
3279989 |
99,4 |
-20865 |
4111867 |
4075091 |
99,1 |
-36776 |
811013 |
795102 | |
Мақтарал ауданының 2006 жылға арналаған аудандық бюджет түсімдерінің
орындалуы. Кесте-4 (мың. тг.)
Мақтаарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджет түсімдеріне талдау жасайтын болсақ: салықтық түсісдер 695173 мың теңгеге жоспарланып ,691673 мың теңге болып 99,5 % орындалған ; салықтық емес түсімдер 5554 мың теңгеге жоспарланып, 62090мың теңге ,яғни 111,8 % орындалған; негізгі капиталды сатудан түскен түсім 53083 мың теңге жоспарланып, 63293 мың теңгені құрап 119,2 % орындалған; ресми трансферттерден түсетін түсім 3340783 мың теңге жоспарланып, 3308238теңге болып 99,0 %орындалған.
Жалпы алғанда бюджеттік түсімдер 4111867 мың теңге жоспарланып , нақтылай 4075091 мың теңгеге яғни 99,1 % орындалған.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің , сондай- ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Қазақстан Республикасының “Бюджет жүйесі туралы” заңына сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергілікті бюджеттер шығыстарының үлесімде әлеуметтік –тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады.
Жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жұмысалымның құрамы мен құрылымы әкімшілік –аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынадай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жилігі, табиғат –климат жағдайлары және тағы сол сияқтылар.
Бюджеттерді қалыптастыру жергілікті өкілетті органдар әзірлейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылық негіздеужәне іске асыру-жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне –жергілікті атқарушы органдар мен оларға бағынышты мемлекеттік мекемелерге жүктелген.
Жергілікті атқарушы органдардың заңи және жеке тұлағалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінен (республикалық бюджеттен кредит алу жолымен) үкіметпен келісілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаржы қаражаттарын алуға құқығы бар. Қарыз алу жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздарын шығару немесе қарыз алу нысанында жүзеге асырылады; олардың тәртібін Үкімет анықтайды.
Бюджеттік бағдарламаларға кіріктірілген мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметаларын жергілікті атқарушы органдардың қаржылық рұқсаттарына сәйкес осы мекемелердің басшылары атқарады. Бюджеттік шешімдер қабылдауды оңтайландыру сметаларды нөлдік негізде жасау және бюджеттерді жоспарлау, бағдарламалау (Б.Ж.Б) жүйесін пайдалану әдісі арқылы мүмкін.
Барлық деңгейлер бюджеттердің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеу мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтын-дығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығы жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:
— мемлекеттік қарыздар шығару
— кредит ресурстарын пайдалану
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу -ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету –пайдаланады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеу жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламентімен биліктің жергілікті органдары анықтап бекітеді.
Мақтарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы талдау. Кесте-5 ( мың тг)
№ | Кірістері | Ауданның 2005 жылғы бюджеті | Ауытқуы
(-),(+) |
||
Жоспар | Нақты | % | |||
1 |
Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы |
98965 | 111406 | 112,6 | 12441 |
2 |
Әлеуметтік салық |
350251 | 294603 | 84,1 | -55648 |
3 | Жылжымайтын мүлікке салынатын салық | 15924 | 18550 | 116,5 | 2626 |
Барлығы: | 4111867 | 4075091 | 99,1 |
Мақтаарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуына талдау жүргізетін болсақ : жоспар бойынша төлем көздеріген ұсталатын жеке табыс салығы 98965 мың теңге болып жобаланып, ал оның орындалуы 111404 мың теңгені құрап 112,6% орындалған, яғни 12441 мың теңге артығымен орындалған.
Әлеуметтік салық жоспар бойынша 350251 мың теңгеге жоспарланып , оның орындалуы 294603 мың теңге болып 84,1% орындарған, яғни 55648 мың теңгеге орындалмай қалған. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке салынатын салық 15924ың теңгеге жоспарланып 18550 мың теңгеге , яғни 116,5% орындалып, жоспарланғаннан 2626 мың теңгеге артық орындалған.
Жалпы алғанда 2006 жылы аудандық бюджеттің жоспарланғаны 465140 мың теңге болып, ал нақтылай орындалғаны 424559 мың теңге, яғни 99,1% орындалған.
Тағы рефераттар
- ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТІН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Қорларды бағалау әдістері
- Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат
- Меридиан бойынша жарық көзінің биіктігі әр белдеудегі аспан сферасының айналуы
- Жерлеуге жәрдемақы алу жолдары қандай?