Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары туралы қазақша реферат
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың ролі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен олардың негізгі мақсаттарда , яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге , білім мен денсаулық сақтауды дамытуға , индустриалды- инновациялық дамуға , аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіндіктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағанасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процесінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті- экономикалық даму бвғдарламасы табылады. [24, 96 бет]
Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны- бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар , қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың ролі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірісі мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттермелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпы мемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арсындағы қаржылық және бюджетаралық қатынгастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен , бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктермен өзара талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағанасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен түсімдердің түсуін болжамдау , талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету , бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады. .[24, 99-бет]
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
— орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
— бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
— қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;
— салалар , іс- әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әртүрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
— бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін , жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.
Бюджетті жоспарлау мен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты. Бюджеттік болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағалау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды , нақты әлеуметтік- экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып , бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы – бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Бюджетті жоспарлау мен болжау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:
— кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингентердің болжамдық мөлшерін анықтау ;
— әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;
— қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандыруды теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты дайындау.
Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс- әрекеттің негізгі шарты- ол жалпы мемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамамсыз ету.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік , жалғастырушылық , басымдылық , теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджеттін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын бюджеттік бағдарламалар тізімін қалыптастыруға , бюджеттер деңгейлер арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімімен қамтамасыз етіледі.
Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметті- экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлау мен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақта арасындағы табиғатты-климаттық және әлеуеті-экономикалық ерекшеліктері есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті кодекске сәйкес натуралды нормативтер-ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланылатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.[24,99 бет]
Жергілікті бюджеттерге қолданатын кірістері бөлісу нормативтер-ол әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі ол орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықтамалады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты.
Бюджеттік жоспарлау — әр түрлі статистикалық , экономика- математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Негізінде бюджет- толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындарын басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджет құрудың бюджетбрутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егерде бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз анықталса, онда мұндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды.
Мемлекеттің әлеуметті-экономикалық мақсаттарын іске асырудағы бюджеттің құрал ретіндегі ролі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді атқаруға сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізіндегі орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды қолдану қажет. Бағдарламалы-арнайы бюджеттелеу әдіс маңында бағдарламалық даму стратегия мен қолда бар бюджет ресурстары базасы және бюджеттік бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды жоспарлау, яғни алдымен елдің даму стратегиялық басымдылықтары анықталады, олар бюджет шығындарында көрсетіледі.
Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы әдістері пайдаланады. Олар тікшіл (вертикальды) және көлбеулі (горизантальды) теңестіру әдістерге бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің шығындық бөлімі) қамтамасыз ету мақсаттары шешіледі. Мысалы, тікшіл теңестіру әдістері көмегімен шығындық функцияларды іске асырудың қаржылық базасы қамтамасыз ету мен биліктің әр деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде бекіту әрекеттенеді.
Бюджеттерді кірістер бойы қалыптастырудың негізгі кезеңдері ретінде түсімдердің барлық түрлері бойынша болжамдық мөлшерлерін анықтау дәйектілік есептеледі. Барлық кезеңдердің ішіндегі ең маңыздысы-ол салықтық түсімдерді болжамдау кезеңі, содан кейін-маңыздылық мәні аз емес салықтық емес түсімдері болжамдау кезеңі. Келесі кезеңдері –ол негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжамдау, ресми трансферттердің, берілген несиелерді өтеудің, қаржылық активтер сату мен Үкіметтік займдардың түсімдерін анықтау.
Алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық, Бюджет кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарларының макроэкономика-лық көрсеткіштері, елдің орта мерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдау пайдаланылатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импортты-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.
Кірістер түсімін болжамдаудың негізінде келесі принциптер жатыр:
- республика бойынша болжамдық көрсеткіштердің есептемелер қалыптасуының бірыңғайлығы;
- болжамдық көрсеткіштердің анықтығы мен объективтігі
- барлық бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша әр ай мен тоқсанға бөлінген және жалпы жылға болжамдаған бюджет түсімдерінің есептемелері
Болжамдайтын бюджеттік көрсеткіштер есептеуі жылдық бюджет көрсеткіштерінің есептеуінен біраз ерекшеліктері бар, себебі жылдық көрсеткіштер тікелей есептеулер әдістерімен анықталады. Ал мұндай әдістер қажетті мәліметтер жоқтығынан болжамдауда қолдануы қиын. Сондықтан бюджет кірістерінің болжамдауы көбінесе әр түрлі динамикалық сипаттары бар әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Сондай әдістерінің бірі-ол бюджеттің тұрақты сипаты бар кірістерді болжамдауда қолданатын экстрополяция әдісі, екіншісі –эксперт –мамандар жасап дәлелдеген тұжырымдар негізінде пайдаланатын экспорттік бағалау әдісі. Тәжірибеде, объективтік болжам алу үшін осы екі әдісті бірге қолданады.
Бюджет кірістерін болжамдауда бюджеттік көрсеткіштерінің регрессия сызығы бойынша өзгерістер заңдылығын әшкерелеу мақсатта корреляциялық модельдер пайдалануы мүмкін. Мұнда бюджеттік көрсеткіштерді бюджет қалыптастыруға әсер ететін бірнеше факторлардың өзгеруіне байланысты қаралады. Бюджет кірістерінің әр түрлі факторлар өзгерістерінен функционалды байланыстылығын пайдалану сол кірістердің және жалпы шығындар көлемдерін анықтауға мүмкіншілік беретін экономико-математикалық модель құруға болады.
Кірістер болжамдау процесінің ір түрлі бастапқы мәліметтер пайдалану бойынша тізбектелген кестесін келесі түрде көрсетуге болады:
1. Кірістерді болжамдау Кесте-2.
Кірістер мониторингі:
|
Мәліметтерді жаңарту:
|
Заңнамалық база мен экономикалық ахуалды талдау:
|
|
Кірістер болжамы:
|
Тағы рефераттар
- Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы. XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір
- Турбо Паскаль тіліндегі операторлар курстық жұмыс
- Достық, татулық туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Өндіріс шығындарын есептеу курстық жұмыс
- Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы