Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Бейнелеу өнері және сызу’ бөлімінің мұрағаты

Қазақстандағы көркемдік білім беру ісінің қалыптасуы мен дамуы

Қазақстандағы көркемдік білім берудің дамуы мен қалыптасуын сөз еткенде, біздің өткен тарихымызға көз салмай кете алмаймыз. Өнер халықпен бірге жасап, бірге өмір сүреді. Өнердің дамуы, халықтың тарихымен, қоғамдағы өзгерістерімен тығыз байланысты. Біз қандай халықтың тарихына үңілсек те, сол халықтың өнерге баланы ерте жастан баулуға мән беретіндігін көруге болады. Сол сияқты қазақ халқы да ерте кезден өз ұрпағын өнерге баулып, баланың көркемдік тәрбиесіне дер кезде назар аударып отырған. Толығырақ »

Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі

Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуы, 20 ғасырдың 60 жылдарында педагогикалық институттардан «бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындаумен тығыз байланысты. 1964 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педпгогика институтында, республикада алғаш рет «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау қолға алынды. Бұл 1969 жылға дейін еліміздегі бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдерін дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болды. Кейіннен де бұл оқу ордасы, көшбасшы қызметін атқарып, көлемді әдістемелік іс – шараларды атқаруымен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосты. Толығырақ »

Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі

Кеңес дәуірінде таптарға бөліну жойылып, мектеп демократизацияланды, мектеп шіркеуден бөлініп, мектептегі оқыту ісі қайта құрылды. Халық ағарту қызметкерлері алдында оқытудың мазмұнын, формасын және әдістерін қайта құру міндеттері қойылды.

Бұл кезде формалистік өнер қайраткерлері көркемдік білім беру саласында көптеген зиян келтірді. Көркемсурет академиясында гипстен жасалған антикалық құймаларды лақтырып тастап, музейді құртып жіберді, сурет салудың теориясы мен әдістемесінде хаос орнады. 1921 жылы шыққан бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің бірыңғай еңбек мектебіне арналған бағдарламасында ғылыми жағынан елеулі қателіктер жіберілді. Толығырақ »

Ресейдегі суретті оқыту әдістері

Ресейде сурет жалпы білім беретін мектептерде ұзақ жылдар бойын жалпы білім беретін пән ретінде мектептерде қолданылмай,  18 ғасырдың басында ғана жүзеге асырылды. Суретті осы кезден бастап барлық кәсіпке қажетті адамның образдық ойы мен іскерлігін дамытатын мүмкіндік ретінде тани түсті. Толығырақ »

Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы

Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.

Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады. Толығырақ »