Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Мұрын

Мұрын туралы қазақша реферат

Мұрын — (адамда) тұлғаның бiр бөлiгi немесе (малдарда) бет, қатысушы тыныс, иiс сезу қаблетiнде, Құйрық олжасы және қарым-қатынас.

— Адамда, жануарларда болатын иіс сезу мүшесіне тілімізде осындай ат берілген. «— Сен бармысың дегім келіп тұрдым да, қоя қойдым қарадым да мұрнына» (Ғ. Қайырбеков, Большевик.).

«Мұрын» сөзінің алғашқы мағынасы мен тұңғыш тұлғасын түркі тілдерінің өзінен-ақ іздеп табамыз. Толығырақ »

Көз

Көз туралы қазақша реферат

Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.

Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады. Толығырақ »

Ұйқы безі

Ұйқы безі туралы қазақша реферат

Ұйқы безі (поджелудочная железа) (лат. pancreas — үйқы безі) — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі аралшықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағы- нан көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Толығырақ »

Бауыр

Бауыр туралы қазақша реферат

Бауыр(hepar) — 1) ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр — күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі — өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 — 2 кг. Толығырақ »

Жүрек пен өкпе

Жүрек пен өкпе туралы қазақша реферат

Жүрек пен өкпедегі жетіспеушілік — егер жүректің қызмет етуге мүмкіндігі шамалы болса, онда мұндай жағдайда қызмет етуге әкелінбейтін қосымша компенсаторлы механизмнің қатысуынсыз жүректің мүшелері бірдей қанмен жабдықтауға қабілетсіздігі.

Жүрек пен өкпе коэффициенті — қазіргі телерентген сәулесі арқылы зерттеуден анықталған жүрек көлденеңінің, көкірек қуысы көлденеңіне байланыстылығы; жүрек ауруында ұлғаяды рентген көлеңкесінде ұлғайтылып көрсетеді, өкпе альвеоларының эмфиземасында кемиді. Толығырақ »

Жүрек

Жүрек туралы қазақша реферат

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) — жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Толығырақ »

Бүйрек

Бүйрек туралы қазақша реферат

Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз — әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді. Толығырақ »

Денсаулықты сақтау мен нығайту

Денсаулықты сақтау мен нығайту туралы қазақша реферат

Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты.

Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Толығырақ »

Профилактикалық бағдарламалар

Профилактикалық бағдарламалар туралы қазақша реферат

Ұлттық Орталықта жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жергілікті деңгейде келесі тиімді профилактикалық жұмыстарды жүргізу ұйғарылды:

1.  Ақпараттық жұмыстар мен білім беру.

2.   Кауіпсіз жауапты іс әрекет пен дағдыны калыптастыру.

3.   Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Толығырақ »

Валеология бойынша бағдарламаны енгізу

Валеология бойынша бағдарламаны енгізу туралы қазақша реферат

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты бағыттары мен міндеттерін жүзеге асырудың бірі балалар мен жасөспірімдерге үздіксіз білім беру барысында валеологияны оқыту, яғни, валеологиялық білім беру болып табылады. 1998 жылы Мәдениет, білім және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша валеология бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерге, орта және жоғарғы оқу орындарына 1998-1999 оқу жылдарында енгізіле бастады. Кейбір объективті қиындықтарға қарамастан, бүгінгі таңда республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде валеология бағдарламасы 3,5 млн оқушыларға оқытылуда Толығырақ »