Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Гормондар мен гормоналды препараттардың қысқаша тарихы

Гормондар мен гормоналды препараттардың қысқаша тарихы туралы қазақша реферат

Байырғы дәуірден бастап емдік мақсаттармен жануарлардың әр алуан мүшелерін, талшықтарын және бөлінулері пайдаланылған. Бірақ бұл қолданыс бастапқыда діни-мистикалық сипатта болды.

Тек 19 ғасырда физиология саласындағы тамаша жаңалықтардың ашылуынан, ішкі секреция бездерінің ашылуы мен экспериментальды медицинаның пайда болуынан кейін жануарлар тегіндегі дәрілік заттарды қолданудың жаңа дәуірі басталды. Толығырақ »

Актиномицеттер – антибиотиктер продуценттері

Актиномицеттер – антибиотиктер продуценттері туралы қазақша реферат

Практикада кең қолданысқа ие антибиотиктер актиномицеттердің метаболиттері болып саналады. Актиномицетті шығу тегіне ие ең бірінші антибиотиктердің бірі – мицетин, ол 1939 жылы совет ғалымдары Красильников және Коренякомен ашылды /1/.

1940 жылы актиномицетин (Вельш, 1937) және мицетин, сонымен қатар, пенициллин деген антибиотикалық заттар анықталды. Толығырақ »

Топырақтан бөлініп алынған Streptomyces туысы актиномицеттерінің антагонисттік қасиеттерін анықтау әдістері және қажетті материалдар

 Топырақтан бөлініп алынған Streptomyces туысы актиномицеттерінің антагонисттік қасиеттерін анықтау әдістері және қажетті материалдар туралы қазақша реферат

Адам патологиясында бастапқы орынды инфекциялық аурулар алуына байланысты XX ғасырдың соңы мен XXI ғасыр басында медицинаның негізгі мәселелерінің бірі болып жаңа антибиотиктерді, синтетикалық антибактериалды және вирустарға қарсы препараттарды клиникалық қолданысқа енгізу болып саналады. Толығырақ »

Актиномицеттердің (оның ішінде стрептомицеттердің) антагонисттік қасиеттері

Актиномицеттердің (оның ішінде стрептомицеттердің) антагонисттік қасиеттері туралы қазақша реферат

Микроорганизмдердің өзара антагонистік әрекеттесуі микробтардың бір түрінің қандай да бір жолмен басқа микроорганизм түрінің дамуын немесе өсуін тежеумен сипатталады.

Бактериялардың, стрептомицеттердің, зең саңырауқұлақтарының антагонисттік қасиеттеріне зерттеушілер сонау XIX ғасырда мән бере бастады. Алайда, бұл болжамдар бірлеспеген кездейсоқ сипатта болды, бұл құбылыстың сол кезеңде практикалық қолданыста болмауына байланысты   антагонизм жайлы мәліметтер бір жүйеге келтірілмеген. Кейіннен, микробтық антагонизм туралы жекелей фактілерді біріктіруді И.И. Мечников жүзеге асырды. Ол практикада бұл құбылысты қолдану жолдарын қарастырды. Мечниковтың мерзімнен бұрын ішектің іріңді бактерияларының метаболизмі нәтижесінде пайда болатын метаболиттермен организмнің әрдайым  интоксикациялануы салдарынан  қартаюы және іріңді бактериялардың тіршілігін тежеу үшін  ұйытқы құрамындағы сүтқышқылды таяқшаларды қолдану жөніндегі оқулары қазіргі таңдағы микроорганизмдер антагонизмі жөнінде ғылыми негіз салды. Толығырақ »

Актиномицеттердің классификациясы

Актиномицеттердің классификациясы туралы қазақша реферат

Актиномицеттердің систематикасы үшін микроорганизмдердің бұл тобына жататын микробтарға тән қасиеттер анықталды. Сонымен қатар, зерттеу барысында актиномицеттер түрлерінің морфологиялық өзгергіштіктері, ұрпақ беру органдарының құрылымы және даму дәрежесі, споратасушылар сипаты, спора қабықшасының құрылымы сияқты көрсеткіштер есепке алынды.

Жалпы, Actinomycetes класы 2 қатардан құрылған. Actinoplanales – қозғалмалы және Actinomycetales – қозғалмайтын.  Класс 26 туысы бар  6 тұқымдасты біріктіреді /3/. Толығырақ »

Актиномицеттердің құрылымы

Актиномицеттердің құрылымы туралы қазақша реферат

Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі — 0,1-1,0 мкм, ал айрықша жуан гифтер — 1,5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады: субстратты, ауалы, субстрат алды немесе колониялар. Субстратты мицелий ортаның тереңдігінде дамиды және “тамыр жүйесі” қызметін атқарады. Оның жіпшелері қоректік заттарды өздеріне сіңіреді де колонияларға тасымалдайды, ал ол жерден ауалы мицелийге ауысады. Субстрат алды мицелийі агарланған ортаның бетінде дамиды және көлемі жағына үлкен жіне кіші колониялардың таралуы жүреді. Актиномицеттердің колониялары тығыз, көн тәрізді және ортамен тұтасып өседі. Толығырақ »

Актиномицеттерге жалпы сипаттама

Актиномицеттер туралы қазақша реферат

Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) – диаметрі 0,4-1,5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы – жіңішке жіпшелер деп атайды) тобы. Клетка қабырғасының типі бойынша Гр+ және ДНҚ құрамында ГЦ жұптарының мөлшері – 60-75%.

Ең кең таралған жері – топырақ: оның құрамында актиномицеттердің барлық туыс өкілдері кездеседі. Люминесцентті микроскопия көмегімен анықталатын прокариотты биомассаның 10-15% мөлшерін және дәстүрлі қоректік орталарда сұйытылған топырақ суспензиясын егу кезінде өсіп шығатын бактериялардың ¼ бөлігін құрайды /2/. Толығырақ »

Витамин

Витамин туралы қазақша реферат

Витаминдер — бұл әрбір адамның тағамында болуы тиіс өмірлік маңызы бар заттар. «Элигита Азия» ЖШС «WILD» компаниясы шығаратын «В» тобының витаминдерін, сондай-ақ аскорбин қышқылын ұсынады.

Аскорбин қышқылы (С витамині) — антитотықтырғыш (антиоксидант) және антитотықтырғыштардың синергисті.
Бұдан басқа, бояуды тұрақтандырғыш, қышқылдауыш (қышқылды реттеуіш) қызметін атқарады. Толығырақ »

Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу туралы қазақша реферат

Банктен несие алу ушін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын  растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шаранығ техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады. Толығырақ »

Оңтүстік Американың жануалар дүниесі

Оңтүстік Американың жануалар дүниесі туралы қазақша реферат

Өсімдік жамылғысы сияқты Оңтүстік Американың жануарлар дүниесі де бай. Материктің флорасы сияқты қазіргі фаунасы да бор дәуірінің аяғынан бастап, оқшау және климаттың аз өзгерісі жағдайында қалыптасқан. Фаунаның ескілігі және оның құрамында эндемик формалардың көп болуы осыған байланысты. Сонымен қатар Оңтүстік Америка жануарлар дүниесінің көптеген ежелгі өкілдері немесе жақын түрлер басқа материктерде де кездеседі, бұл материктер арасында ежелден құрлық байланысы болғандығын көрсетеді. Оған Оңтүстік Америка мен Австралияда ғана сақталып қалған қалталылар ғана мысал бола алады. Толығырақ »