Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Егде жас демографиясы

Егде жас демографиясы туралы қазақша реферат

Социологияда карт тургындардын  мэселесiмен онын арнайы саласы – геронтосоциология немесе элеуметтiк геронтология шугылданады. Осы багытта зерттеушiлер картаюдын демографиялык, элеуметтiк – экономикалык, саяси, дiни жэне баска да аспектiлерiне байланысты проблеммалардын тутас кешенiне назар аурадады.

Толығырақ »

Отбасыдағы қарт адамдар

Отбасындағы қарт адамдар туралы қазақша реферат.

Қарт адамдар күнделікті және ауыр жұмыстардан босатылған,олар көбінесе үй жұмыстарымен және немете, шөберелерін тәрбиелеумен айналысады. Олар тәрбиелеуде өзінің өмірлік тәжірибесінде жинаған бар жақсы жиған – тергенін соларға беруге тырысады.

Толығырақ »

Қартаюдың түрлері және адам жасының бөлінуі

Қартаюдың түрлері және адам жасының бөлінуі туралы қазақша реферат

Адамдардын  кай  жаста  ересек  жэне  карт  екенiн  калай  бiлуге  болады?  Бул  сурак  курделi  болмаса да,  киын  сурактардын  бiрi  болып  саналады.  Карттардын оздерiне  тэн бiрнеше  турлерi  бар:  хронологиялык,  физиологиялык,  психологиялык  жэне  элеуметтiк   турлерi.

Толығырақ »

Кәсіпорын төлейтін салықтар

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1 . КӘСІПОРЫН, САЛЫҚ, БЮДЖЕТ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ

1.1 Кәсіпорын ұғымына  жалпы түсініктеме
1.2 Салықтардың пайда болуы және түсінігі
1.3 Бюджет ұғымыны жалпы түсінік

2. КӘСІПОРЫННЫҢ АРНАЙЫ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕЙТІН САЛЫҒЫ

2.1 Кәсіпкерге белгіленген салық салу тәртібі
2.2.Бюджетпен есеп-айрысудың  нысандары
2.3.Кәсіпорын иелерінің бюджетпен есеп айырысудағы  негізгі нысаны-салық режимі

3. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ САЛЫҚТЫ ЖӨНГЕ САЛУ МЕХАНИЗМІН ТОЛЫҚ
ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Салықты реттеу тәртібі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

К І Р І С П Е

 

Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да  он бес жылдан асты. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы конституциясының 35 бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген.

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Бюджет-ұдайы өндірісті іске асырудың құралы мен маңызды алғы шарты. Оның көмегімен әлеуметтәк бағдарламаларды өткізуге,қоршаған ортаның қорғауын қамтамассыз ету,ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру,қорғану қабілеттілігін қолдау,басқа да мемлкеттік істерді іске асыруға жағдайлар жасалынады. Сәйкесінше, шаруашылық механизімді қалыптастыру бюджеттік басқарудың тиімді жүйесінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Нарықпен, корпорациямен және мемлекетпен басқарылатын экономикаға көшу мемлекеттік бюджетті,кәсіпорындар мен салалардың қаржыларын, аймақты жіне жергілікті деңгейдегі, бюджеттен тыс қорлардың қаржылық қатынастарының жаңа буынын дамыту тереңдетілген қайта құрылысты қажет етеді.

Бюджеттерге және салықтарға байланысты бюджеттің жаңа түрі мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге ұсынылатын қоғамдық игіліктер категориясының негізінде құрылады. Бұл бағыт негізгі өмірдегі бюджетке, оның қызметтеріне нарықтық көзқараспен қарайды. Мемлекет бюджетті ерекше игіліктерді, қоғамдық өнімдерді, ұстауға мүмкіндік болуы үшін құрайды.

Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады. Мемлекеттің тиімді салық салу үрдісін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты бұл –арнайы бюджетке төленетін кәсіпорын салығының  экономикалық мәні мен мазмұнын ашу, есептеу тәртібін анықтау.  Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет деп шештім:

—        Салықтардың пайда болуы мен экономикалық мәнін анықтау;

—        Салық элементтері мен есептеу әдістерін көрсету;

—        Кіші және орта бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың табыстарына салық салудың арнайы режимдерін қарастыру.

Каспий банк қызметінің экономикалық негізі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………..3

  1. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА……………………………………………………………………………………………..4

1.1        Банк  қызметіне жалпы сипаттама……………………      .                   4

1.2 Банктің қаржылық  қызметіне талдау……                                               7

  1. Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру……………………………….9

2.1.         Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі……………………..9

2.2.         Тауарлы-материалдық қорлар есебі…………………………………………………13

2.3.         Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі……              15

2.4.         Меншікті капитал есебі ………………………………………………………………….17

2.5.         Дебиторлық қарыздар есебі…………………………………………………………….19

2.6.         Міндеттемелер есебі……………………………………………………………………….24

3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ…………………………………………………………………………………………27

3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру………………………………………………27

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………32

КІРІСПЕ

 

 

Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы    бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда  басты орын алады.

Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің  экономиканы дамытуда  алар орны ерекше. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Банктің   ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлің есеп және есеп  беру жүйесін  халықаралық  стандарттар  мен  нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің  экономикасының  тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оқу іс-тәжірибесінің өзектілігі соңғы жылдардағы банк   саласындағы қарқынды даму, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясына сәйкес қаржы нарығын дамыту, европалық деңгейдегі байланыс  қызметін көрсетуге қол жеткізу, сондай-ақ халықтың ақпарат қызмет түрлерін пайдаланудың арта түсуімен  байланысты. Банктердің қызметін реттеу мемлекет үшін де, банктің қызметін  тұтынушылар үшін де аса қажетті шара.

Банктік қызметті реттеу банктік операциялардың Қазақстан Республикасының заңдары мен Ұлттық  Банкттің  нормативтік  актілерне сәйкес  жүргізілуін,   банктердің  қызметтері  мен  өнімдерін    тұтынушылардың  құқықтық нормалары мен мүдделерінің бұзылмауын, банк жүйесінің  қаржылық тұрақтылығы  мен сенімділігін   және  қаржы нарқтарында  адал бәсекелестік  жүргізуін  қамтамасыз  етеді.

Оқу іс-тәжірибесінің негізгі мақсаты:

—         Банктегі экономикалық көрсеткіштерін зерттеп, талдау жасау;

—         Банктегі  бухгалтерлік есептің ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

—         Банктегі  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру;

—         Банктегі  бухгалтерлік есепке  талдау жасау және сыртқы аудитті жүргізуді ұйымдастыру;

—         Банктегі  басқару есебінің ұйымдастырылуы, талдауы мен аудитінің жүргізілуі;

—         Каспий банк АҚ-ғы  салық есебінің ұйымдастырылуы.

Каспий банк қызметінің экономикалық негізі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………..3

  1. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА……………………………………………………………………………………………..4

1.1        Банк  қызметіне жалпы сипаттама……………………      .                   4

1.2 Банктің қаржылық  қызметіне талдау……                                               7

  1. Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру……………………………….9

2.1.         Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі……………………..9

2.2.         Тауарлы-материалдық қорлар есебі…………………………………………………13

2.3.         Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі……              15

2.4.         Меншікті капитал есебі ………………………………………………………………….17

2.5.         Дебиторлық қарыздар есебі…………………………………………………………….19

2.6.         Міндеттемелер есебі……………………………………………………………………….24

3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ…………………………………………………………………………………………27

3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру………………………………………………27

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………32

КІРІСПЕ

 

 

Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы    бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда  басты орын алады.

Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің  экономиканы дамытуда  алар орны ерекше. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Банктің   ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлің есеп және есеп  беру жүйесін  халықаралық  стандарттар  мен  нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің  экономикасының  тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оқу іс-тәжірибесінің өзектілігі соңғы жылдардағы банк   саласындағы қарқынды даму, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясына сәйкес қаржы нарығын дамыту, европалық деңгейдегі байланыс  қызметін көрсетуге қол жеткізу, сондай-ақ халықтың ақпарат қызмет түрлерін пайдаланудың арта түсуімен  байланысты. Банктердің қызметін реттеу мемлекет үшін де, банктің қызметін  тұтынушылар үшін де аса қажетті шара.

Банктік қызметті реттеу банктік операциялардың Қазақстан Республикасының заңдары мен Ұлттық  Банкттің  нормативтік  актілерне сәйкес  жүргізілуін,   банктердің  қызметтері  мен  өнімдерін    тұтынушылардың  құқықтық нормалары мен мүдделерінің бұзылмауын, банк жүйесінің  қаржылық тұрақтылығы  мен сенімділігін   және  қаржы нарқтарында  адал бәсекелестік  жүргізуін  қамтамасыз  етеді.

Оқу іс-тәжірибесінің негізгі мақсаты:

—         Банктегі экономикалық көрсеткіштерін зерттеп, талдау жасау;

—         Банктегі  бухгалтерлік есептің ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

—         Банктегі  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру;

—         Банктегі  бухгалтерлік есепке  талдау жасау және сыртқы аудитті жүргізуді ұйымдастыру;

—         Банктегі  басқару есебінің ұйымдастырылуы, талдауы мен аудитінің жүргізілуі;

—         Каспий банк АҚ-ғы  салық есебінің ұйымдастырылуы.

Тұтыну несиесі және оның даму перспективалары

Жоспар:

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………2

1  Бюджеттен тыс қорлардың мәні…………………………………………………………..5
1.1 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ……………………………………………………………………………………………………………….6
2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлардың қолдану ерекшеліктері…………………………………………………………………………………………9

2.1  Қазақстанның инвестициялық қоры…………………………………………………..12

2.2  Қазақстан Республикасының Ұлттық  қоры ………………………………………..21

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….23

Пайданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………..24

 

Кіріспе

Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады.
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл  қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғаты мен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарғапайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы. Бұл қорлардың дұрыс құрылуы мен пайдаланылуы қарастырылған құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді. Экономикалық, қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға коғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады. Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады. Бюджеттен тыс қорлардың көздері бірқалыпты және уақытша болуы мүмкін.Бюджеттен тыс қорлардың ақшалай қаражаттары мынадай негізгі бағыттарға жұмсалады:
— жарғылық қызметі;

— артық    ақшаның    белгілі    бір    үлесінің    қаржылық активтерге инвестициялануы;

— коммерциялық қызметі.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржылардың бір буыны болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар өзінің, мәні бойынша мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қар жыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмса латын каржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.
Тағайындау — қаражаттардың аударымдары есебінен мақсатты шаралардың каржыландырылуы:

а) арнайы мақсатты салықтар есебінен;

б) зайымдар мен ақшалай-заттай лотереялар есебінен;

в) бюджеттен алынған субсидия есебінен;

г)  қосымша табылған кірістер мен үнемделген қаржылық ресурстардың есебінен;

д) заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарынан.

Бюджеттен тыс қорлардың    көмегімен мыналар асырылады:

— отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу арқылы өндірістік процеске  әсер ету;

— қоршаған  ортаны ластағаны  үшін  алынған  айыппұл мен арнайы белгіленген  көздер  есебінен  табиғатты қорғау шараларын жүргізу;

— әлеуметтік  инфрақұрылымды   қаржыландыру,   субсидиялау, зейнетақы, жәрдемақы төлеу арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету;

— зайымдар   беру.

Бюджеттен тыс қорлардың кызмет етуі орталық, реслубликалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының басшылығымен ұйымдастырылады. Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір жеңілдіктерге ие бола алады:
а) салық төлеуден босатылуы;
б) кеден баждарын төлеуден босатылуы (коммерциялық кызметтегі жеңілдіктерден басқа).

2007-2009 жылдардағы Қаржылық саясат

Жоспар
Кіріспе………3-4

І тарау. Қаржы нарығының теориялық аспектілері
1.1. Қаржы нарығының қызметі, қажетті элементтері…..5-9
1.2. Қазақстанның қаржы нарығының құрылымы…..10-12

ІІ тарау. Қазақстанның қаржы нарығын талдау
2.1. Қазақстанның қаржы нарығының құрылымы……13-17
2.2. Бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері…….18-21
2.3. Қазақстанның депозиттер мен несие нарығы……22-24

ІІІ тарау. Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары…….25-28

Қорытынды……………29-30
Қолданылған әдебиеттер…………..31
Қосымша …………32

Кіріспе

         Тақырыптың өзектілігі: Қаржы нарығы басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы нарығы экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі,  қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.

Қаржы нарығын экономикада қор нарығы деп те атайды. Қазақстанда қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатындығына қарамастан алайда оның өтімділігі де тиімсіз пайдаланылуда. Әрі отандық, әрі шетелдік инвесторлардың қор нарығына мүдделігін күшейту үшін тетіктер мен шарттар қажет. Оның одан әрі дамуына жаңа қаржы құралдарын, қор биржаларының қосымша бөлімшелерін енгізу, инвесторлар үшін жеңілдікті шарттар жасауға мүмкіндік береді.

Қаржы нарығындағы жоспарды үдемелі енгізу қор нарығы сегменттерінің: отандық қаржы нарықтары анықтайтын ішкі және сыртқы ТМД елдерінің қаржы институттары басым болатын сыртқы да кеңеюіне әкеледі. Қазақстанның қор нарығының әлеуеті айтарлықтай зор, әсіресе егер мұнда бүгінгі күні жалпы ішкі өнімге акция нарығын капиталдандыруды ескерсек, Еуроодақ елдеріне қарағанда 20 есе төмен, ал борыш бойынша 45 есе төмен.

         Қаржы нарығы-құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, несие, валюта, сақтық және тағы басқа капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде.

Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне байланысты жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жағдайы мен танысып және оны басқаруды жетілдірудің алуан түрлі бағыттарын меңгеру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

— берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;

— қаржы нарығының жағдайын экономикалық тұрғыдан бағалау,

— қаржы нарығының басымдылықтарын айқындау;

— берілген мәліметтерді кең пайдалана отырып, теориялық тұрғыдан реттеу;

Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс кіріспеден, ІІІ тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 32 бет

Банк депозиттері және олардың құрылымы

МАЗМҰНЫ
Кіріспе

1 БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банк депозиттері және олардың топтарға жіктелінуі
1.2 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні

2 БАНКТІК ДЕПОЗИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымы
2.2 Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымын талдау

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру бағыттары
3.2 Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі және оны дамыту бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Аннотация

Депозит – бұл клиенттің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты, банктердің депозиттері және олардың құрылымы, оны талдау болып табылады. Банктің тартылған қаражаттарының ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттер. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Сондықтанда депозиттің екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі рөлі жоғары.

Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк депозиттерінің құрылымынң теориялық негіздері, екінші бөлімде банк депозиттерінің құрылымына талдау жасалған, үшінші бөлімде банктердің депозиттік операцияларын ұлғайту жолдары қарастырылған.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы

ҰБ – Ұлттық Банк

СМА — cash management account (қолма-қол ақшаны басқару шоты)

ATS — automatic transfer service (ақша қаражаттарын автоматты түрде аудару шоттары)

NOW — negotiable order of withdrawal (айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар)

ЕО – Еуро Одақ

ДСЖ – депозиттерді сақтандыру жүйесі

ЖІӨ — жалпы ішкі өнім

ЖҰӨ — жалпы ұлттық өнім

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

АҚ – акционерлік қоғам

KASE – Қазақстан қор биржасы

ЕДБ – екінші деңгейлі банктер

ДКБЖ – депозиттерге кепілдік беру жүйесі

Кіріспе

Нарық жағдайында банктік қызмет өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, банктік қызметтердің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Ал банктік қызмет түрлерінің әр алуан болуы заңды және жеке тұлғаларға өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес солардың арасынан қызықтырғанын таңдап алуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялык банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Сол операциялар ішіндегі депозиттік операциялар – коммерциялық  банктің ең маңызды операцияларының бірі болып келеді. Депозиттік операциялар негізінде банктердің депозиттік портфелі қалыптасады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты, банктердің депозиттері және олардың құрылымы, оны талдау болып табылады. Банктің тартылған қаражаттарының ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттер. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Сондықтанда депозиттің екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі рөлі жоғары.

Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк депозиттерінің құрылымынң теориялық негіздері, екінші бөлімде банк депозиттерінің құрылымына талдау жасалған, үшінші бөлімде банктердің депозиттік операцияларын ұлғайту жолдары қарастырылған.

 Курстық жұмыс / 41 бет

Банктердің депозиттік саясаты

Мазмұны
Кіріспе 3

1 Бөлім Банктердің депозиттік саясаты және оны құру тәртібі 5
1.1 Банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттер нарығын жетілдірудегі маңызы 5
1.2 Депозиттік нарық түсінігі және оның мәні 16
1.3 Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі, оның қызметі 18

2 Бөлім Салым операцияларының есебі 22
2.1 Талап ету салымдарының есебі 22
2.2 Мерзімді салымдардың есебі 24
2.3 Шетел валютасындағы депозиттік операциялардың есебі 26

3 Бөлім Депозиттік саясаттың даму перспективалары мен мәселелері 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
Қосымшалар 35

Кіріспе

Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі  бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды. Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаржат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.

Бнк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екндігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.

Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі — ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.

Негізінен депозиттік саясаттың мақсаты — олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдану үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.

Коммерциялық банктердің негізгі қызметі – салымдарды тартумен байланысты салым операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде банктер өз кәсіби  шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін және тағы басқа тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.

Егер банк жүйесінде салым ретінде салынған 1000 теңгенің мультипликациялануы нәтижесінде 20000 теңгеге дейін артатынын ескерсек , онда халық қолындағы экономикаға тартылмай отырған қаражаттардың  біз үшін  қаншалықты маңызының бар екенін көруге болады. Бұл қаражат иелерінің өз қолдарындағы ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы  ол банк жүйесінің 90-жылдардың басындағы экономика дағдарысына байланысты халық сенімінен шығып қалуының салдарынан болып отыр.
Қалай болған жағдайда банк жүйесіне деген ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін жан-жақты қорғап, экономикаға қызмет етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарын әрбір атқан күннің басты мәселесі болып  қала береді.

  Курстық жұмыс / 37 бет