‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты
БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ……………3
І БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларының мәні, түрлері……..5
1.2 Қызметінің ұйымдастыру ерекшелігі, тәртібі………………9
ІІ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау………15
2.2 Қазақстандық коммерциялық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау…..29
2.3 Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары…….36
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстанда коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды жетілдіру шаралары……..39
3.2 Қазақстанда коммерциялық банктердің факторингтік операцияларын жетілдіру жолдары……45
ҚОРЫТЫНДЫ……….47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….49
КІРІСПЕ
Коммерциялық банктер — ақша айналыс жүйесін жүзеге асыруға, толық бағалы ақшаларды қамтамасыз етуге, арнайы банктік әдістер барлық халық шаруашылық кешенге әсер етуге бағытталған макроэкономикалық міндеттерді шешетін банк жүйесінің ажырамайтын құрамдас бөлігі. Меншік капиталдың үлкен мөлшерге ие банктер ірі инвесторларға айнала алады, яғни, халық шаруашылығының дамуына тікелей әсер ете алады, құрылымдық қайта құрылуларға белсенді қатыса алады және экономиканың көптеген салаларының перспективаларын анықтай алуы мүмкін. Осылайша, елдің экономикасының нақты секторының кәсіпорындары үшін өзінің қаржылық нәтижелер тиімді басқаратын банктер ұдайы өндіріске шаруашылық субъектілерді инвестициялаудың, яғни банктердің бар болу факті елдің кәсіпорындары үшін көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікпен байланысты.[1]
2010 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының алтыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.
ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.
Нәтижесінде кейбір халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан еліміздің ірі компанияларымен қоса ірі банктерінің рейтингтерінің төмендеуі, олардың әлемдік нарықтардағы акцияларының құндарының төмендеуіне жол берді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің қаржылық жағдайын талдау пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Біздің ойымызша, бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін. Демек, міне осы сияқты оң шешімін таппаған мәселелердің банктік тәжірибеде болуы зерттеу жұмысы тақырыбының аса өзектілігін одан әрі нақтылай түседі.
Қаржылық нарықтың барлық субъектілерінің бір-бірімен
байланыс жағдайында банктердің банкроттығын болдырмау үшін
привентитивті шаралар қолдану керек. Бұл үшін қаржылық
нәтижелерді, табыстарды, шығындарды, балансты, макроэкономикалық жағдайды талдау және оларға баға беру керек. Бүгінгі күнде, қаржылық нарықтың барлық субъектілері, соның ішінде банктерді де бәсекелестік ортада қалу және тиімді қызмет ету үшін дайындау мәселесі өте актуалды. Сонымен бірге, коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін тандау тақырыбы жағынан жете зерттеле қоймаған және теориялық пен тәжірибелік қарастыруды қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты — қаржылық операцияларын талдаудың әдістемелерін қарастыру және олардың елдің ұдайы өндірістік секторының жағдайына әсер етуін негіздеу болып табылады.
Осы мақсат келесі міндеттерді шепіуде қажеттілік тудырады:
– банктердің лизингтік операцияларын талдау;
– банктердің факторинтік операцияларын талдау;
– банктердің форфейтингтік опрацияларын талдау;
Екінші денгейлі банктердің қаржылық операцияларын талдауға бағытталған жасалған талдаудың ең бастысы банктің қаржылық жағдайын жақсартуға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, екінші денгейлі банктердің қаржылық жағдайын талдау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, банктің қаржылық жағдайын талдау, бағалау теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыс / 50 бет
Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Банктің ақша айналымын ұйымдастырудағы маңызы
1.1 Ақша айналымы және оның құрылымы
1.2 Банктің мәні және оның нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.
2. Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
2.2 Ақша – несие саясатының құралдары.
3. Ақша айналысын басқару және тұрақтандыру жолдары
3.1 Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері.
Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі рыноктық экономикалық жағдайда «Банктер және ақша айналысы» мәселесі өте өзекті болып табылады. Өйткені, банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы және қолма-қолсыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: «Банктер мен ақша айналысын ұйымдастыру» тақырыбын зерттеп, оны толықтай ашу.
Ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді .
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмаслуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін. Ақша айналысы мен банк түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір – бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде зерттеу теория жүзінде жүреді, яғни ақша айналымы мен оны реттеудегі банктердің рөлі қарастырылған.
Екінші бөлімде, тақылып практика жүзінде, яғни ҚР-дағы ақша айналысын басқару және мемлекеттің ақша-несие саясатын талдауы.
Ал үшінші бөлімде ақша айналысын басқару және тұрақтандыру жолдары мен перспективалары қарастырылған.
Курстық жұмыс / 37 бет
Бюджет салық саясаты
Мазмұны
Кіріспе………5
І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері.
1.1. Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты……6
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі………………..9
1.3. Ақша-несие саясатының мәні мен құралдары……..13
ІІ Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру механизмі.
2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі………….17
2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен себептері және олардың Қазақстанның нарықтық экономикасының аяқтанудағы ролі………22
2.3. Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру механизмі………….30
Қорытынды…………34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………..36
Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.
Курстық жұмыс / 36 бет
Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі
Мазмұны
Кіріспе
1. Әлемдік қаржы дағдарысы
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
1.2. Қаржы дағдарысы туралы әлем экономистерінің сараптамасы
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары
2.2.Ұлттық бюджетке әсері
2.3. Банк жүйесіне әсері 2.4. Инвестицияға әсері
3. Қазақстанның дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары
3.1. «Дағдарыстан дамуға». Дағдарыстың Қазақстанға беретін перспективалары
3.2. Үкіметтің антикризистік бағдарламасы және оның мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.
Төрт-бес жыл бұрын біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз ойланып, бәлкім мардымды ештеңе айта алмас та едік. Ал қазіргі таңда көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе жайлы еш кідірместен айтып бере алады. «Адамды илейтін де, билейтін де қоғам»,-деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы.
АҚШ федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша, қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс – бұл “жүз жылда бір рет” орын алатын оқиға, сондықтан да осы курстық жұмыстың тақырыбы қазіргі таңда өте актуалды.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу. Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда, әлемдік қаржы дағдарысы туралы ұғым және дағдарыстың дамуын қарастырдым.
Екінші тарауда, әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының жағдайы: ұлттық өндірістің даму мәселелері, Ұлттық бюджетке, банк жүйесіне, инвестицияға, әлеуметтік инфрақұрылымға әсері туралы мәселелерді нақты сараптамаларға сүйене отырып толық ашып көрсеттім.
Үшінші тарауда, еліміздің дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары және Қазақстанның қаржы дағдарысы барысындағы қазіргі даму тенденциясы туралы мәселені талқыладым.
Курстық жұмыс / 28 бет
Коммерциялық банктердің факторингтiк және форфейтинтiк қызметтерi
ЖОСПАР
КIРIСПЕ
I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
II ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалықызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушыылқ бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының өзектілігіне байланысты «Коммерциялық банктердің активті операциялары» деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коомерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активті операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отырады.
Енді осы аталған активті операциялардың маңызы мен мәнін, олардың қызмет ету механизміне және еліміздегі атқарылып жатқан активті операциялардың бүгінгі таңдағы даму барысына толығымен тоқталып өтсек.
Курстық жұмыс / 45 бет
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Жоспар:
Кіріспе…2
1. Банктің пайда болуы және оның түрлері…..4
2. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және дамуы…5
2.1. 1930-1932 жж. несие реформасы…..6
2.2. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы..7
2.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру………9
3. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
3.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі: Міндеттеріжәнеқызметтері …..11
3.2. Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі, операцияларықұрылымы мен басқару органдары….16
4. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер
4.1.Коммерциялық Банктер және олардың түрлері…21
4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы….24
Қорытынды……..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..29
Кіріспе
“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank”– орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египтте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XІІІ-XІVғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Гремания, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
XV ғ. Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болды.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ.
Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капидалдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етеді. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
Сонымен қатар банктер “несие ісінің екінші жағы — өсім әкелетін капиталды да” басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Курстық жұмыс / 30 бет
Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
Мазмұны
Кіріспе
I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері
2.2 Салық алуды ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері
2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары
Қорытынды
Қосымша кесте
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оның шешілу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс / 38 бет
Қаржылық менеджмент шеңберінде кәсіпорынның бақылау жүйесін қалыптастыру
КІРІСПЕ………………3
І. Қаржылық бақылау……………….5
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары……..5
1.2 Қаржылық бақылау түрлері………………7
1.3 Қаржылық бақылаудың әдістері…………10
ІІ. Кәсіпорынның бақылау жүйесін қалыптастыру («Эйр Астана» АҚ мысалында)…….14
2.1 «Эйр Астана» АҚ техникалық-экономикалық сипаттамасы………….14
2.2 «Эйр Астана» АҚ бақылау жүйесі…………….15
2.3 «Эйр Астана» АҚ қаржылық бақылау саясаты…………..21
ҚОРЫТЫНДЫ……………….23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………25
КІРІСПЕ
Қаржылық бақылау – белгілі бір сферада қолданылатын және мақсатты бағыттағы қызметі болады да белгіленген түрмен әдіс қолдану арқылы экономикалық субъектілердің іс қимылдары мен қаржысын тексеретін шаралар жиынтығы болып табылады.
Қаржылық бақылаудың негізгі міңдеті – кәсіпорындағы экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және кәсіпорындағы шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік-әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы – уақыт талап еткен қажеттілік болды.
Қаржылық бақылаудың ерекшелігі оның ақша формасында жүзеге асатындығынан тұрады. Қаржы министрлігінде қаржылық бақылау комитеті қызмет етеді. Бұл комитет министрліктерге, ведомстваларға, басқару органдарына, тәртіп сақтау органдарына, қорғаныс кәсіпорындарына және т.б. ревизиялауды жүргізеді. Қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға жағдай жасайтын, күнделікті жағдайда қаржы бақылауды қолдану арқылы ерекше оның орны білінеді. Осыдан қаржылық бақылаудың мақсаты кәсіпорынның қаржы саясатын табысты іске асуына ықпалсыз болады. Қаржылық бақылаудың сипаттамасы субъектілер түріне әдістерінің өткізілу уақытына, бақылауды жүргізу амалдарына немесе тәсілдеріне негізделген
Курстық жұмысын жазудағы негізгі міндетім.
1) Шаруашылық субъектілердің иелігіндегі ақша ресурстарының дұрыс пайдалануын тексеру.
2) Қаржылық операцияларының есеп айырысулардың жүзеге асыру тәртіптерінің сақталуын тексеру.
3) Өндірістің ішкі резервтерін айқындау.
4) Қаржы тәртіптің бұзылуын болдырмау және алдын алу.
Курстық жұмысын жазудағы негізгі мақсатым. Қаржылық бақылаудың негізгі атқарымы – оның бақылау тексеру атқарымымен сипатталады, қаржы ресурстарын қолдануға және кәсіпорындық меншікті пайдалануға заңдылықтардың орындалмауын бұзушылықтың себептерін талдау және жаңа құқық бұзу істерін болдырмау үшін ұсыныстарын даярлайды.
Курстық жұмысының өзектілігі. Аудиторлық бақылау келісім – шарттың негізінде кәсіпорынның, компанияның, банктің және т.б. қаржылық шаруашылық қызметінің жағдайын тәуелсіз аудиторлық фирманың тексеруі. Аудиторлық фирмалар жалғыз тексеру ғана емес кеңес беру қызметін орындайды. Аудиторлық фирмалар аудиторлық қызметті жүргізуге органдардан арнайы рұқсат алады. Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі ревизия болып табылады. Ревизияны жүргізу үшін бағдарлама жасалады. Онда ревизияның объектісі мен мақсаты көрсетіледі. Сондай-ақ тақырып пен негізгі мәселелері қарастырылады.
Курстық жұмысының маңыздылығы. Қаржылық бақылаудың ұйымдастыру – құрылымдық жүйесінде ең басты ұстамы, оның дұрыс жұмыс істеу принциптерін қалыптастыру, міндеттерін анықтау зат пен әдістерін таңдау, іс шара мен істеу мүмкіндіктерін бекіту болып табылады. Бюджеттерді қарастыру мен бекіту парламент пен маслихаттардың қызметтері. Бюджеттің орындалуын бақылауды жоғарыда аталған екеуі де жүргізіледі.
Зерттеу пәні. Қаржылық бақылаудың мәні, мазмұны және оның әдістері, аудиторлық бақылау, қаржылық бақылаудың қызметі және принциптері мен стандарттары.
Зерттеу объектісі. Қаржылық бақылау және кәсіпорындардың бақылау жүйесі болып келеді.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс / 26 бет
Қаржылық менеджменттің мәні
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 БӨЛІМ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАЗМҰНЫ 4
1.1 Қаржылық менеджменттің мәні 4
1.2 Қаржылық менеджменттің принциптері мен функциялары 8
1.3 Қаржылық менеджмент — басқару жүйесі ретінде 11
1.4 Қаржылық менеджмент — басқару кешені түрінде 12
2 БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ 15
2.1 “CАЯ” ЖШС жалпы сипаттамасы 15
2.2 “CАЯ” ЖШС экономикалық — шаруашылық жағдайын талдау 17
2.3 “CАЯ” ЖШС басқаруды ұйымдастырудағы талдау 21
2.4 “CАЯ” ЖШС қаржылық менеджментін жетілдіру жолдары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
ҚОСЫМШАЛАР 27
КІРІСПЕ
Еліміздің нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл — ауқатының максималды көбеюі болып табылады. Қаржыны бақаруда оңтайлы нәтижеге жету үшін,бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджмент маңызды орын алады.
Еліміз нарықтық қатынастардың дамуын, жеке меншік секторды өз экономикасында шетелдік әйгілі фирмалардың қазіргі заманғы қаржылық басқару әдістерін ескере отырып, ішкі экономикалық қатынастарды ұлғайтуға тиімді қолданып отыр.
Менеджмент дегеніміз – белгілі жетістіктерге жету үшін обьектіге мақсатты түрде әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Қаржылық менеджменттің ұғымы – тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы – бұл пайда түсіретін кәсіпорын мүлкінің қаржылары. Капитал – кәсіпорынды құру және дамытудың басты экономикалық базасы.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару ісі қаржы менеджменті деп аталды. Қаржы менеджменті – әлеуметтік – экономикалық процестерді басқарудың негізгі құралы.
Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: қаржылық менеджменттің мәнін аша отырып, оны кәсіпорынды тиімді басқаруда және көзделген нәтижеге жету үшін оңтайлы екендігін айқындап көрсету.
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмысымда қаржылық менеджменттің мәні, оның принциптері мен функциялары қарастырылған. Сонымен қатар тақырыбыма сай кәсіпорынға қаржылық талдау жасалған.
Курстық жұмыс / 28 бет
Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
Жоспар
Кіріспе
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Курстық жұмыс / 41 бет